Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенес агай дайын шпор 8-50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.83 Кб
Скачать

28.Қазақстан-Солтүстік Европа елдері:саяси-экономикалық қатынастардың орнауы;

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға сапармен келген Швеция Корольдігі Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Босс Рингхолммен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.

 

Қазақстан мен Швеция арасын­дағы ынтымақтастық соңғы екі жыл бедерінде айтарлықтай нығая түсті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2004 жылдың қазанында Швеция Корольдігіне жасаған алғашқы ресми сапары негіз қалады. Осы сапарда Қазақ­стан Үкіметі мен Швеция Үкіметі арасындағы инвестицияны қорғау және халықаралық автокөлікпен жолаушы және жүк тасымалдау туралы келісімдерге қол қойылып, кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форум өткізілді. Форумда Қазақ­стан Президенті сөз сөйлеп, шведтік компанияларды Қазақстан рыногына қатысуға шақырған еді. Бүгінде ол екі мемлекетке де өз нәтижесін бере бастады.

 

– Қазақстан халықаралық қоғамдастықта ерекше рөлге ие мемлекет, – деді Премьер-Минис­трдің бірінші орынбасары кездесу­ден соң БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. – Біз ғана емес, Еуропадағы елдердің барлығы Қазақстанмен тығыз ынтымақ­тастық жасауға ынталы болып отыр. Өйткені, Қазақстанның экономикасы қарқынды дамуда. Делегациямен бірге шведтік ірі компаниялардың өкілдері де келді. Олар қазақстандық әріптестерімен іскерлік қатынастар орнатады деген сенімдемін. Іскерлік байланыстар Қазақстан мен Швецияның сауда-экономикалық ынтымақтастығын бүгінгіден де дамыта түседі.

Қазақстан мен Швеция арасын­да дипломатиялық қатынас 1992 жылдың сәуірінде орнады. Сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын жақсара түсуде. Мысалы, 2004 жылы мемлекеттер­дің өзара тауар айналымы 171,5 миллион долларды құраса, өткен жылы 278,3 миллион долларға жетті. Екі елдің бір-бірінен алары да, бір-біріне берері де бар.  Швеция Қазақстанға техникалар мен көлік құралдарын, телекомму­никация жабдықтарын, қағаз-картон және ағаштан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ темір, болат құрылғыларын импорттайды. Ал Қазақстан негізінен тамақ және шикізат, химия өнеркәсібі өнімде­рін экспортқа шығарады.

 

Бүгінде Қазақстанда шведтік капи­талдың қатысуымен 2 бірлес­кен кәсіпорын және 7 шведтік фирма жұмыс істейді. Швецияның ең ірі “Erіcsson” және  “Volvo” компанияларының да Қазақстан­мен ынтымақтастығы дамып келеді. Қазіргі кезде “Erіcsson” компа­ниясы Алматы қаласында GSM  сандық ұялы байланыс жүйесін орнатумен айналысып жатыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласы бойынша әлемге танымал “Aіfa Laval Agrі” компаниясының сүт өндіру, сақтау және оны қайта өңдеуден өткізуге арналған озық үлгідегі технологиялық жабдық­тарын өндіріске енгізу жобасы Алматы облысында қолға алынуда.

Швецияның экономикасы ойда­ғыдай дамып келеді, деді Боссе Рингхолм әрі қарай. Соңғы жылы эко­номиканың өсу қарқыны 3 пайыз болды. Бұл – Еуропалық Одақ көрсеткішінен едәуір жоғары. Біз Қазақстанда экономикамен қатар, саяси реформалардың да дамып келе жатқанына қуанамыз. Бұлар демократияның нақты үлгісі болып табылады. Қазақстан 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ниеттеніп отыр. Біз бұған қолдау біл­діреміз. Екі елдің ынтымақ­тас­ты­ғы нығая береді деген сенімдемін.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне өзінің ілтипатын білдіреді және мынадай мазмұндағы:

«Қазақстан Республикасы Елшілігінің 2009 жылғы 14 ақпандағы нотасына жауап ретінде Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі Дания Үкіметінің қазақстандық дипломаттық паспорттардың барлық иелеріне 2010 жылғы 6 сәуірден бастап Данияға визасыз кіру құқығын беру шешімі туралы хабарлауды өзіне мәртебе санайды. Өзаралық қағидатын назарға ала отырып, Сыртқы істер министрлігі даниялық дипломаттық паспорттардың иелері үшін Қазақстанға кірген кезде осыған ұқсас артықшылықарды күтеді» деген 2010 жылғы 31 нурыздағы № 36. D. 268 нотаны алғанын растауды мәртебе санайды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзаралық қағидатын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы ноталар алмасу нысанында келісім жасасуды ұсынуды өзіне мәртебе санайды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Дания Корольдігінің азаматтарын - жарамды дипломаттық паспорттардың иелерін бірінші кірген сәттен бастап 6 (алты) ай ішінде 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және транзитпен өту мақсатында виза алу қажеттілігінен босатады.

