Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенес агай дайын шпор 8-50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.83 Кб
Скачать

Қазақстанның сыртқы саудасы[өңдеу]

2008 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 109,1 млрд АҚШ долларын кұрады. Оның 65%-ы экспортқа тиесілі болды. Еліміздің сыртқы саудасының географиялық құрылымы соңғы онжылдықта едәуір өзгеріске түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады. Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңілдіктерге ие офф-шорлық зоналардың үлесі артуда. Өйткені Қазақстаннан мұнай мен түсті металдар сатып алатын ірі компаниялардың кейбіреулері осындай аумақтарда тіркелген. Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық құрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байланысты едәуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім — мұнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртка сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11417 млн АҚШ долларына жетті. Керісінше осы уакыт аралығында көмірді сыртқа сату көлемі екі еседей кысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік кұралдарын сатып алуға жұмсалған каржы екі есе артты; табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемі бірнеше есеге кыскарды. Сонымен, дүниежүзілік сыртқы сауда — халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде ұлттық шаруашылықтарды өзара байланыстыратын маңызды сала; Қазақстанның сыртқы саудасы осы күрделі жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.[1]

27.Қр және Түркі тектес әлемі:жемісті ынтымақтастық және әлі де жөнді дамымаған жақтары:талдау жасаңыз);

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Орталық Азия елдері мен Түркия арасындағы ынты­мақ­тастық пен бауырластық барған сайын нығайып келеді. Бішкекте өткен түркітілдес елдер мен қа­уымдардың кезекті Медиа плат­формасының жұмысы осы сөзіміз­ге айқын дәлел. 

