Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенес агай дайын шпор 8-50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.83 Кб
Скачать

44.Евразия одағын құрастыру мәселелесі,оның мәні,қазіргі жағдайы;

Еуразия экономикалық одағы 2015 жылдан бастап жұмыс істейді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Еуразия экономикалық одағы туралы келісім-шартты әзірлеуде.

Бұл туралы ақпараты Қайрат Сарыбай (Сыртқы істер министрінің орынбасары) ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатынaда таратты.

Биыл Астанада өткен Қазақстан, Ресей және Белорусьтің Мемлекет басшыларының деңгейінде Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы аясында тараптар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия экономикалық кеңесін құру туралы уағдаласқан болатын.

Қазіргі таңда осы мақсатта Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық нормалары есепке алына отырып келісімшарт дайындалуда. Жоспар бойынша, ол 2014 жылдың 1 мамырына дейін әзір болуы тиіс.

Айта кетейік, аталмыш ведомствада Еуразия ықпалдастығы мәселелерімен айналысатын жеке департамент құрылған.

Ресей Еуразия одағы туралы келісім әзір еместігін мәлімдеді

Ресей премьер-министрінің бірінші орынбасары Игорь Шувалов Ресей, Беларусь және Қазақстан мұнай және газ саудасына қатысты "әлі толық түсінісе алмай жатқанын" мәлімдеді.

Фото: РИА Новости

Ресей, Қазақстан және Беларусь биыл мамыр айында үш ел арасындағы экономикалық интеграцияны тереңдетуді көздейтін Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

Бірақ Игорь Шувалов үш ел мұнай, газ және алкоголь, темекі өнімдері мен медициналық дәрі-дәрмектер сияқты маңызды өнімдер саудасында бірнеше жылға шектеулер енгізуді жақтап отырғанын айтады.

Кремль 2015 жылға қарай Еуропа Одағының үлгісіндей Еуразия экономикалық одағын құрғысы келеді.

Еуразия идеясын ХХІ ғасырда жаңаша саралау

Менің Еуразиялық одақ құру ту­ра­лы идеямда ешқашан маниловщина да, болашақ саяси ностальгизмді қалқалау да болған емес. Оның негізінде қашанда олар қан­дай да бір ізгі ниет немесе мақсат­кер­лікпен бүркемеленсе де саясаттың эконо­микаға кез келген зорлық пішінін қабылдамайтын прагматикалық қадам жатты және солай болып қала береді. Еуразия жобасында тек сыртқы эко­номикалық, әскери, саяси, ақпа­рат­тық, технологиялық, экологиялық және басқа да қатерлерден ұжымдасып оқшаулану мүмкіндігін ғана көру алысты аңдай алмаушылық болып табылады.

ЕАО-ның тарихи перспективала­рын осындай тар шеңберде түсінген кез­де жаңа «темір шымылдыққа» ұқ­сас бірдеңе пайда болды деп ай­қай­ла­ғың келетіні, бірақ ол басқа геосаяси сарындарда көрініс табатыны ақиқат. Біз Еуразиялық одақты ашық жоба ретінде қарастырамыз. Оны кең ауқым­ды көлемде, мысалы, Еуроодақ­пен, басқа да бірлестіктермен өзара іс-қимылсыз елестетуге болмайды.

КСРО-ны ешқандай да «реставрациялау» немесе «реинкарнациялау» жоқ және болмайды да. Бұл тек өткеннің фантомдары, жорамалдары мен саудаға салулар. Және мұнда біздің Ресей, Беларусь және басқа елдермен көзқарас­тарымыз толықтай сәйкеседі.

Қазіргі таңда «одақ» және «империя басқыншылығы» дейтін дүрлікпелі сөздерден үрейленуді еңсеру керек. Бұл туралы В.Путиннің «Известия­да­ғы» өзінің мақаласында жазғаны ма­ңыз­ды. НАФТА шеңберіндегі Солтүс­тік­ат­лан­тикалық интеграция да үш мемлекет – АҚШ, Канада, Мексикадан тұрады. Бірақ ешкім де АҚШ-тың им­пе­риялық шамшылдығы туралы сөз қозғамайды. Кейбір батыс сарапшылары Еур­азия­лық одақ Қытай экономикалық экс­пансиясы дегеннен қорғану үшін құрылмақшы деп мәлімдеме жасағанда асығыстық танытып отыр. Мұндай мәлімдеменің шындықтан тым алшақ жатқанын айтуға тиіспін.

