
- •8.Орталық Азиядағы аймақты сипаттаңыз.
- •9.Европа құрлығында қандай аймақтарды белгілеуге болады.
- •Специализация в мгрт
- •Концепция Центральной Европы
- •Орталық Азия (Кеңестер одағының ыдырауынан кейін)
- •Орталық Азия елдері Одағы
- •13.Араб Шығысындағы аймақтық топтасулар қалай қалыптасқан және оған қандай факторлар әсер еткен.
- •14.Солтүстік-Шығыс Азия аумағында аймақтану үрдістерін сипаттаңыз және неге ол ауданда аймақтық топ құрылмаған.
- •15.Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы
- •16.Қазақстан және тмд:интеграциялық талаптарға қатысты қо саясаты
- •17.Әлемдегі қауіпсіздік және Қазақстан.
- •18. Тмд аумағындағы жанжалдар және қр ұстанымдары(1-2 мысал келтіріңіз).
- •20. Ядролық қаруды таратпау және аймақтар қатынастардың дамуы;.
- •21. Су мәселесі және аймақтар ара қатынастары;
- •22.Тектік ,діни қақтығыстар және аймақтық қауіпсіздікке әкелетін кесірі(мысалдармен дәлелдеңіз);
- •23.Еуропа Одағындағы аймақтар және қр олармен байланыстары(мысал келтіріп ашыңыз);
- •24.Балтық бойындағы елдер және Қазақстан:ынтымақтасу мәселелері;
- •Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында дипломатиялық қатынастар
- •Қазақстанның сыртқы саудасы[өңдеу]
- •27.Қр және Түркі тектес әлемі:жемісті ынтымақтастық және әлі де жөнді дамымаған жақтары:талдау жасаңыз);
- •1.Жалпы түркологиялық мәселелер бойынша:
- •2. Түркітанудың салалары бойынша
- •28.Қазақстан-Солтүстік Европа елдері:саяси-экономикалық қатынастардың орнауы;
- •30. Оңтүстік Африка аумағындағы аймақтық топтар:мүшелері және қауқарлары;
- •31. Қр:негізгі сауда әріптестері;
- •32. Қр:инвестиция саласындағы аймақтармен ынтымақтасуы
- •33. .Еқыұ:оның құрылуы және қр байланыстары.Астана саммиті;
- •35.Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •35. Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36. 36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •39. Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •39.Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •41.Қазақстан-Түркия ара байланыстарының дамуы,келешегі;
- •44.Евразия одағын құрастыру мәселелесі,оның мәні,қазіргі жағдайы;
- •45.Кеден Одағы:ұтымды жағы мен әлі жөнді шешілмеген мәселелер.
- •46.Аймақтық қатынастардың миграция мәселесінің күрделенуі.
- •47.Қазіргі қаржы-экономикалық дағдарыс,одан шығу жолдары.
- •48.Украинадағы оқиға және Ресей саясаты.Оған қалай баға бересіз.
- •Украинадағы оқиғаны әртүрлі атайды
- •Ұқсас мақалалар
- •Ресейлік бақ Украинадағы оқиғаны бұрмалайды
- •Ұқсас мақалалар
- •49.Орыс диаспорасы және Ресей үкіметінің саясаты.
- •50.Қр және шеттегі қазақтар:оларды елге қайтару қажет пе.
