
- •8.Орталық Азиядағы аймақты сипаттаңыз.
- •9.Европа құрлығында қандай аймақтарды белгілеуге болады.
- •Специализация в мгрт
- •Концепция Центральной Европы
- •Орталық Азия (Кеңестер одағының ыдырауынан кейін)
- •Орталық Азия елдері Одағы
- •13.Араб Шығысындағы аймақтық топтасулар қалай қалыптасқан және оған қандай факторлар әсер еткен.
- •14.Солтүстік-Шығыс Азия аумағында аймақтану үрдістерін сипаттаңыз және неге ол ауданда аймақтық топ құрылмаған.
- •15.Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы
- •16.Қазақстан және тмд:интеграциялық талаптарға қатысты қо саясаты
- •17.Әлемдегі қауіпсіздік және Қазақстан.
- •18. Тмд аумағындағы жанжалдар және қр ұстанымдары(1-2 мысал келтіріңіз).
- •20. Ядролық қаруды таратпау және аймақтар қатынастардың дамуы;.
- •21. Су мәселесі және аймақтар ара қатынастары;
- •22.Тектік ,діни қақтығыстар және аймақтық қауіпсіздікке әкелетін кесірі(мысалдармен дәлелдеңіз);
- •23.Еуропа Одағындағы аймақтар және қр олармен байланыстары(мысал келтіріп ашыңыз);
- •24.Балтық бойындағы елдер және Қазақстан:ынтымақтасу мәселелері;
- •Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында дипломатиялық қатынастар
- •Қазақстанның сыртқы саудасы[өңдеу]
- •27.Қр және Түркі тектес әлемі:жемісті ынтымақтастық және әлі де жөнді дамымаған жақтары:талдау жасаңыз);
- •1.Жалпы түркологиялық мәселелер бойынша:
- •2. Түркітанудың салалары бойынша
- •28.Қазақстан-Солтүстік Европа елдері:саяси-экономикалық қатынастардың орнауы;
- •30. Оңтүстік Африка аумағындағы аймақтық топтар:мүшелері және қауқарлары;
- •31. Қр:негізгі сауда әріптестері;
- •32. Қр:инвестиция саласындағы аймақтармен ынтымақтасуы
- •33. .Еқыұ:оның құрылуы және қр байланыстары.Астана саммиті;
- •35.Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •35. Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36. 36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •39. Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •39.Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •41.Қазақстан-Түркия ара байланыстарының дамуы,келешегі;
- •44.Евразия одағын құрастыру мәселелесі,оның мәні,қазіргі жағдайы;
- •45.Кеден Одағы:ұтымды жағы мен әлі жөнді шешілмеген мәселелер.
- •46.Аймақтық қатынастардың миграция мәселесінің күрделенуі.
- •47.Қазіргі қаржы-экономикалық дағдарыс,одан шығу жолдары.
- •48.Украинадағы оқиға және Ресей саясаты.Оған қалай баға бересіз.
- •Украинадағы оқиғаны әртүрлі атайды
- •Ұқсас мақалалар
- •Ресейлік бақ Украинадағы оқиғаны бұрмалайды
- •Ұқсас мақалалар
- •49.Орыс диаспорасы және Ресей үкіметінің саясаты.
- •50.Қр және шеттегі қазақтар:оларды елге қайтару қажет пе.
Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында дипломатиялық қатынастар
Жалпы мәліметтер 2006 жылғы 14 шілдеде – Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 2008 жылғы 15 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасының Черногорияға қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Ыбыраев болып табылады. Саяси қатынастар Екі ел арасындағы қатынастар өзара түсіністік пен сенімділік арнасында дамып келеді. Халықаралық саясат мәселелерінің көбінде ұстанымдары ұқсас. 2006 жылға дейін Қазақстанның Черногориямен қатынастары Сербия мен Черногория одақтық мемлекетімен қатынастары шеңберінде дамып келді. 2008 жылғы 10-11 қарашада Черногорияның Премьер-министрі М.Джукановичтің Астанаға ресми сапары өтті. Сапар барысында оның Премьер-министр К.Мәсімовпен, Парламент Мәжілісінің төрағасы О.Мұхамеджановпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма бастығы Қ.Келімбетовпен және оның орынбасары Т.Құлыбаевпен кездесулері өтті. Екі жақты ынтымақтастық мәселелерінің кең шеңбері талқыланып, энергетика және туризм салалары бойынша, оған қоса Черногорияның экономикасына қазақстандық инвестицияларды тарту жөнінде келіссөздер жүргізілді. 2008 жылғы 17 қазанда Черногорияның Сыртқы саясат ведомствосының басшысы М.Рочен Астанада өткен «Ортақ әлем: әралуандық арқылы өркендеу» атты министрлік конференциясының жұмысына қатысты. ҚР СІМ басшысы М.Тәжинмен өткен екі жақты кездесуінде бүгінгі халықаралық қатынастар бойынша және екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағы туралы мәселелер талқыланды. Екі елдің СІМ басшылары сыртқы саясат ведомстволарының арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды. 2008 жылғы 15 ақпанда Қазақстанның Елшісі Р.Ыбыраев Черногорияның Президенті Ф.Вуяновичке сенім грамоталарын алғаш рет тапсырды. Сыртқы істер министрі М.Роченмен, ТМД елдерімен қатынастарға жауапты оның орынбасары И.Радовичпен, Туризм министрінің орынбасары Н.Поповичпен және экономика министрлігінің өкілдерімен келіссөздер болып өтті. Мемлекет басшылығымен өткен кездесулер барысында екіжақты қатынастардың дамуының кең шеңбері бойынша, оның ішінде екіжақты шарт-құқықтық базаны құруға қатысты мәселелерді пысықтау бойынша пікір алмасылды. 2008 жылғы 20 мамырда Черногория басшысының шақыруымен, ҚР Елшісі тәуелсіз Черногорияның бірінші Президентінің инаугурация салтанатына қатысты. ҚР Елшісінің Премьер-министр М.Джукановичпен және Сыртқы істер министрі М.Роченмен өткізген сұхбаттарының барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. 2009 жылғы 1 желтоқсанда Афины қаласындағы ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің конференциясының шеңберінде ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Черногорияның Сыртқы істер министрі М.Роченмен кездесуі өтіп, екі жақты және көпжақты ынтымақтастығының бірқатар мәселелері талқыланды. Сұхбат барысында М.Рочен Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу бойынша қазақстандық бастаманы қолдайтыны туралы мәлімдеді. 2010 жылғы 16-17 наурыз кезеңінде ЕҚЫҰ лауазымдағы төрағасының арнайы өкілі, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары К.Жигалов Балқан аймағы бойынша турнесінде Подгорицаға сапарын жасады. 2010 жылғы 16-17 шілдеде Алматы қаласында өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері бейресми кездесуіне Сыртқы істер министр М.Рочен қатысты. 2010 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 65-сессиясында Қ.Саудабаев Черногория СІМ-інің басшысымен кездесу өткізді. 2010 жылғы 1-2 желтоқсан кезеңінде Черногория Президенті Ф.Вуянович Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне ат салысты. Оның шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаевпен кездесуі өтті. Сауда-экономикалық байланыстар ҚР Кедендік бақылау комитетінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Черногория арасындағы тауар айналымы 2011 жылы 74,5 мың АҚШ долл. құрады (тек қана импортттың арқасында). Шарт-құқықтық база 2008 жылғы 17 қазанда Астанада екі елдің СІМ басшылары М.Тәжин мен М.Рочен сыртқы саясат ведомстволарының арасындағы ынтмақтастық туралы хаттамаға қол қойды. Черногория қазақстандық азаматтарды 2011 жылғы 1 мамыр – 1 қазан кезеңіне визалық тәртіптен босатты (2010 жылғы осы кезеңде де визалық тәртіп алынды).