Керісінше, ҚХР соңғы екі онжыл­дық бедерінде Ресей мен Қазақ­стан­ның да, Беларусьтің де стратегиялық әріптесі болып табылады. Біз интенсивті саяси үнқатысу және тығыз эко­номикалық ынтымақтастық ұстанып келеміз. Біз сондай-ақ ШЫҰ және АӨСШК шеңберлерінде тығыз іс-қимыл танытудамыз. Осымен бір мезгілде мен осыдан 17 жыл бұрын айтқан еуразиялық интеграция қағидаттарына әрбір қатысушы елдің ішкі дамудың тұрақтылығы, ұлттық экономикалық, несие-қаржы­лық және әлеуметтік саясаттың нәти­желілігі мен жауапкершілігі мәселе­ле­рін қосу аса маңызды. Бұл біз үшін үлгісі аса пайдалы Еуроодақ экономикасындағы қазіргі қиындықтарды еңсерудің тәжірибеле­рін есепке алғанда айрықша маңызды. 2009 жылдан бастап біз Қазақстан, Беларусь және Ресей Біртұтас эконо­ми­калық кеңістігін қалыптастырудың барлық заңгерлік мәселелерін бүге-шігесіне дейін пысықтау жұмыстарын жүргізіп келеміз. Үстіміздегі жылдың соңына дейін үкіметтер деңгейінде тиісті келісімдер жасалатын болады.

2012 жылдың 1 қаңтарынан Бір­тұ­тас экономикалық кеңістік құрудың практикалық кезеңі басталады. Бірте-бірте үш елдің экономикалық саясатын үйлестірудің тетіктері, қыз­мет­тердің, капиталдар мен еңбек ре­сурстарының, біріздендірілген заңна­ма­лардың трансшекаралық еркін қоз­ға­лысын қамтамасыз ету шындыққа ай­на­ла­ды. Бизнестің ұлттық субъек­ті­лері БЭК-ке қатысушы әрбір мемле­кет­тің инфрақұрылымдарына теңдей қол жеткізу мүмкіндігін иеленетін болады. Бола­шақта біртұтас көліктік, энерге­ти­ка­лық және ақпараттық жүйе қалыптасады.

БЭК интеграцияның мейлінше жо­ға­ры сатысы – Еуразиялық экономи­ка­лық одаққа өту үшін берік негіз қа­лайды. Бұл қуатты бірлестік болады. Үш мемлекеттің жиынтық ІЖӨ-сі шамамен 2 триллион долларды құраса, өн­ді­рістік әлеуеті 600 миллиард долларға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі – шамамен 112 миллиард дол­ларға, ал жалпы тұтыну рыногы 165 миллион адамға бағаланып отыр.

ХХІ жүзжылдықта Еуразиялық одақ­ты жаһандық дамудың нақты ба­қы­ланған трендтерінен тыс қалыптас­қан жаһандық күштердің табысты ор­талығы ретінде көз алдыңа елестету мүмкін емес. Үстіміздегі жүзжылдықта аймақ­та­ну жалпыәлемдік үрдіске айналды. Еу­ропалық одақ таяудағы жылдарда құ­рамына Хорватияны, болашақта Сербия мен Черногорияны және басқа елдерді қосу есебінен одан әрі кеңеюді жоспарлап отыр.