ТЮРКМЕП-тің Бас хатшысы Мұрат КАРАКАЯ мыр­заның медиа платформа жиы­нын ашқан кезіндегі сөзі мына мазмұнда өрбіді: – «Біз бұл форумға үшінші мәрте жиналып отырмыз. Алғашқы форум 2010 жылы Анкара қаласында өтті. Екінші форум Бакуде болды. Сол аралықта Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев Алматыда Түрік кеңесін құру туралы келелі бастама көтерді. Қазір біздің ұйымға түркітілдес мем­лекеттердің парламентара­лық ассамблеясы да үлкен қолдау көр­сете бастады. Қарашаның 8-9 аралығында Бішкекте үшінші форумды өткізуге ұйғарым жа­салған болатын. Түркия үкіметі жанындағы Баспасөз және ақпа­рат Бас басқармасы осы форумның ойдағыдай өткізілуіне үлкен күш салды. Медиа саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, күрмеуі шешілмеген түйткілдердің жауабын табу үшін бас қосып отырмыз. Орталық Азия тек қана мәдени құн­дылықтардың ордасы емес, ол сонымен бірге өзінің жағрафия­лық орналасуы жағынан алғанда ора­сан саяси, әлеуметтік және эконо­микалық мәнге ие болып отыр. Сондықтан бұл аймақта, жалпы түркітілдес елдердің ақпарат са­ласында ортақ шешімдер мен ортақ ұстанымдар болуы шарт. Бүгінде заман өзгерді. Ақпарат тасқыны көбейді. Түркітілдес елдер ара­сындағы ақпараттық кеңістік қа­лай дамуы тиіс? Қандай мәселелер­ге бірінші кезекте көңіл бөле­міз? Мәселен, қазір атасы немересіне «газет алып кел» десе, немересі оған айпад әкеліпті. «Газет қай­да?» десе, немересі «бәрі осында бар» деп жауап беріпті. Интернет ба­сы­лымдар қағаз жүзіндегі ақ­па­рат құралдарын ығыстырып тас­тай ма? Осы мәселелерді ортаға сал­сақ, форум жұмысын бүгінгі за­ман медиа саласының дамуына арнап отырған себебіміз де сон­дықтан». Өз кезегінде сөз алған Әзір­бай­жан Баспасөз одағының төр­аға­сы Афлатун Амашов БАҚ өкілдері­нің бірлігі идеясының жақсы екенін айтты. «Біздің түркітілдес елдер түрлі саяси құрылымдардың ас­тында болды. КСРО, мәселен. Тә­уелсіздік алдық дегенімізбен де арадағы салқындық сызы сақтал­ды. Енді ғана бірлесе бастадық. Бізге кең көлемді жұмыс керек. Вев-портал ашылды. Осыны жақ­сы пайдалансақ деймін. Бізге барынша жақындасу амалдарын жасай беру қажет. Түркітілдес елдердің баспасөз бірлігі, ин­тер­неттегі ынтымақтастық, ақпарат алмасудағы жеделдік түркі әлемі­нің бірлігін нығайтады. Осы ретте демократиялық құндылықтарды насихаттау да аса маңызды» деді.  Түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясының басшысы Жандос АСАНОВ: «Түркі елдері өзара ынтымақтастыққа ықпал етуге әрқашан дайын. Түркі­тілдес елдердің Парламенттік ас­самблеясы Назарбаевтың баста­масымен құрылған. Ұйым түркі әлеміндегі бірлікті күшейтуді мақ­сат етеді. Біз ақпараттық техноло­гиялар заманында өмір сүріп отыр­мыз. Менің жеке пікірім бойын­ш­а, түркі әлеміндегі ақпарат алмасу үрдісі жеткілікті деңгейде дамы­ма­ған. Өз міндетіме осы жылдың қа­занынан бастап кірістім. Сонда байқағаным, бізде кәсіби білікті­лігі жоғары аудармашы мамандар тапшы. Сол себепті, ақпарат алмасу төменгі деңгейде» деген ой айтты. Ол қазақ, түрік, әзірбайжан, т.б. тілдерде ақпарат тарататын сайт ашу туралы ұсыныс білдірді.  Түркі кеңесінің бас хатшысы Халил АКЫНЖЫ түркі дүниесі­нің мәдениетін, салт-дәстүрін наси­хаттайтын арнайы бағдарлама­лар мен мультфильмдер түсіру жұмы­сы қолға алынғанын айтты: «Бір-бі­рінен шалғай орналасқан ба­уыр­­­лас халықтардың тығыз қарым-қа­тынас орнатуына көмек қолын созу – басты мақсатымыз. Соны­мен қатар түркіге ортақ тілді де қа­лыптастыру қажет. Мәселен, қазір түркі елдерінде қолданыста жүрген «ұшақ», «тікұшақ», «құры­лым», «байрақ», «кеңес», «көшкін» тәрізді сөздерді ортақ қолдануға неге болмасқа?» деді.  