24.Балтық бойындағы елдер және Қазақстан:ынтымақтасу мәселелері;
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы қатынастар Жалпы мәліметтер 1992 ж. 15 маусым – дипломатиялық қатынастар орнады. 1993 ж. 7 қараша – Қазақстанда Литваның елшілігі ашылды. 1995 ж. шілде – Қазақстанның Литвадағы елшілігі ашылды. 2009 ж. 12 қаңтардан – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғ.Қойшыбаев. 2007 ж. 12 қазаннан – Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Козыровичус. Саяси қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасында ең жоғары деңгейде тұрақты диалог орнаған, ол әртүрлі салаларда өзара тиімді ынтымақтастықтың және жүйелі қарым-қатынастардың нығаюына игі ықпал етеді. Қазақстан үшін Литваның транзит-көлік әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ біздің еліміздің мүдделерін еуропалық құрылымдарда алға жылжыту тұрғысынан маңызды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Литваға 1994 ж. тамызда және 2001 ж. сәуірдегі сапарлары, Литва Президенті А.Бразаускастың Қазақстанға 1993 ж. қарашада және 1997 ж. наурыздағы сапарлары, сондай-ақ Литва Президенті В.Адамкустің 2000 жылғы мамырдағы сапарлары екі жақты қарым-қатынастардың айтулы оқиғаларына айналды. Белсенді байланыстар үкімет басшылары деңгейінде орнаған. 2008 ж. 13-14 мамырда Литва Премьер-министрі Г.Киркиластың Қазақстанға ресми сапары болды. Президент Н.Назарбаевтың Литваға 2001 ж. 4-7 сәуірдегі сапары қазақстан-литва қарым-қатынастарының дамуына тың серпін берді. Сапар барысында қазақстан-литва сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының екінші отырысы және екі елдің іскер орталарының қатысуымен бизнес-форум өтті. 2007 ж. қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаев Литва Президенті Адамкуспен БҰҰ БА 62-ші сессиясы кезінде Нью-Йоркте кездесті. Қазақстан-литва ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті, соның ішінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Орталық Азияға қатысты ЕО-ның жаңа стратегиясы бойынша және екі елдің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы әңгіме қозғалды. Литва Премьер-министрі Г.Киркиластың Қазақстанға 13-14 мамырдағы 2008 ж. сапары барысында екі елдің қорғаныс министрліктері арасында әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан-литва жоғары деңгейдегі келіссөздері барысында саяси ықпалдастық, халықаралық қауіпсіздік мәселелері, сауда-экономикалық ынтымақтастық, Литваның ҚР экономикасын диверсификациялауға көмектесуі, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласының келешегін талқылауға баса назар аударылды. Парламентаралық қарым-қатынастар ҚР Парламенті Мәжілісі мен Литва Сеймі арасындағы ынтымақтастық туралы Хаттамаға сәйкес дамуда, бұл құжатқа 2001 ж. Вильнюске ҚР парламенттік делегациясының сапары барысында қол қойылған. ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінде және Литва Сеймінде Парламентаралық достық және ынтымақтастық топтары жұмыс істейді (төрағалары депутаттар О.Әбдікәрімов және В.Нехорошев және Сейм депутаты Э.Пупинис). Литва парламентарилері Қазақстандағы сайлау мониторингіне қатысатын халықаралық байқаушылардың еуропалық миссиялар құрамына тұрақты түрде кіреді. 2007 ж. наурызда ҚР парламенттік делегациясы Вильнюсте болып, Литва Сеймінің Төрағасы В.Мунтянаспен, ауыл шаруашылығы министрі К.Прунскенемен, экономика министрі В.Навицкаспен Литва Өндірісшілер Конфедерацисының Президенті Б.Лубиспен кездесті. Литва Сеймі сыртқы істер жөніндегі комитетінің Төрағасы Ю.