Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенес агай дайын шпор 8-50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.83 Кб
Скачать

1.Жалпы түркологиялық мәселелер бойынша:

1.1 Қазіргі заманғы қоғамдық әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіндегі түркілік этномәдени ерекшеліктердің сақталуы мен өзгеріске ұшырау деңгейлерін айқындау, түркі мемлекетерінен тыс аймақтардағы түркі диаспораларының тілдік жағдаятын зерттеу, түркі әлеміне қатысты қазіргі таңдағы әлеуметтік, миграциялық, демографиялық, ассимиляциялық үдерістерді анықтау, түркі фольклорына, қол өнеріне, жазба мұраларына қатысты материалдарды жинау мақсатында алтаистика және түркітану бағытындағы ғылыми зерттеу институттары мен орталықтарын бірлескен далалық экспедицияларды жасақтауға жұмылдыру және оның жұмысын бір орталықтан басқару;

1.2 Түркі әлемін зерттейтін мамандарды бірлесіп даярлау мақсатында бүгінгі білім беру жүйесінің халықаралық стандартына сай магистратура және PhD бөлімдерін бірлесіп ашу және онда түркі тілдері және аударма, түркі әдебиеті және фольклоры, түркі тарихы және мәдениеті бойынша белгілі түркітанушы ғалымдардың сабақ беруін қамтамасыз ету;

1.3 Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жинақталған материалдарды әр түрлі аспектіде зерттеудің ғылыми –теориялық және методологиялық негіздемесін жасау;

1.4 Жаһандану дәуіріндегі түркі әлемінің адамзат өркениетіндегі орнын насихаттау және түркі халықтарының тұтастығын нығайту мақсатындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін «Махмуд Қашғари» атындағы халықаралық сыйлық тағайындау.

 

2. Түркітанудың салалары бойынша

Лингвистикалық түркітану:

– көне түркі және ортағасыр жазба мұраларының жаңа оқылымдары мен аудармаларын ескере отырып, әрқайсысының тілін құрылымдық- антропоөзектік парадигма аясында кешенді зерттеу және олардың дербес сөздіктерін құрастыру;

– түркі тілдерінің славян, араб-парсы, монғол, тұңғыс маньчжур, қытай-тибет, фин-угор т.б. тілдермен тарихи және қазіргі қарым-қатынасының экстралингвисткалық, интралингвистикалық факторларын анықтау және лингоэкологиялық сараптама жасау;

– түркі тілдері дамуының тереңгі қабаттағы субстратты және жоғары қабаттағы адстратты катализаторларының маңызын айқындау;

– әлемнің әр елінде өмір сүріп жүрген түркілердің тілдік және мәдени ортасына байланысты ана тілдерінің сақталу, даму деңгейі мен функционалдық ерекшеліктерін анықтау;

– салыстырмалы этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, лингвокогнитологиялық бағыттағы ғылыми зерттеулерді қолға алу және түркі тілдерінің екі тілді, көптілді сөздіктерін түзу;

– түркілік ономастикалық кеңістіктің тарихи қалыптасу арналары мен қазіргі қалып күйін зерттеу және түркі этнонимдері мен топонимдерінің этимологиялық сөздігін түзу.

Түркі тектес халықтар әдебиеті мен әдебиеттануы:

– түркі тектес халықтар әдебиетін жаңаша пайымдау негізінде дәуірлеуді, түркі әдебиеті тарихының кезеңдерін жүйелеуді жүзеге асыру және көне дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі түркі тілдес халықтар әдебиетінің дамуын қамтитын «Түркі халықтарының әдебиеті» атты энциклопедия, «Түркі халықтарының әдеби мұрасы» сериясымен түркі тектес халықтардың мемлекеттік бағдарламасы аясында 100 томдық әдеби-көркем шығармаларын дайындау, шығару;

– түркі халықтарына ортақ фольклорлық мұралардың қазіргі түркі тілдеріндегі нұсқаларын жинақтап, («Көроғлы», «Алпамыс батыр», «Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Қорқыт ата», т.б.) «Түркі халықтарының ортақ фольклор мұрасы» атты кітап-альбом шығару;

– түркі халықтары әдебиетін салыстырмалы тұрғыдан зерттеуді жандандыру және әлем әдебиетіндегі түркі әдебиетінің орнын зерделеу.

Тарих және этнология:

– өзара тарихи сабақтастықпен жалғасқан түркі елінің ортақ тарихи кезеңдерін анықтау және белгілеу, соның негізінде барлық түркі мемлекеттерінің этнологтарының қатысуымен «Жалпы түрік шежіресін» және «Түркілердің қалалық өркениеті» энциклопедиясын құрастырып шығару;

– ортағасырлық түркі қағанаттарының Ордасы мен қалалары орналасқан жерлер арқылы туристік экспедициялар ұйымдастыратын Түрік Академиясы Акциянерлік қоғамы жағынан «Қағанат» атты туризм кластерінің бағдарламасын жасап, оны жүзеге асыру мәселесін Мәдениет министірлігімен бірлесе отырып шешу;

– Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздік мерекесіне арнап «Түркі елінің қара шаңырағы» атты түрлі түсті 4 тілде (қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілінде) иллюстрациялық Альбомын құрастыру.

– Астана қаласы жанында табылған «Бозоқ» қаласының орнын Өтікеннен кейінгі жалпы түрік елінің ортағасырлық Ордасы етіп жариялау;

– қола және темір дәуірлеріндегі түркі проблемаларына арналған зерттеулерге, әсіресе, киммерліктер, скиф, сақ, савроматтар мәселесіне көңіл бөлу.

«Түркі өркениеті және тәуелсіз Қазақстан»атты халықаралық конференция түркология саласы бойынша ғылыми байланыстарды кеңейту, осы бағыттағы зерттеулерді дамыту, әлемдік және қазақстандық түркологияның болашағын бағамдау, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің түркі халықтарының рухани бірлігін нығайтудағы орнын зерделеу секілді көздеген басты мақсатына жетті. Мұны конференцияның нәтижесінен байқауымызға болады. Ғалымдар ұсынған баяндамалар түркі әлемінің өзекті мәселелерін көтеруімен, терең мазмұндылығымен конференцияға қатысушы жұртшылықтың ықыласы мен ризашылығына ие болды. Конференция материалдары алдын-ала келген қонақтарға 2 томдық кітап түрінде ұсынылды.