Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенес агай дайын шпор 8-50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.83 Кб
Скачать

20. Ядролық қаруды таратпау және аймақтар қатынастардың дамуы;.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы ядролық қарусызданумен тығыз байланысты. Тәуелсіздік алар тұста, 1991 жылы тамызда Президент Н.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы тарихи Жарлыққа қол қойды. Бұл Қазақстанның дұрыс стратегиялық таңдау жасағанын, ядролық қарудан бас тартқан ел мәртебесіне ие болғанын көрсетеді.Қазақстан адамзаттың бүгінгі және болашақ ұрпағы арасында үлкен жауапкершілік өнегесін көрсете білді. Нақты қауіпсіздіктің тірегі ядролық арсенал емес, сыртқы бейбітшілік сүйгіш саясат, ішкі тұрақтылық, елдің тұрақты экономикалық және саяси дамуы болып табылатындығын өз мысалымен сенімді дәлелдеді.Уинстон Черчилльдің “генералдар барлық уақытта өткен соғысқа дайындалады” деп айтқаны бар дей келе, “Қазақстан жаңа әлемге — ядролық қарудан азат әлемге әзірленген еді, сол себепті адамзаттың жаппай құрып кету қаупі алдында жауапкершіліктің жоғары өнегесінің айқын мысалына айналды. Сынақ полигонының жабылуы Қазақстанның қарусыздану саясатындағы маңызына айналған үдерістегі тұңғыш қадамы болды. 1992 жылы біз ядролық қарусыз мемлекет санатында Ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа (ЯҚТШ) қосылуға ықылас танытып, Лиссабон хаттамасына қол қойдық.. Осылайша Қазақстан өзінің міндеттемесін толықтай орындады”,1993 жылдың желтоқсанында ел Парламенті ЯҚТШ-ны бекітіп, бір жылдан соң Қазақстан ядролық державалардан қарусыздану жөніндегі міндеттемелердің толық және бұлжымай орындалуын мойындаған қауіпсіздік кепілдемесіне ие болған. 1996 жылы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы Шартқа қосылса, 2006 жылы қыркүйекте өңірдің басқа да елдерімен бірге Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарудан ада аймақ туралы Шартқа қол қойды[1]. Бұл игі қадам – жаңа ядролық қарусыз аймақ құру Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке қосылған маңызды үлес болып табылды.Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарта отырып, ядролық қатерді жоюдың табанды жақтаушысы болып қала берді. Бүгінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелерінде Н.Ә.Назарбаевтың және Қазақстанның көшбасшылығын халықаралық қауымдастық мойындады да, ерекше құрметтейді де.Қазақстан Республикасы «ядролық қарудан азат әлемге қадам басу керектігі» туралы адамзатқа талай рет үндеу тастады [2]. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың (ЯҚТШ) тиімділігін қамтамасыз ету және оның ережелерін ядролық қаруды таратпау режимін нығайту мақсатында қазіргі заман ақиқатына лайықтандыру жөніндегі шараларды БҰҰ шеңберінде қабылдау керектігіне» ядролық державалардың назарын БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында аударған болатын.Сонымен қатар Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы Шарттың (ЯСЖТС) мүмкіндігінше тез арада күшіне енуін және ыдырайтын материал өндірісіне тыйым салу туралы Шартты (ЫМӨТШ) әзірленуін қалайды. ЯСЖТС-ті дайындау комиссиясы аясында Жаһандық бақылау желісін жаңадан құру және жергілікті инспекциялар құқығын нығайту мәселелері бойынша отандық дипломатия аталмыш құрылыммен белсенді түрде бірлесе жұмыс істеуде.Өзінің ЯҚТШ пен таратпау режимін жалпы күшейтуді көздейтін ұсыныстарын қазақстандық дипломатия өткізілуі 2010 жылға жоспарланған ЯҚТШ-ты орындау бойынша Шолу конференциясына орай әзірлеу барысында. Біз ұсынып отырған жаңа шарт – қалыптасып қалған жағымсыз жағдайдан шығу мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Жаңа шарттың мазмұны соған мүдделі барлық елдер тарапынан түсер ұсыныстарға тәуелді екенін түсінеміз. Біз ондай талқылауға әзірлік атқарудамыз.