Каросас бастаған Литва парламентшілерінің қарымта сапары 2007 жылғы желтоқсанда болды. Сапар барысында ҚР және Литваның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалығы қарсаңында ынтымақтастықты одан ары тереңдету жайттары талқыланды. Астанада 2009 ж. 22 мамырда өткен «Қазіргі Қазақстан» және «Еуропаға жол» халықаралық конференцияларға Литва Сеймінің вице-төрағасы Альгис Кашета қатысты. Сенатор Қ.Сұлтанов бастаған қазақстандық делегация Вильнюсте 2009 ж. 29 маусым – 3 шілде аралығында өткен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 18-ші жыл сайынғы сессиясына қатысты. Сыртқысаяси ведомстволар арасында тығыз ынтымақтастық орнаған. 2007 ж. сәуірде және қыркүйекте Литва Сыртқы істер министрі П.Вайтекунастың Астанаға сапары өтті. Оның барысында экономикалық, көлік және энергетикалық ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері қызу талқыланды. Соның ішінде энергетикалық бағыттарды диверсификациялау мүмкіндігі, сондай-ақ көп жақты форматтағы – ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ аясындағы ықпалдастық келешегі тілге тиек етілді. Қазақстан мен Литва сыртқысаяси ведомстволары ЕҚЫҰ-ның «Үштігі» шеңберінде тығыз әрекеттесуде. 2009 ж. 8-9 маусымда Литва Сыртқы істер министрі В.Ушацкастің Қазақстанға ресми сапары болды. Екі елдің сыртқысаяси ведомство басшылары кездесуі барысында ҚР мен ЛР-ның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалығы мәселелері талқыланды. Министрлер дипломатиялық паспорт иелеріне визасыз режим енгізу туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. 2009 ж. 9 маусымда Алматыда В.Ушацкас Литва ауыл шаруашылығы министрі К.Старкевичюспен бірге қазақстан-литва бизнес-форумына қатысты. Қазақстан мен Литва демократияландыру және институционалдық реформалар саласындағы ынтымақтастыққа зор маңыз береді. Екі елдің орталық сайлау комиссиялары арасындағы байланыстар өрістеп келеді. Литва Республикасының Сейміне сайлауды байқау үшін 2008 ж. 9- 14 қазанда Литвада ҚР ОСК делегациясы болып қайтты. Қазақстан мен Литва арасындағы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық жоспарды дайындап іске асыру, сондай-ақ әділ сотқа қол жеткізу және мүгедектердің құқықтары бойынша халықаралық қалыптар имплементациясы бойынша тәжірибе алмасу үшін, 2008 ж. 12 - 18 шілдеде Вильнюсте ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия делегациясы болып қайтты. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету және олардың әлеуметтік ықпалдасуы бойынша литва тәжірибесін зерттеу үшін 2008 ж. 26 шілде 1 тамыз аралығында Вильнюске ҚР Президент Әкімшілігі, Парламенті, Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің делегациясы келді. Сауда-экономикалық ынтымақтастық ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан мен Литва арсындағы сауда айналымы 2009 ж. 229,77 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 122, 25 млн. долл., импорт – 107,52 млн. долл.). 2008 ж. ол 179,8 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 61,4 млн. долл., импорт – 118,4 млн. долл.). Қазақстандық экспорттың негізгі түрлері минералды отындар, мұнай, қара мета; Қазақстан автомашиналарды, фармацевтикалық өнімдерді, электромашиналар, теле- және радиоаппаратураны, және басқа да өндірістік тауарларды импорттайды. Қазақстанда Литва капиталының қатысуымен 90 кәсіпорын тіркелген. Олар негізінде көтермелі және бөлшекті сауда, өндеуші өнеркәсіп, ақпарат және байланыс, көлік және логистика т.