Шығыс Азияда Қытайдың және бірден екі миллиард тұтынушыны қам­титын АСЕАН елдерінің қатысуымен планетамыздағы аса ірі еркін сауда аймағы құрылуда. Қаржы-экономи­ка­лық тұрғыда Парсы шығанағы өңірі өзі­нен өзі ұйымдасып жатыр. Сол­түс­тік және Оңтүстік Америка, Африка елдерінің интеграциясы нығая түсуде. Егемен дамудың 20 жылында Ре­сей­дің, Қазақстанның және өзге де еур­азиялық интеграцияға қатысушы­лар­дың экономикалары жаһандық эко­номиканың бөлшегіне айналды. Бүгінде біздің елдеріміз модер­ни­за­циялануының, ғылыми ауқымды ин­но­вациялық экономика құруының ма­ңыз­ды шарты АҚШ-пен, Еуроодақпен, Қы­таймен, Азия-Тынық мұхиты эконо­микалық қоғамдастығы елдерімен ин­вестициялық және технологиялық ынтымақтастықты белсенді өрістету болып табылады. Жаңа жаһандық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру үдерістерінің маңызды аспектілерін де қаперге алған жөн. Менің табанды бастамаммен осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын қабылданған ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында біртұтас және бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік кеңістігін құру мақсаты белгіленді. Сондықтан бүгінде ХХІ ғасырдағы алыс болашаққа, мүмкін тіпті, одан кейінгі ғасырларға бағдарланған еуразия­лық интеграция идеясын жаңаша саралау көкейкесті болып табылады!

Еуразиялық одақ: болашақтың стратегиясы

Еуразиялық одақ – бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақта­ры­мен өлшенетін мегажоба. Ол қалыптасуы тарихтағы ең күшті жаһандық қаржы-экономикалық дағда­рыс­тар ықпалымен басталған жаңа әлем­дік архитектураның органикалық бөлшегі болудың барлық мүмкін­дік­теріне ие.

Бұл үшін еуразиялық интеграцияға қа­тысушылардың барлығында іс-қи­мылдың анық та нақты стратегиясы болуы қажет. Бірінші. Еуразиялық одақ әуел бастан бәсекеге қабілетті жаһандық эко­но­микалық бірлестік ретінде құрылуы тиіс. Бізді тек «модернизацияны қуушы» қағидаттарындағы дамушы елдер жи­ынтығы болудың тар шеңберлі перс­пективасы да, өзге әлем үшін мәңгілік табиғи ресурстардың үлкен перифе­риялық экспорттаушысы болып қалу­дың пешенемізге жазылуы да қана­ғаттандыра алмайды.

Әлем жаңа технологиялық төңкеріс табалдырығында тұр. Бүгінде Қазақ­стан үдемелі индустриялық-иннова­циялық даму жолын бетке алды. Біз болашақ ұлттық инновациялық экономиканың негізі ретінде заманауи өндірістік күштердің жаңа құрылымын құрудамыз. Мұндай міндеттер Ресей­дің, ТМД-ның өзге де елдерінің алдын­да тұр.

Сондықтан біздің Біртұтас эконо­ми­калық кеңістігіміз инновациялар мен қуатты технологиялық серпін­діліктің аумағы болуының маңызы зор. Бұл үшін біздің елдерімізді да­мы­тудың модернизациялық және иннова­ция­лық ортақ алгоритмін түзу қажет. Мен 10-15 жылдық перспективаға есептелген Еуразиялық инновациялық-технологиялық кооперацияның бірлескен бағдарламасын жедел жасап қа­былдауды ұсынамын. Бұл тұрғыда сонау 1970 жылы-ақ аса ірі «AIRBUS» халықаралық авиажасау консорциумын құрған Франция, Германия және Ұлыбританияның үлгі­сі айшықты болып табылады. Кейін оларға Испания қосылды.

2010 жылдың қорытындысы бой­ын­ша «AIRBUS» жаңа ұшақтар сату мен оларға тапсырыстар қабылдау саны жө­нінен Американың «Боинг» және «Локхид» компанияларынан ай­тар­лық­тай озып кетті. «AIRBUS-тың» жыл сай­ынғы табысы 30 миллиард еуро­ға жа­қындап келеді. Бүкіл Еуропа бойын­ша орналасқан компанияның кә­сіп­орын­дарында 53 мың адам жұмыс істейді. 2006 жылдан бастап «AIRBUS-тың» барлық акциялар пакеті өз кезегінде ЕО елдері үкіметтері мен ұлттық компаниялары қаржыландыратын EADS Еуропа аэроғарыш консорциумының ие­лігіне өткен.