Қырғызстанның Мәдениет министрі Сұлтан РАЕВ: – «Бұл форумның Қырғызстан астанасы – Бішкекте өтуі өте қуанышты жағдай. Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу-білігін» Байқалдан Бос­форға дейінгі елдің бәрі біледі. Махмуд Қашғаридің «Диуани ат Түрік» сөздігі әлі күнге өзектілігін жойған жоқ. Бізде ТүркСОЙ бар, Түркі академиясы құрылды. Түрік кеңесі бар. Түркітектес мемле­кет­тердің парламенттік ассам­блеясы бар. Осы ұйымдардың бәрі ортақ мақсатта қызмет етуі тиіс. Біздің мақсатымыз – түркі әлеміне тән салт-дәстүрді, ортақ мәдениетті сақтап қалу. Осы мақсатта сөздік түзілуде, мәдени және рухани тұрғыда басқа да шаралар ұйым­дастырылуда. Осы жерде БАҚ-тың түркітілдестерді біріктірудегі рөлі мен орны өте зор екенін айтқым келеді» деп форум жұмысына сәт­тілік тіледі. «Жаңа медиа технологиялық өзгерістердің көрінісі іспетті» деп аталатын алғашқы отырыста жаңа технологиялардың бұқаралық ақ­парат құралдарын қалыптас­ты­руға қалай ықпал ететіндігі ту­ра­лы сөз болды. Кипрлық Гөкхан ГҮЛЕР «Жаңа технологиялар бұ­қаралық ақпарат құралдары­ның қалып­тасуына қалай ықпал ете­ді?» деген тақырыпты кеңінен қозғады. «Бір заманда біздің ата-бабаларымыз ақпаратты тас бетіне қашау арқылы немесе от жағып, түтін түтету, да­ладағы із арқылы алып отырды. Бүгінде БАҚ саласы тез дамып жатыр. Қала тұрғындары ақпарат­ты кафетерийде отырып алатын болса, қазір смс жетіп жатыр. Жас­тардың әлеуметтік желісі дәстүрлі БАҚ-пен бәсекелес түсіп жатқан заман орнады. 90-жылдардың со­ңын ала ин­тер­нет басылымдар кө­бейді. Бұл күнде планшет, ұялы телефон жур­налистің ажырамас құралына айналды. Электронды кітапхана, электронды архив пайда болды. Осы ретте мен журналистің ақпарат әзірлеу мен таратуда шы­найы деректерге арқа сүйеуін қалар едім. Көп жағдайда интернет басы­лым­дар шындыққа сәйкес кел­мейтін ақпаратты орналастыра қояды. Оның арты не болады? Адамға, қоғамға, мемлекетке қан­ша­лықты зияны бар деген мәселе туралы бас қатырып жатпайды. Бұл түбірінен дұрыс нәрсе емес. Жалған ақпа­рат жарға жығады. Осыған абай бол­сақ, көп адам керекті мәліметті гугл­ден іздейді. Ал сол ақпарат қан­шалықты шындыққа сәйкес келеді? Бұл – үлкен сұрақ. Онда жалған мәліметтер орналасты­рылуы да мүмкін ғой, – деген ой айтты.  Татарстаннан келген Исмет ЙҮКСЕЛ Адриатикадан – Қы­тайға, Балтық бойынан – Қызыл теңізге дейінгі аралықта қанша жұрттың көзайымы болған «Тәр­жіман» газетін мысалға келтірді. Бұл газет түркітілдес елдердің бә­ріне түсінікті тілде шығып тұрды. Бүгінде бізде осындай бір басы­лым бар ма? Өкінішке қарай, сол «Тәр­жіман» газетінің орнын тол­ты­ратын бір басылым болмай отыр. Бүгінде интернет басылымдар өмірге келді. Қарап отырсақ, бұл жерде де тілге тиек ететін мәселелер бар. Айталық, интернет басы­лым­дар суретті интернеттен алып, өз­дерінше өңдеп, өзгертіп береді. «Бұл қалай?» десеңіз, «Біз оны ин­тернеттен алдық» дейді. Қиғаш, қайшы, ретсіз екенін көріп, біліп отырып ештеңе істей алмайсыз. Осыны реттейтін бір тетік жоқ екен. Бұл күнде журналист ма­мандығы өзінің баяғы негізін сақтағанымен, мазмұнын, түрін, әдістерін өзгертіп отыр. Бүгінгі заман журналисі қандай болуы керек? Меніңше, бірінші кезекте әмбебаптық керек. Бұрын бір телехабарды түсіру үшін оператор, режиссер, редактор сияқты бір­неше адам керек еді. Қазіргі жур­налист әрі оператор, әрі фототіл­ші, әрі редактор адам болуы тиіс. Бір өзі барлық жұмысты игеріп, жедел ақпаратты тез алып, өңдеп, суретке түсіріп, бейне жазбасын жасап интернетке жөнелте беруіне бо­лады. Бұрынғыдай бір ақпарат­ты әзірлеу үшін төрт-бес адамның салпақтап жүруінің қажеті шама­лы, – деді.  «Жаңа медиа» ұғымын қалай түсінеміз?» деген тақырыпта баян­дама жасаған Дениз ЕРГҮЛЕР мырза біршама өзекті ойларын ортаға салды. – Мен қазір басы артық нәрсе ұстамаймын. Менің қаруым да, құралым да – ұялы телефон. Осы арқылы кез келген ақпаратты жедел түрде бере ала­мын. Ал ескі медиа қалай жұмыс істейтін еді? Телефон, факс, камера тәрізді құрал-жабдықтарды ар­қалап жүретін. Біз ғасырлар бойы осындай құралдар арқылы ақпа­рат беріп келдік. Ата буын ақпарат­тық технологиядан қағыс қалды. Орта буын ойланып отыр. Ал үшінші буын бәріне құмбыл кірісіп кетті. Бір ғана деректі мысалға келтіре­йін. 2005 жылғы Ватикан сайлауы мен 2013 жылғы сайлау бейнелен­ген көріністі қарайық. 2005 жылғы сайлауда елдің бәрі үнсіз ғана нә­тижені күтіп отыр. Ешқандай қи­мыл, ешбір қозғалыс жоқ. 2013 жылы Ватикан сайлауын күтіп отырған діндарлардың бәрінің қо­лында планшет. Осы көріністің өзі көп жайтты аңғартпай ма? Бүгінгі жур­налистика пассивті жағдай­­­дан активті жағдайға көшті. Қазір әр адам өзінің ұялы телефоны арқы­­лы журналистің міндетін атқара ала­ды. Бұрын біз газетке мақала жаз­ғанда қай бетке қайсы мақала­ны беру керектігі туралы жиі бас қатыратынбыз. Қазір бәрі оңай. Кез келген ақпарат желілік тәр­тіппен алма-кезек түсіп жатады. Менің ойымша, мұның өзінде демократиялық сипат бар. Жаңа медиа, жаңа технологиялар біздің өмірімізге дендеп енді. Тек БАҚ қана емес, жоғары оқу орындары да осы технология игілігін пайда­ланып отыр. Мәселен, қазір сіз үйіңізде отырып-ақ, Англияның немесе Американың жоғары оқу орнына сынақ тапсырып, оқуға түсе аласыз. Сол оқуды бітіріп, бел­гілі бір мамандық аласыз. Бұл жетістік емес пе?! Бұрын газеттер үйде жиналып қалатын. Ол қажеті шамалы макулатураға айнала­тын. Бүгінде артық қағаз жинаудың керегі жоқ. Бәрі ықшам, жылдам, көп орын алмайды. Болмаса, га­зетті дүңгіршектен сатып алушы едік. Қазір барлық басылымдар­дың интернет версиялары бар. Кіресіз де тез ақпарат аласыз. Бұл адамның уақытын үнемдейді. Әри­не, ескіден жаңаға көшу – оңай емес. Бұл да бізге берілген бір сынақ болар. Қалай болғанда да мен жаңа медианың жолындамын. Жаңа медиа – жаңа мүмкіндіктер береді. Әркімде фейсбук, твиттер бар қазір. Оларды жасап отырған жандар – миллиардерлер. Ком­пью­терлік ойындардың құны 1 миллиард долларға дейін көтеріл­ді. Біз интернет желісін өз игі­лігімізге пайдаланып отырғаны­мызбен, өз қалтамыздан қаншама ақшаны солардың пайдасына құ­йып жатқанымызды ойлануы­мыз керек. Мен мәселен, өзімнің ба­ламды интернет саласының ма­маны – мультипликатор болса деп армандаймын. Сол арқылы ол көп ақша табады, түркітілдес елдердің ақпарат кеңістігіне жаңа техноло­гияларды әкеліп, кәдеге жаратады деп сенемін. Жаңа медианың тағы бір артық жағын айтайын. Былтыр біз Ыстамбұлда бір жиын өткіз­бекші болдық. Қар жауып тұр. Көше тай­ғақ. Бар болғаны 15 адам жи­налды. Біз қайттік? Әлеуметтік желі ар­қылы біз өз жиынымызды жұртқа тараттық. Бір сәтте 1500 адам біз­дің әңгімемізге ортақтасты. Бұл игілік емес пе?! – деді.  Форум жұмысына қатысқан бауырлас елдердің БАҚ өкілдері барлық мәселені осылай қызу талқыға салды. Түркітілдес елдер мен қауым­дар­дың медиа платформасы фо­румның декларациясын қа­был­дады. Онда бірқатар келелі ұсы­ныстар мен жобалар жасауға үлкен маңыз берілген. Түрік ке­ңе­сінің ортақ ағартушылық телеарна құру, ортақ терминдер жүйесін жа­сау, жаңа медиа-мәдениетті қа­лыптастыру туралы шешіміне қолдау білдірілді.Кезекті медиафорум Солтүстік Кипр Түрік Республикасында ке­лесі жылдың қараша айында өт­кізілетін болды.