б. салаларда жүмыс істейді. Транзит-көлік ынтымақтастығы қазақстан-литва ықпалдастығының маңызды бағыты болып табылады. Литва тарапы қазақстандық мұнайды Литва транзиттік коридоры арқылы экспорттық транзит үшін (ЛТК) және оны өз мұнай өңдеу кәсіпорындарында өңдеуге мүдделі. Алайда қазақстандық шикізаттың балтық порттары арқылы транзит мәселелерінде шешуші рөлді Ресейдің тарифтік саясаты атқарады. Бұл орайда Литва мен Ресей арасындағы транзит мәселесіне үлкен мән берілуде, олар Калининград – Клайпеда (2К) жобасын қарастыруда, бұл жоба үшінші елдерге, соның ішінде Қазақстан мен Қытайға бағытталған. Аталған мәселелер Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі С.Ахметовтың 2008 ж. сәуірдегі Вильнюске сапары және Литва Республикасының Көлік министрі Э.Масюлистің 2010 ж. қантарда Алматыда өткен «Азия-Еуропа жолындағы логистиканың маңызы» атты халықаралық конференцияға қатысуы шеңберендегі сапары барысында талқыланды. 2009 ж. 16-18 қыркүйекте Алматыда өткен «Транзит-ТрансКазахстан-2009» халықаралық көрмесіне «Литва темір жолдары» өкілдері қатысты. Темір жол саласында Қазақстан үшін 2003 жылдан бері Одесса/Ильичевск-Клайпеда бағыты бойынша жүре бастаған «Викинг» контейнерлі пойызы, оны Поти мен Баку арқылы Ақтауға дейін ұзартуға байланысты қызығушылық туғызады. Ауыр шаруашылығы саласының да келешегі мол. Ол, әсіресе қазақстан астығын еуропа нарығына жеткізу тұрғысынан маңызды. Қазақстан-литва сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы (ҮАК). Оның тең төрағалары - ҚР СІМ Жауапты хатшысы Р.Жошыбаев және Литва Республикасының Экономикалық министрі Д.Крейвис. Құрылғалы бері Комиссия бес отырыс өткізді. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық Қазақстанның жоғары оқу орындары Литваның ЖОО-ларымен тығыз ынтымақтастық орнатуда. Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің делегациясы Вильнюсте болды. ҚазҰПУ және Университет Миколас Ромерис жобасы ЮНЕСКО грантын алу байқауын ұтты. Қазақстандық дәрігерлер жыл сайын Каунас медицина университетінде біліктілікті арттыру курстарын өтеді. ҚР денсаулық сақтау министрлігі және Вильнюс Сантаришкес университеттік ауруханасы арасында қазақстандық медицина мамандарын дайындау бойынша ынтымақтастыққа қол қою мәселелері қарастырылуда. Мәдени байланыстар жанданып келеді. Мысалы, 2009 ж. 11-18 шілдеде «Ұлар» қазақ галереясы Artvilnius’09 Халықаралық сурет көрмесіне қатысты. Бұл шара «Вильнюс – мәдениеттің еуропалық астанасы 2009» шеңберінде өтті. 2009 ж. 23-29 қарашада бірінші рет Вильнюс қаласында Қазақ киносының аптасы өткізілді. 2009 ж. 6-21 қыркүйекте «Тағдырларды табыстырған арна» жобасы шенберінде литва ғалымдары мен журналистерінен Қазақстанға экспедициясы болып өтті. 2009 ж. 7 желтоқсанда Вильнюсте аталған экспедицияның нәтижелеріне арналған презентациясы өтті. 2009 ж. 7-10 желтоқсанда Вильнюс пен Друскининкайда Жезқазған қаласының «Нұрсәулем-ай» фольклордық тобының концерттері өткізілді. Шопен жылының шеңберінде 2010 ж. 16 мамырда Вильнюсте қазақ пианисті Ә.Тебенихин концерт берді. Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени байланыстардың дамуына литва қоғамдық бірлестігі «Lituanica» зор үлес қосуда. Оның Төрағасы - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Литва Республикасының Қазақстандағы құрметті консулы В.Тварионас. Бірлестік Қарағандыда литвалық жексенбілік мектеп ашты, ұлттық-мәдени іс-шаралар өткізді, басылымдарда литва қоғамдастығының өмірі туралы материалдар тұрақты жарияланып тұрады. Тегі литвалық қазақстан азаматтары Литваға тіл курстарына оқуға барып тұрады. Репрессияға ұшыраған литва азаматтарын еске алу мақсатында бұрынғы саяси тұтқындар ұсталған «Спасск», «Кеңгір» және «Песчанлаг» лагерлерідің орнында ескерткіштер қойылды. Литвада 100 шақты қазақтар тұрады. 2009 ж. қарашада «Нұрсәуле» атты Литваның Қазақтар қоғамы тіркелді.
Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы қатынастары Жалпы мәлімет 1992 ж. 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасында дипломаттық қарым-қатынас орнатылды. 1995ж. қыркүйек айында Вильнюс қаласында Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы, Латвия Республикасындағы және Эстония Республикасындағы біріккен Eлшілігі ашылды. 2004 ж. тамыз айында Рига қаласында Қазақстан Республикасы Елшілігінің консулдық бөлімі ашылды. 2009 ж. 10 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғ. Қойшыбаев қызметін атқаруда. 2009 ж. қазаннан бастап Қазақстан Республикасындағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Альбертс Сарканис қызметін атқаруда. Саяси қарым-қатынастар Жалпы Қазақстан-Латвия ынтымақтастығы жоғары деңгейіндегі қарым-қатынаспен және оң қарқынымен сипатталады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы 17-18 шілдедегі Латвияға және Латвия Президенті В.Затлерстің 2008 жылғы 3-5 қазандағы іссапарлары Қазақстан-Латвия үкіметаралық саяси консультациялар жөніндегі комиссияның жұмыстары, үкіметаралық делегациялардың іссапарлары, сондай-ақ парламентаралық байланыстар желісі шеңберінде қол жеткізген екі жақты уағдаластықтарды іске асыруға қосымша серпін берді. Қазақстан мен Латвия институционалдық ынтымақтастық бойынша жақындасу жолдарын іздестіруде. Латвия тарапы ҚР-ның ЕҚЫҰ-да төрағалық ету барысында, «Еуропаға жол» бағдарламасын іске асыруда, Еуропалық Одақ Кеңесінде Қазақстан мен ЕО-ның келіссөздер жүргізуге мандат алу және Ынтымақтастық пен әріптестік жөніндегі келісімге, ҚР мен ЕО азаматтарының өзара сапарларының жеңілдетілген тәртібі туралы келісімге қол қою мәселелері бойынша Қазақстан бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Өз кезегінде, Латвия Президенті В.Затлерстің мәлімдемесі бойынша латвия тарапынан Қазақстан «аймақтағы негізгі сыртқы саяси әріптес» ретінде қарастырылатын Орталық Азия елдеріне қатысты ЕО Стратегиясы шеңберінде Қазақстаннан белсенді өзара іс-қимылды күтуде. ЕО-ның көптеген елдері сияқты ресми Рига да Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен ілгерілеудің кепілі, сондай-ақ Еуропадағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі шешуші ойыншылардың бірі ретінде қарастырады. 2009-2010 жылдары Латвиямен ынтымақтастық 2006-2008 жылдардағы жоғары дәрежелі іссапарлар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар арнасында жүйелі дамыды. Латвия тарапы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы алға басқан ынтымақтастық туралы жаңа келісімді жасау және 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу жөніндегі Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын қолдайды. Қазақстан мен Латвия арасында саяси консультациялар механизмі жұмыс істейді. 2009 жылы мамыр айында Ригада өткен Қазақстан мен Латвия СІМ консулдық қызмет басшыларының консультацияларында Дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін виза талаптарынан босату, сондай-ақ екі елдің азаматтары үшін виза рәсімдерін жеңілдету туралы үкіметаралық келісімді жасау мәселесі талқыланды. 2009 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан, Латвия және Бельгия СІМ-нің үшжақты саяси консультациялары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Латвия тарапы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету мен транзиттік-көлік әлеуетін, оның ішінде Батыс Қытай – Батыс Еуропа бағыты бойынша транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға өз қызығушылығын айрықша атап көрсетті. Парламентаралық ынтымақтастық Латвия парламент мүшелері ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының «ЕҚЫҰ-ның трансазиялық өлшемі: қауіпсіздіктің үздіксіз түйіні» (2003 жылғы 7-9 маусым, Алматы қ.) атты форум жұмысына және 2008 жылғы шілдеде Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ ПА жыл сайынғы сессиясына қатысты. Латвия депутаттары Қазақстанда парламенттік және президенттік сайлауларына бақылаушы ретінді бірнеше рет қатысты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық 2009 жылда Қазақстан мен Латвия Республикалары арасындағы тауар айналымы 141 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде сыртқа экспорт 97,218 млн. АҚШ долларын, импорт 43,720 млн. АҚШ долларын құрады. 