Дания мен Швеция Сканеде бірлескен инновациялық орталық – «ме­диконовалық аңғар» құрды. Бүгінде бұл – лабораториялар, ком­мерциялық құрылымдар, өндірістік кә­сіпорындар шоғырланған Еуропадағы аса қуатты кластер. Мұнда құрамына 300 компания, 14 университет, 26 медициналық клиника кіретін 7 ғылыми парк жұмыс істейді. Мұндай жолмен жаңа технологиялар жасаудың бірлескен жекелеген аспектілері бойынша екі жақты келісімдер түзетін халықаралық инновация­лық орталықтар құруды ынталан­дыратын бірқатар елдер жүріп келеді.

Екінші. Еуразиялық одақ дамудың еуроатлантикалық және азиялық аре­алдарын қосатын мықты буын ретінде қалыптасуы тиіс. Экономикалық тұрғыда біз Еуро­одақ­тың, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның ырғақты экономикаларын байланыстыратын кө­пір бола аламыз. Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жобасы жүзеге асырылуда. Уақыт өте келе осы маршрут бой­ына Еуропа және Қытай рыноктарына тауарлар жеткізу мерзімін 3,5 еседен астамға қысқартуды қамтамасыз ететін заманауи көліктік-логистикалық жүйе түзілетін болады. Трансеуразиялық жүрдек темір жол желісін құрудың болашағы да зор көрінетіні сөзсіз. Бізге Біртұтас экономикалық кеңіс­тіктің Еуропалық Одақпен, Қытай Ха­лық Республикасымен, Жапониямен, Үндістанмен арадағы ынтымақтас­ты­ғын кеңейту өзара тиімді.

Үшінші. Еуразиялық одақ жаңа жа­һандық валюталық-қаржылық жүй­е­нің бөлшегі болатын бақуатты өңір­лік қар­жы бірлестігі ретінде қалып­тасуы тиіс. Еуроодақ тәжірибесі көрсетіп отыр­ғанындай, ортақ төлеу жүйесін, содан кейін ортақ валюта құру – интеграцияның заңды кезеңі. Қазіргі жағдайда бұл үдеріс сон­дай-ақ әлемдік дағдарыс салдары үр­дістерін есепке алуы тиіс. Қазір ЕО мен еуроаймақ қанша­лық­ты сыналса да, олар өздерінің тіршілікке қабілеттілігі мен дағдарыстарға беріктігін көрсетіп отыр. Біз ЕО-ның ауыр халде қалған елдерге қандай қуатты қолдау жасап отырғанын көріп отырмыз. Үш жыл бұрын мен күшті өңірлік резервтік валютаның алғашқы негізі ретінде еуразиялық ұлтүстілік есеп бірлігі – ЕҰЕБ-ні енгізу туралы мә­селені талқылауды бастауды ұсын­дым. Бүгінде салдары қазіргіден де сал­мақ­тырақ соғатын жаһандық рецес­сия­ның жаңа толқыны ықтималдылығын есепке алатын болсақ, бұл идея жай ғана көкейкесті болып қалмайды, ол прак­тикалық шешуді талап етеді. БЭК шеңберінде валюта одағын құру – еңсеру арқылы біз ин­те­гра­ция­ның Еуропалық одақтың қазіргі жаңа деңгейіне өкшелей жақындайтын рубикон болып табылатын шеп екенін ерекше атап өткім келеді. Біздің басты мақсатымыз – көршілерімізге одақтың іс жүзіндегі маңызы мен тіршілікке қабілеттілігіне сендіру. Сонда саны­мыз үш мемлекеттен де айтарлықтай арта түсетін болады.