26.ҚР-Батыс Европа елдері:сауда-экономикалық қатынастары;
БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ
Экономикалық интеграцияның неғұрлым толық дамуына Батыс Еуропа елдері қол жеткізді. Бұған объективті экономикалық қажеттіліктермен қатар, көптеген еуропалық қоғам қайраткерлері мен ойшылдардың бұрыннан келе жатқан біртұтас Еуропа туралы идеялары да көмектесті.
Еуропалық Одақтың пайда болып, дамуының қазіргі тарихы 1951 жылдан басталады. Осы жылдың сәуірінде құрамына 6 ел — Франция, ФРГ, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург кірген Еуропалық көмір және болат бірлестігін құру туралы шартқа қол қойылды. Мұның өзі Батыс Еуропалық интеграцияның алғашқы қадамы еді. Ал, іс жүзінде Еуропалық одақтың пайда болып, дамуы 1957 жылдан басталады. Дәл осы жылы жоғарыда аталған елдер Еуропалық Экономикалық Одақтастық және Атом Энергиясы бойынша Еуропалық одақтастық құру туралы шарттарға қол қойды. Одақтастықтың құрамындағы елдердің жоғары даму деңгейі, бұл ұйымның ондаған жылдар бойы экономикалық өсуінің қарқындылығын қамтамасыз етті.
Батыс Еуропа елдері интеграциясының 50-жылдардың соңында басталып, қазірге дейін жалғасып келе жатқан даму процесі бірқалыпты және ешбір қайшылықсыз жүріп жатыр десек, ол шындыққа сай келмес еді. Дегенмен, Еуропалық Экономикалық Одақтастықты құру кезінде алға қойылған мақсаттар мен міндеттер айтарлықтай жүйелі және табысты түрде жүзеге асып келе жатыр.
Елдер арасындағы экономикалық, қарым-қатынастардың сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді. Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тіпті қазіргі кезде дүниежүзіндегі басты сауда орталықтарының біріне айналған Еуропа елдерінің де сауда жасау аумағы шектеулі сипат алды. Бұған елдер мен дүние бөліктері арасындағы көлік қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, басқа елдер жөнінде нақты ақпардың жетіспеуі себепші болды. Көбінесе басқа елдерден өте қымбат және сирек кездесетін тауар түрлері әкелініп, саудаға салынатын. Құрлықтағы негізгі халықаралық сауда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жібек жолы мен Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырған сауда жолы жатады. Орта ғасырларда арабтар Сахара арқылы өтетін сауда маршрутын жасады; бұл жол Арабияны Солтүстік Африкамен, одан әрі Оңтүстік Еуропамен жалғастырды.
Көлік құралдарының жетілуі, Еуропада өнеркәсіптің өркендеуі, жаңа жерлердің ашылуы дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті. Көп жүк көтеретін ірі кемелер легі Жаңа Дүниеден Еуропаға шикізат пен алтын тасымалдады. Соның нәтижесінде XVIII ғасырда сауда көлемі бес есе артты. XX ғасырдың басына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерінің үлесі 50%-ға жетсе, Солтүстік Америка елдерінің үлесі 20%-ды құрады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басындағымен салыстырғанда 14 еседей өсті.
Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халыкаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17%-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4%-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10%-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9% болса, импорты — 2,6%; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,3 және 2,2%-ға тең.
XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы, жөнінен де жетекші орынға ие; АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік керсеткіштің 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы FTP әсерінен үлкен өзгеріске түсті. Ел экономикасына ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі — сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Қытайдың сыртқы саудасына тұрақты оң сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тән болса, АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы теріс мәнге ие.
Сыртқы сауданы халыкаралық дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім деп аталатын халықаралық ұйым пайда болды. Бұл құрылым негізінде 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы, құрылды. Қазіргі кезде кқрамында 132 ел бар бұл ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл-ой меншігін қорғау саласында белсенді әрекет ететін үйлестіруші құрылым болып табылады. Бұл ұйым кұрамына кіруге Қазақстанда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. БҰҰ жанындағы сауда мен даму жөніндегі Комиссия да (UNCTAD) өз жұмысын елімізде белсенді жалғастыруда.[1]