2. Дания Корольдігінің Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарын - жарамды дипломаттық паспорттардың иелерін бірінші кірген сәттен бастап 6 (алты) ай ішінде 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге Дания Корольдігінің аумағына келу, кету, және транзитпен өту үшін виза

қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қатынастар

1992 ж. 2 қаңтар – Норвегия Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады. 

1992 ж. 5 маусым - дипломатиялық қатынастар орнатылды. 

2001 ж. 12 наурыз – Қазақстан Республикасындағы Норвегия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Ойвенд Нордслеттен (Мәскеудегі резиденциясымен қоса атқару бойынша) қызметке кірісті. 

2003 ж. 7 мамыр – Норвегия Корольдігіндегі Қазахстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Ыдырысов (Лондондағы резинденциясымен қоса қоса атқару бойынша) қызметке кірісті. 

2004 ж. 21 маусым – ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Норвегияда Қазахстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылды. 

Саяси ынтымақтастық 

Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қатынастар халықаралық саясаттың көптеген мәселелері бойынша қайшылықтардың болмауымен сипатталады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Норвегия Корольдігіне 2001 ж. 2-4 сәуірдегі ресми сапары екіжақты қатынастарға елеулі серпін берді. Мемлекет басшысы сапар барысында Король Харальд V-імен, Премьер-министр Й.Столтенбергпен, Стортингтің Төрағасы Х.Росьордпен кездесті, Норвегиялық сыртқы саясат және халықаралық қатынастар институтында Қазақстанның сыртқы саясаты туралы лекция оқыды. 

Екі елдің басқа да ресми өкілдерінің кездесулері болып, олардың барысында халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЕҚЫО) шеңберіндегі саяси өзара әрекеттестік, Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша екіжақты ынтымақтастық, Норвегияның мұнайгаз саласындағы мемлекеттік реттеу тәжірибесін зерделеу мақсатында норвегиялық сарапшыларының қатысуымен семинарлар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. 

Сапар барысында дөңгелек үстел өткізіліп, оған Норвегияның мұнай және газ, телекоммуникация, кеме қатынастары, туризм және құрылыс салаларында жұмыс істейтін 13 компаниясы қатысты. 

Мемлекет басшының ресми сапары Қазақстан-Норвегия қатынастарын жаңа сапалық деңгейге көтеріп, ұзақ мерзімді әріптестік қатынастардың ірге тасын қалады. Қосарланған салық салуды болдырмау және табыстар мен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан мен Норвегия арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы мәлімдемеге қол қойылды. 

2002 ж. 15 сәуірде Астанада Қазақстан мен Норвегия сыртқы істер министрліктері арасында консультация өткізіліп, оның барысында екіжақты қарым-қатынастар, сондай-ақ ЕҚЫҰ, БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды. Норвег тарапының Семей өңірін оңалту және Каспийге мұнай төгілуін болдырмау жөніндегі экологиялық жобаларға қатысу нысандары қаралды. 

Премьер-министр К.Бондевиктің 2004 ж. 25-26 мамырда Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін беріп, оның барысында жоғары деңгейде саяси келіссөздер жүргізілді, саяси және экономикалық салалардағы ынтымақтастықты тереңдету туралы екіжақты қос құжатқа қол қойылды, сондай-ақ екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум және Астанадағы Норвегияның Құрметті консулдығы ашылу ресми салтанатын сияқты бірқатар іс-шаралар өткізілді. 

Норвегия мұнай қорының қызметін зерделеу мақсатында ҚР Парламенті Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жқніндегі комитетінің төрағасы М.Өтебаев бастаған парламенттік делегациясының Норвегияға сапары шеңберінде 2006 ж. 23 қаңтарда Стортингтің Қаржы комитетінің төрағасы Н.Педерсенмен кездесу өткізіліп, ынтымақтастық мәселелерінің көлемді шеңбері, оның ішінде Қазақстан мен Норвегия арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Норвегия парламентарийлары Қазақстанға іс-сапармен келуге шақырылды. 