2011 жылы 20-21 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Түркі академиясы тарапынан ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» атты халықаралық ғылыми конференцияда түркі әлемінің кешегі, бүгінгі, ертеңгі мәселелері көтеріліп, жан-жақты тақыланды.

Ресми ашылуы және пленарлық отырыс «RAMADA PLAZA Аstana» (бұрығы Интерконтиненталь) кешенінің Абай І конференц-залында өтті. Оған ҚР Президенті әкімшілігі, ҚР Білім және ғылым мен өзге министрліктердің ресми қызметкерлері, түркі мемлекеттері дипломатиялық корпустарының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ТҮРКСОЙ және Түркі мемлекеттерінің халықаралық Кеңесінің өкілдері қатысты.

Конференцияға Туркия, Ресей (Москва, Башқұртстан, Дағыстан, Татарстан, Таулы-Алтай, Хакасия, Чувашия, Якутия,) АҚШ, Жапония, Венгрия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан мемлекеттерінен гуманитарлық мамандықтар бойынша ортақ кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіп жатқан 100 астамғалымдар қатысты. Олардың ішінде тарих, археология, тіл білімі, әдебиеттану, этнология, этнография, мәдениеттану, өнертану, философия, әлеуметтану салалары бойынша іргелі еңбектер жазып жүрген көрнекті ғалымдар бар: академик М.З .Закиев (Татарстан Респубикасы Ғылым академиясы Тіл, әдебиет және өнер институты); профессор О. Хората (Ататүрк Мәдени орталығы, Яссауи ат. ХҚТУ өкілетті кеңесі), филол.ғ.д., РҒА мүше-корреспонденті А.В. Дыбо (РҒА Тіл білімі институты), Ph.D докторы Д. Қара (Венгрия Ғылым академиясының этнография институты), филол.ғ.д., профессор А.А. Ахматалиев(Ш.Айтматов атындағы тіл және әдебиет институты); Ph.D докторы З.Г. Гасанов (Әзербайжан Ұлттық академиясы Тарих институты); академик А. Аскаров (А.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті); Ph.D докторы, профессор Х. Янковский(Адам Мицкевич атындағы Позднань университеті); профессор Д.Д. Васильев (РҒА Шығыстану институты); филол.ғ.д., профессор Н.И. Егоров (И.Н. Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университеті); т.ғ.д., профессор В.Я. Бутанаев (Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті); филол.ғ.д., академик Х.Ю. Миннегулов(Казан Федералдық университеті) және т.б.

Конференция барысында көрмелер және Түркі академиясы басылымдарының  презентациясы жасалды: түркология сериясына енген кітаптар; түркология және салалас ғылымдар бойынша зерттеушілердің мақалалары мен рецензияларын жариялайтын «Алтаистика және түркология» халықаралық журналы (4 тілде шығады); Түркі академиясының баспаға әзірленген еңбектерініңкаталогы (түркология сериясы бойынша фундаментальдық еңбектер қамтылған аннотацияланған альбом). Еңбектердің авторлары – әлемдік түркология ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан отандық және шетелдік танымал ғалымдар.

Түркі тілдері мен әдебиетінің тарихи және қазіргі заманғы өзекті мәселелерін қамтыған «Әлемдік түркологияның қазіргі күйі және болашағы» және түркітанудың тарих, этнология, философия, геосаясат, мәдениеттану салаларының келелі проблемалары бойынша «Түркі халықтарының қалыптасу және рухани тарихи бірлігін нығайтудағы мемлекеттің рөлі» секцияларында 150-ден астам баяндама жасалды.

 

Пленарлық және секциялық мәжілістерде көтерілген түркологияның ғылыми теориялық-методологиялық, қолданбалы проблемаларын талқылау барысында түркітану ғылымын кешенді дамытудың маңыздылығына, түркі әлемін зерттейтін білікті мамандарды бірлесіп даярлаудың қажеттілігіне айрықша мән берілді. Қазіргі заманғы жаһандану үдерісінің қарқыны түркологияның деректану, лингвистика, әдебиеттану, тарих, археология, этнология, мәдениеттану сияқты дәстүрлі салаларын дамытып қана қоймай, сонымен қатар философия, заң, саясаттану, дінтану, елтану, тұлғатану, географиялық картография т.б. жаңа салаларын қалыптастыруды және сол салаларға пәнаралық сипат дарытуды міндеттейтінін ғалымдар атап айтты.

 Конференцияға қатысушы ғалымдар конференция жұмысын жоғары деңгейде бағалап, талқылап, төмендегідей шешім қабылдады.