2010 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Латвия Республикалары арасындағы тауар айналымы 61, 557 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде сыртқа шығару (экспорт) 35,709 млн. АҚШ долларын, ішке енгізу (импорт) 25,847 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанның мұнай, феррохром, қара металлдарды экпортқа шығару арқасында Қазақстаннның сауда балансы оң болып сақталуда. Қазақстанның экспортындағы қомақты үлесін мақта мен рапс береді, үшінші орында оксиметалдық тұздардың қышқылдары және минералды тыңайтқыштары. Латвиядан Қазақстанға мұздалған балық және балықты консервілер импортталуда. Латвиядан Қазақстанға импортының екінші орында фермент препараттары. 2000 жылдың маусым айында екі елдің Сауда-өнеркәсіптік палаталары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Латвия Республикасының Мемлекеттік реестрінің мәліметі бойынша Латвияда екі елдің бірлескен 33кәсіпорын жұмыс істейді. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық 2000 жылы қарашада Ригада ҚР Азаматтық авиация академиясы мен «ANS Training center» арасында тәжірибе алмасу, тағлымдамадан өтуді ұйымдастыру және тыңдаушылармен алмасу бойынша ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. ҚР үшін мамандарды дайындау шеңберінде Рига аэронавигация институтында (РАИ) қазақстандық студенттердің бір тобы оқытылуда. 2009 жылы РАИ-на Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша білім алу үшін жоғары оқу орындарының тізіміне кіргізу бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді. Екі елдің өнер қайраткерлері Қазақстанда, сонымен қатар Латвияда өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шараларға (фестивальдар, конкурстар, сән көрсетілімдеріне) белсенді қатысады. Қазақстан орындаушылары дәстүрлі түрде Юрмалада өтетін «Жаңа толқын» жыл сайынғы халықаралық конкурсқа қатысу үшін шақырылады. 2008 жылғы 20-25 мамырда «Даугмале» жасөспірімдер орталығының «кокле» латыш ұлт аспаптарының «Тейксма» ансамблі Тараз қаласында өткен «Ұлы жібек жолы» 1-халықаралық фольклорлық музыка фестиваліне қатысты. 2010 жылғы наурыздан бастап Елшілік Рига Думасымен өзара іс-қимыл жасай отырып Ригада қазақ киносының фестивалін ұйымдастырды, оның барысында латвия көрермендері қазіргі заманғы қазақ режиссерлері: Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсара», Рүстем Әбдірашевтің «Құрақ көрпе», «Сталинге сый» және «Өрлеу аралы», Абай Құлбайдың «Сұр қарлығаш», Жанабек Жетіруовтың «Жолшының жазбалары», Қанымбек Қасымбековтің «Саған күшік қажет па» және Сатыбалды Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» атты жұмыстарымен танысты. Кинофестивальді ашу салтанатына танымал латвия актеры Ивар Калныныш қатысты.
25.Балкан түбегіндегі елдер және ҚР олармен байланыстары;
2012 жылы 1 – 3 тамыз аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Қазақстан Респуликасы Әділет министрлігі мен Босния және Герцеговина Әділет министрлігінің Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Қазақстан Респуликасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Респуликасы Заң шығару институтының сарапшыларының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты Қазақстан Респуликасының Әділет министрлігі мен Босния және Герцеговина Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум және Қазақстан Республикасы мен Босния және Герцеговина арасындағы Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісім жобаларын талқылау болды.