Қазіргі уақытта екіжақты ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасын кеңейту бағытында біршама қадамдар жасалуда. Әуе қатынастары мен халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімдер жобалары келісу сатысында тұр. Норвег тарапы құқықтық көмек және құқықтық өзара әрекеттестік туралы шарт жасасу және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен Норвегия Көлік және коммуникация министрлігі арасында телекоммуникация, ақпараттандыру және почта мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін қарастыруда. 

2006 ж. қаңтардың соңында Қазақстан мен Норвегия арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыстар мен капиталға салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция күшіне енді. 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық 

2005 ж. Қазақстан мен Норвегия арасындағы сауда айналымының жалпы көлемі – 34,84 млн.долл, соның ішінде экспорт – 8,31 млн. және импорт 26,53 млн. құрады. Өткен жылмен салыстырғанда екіжақты сауда айналымының көлемі 3 есеге артқан. 

Норвегияның Қазақстанға шығаратын экспортының негізгі баптарына балық өнімдері, машина және электронды жабдықтар, органикалық емес химия өнімдері, ғылыми – зерттеу жабдықтары және тері бұйымдары жатады. 

2005 ж. 10 айы ішінде Норвегия 32,9 млн. крон сомаға Қазақстаннан бидай сатып алды, бұл Қазақстанның Норвегияға шығаратын экспортының 95% құрайды. Қазақстанның Норвегияда шығаратын экспортының кезекті басты тарамы түсті металдар болып саналады. 

Норвегия экономикасының түрлі салалардағы жетістіктері және озат технологиялары мұнай өңдеу мен газ өнеркәсібі, машина, кеме жасау, балық өңдеу, радиоэлектроника мен химия өнеркәсібі салалары бойынша өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға негіз бола алады. Қазақстандағы Норвегияның мүдделері отындық шикізатына, қара және түсті металдарға, минералдық тыңайтқыштарға, астыққа негізделуі де мүмкін. 

Қазақстанда Норвегияның шамамен 10 фирмасы бар, олардың ішінде – «Статойл», «Норск Гидро», «Теленор интернешнл», «Акер Маритайм», «Нера АСА», «Инсток», «PGS», «Интервет-5». 

2004 ж. қаңтарда «Статойл» компаниясы Астанада өз өкілдігін ашып, оның басшысы Реттедал мырза Қазақстандағы Норвегияның құрметті консулы болып тағайындалды. 

1998 ж. Норвегияның «Нера» фирмасы «Қазақтелеком» ААҚ «Алматы-Балхаш-Қарағанды» цифрлық радиореле желісін салуға қажет (2000 ж. желтоқсанда пайдалануға берілді) жабдықтарды әкелуге қатысты жарияланған тендерді ұтып алды (шамамен 4 млн. доллар). 

«PGS» компаниясы Қазақстанда 1996 жылдан бері геологиялық барлау қызметтері саласында жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде «PGS» «Қазақстанкаспийшельф» және «Данк» компанияларымен бірлесе Каспий шельфінің өтпелі аймағында сейсмикалық зерттеулер жүргізуде. Бұл келісім шарттың құны - 21,4 млн.долл. Қазақстанда жерүсті және оффшор жұмыстарын жүргізуді батыс технологиясын пайдаланатын сервистік компания құру жоспарға алынған. 

Литвадағы делдалдар арқылы Қазақстан астығын сатып алатын норвегиялық «Unicorn» азық – түлік компаниясымен байланыс жолға қойылды. 

Норвегияның СІМ деректері бойынша, 1994-2000 жж. гуманитарлық және қаржылай көмек көрсету бағдарламасы шеңберінде норвег тарапы Қазақстанға 1,2 млн. долл. сомаға грант бөлген. 

Қазіргі кезде Қазақстандағы норвегиялық компаниялардың инвестициялық белсенділігі жоғарылығы байқалып отыр. Қазақстанда өз қызметтерін өрістеткен және өкілдіктерін ашқан «Статойл», «Акер Квернер», «Дет Норске Веритас», «Ветко Айвель», «PGS», «Роксар», «Рогаланд Ресеч», «Даунстрим сервис» сияқты жетекші мұнайгаз және сервистік компанияларға қоса бірінен соң бірі жаңа инвестициялық ойыншылар қосылуда. 