Төртінші. Еуразиялық интеграция­ның геоэкономикалық, ал болашақта гео­саяси жағынан буыны бекуі тек эво­люциялық жолмен және ерікті түрде жүруі тиіс. Оған жасанды жеделдетудің ешқан­дай пішіні мен жекелеген елдерді қамшылау жат болуы шарт. Біртұтас еуропалық рынок 40 жылға жуық уақыт құрылғанын ұмытпайық. Бүгінде еуразиялық интеграция тұ­ғырнамасы айтарлықтай кең. Оның құрамына пішіні, мақсаты және міндеті түрлі болып келетін мем­лекетаралық бірлестіктер – ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, Кеден одағы – Қазақстан, Беларусь және Ресей мен басқалардың БЭК-і кіреді. Басқа құрылымдардың пайда болу ықтималдығы да зор. Мен, мәселен, Орталықазиялық одақ құрудың жақ­та­сы болып қала беремін. Одан, бірінші кезекте, проблемаларды бірлесіп шешу мен өңірдегі барлық мем­ле­кет­тер­дің әлеуметтік-экономикалық дамуы теңе­лісінің үлкен мүмкіндіктерін көре­мін. Бұл Орталық Азия елдеріндегі барлық азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізіп, өңірдегі күрделі проб­лемаларды шешуге көмектесер еді. Түрлі өңірлік ұйымдарға қатысу әр мемлекетке интеграцияның аса тиімді жолын таңдауға жәрдемдеседі. Сондықтан барлық еуразиялық бір­лестіктердің әлеуетін өрістетіп, бірте-бірте олардың пішіндері мен мазмұн­дарын жақындастыруға ықпал ету маңызды.

Бесінші. Еуразиялық одақ құру тек жұртшылықтың кең қолдауы негізінде ғана мүмкін. Қазірде біздің елдерімізде өзіміздің «еуразо-оптимистер» мен «еуразо-скеп­тиктер» бар екені заңдылық болып табылады. Олардың арасындағы пікірталастар тек қана интеграциялық үдерістердің кемшіліктерін көруге және оларды дәйектілікпен аластауға жәрдемдесетіні анық. Мен жақын болашақта олардың дебаттары Еуразиялық Ассамблея – біздің елдеріміз парламентарийлерін біріктіретін ұлтүстілік құрылым мінберінен жүреді ғой деп ойлаймын. Сонымен бір мезгілде, еуразиялық интеграцияның халықтық вертикалін нығайту маңызды. Бұл жерде әңгіме еуразиялық қоғамдық бірлестіктердің санын арттыру туралы болып отыр. Мәселен, ЕурАзЭҚ Іскерлік кеңесінің арқауында Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің еуразиялық конгресін құруға болады.

Кеден одағы елдерінің үштігі пішінінде Еуразиялық сауда-өндірістік па­ла­тасын құру орынды. Олардың офистері Астанада орналаса алар еді. «Еуразия-24» тәуліктік жаңалықтар арнасын құру жөніндегі жұмыстарды бас­тау қажет. Бұл біздің елдеріміздің аза­маттарын интеграцияның басым­дық­тары мен барысы туралы объек­тив­ті және толық ақпараттандыру тұр­ғы­сынан маңызды.

Мен Еуразиялық экономикалық ке­ңістіктің атқарушы органдарын Астанада – Еуразия субматеригінің гео­графиялық кіндігінде тұрған қалада орналастыруды ұсынамын. Бұл жерде ешқандай шамшылдық жоқ. Бұл біз үшін айтарлықтай жүктеме болар еді. Сонымен бірге, Еуразия инте­гра­циясы идеясының бастамашысы ретінде Қа­зақ­станға әділетті риза­шы­лықтың кө­рі­нісі болар еді. Орталық офистің Қа­зақ­станда орын тебуі жаңа инте­гра­циялық бірлестікті біздің ел­деріміздің ішіндегі, сондай-ақ бір­лестіктің сыр­тын­дағы күдіктерден арылтады. Бұл енді тәй-тәй басқан біздің ұйы­мы­мызға үлкен сенімділік туғызады. Кезінде біздің ТМД-ның штаб-пәтерін Минскіде орналастыру туралы шешіміміз нақ осыған байланысты бо­ла­тын. Еуропалық одақ штаб-пәтерінің Брюссельде орын тебуі де кездейсоқ емес.