Қазақстандық тараптан сарапшылар делегациясын Қазақстан Респуликасы Әділет министрінің орынбасары Зауреш Баймолдина және Босния және Герцеговина тарапынан сарапшылар делегациясын Босния және Герцеговина Әділет министрінің хатшысы Юсуф Халилагич басқарды. Босния және Герцеговина Әділет министрлігі тарапынан кездесуге Босния және Герцеговина Әділет министрінің көмекшісі Никола Сладое және Босния және Герцеговина Әділет министрлігінің сарапшы-кеңесші Гренко Арапович қатысты.
Кездесу барысында Тараптар өз мемлекеттерінің құқықтық жүйелері, ұлттық әділет органдарының мәндеттері мен функциялары, сонымен қатар екі мемлекеттің әділет министрліктерінің болашақтағы ынтымақтастық туралы өзара мүдделерді білдіретін сала жөнінде ақпаратпен алмасты.
Делегацияның басшылары қол қоюға ұсынылып отырған халықаралық шарттардың өз мемлекеттердің ынтымақтастығын күшейту үшін маңыздылығын, сонымен қатар әр мемлекеттің территориясында өз азаматтары мен ұйымдарының тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Екі мемлекеттің әділет министрліктерінің делегациялармен, жұмыс тәжірибесімен, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілер мәтіндерімен және басқа да өз органдарының қызметтік бығытының құқықтық материалдармен алмасу даярлығы байқалды.
Босния және Герцеговина Әділет министрлігі өкілдері жоғарыда аталған 2012 жылғы қыркүйектегі Меморандум және Келісім жобаларының қол коюға түпкілікті әзірлеу мақсатында қазақстандық делегацияны қабылдауын даярлығы туралы хабарлады.
Делегация кездесуінің нәтижелері бойынша:
- Қазақстан Респуликасының Әділет министрлігі мен Босния және Герцеговина Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобасының қорытынды редакциясын делегацияны басқарушылар деңгейде келісті және дәйектеді;
- Ағылшын және орыс тілдеріндегі Қазақстан Респуликасы мен Босния және Герцеговина арасындағы Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісім жобаның 14 бабтарының келісілген редакциясын әзірледі.
Келісім жобаның келісілген редакциясына қатысты Тараптар әр мемлекетте аталған келісім қол қойылған жағдайда ратификациялауға жататынын белгілеп өтті. Осыған орай, екі мемлекеттің ұлттық заңнамаларына сәйкес келісім жобасы екі мемлекеттің мүдделі органдарына келісуге бағытталады, сонымен қатар жобалар тексті өз мемлекеттік тілдерінде Тараптармен әзірленеді.
Осылайша, делегацияны басқарушылар сарапшылар деңгейіндегі келесі кездесудің мақсаты ретінде келісім жобасының мәтінін қол қою үшін түпкілікті әзірлеу аталып өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуратура өкілі Босния және Герцеговина Әділет министрлігінің делегациясына қылмыстық іс жығынан құқықтық көмек көрсету, экстрадиция және сотталған адамдарды беру сұрақтары бойынша екіжақты халықаралық шарттарды жасасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ол ағылшын тіліндегі әзірленген жобалар текстерін қарастыру үшін Босния және Герцеговина Әділет министрлігінің мекен жайына жіберуге дайындығын білдірді.
Жалпы сарапшылар кездесуі достық жағдайда өтті. Кездесудің аяғында делегация басшылары екі мемлекет арасындағы құқықтық ынтымақтастығын орнату және екі мемлекеттің Әділет министрлігінің заң саласында қарым - қатынас келісімнің орнату ынтасының маңызды екенін атап өтті.