Мұндай компаниялар қатарындағылар 

- Норвегия экспортын кредиттеумен айналысатын «Экспортфинанс АСА» қаржы институты. «Экспортфинанс АСА» қазақстандық серіктестеріне Норвегия үкіметі қолдайтын ұзақ мерзімді қарыздар мен коммерциялық кредиттер ұсынады; 

- Норвегияның инновациялық салаларында шағын және орта кәсіпкерлік құру және дамыту үшін бизнесмендер оқытумен және даярлаумен айналысатын «SYSLAB» орталығы. «SYSLAB» қызметін қаржыландыруды Норвегия СІМ-і БҰҰ Даму бағдарламасымен, ЕРДБ-мен, сондай-ақ Норвегия еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігімен бірлесіп жүзеге асыруда. «SYSLAB» Қазақстандағы өз жоспарларын ЕРДБ және БҰҰДБ-мен бірлесіп, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Қазақстандық орталық құруды, сондай-ақ микрокредиттік қор қалыптастыруды ниет етіп отыр; 

- Экономиканың түрлі бағыттары бойынша зерттеу мен талдау жүргізетін Норвегияның «ЭКОН орталығы» консалтингтік компаниясы. «ЭКОН орталығы» ҚР-ның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен «Мұнай газ өндірісінің Қазақстан экономикасына ықпалын зерттеу» тақырыбы бойынша зерттеу жобасын жүргізу мүмкіндігін қарастыруға тапсырыс алды. Бұл жобаның бас мақсаттарының бірі Қазақстан экономикасының «қызып кету» немесе «голланд ауруы» қаупі туындау ықтималдығын зерделеу және осы мәселенің алдын алу шараларын қамтамасыз ету болып табылады; 

- Бейне конференциялық жабдықтардың конструкторлық және технологиялық жаңа үлгілерін әзірлейтін «Тандберг» компаниясы. Қазақстанда «Тандберг» компаниясы ҚР Қорғаныс министрлігі мен Парламентіне жабдықтаумен, бұрын әкелінген өнімдерді сынақтан өткізумен айналысады; 

- Германияның мұнайгаз саласы мәселелеріне жетекшілік ететін «Сименс» компаниясының норвегиялық офисі Каспийдегі Қазақстан мұнайгаз саласында өз ұстанымдарын бекітуге кіріскен. Қазіргі кезде «Сименс» компаниясы Қашаған кенішінде «Аджип КСО»-ымен келісім жасау жөнінде белсенді келіссөздер жүргізуде. Ресейлік «Вымпелком» ұялы телефон компаниясы арқылы Қазақстандық «К-Мобайл» ұялы байланыс операторын иеленетін (акциялар пакетінің - 29%) «Теленор» норвегиялық жетекші телекоммуникация компаниясы, сондай-ақ сандық радиореле желісі бойынша Қазақстанда үш жобаны жүзеге асырып үлгерген «Нера» компаниясы Қазақстандағы ұялы байланыс, АТ-технологиясы және оптикалық талшықты желілер құрылысы нарықтарын дамытуға атсалысуларын кеңейтпекші. 

Қазақстанның ДСО-ға мүшелікке өту мәселелері бойынша келіссөздер шеңберінде 2005 ж. қарашада Ставангер мен Ослода ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Ж.Айтжанова бастаған ҚР делегациясының сапары өтті. Делегация құрамына ҚР энергетика және минералдық ресурстар, ауыл шаруашылығы министрлерінің орынбасарлары, министрліктері мен ведомстволарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан іскер топтарының өкілдері кірді. Ставангерде ҚР делегациясы ИНТСОК өкілдерімен, қала мэрімен, «Статойл», «Акер Квернер», «Норсиа және Симон Мокстер», «Реслинг», «Рогалант сиенсе парк», «Ииновация Норуей» және басқа да компаниялармен кездесулер өткізді. Ослода ДСО шеңберінде Қазақстан мен Норвегия нарықтарында өзара тауарлар мен қызметтерді жеңіл өткізу жөнінде екіжақты келіссөздер өткізілді. 

2006 ж. 22-28 қаңтарда Норвегияның мұнайдан түсетін кірістерін басқару жөніндегі, атап айтқанда Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі тәжірибесін зерделеу үшін ҚР Қаржы вице-министрі Ғ.Өзбеков бастаған ҚР делегациясы Ослода сапармен болды. Сапар барысында ҚР делегациясы Норвегия Стортингінің (Парламентінің) Қаржы комитетінде, Қаржы министрлігінде, Мұнай және энергетика министрлігінде келіссөздер өткізді, сондай-ақ Норвегияның мұнайгаз салаларында қызмет атқаратын бизнес-құрылымдарының қызметтерімен танысты. 

2005 ж. 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыстар мен капиталға салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция Қазақстанда ратификацияланып, норвег тарапына тиісті рәсімдердің аяқталғаны туралы ресми хабарлағаннан кейін 2006 ж. қаңтарда күшіне енді. 

2006 ж. 24-25 сәуірде Ослода норвег тарапымен Қазақстанның ДСО-ға мүшелікке өтуі жөніндегі кезекті екіжақты келіссөздер өткізілді. ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Ж.Айтжанова бастаған ҚР келіссөз тобы құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көлік және коммуникация министрліктерінің, ақпараттандыру және байланыс, қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттіктердің өкілдері кірді. Кездесу нәтижелері бойынша норвег тарапы Қазақстан нарығына тауарлардың жеткізілу жөніндегі екіжақты келіссөздердің аяқталғаны туралы хаттамаға қол қойды, мұның өзі Қазақстанның ДСО-ға мүшелікке өту процесін ілгерілетудегі елеулі қадамдардың бірі болып табылады. Қол жеткен уағдаластықтар тараптардың өзара экономикалық мүдделерін толық ескереді. 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық Норвегия ЮНЕСКО бағдарламасы шеңберінде Таңбалы қойнауындағы тасқа салынған суреттердің бірегей ескерткіштерін сақтап қалу жөнінде Қазақстанға көмек көрсетеді. 

Норвегиядағы қазақ диаспорасымен байланыс орнатылған. ҚР-ның Лондондағы елшілігінің көмегімен диаспора өкілдері 2002 ж. қазан айында Түркістанда өткен қазақтардың бүкіл дүниежүзілік құрылтайына қатысты. 

2002 ж. 21 ақпан - 1 наурыз аралығында ҚР Үкіметінің Семей ядролық полигоны аумағын оңалту жөніндегі арнаулы бағдарламасы бойынша бөлген қаржы көмегімен Осло қалалық ратушасындағы галереяда «Семей қасіретті мұра» атты фотокөрме өткізілді. Көрменің ашылу салтанатының демеушісі норвегиялық «Статойл» мұнайгаз компаниясы болды. 

2005 ж. 24 ақпан - 4 наурыз кезеңінде Ставангер қаласында құрамына ҚР білім және ғылым министрлігінің, Н.Назарбаевтың білім қорының, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, Қазмұнайгаз ҰК, Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ), Маңғыстау облысы энергетикалық және техникалық колледждерінің өкілдері кірген ҚР ресми делегациясының сапары болды. Сапардың бас мақсаттары - Норвегияның білім беру саласындағы, атап айтқанда мамандық кәсіптік-техникалық оқытудағы тәжірибемен танысу және білім беру жүйесін жетілдіру мәселері бойынша пікір алмасу болды. Бұл сапар 2004 ж. мамырда Президент Н.Назарбаев пен Норвегияның Премьер-министрі К.Бондевик қол қойған энергетикалық әріптестікті дамыту туралы қазақстан-норвегия бірлескен мәлімдемесін жүзеге асыру шеңберінде өтті. ҚР делегациясы Норвегияның Білім және ғылым министрлігі, Мұнай директораты, норвегиялық «Норвегия инновациялары» қоры аумақтық өкілдігі, «Cтатойл» және «Акер квернер» мұнайгаз компаниялары, «Rogaland» оқыту және білім беру орталығы, сондай-ақ Ставангер университеті өкілдерімен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында тараптар Каспий оффшорында жұмыс істейтін мамандар әзірлеу қажет орталықтарды Қазақстанда құру туралы бірлескен жобаны әзірлеуге қатысты ынтымақтастықты дамытуға әзірлік білдірілді. Сапар шеңберінде ҚБТУ мен Ставангер қаласы университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 

2005 ж. сәуірде Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімдігі, «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» мен Рогланд округінің білім және әзірлеу орталығы норвегиялық қоры арасында мұнайгаз саласының мамандарының кәсіптік білім алу мен біліктілігін арттыру жүйесін дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, сондай-ақ мұнайгаз саласы үшін халықаралық талаптарға сай білікті техникалық мамандар мен қызмет персоналдарын әзірлейтін «Каное» бірлескен кәсіпорынын құру жөніндегі құжаттар тіркелуге алынды. 

2005 ж. 7-10 шілде аралығында қазақстандық музыканттар Фьорда қаласындағы 6-шы халықаралық фольклорлық музыка фестиваліне қатысты. Фьорда қаласының және фестивальді ұйымдастыру комитетінің басшыларымен өткізген кездесулер қорытындылары бойынша көптеген қазақстандық музыканттар алдағы уақытта осы қалада өтетін халық музыкасы фестивальдеріне шақыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді

29. ҚР-Солтүстік Африка елдері:ынтымақтасу және келешегі;

Многовекторная внешняя политика, которую проводит Арабская Республика Египет, помимо участия в решении важнейших региональных и международных проблем выражается также в поисках новых перспективных и надежных партнеров. На рубеже XX-XXI вв. Каир, заметно активизировавший свою политику в Азии, обратил свой взор на Республику Казахстан – крупнейшую и наиболее сильную в экономическом плане страну Центральной Азии.

Египет был одним из первых государств, признавшим суверенитет Казахстана в декабре 1991 года. Дипломатические отношения между двумя странами были установлены в 1992 году, а уже в 1993 году президент Казахстана Нурсултан Назарбаев побывал с официальным визитом в Египте. По его итогам страны подписали солидный пакет документов, среди которых соглашения о торгово-экономическом сотрудничестве, поощрении и взаимной защите инвестиций, информационных связях, а также протоколы о консультациях между внешнеполитическими ведомствами, о сотрудничестве между Духовным управлением мусульман Казахстана и Министерством вакуфов Египта. Таким образом, в начале и середине 1990-х годов был заложен фундамент египетско-казахстанских отношений, позволивший поступательно развивать политический диалог, связи в экономической и культурно-гуманитарной сферах. После обретения Казахстаном суверенитета в 1991 году Египет с визитами на различном уровне посетило свыше 30 казахстанских делегаций.

Официального визита президента Египта Хосни Мубарака в Казахстан, состоявшегося 7-8 ноября 2006 года, в Астане ждали давно. Не случайно Нурсултан Назарбаев назвал визит египетского лидера «историческим»(1), отметив, что он послужит серьезному сближению народов двух стран и подъему торговых отношений. Говоря о своем визите, Хосни Мубарак отметил, что он «отражает глубокие связи дружбы и сотрудничества между Египтом и Казахстаном», «открывает широкие перспективы для дальнейшего развития казахстанско-египетских отношений», а также «поможет поднять наши двусторонние отношения на новый качественный уровень»(2).

Вместе с тем египетский лидер указал на необходимость активизации контактов по всем возможным направлениям. Казахстан стал первым государством в Центральной Азии, которое посетил Хосни Мубарак.

В ходе переговоров на высшем уровне был обсужден комплекс вопросов дальнейшего развития взаимовыгодного сотрудничества между Египтом и Казахстаном, а также актуальные международные и региональные проблемы, в том числе ситуация на Ближнем Востоке, положение в Ираке и Ливане, а также иранское «ядерное досье». Стороны высказались за необходимость приложения максимума усилий для стабилизации ситуации в зоне палестино-израильского конфликта.

Египет и Казахстан подтвердили намерение продолжать активно координировать свои действия в рамках Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии (СВМДА). Казахстан поддерживает инициативы Египта по укреплению международной безопасности, в том числе идею о созыве Международной конференции по борьбе с терроризмом и усилия АРЕ по противодействию распространению ядерного оружия.

В рамках визита Хосни Мубарака в Астану состоялась встреча руководителя Службы общей разведки Египта Омара Сулеймана ар-Рифаи с председателем Комитета национальной безопасности Казахстана Амангельды Шабдарбаевым, по итогам которой стороны договорились сотрудничать и развивать взаимодействие по противодействию международному терроризму и религиозному экстремизму, а также другим современным угрозам и вызовам(3). Были подписаны соглашения о сотрудничестве в сфере борьбы с терроризмом, организованной преступностью, отмыванием денег и наркотрафиком(4).

И все же основной центр тяжести на переговорах был смещен в сторону экономического аспекта сотрудничества двух стран. Надо сказать, что за прошедшие годы сделано немало для активизации деловых контактов. В целях развития двусторонних связей создана и работает Межправительственная комиссия по торгово-экономическому, культурно-гуманитарному и научно-техническому сотрудничеству. В 1997 году были установлены тесные связи между Египетской федерацией торговых палат и Союзом торгово-промышленных палат Казахстана(5).

В 2004 году Государственная страховая корпорация по страхованию экспортных кредитов и инвестиций Казахстана и Египетская компания по гарантированию экспортных кредитов подписали соглашение о сотрудничестве(6). Вместе с тем, объем товарооборота между двумя странами остается крайне низким. За первые восемь месяцев 2006 г. он составил всего 14,5 млн. долларов(7), а в 2005 году не превысил отметку в 7,1 млн. долларов.

По мнению Хосни Мубарака, экономические отношения между Египтом и Казахстаном пока еще находятся не на должном уровне, а потому необходимо дать мощный толчок торговому и инвестиционному сотрудничеству, которое в настоящее время не соответствует имеющемуся высокому уровню политических отношений между двумя странами.

Как заявил Нурсултан Назарбаев, «рынок Казахстана открыт для египетских товаров и инвестиций»(8). Казахстан выразил заинтересованность в поставках в Египет продукции металлургической, химической и нефтяной отраслей промышленности, а также в использовании египетских морских портов(9). Египет в свою очередь готов поделиться опытом в области производства фармацевтической продукции. Стороны также планируют сотрудничать в таких областях, как текстильное производство и нефтегазовая промышленность. Хосни Мубарак вновь подтвердил, что Египет поддерживает стремление Казахстана войти во Всемирную торговую организацию.

Был подписан Протокол о завершении переговоров между Республикой Казахстан и Арабской Республикой Египет о доступе на рынок товаров и услуг в рамках вступления Казахстана в ВТО(10).

Интерес Египта к Казахстану продиктован, прежде всего, соображениями экономической целесообразности. Египетское руководство во главе с президентом Хосни Мубараком высоко оценивает достижения Казахстана, особенно в сфере экономики, и рассчитывает заполучить в лице Астаны надежного и весьма перспективного торгово-экономического партнера в Азии.

В 2005 году рост казахстанской экономики составил 10 процентов, а рост дохода на душу населения вырос за последние пять лет на 75 процентов(11). АРЕ также рассматривает Казахстан как потенциального инвестора. Египет, стремящийся обеспечить собственную продовольственную безопасность, заинтересован в поставках зерна в больших объемах. Каир и Астана договорились создать специальную комиссию по вопросам экспорта казахстанского зерна в Египет(12).

Египет и Казахстан подписали Меморандум между правительствами двух стран о сотрудничестве в сфере культуры(13). Необходимо отметить, что связи в культурной и научно-образовательной сферах занимают особое место в казахстанско-египетских отношениях. Одним из символов двухстороннего культурного сотрудничества является египетский университет исламской культуры «Нур-Мубарак», построенный в г. Алматы, ставший крупным центром подготовки квалифицированных религиозных кадров. Президент Египта заявил о намерении всячески содействовать укреплению сотрудничества между университетом «Нур-Мубарак» и университетом Аль-Азхар и другими египетскими вузами, а также помочь его расширению.

Казахстан принимает участие в реставрации каирской мечети Султана Бейбарса, выдающегося мамлюкского правителя Египта и Сирии XIII века казахского происхождения, эпоха правления которого ознаменовалась успешным отражением военных нашествий монгольских завоевателей и крестоносцев, расширением и укреплением границ государства, оживлением торговли, ростом экономики.

Культурная программа визита Хосни Мубарака включала в себя осмотр достопримечательностей города Астаны, ставшей столицей Казахстана в декабре 1997 года, в том числе посещение столичного Дворца мира и согласия, выполненного в виде пирамиды.

Таким образом, по результатам переговоров на высшем уровне Египет и Казахстан подписали несколько весьма важных документов, среди которых можно выделить межправительственное соглашение об освобождении от виз владельцев дипломатических паспортов, протокол о завершении переговоров в рамках вступления Казахстана в ВТО, а также меморандум о сотрудничестве в сфере культуры(14). Основным позитивным результатом состоявшихся переговоров стала заявленная лидерами двух стран решимость и готовность расширять казахстанско-египетское сотрудничество по всем направлениям.