- Осы орайда АҚШ тарапынан ұсынылған Қазақстанның әлемдік отынның халықаралық банкінің ел территориясында орналасуына оң қабақ танытқандығы жұршылыққа аян. Бұл қадамға экологтардың дабыл қағып отырғандығы тағы бар.Беделді мамандардың пікірлері бойынша, қазіргі таңда Қазақстан әлемдегі атом энергетикасының қайта жаңғыруы болып жатыр. Чернобыльде болған қайғылы оқиғадан кейін өткен ширек ғасыр ішінде, құдайға шүкір, әлемде бірде-бір апат болған емес. Өйткені адамзат өз сабағын алды. Қазіргі кезде атомдық қуат технологиялары өткен ХХ ғасыр еншісіндегі жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда қауіпсіз деуге болады.Әлемде қалыптасқан ахуалға байланысты, Қазақстан, уран кенін жетекші өндіруші бола отырып, ядролық отынды өндіруге әлеуетті иеленіп, ЯҚТШ-тың қатаң талаптары шеңберінде және Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттікпен (АЭХА, орысшасы — МАГАТЭ) тығыз ынтымақтастықта атом қуатының бейбіт мақсатта пайдаланылуына өз үлесін ұлғайтуына мүдделі. Халықаралық ядролық отын банкінің мақсаты бізге мәлім әрі түсінікті жәйт. Ал оның мақсаты – ядролық отын циклін жүзеге асыруға мүмкіндіктері жеткіліксіз елдерге бейбіт атом қуатын дамыту мақсатында ядролық материалдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету.Осыған орай 2009 жылы 6 сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық ядролық отын банкісі құрылған жағдайда, ЯҚТШ-ға қол қойған және ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстан оны өзінің аумағында орналастыру мүмкіндігін қарастыра алатындығын мәлімдеді.Аталған мәселеге жұртшылықтың алаңдаушылығына келетін болсақ, жобаның экологиялық қауіпсіздігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құзыретіне жататындығын айта кеткен жөн. Бірақта біздің қолымыздағы мәліметтерге және АЭХА сарапшыларының консультацияларына қарағанда Ядролық отын банкінің өзі қандайда бір экологиялық қатер төндірмейді. Қазақстан радиоактивті материалдарды өндірудің, өңдеу мен сақтаудың қазіргі заманға лайықты және толығымен қауіпсіз технологияларын иеленеді. Оны халықаралық сарапшылар да мойындайды. Соған қарамастан, егер аталмыш «банк» іс жүзінде ұйымдастырылатын болса, оның қызметіне бақылау АЭХА тарапынан жүзеге асырылатын болады.Сонымен АЭХА-ның бас директоры Ю.Амано мәлім еткеніндей “Қа­зақстан АЭХА-ның ерекше маңызды әріптесі болып табы­ла­ды”. “Ядролық қарудан бас тарту және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа ядролық емес мем­лекет ретінде қосылу таратпау режі­мін нығайтуға оң ықпал еткен маңызды тарихи оқиға болып табылады. Біз Қазақстанның АЭХА-мен ынтымақтастық деңгейіне қанағаттанамыз және ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге әзірміз”.АЭХА-нің бас директоры Қазақстанның өз аумағында Ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру туралы шешім қабылдағанына, мұның өзі Қазақ­станның таратпау ісін жақтай­тын­дығының кезекті қуаттауы болып та­былатынына ризашылық білдірді.Бұл бастамалар Қазақ­стан­ның ядро­лық қаруды таратпау режімін нығайтуға қосқан нақты үлесі болып табылады. Қазақстанның бей­біт атомда халықаралық қоғамдас­тық­тың және бәрінен бұрын АЭХА-нің та­ра­пынан қатаң бақылау жағдайын­да дамытуды жақтайды. Осыған орай Қазақстан Агент­тікпен барлық ба­ғыттар бойынша, соның ішінде, тех­никалық ынтымақ­тастық бағ­дар­ламасы аясында ық­палдастық­ты бел­сенді ету ниетін­де. Мұ­ның өзі атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы барынша өзекті мін­деттерді шешуге сүбелі үлес қосады.Бүгінде Қазақстан уран өнімін өндіру жөнінен көшбасшы болып келеді. Кепілдіктерді қолдану ту­ралы келісімге сәйкес Қазақстан­ның бар­лық ядролық нысандары АЭХА-нің бақылауында және барлық ядролық қызмет Агенттік­тің ереже­леріне сәйкес және стандарттары бойынша жүзеге асырылады.Қазақстан АЭХА-нің қарауына АЭХА құзырымен өз аумағында Ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру туралы мәлімдеуді ресми енгізген болатын. Бұл қадам атом энер­ге­ти­касын бейбіт дамыту жөнінде Агенттікпен ынтымақтастыққа қо­сылған тағы бір үлеске айналады.Кеше ғана өз тәуелсіздігін алған Қазақстан ЕҚЫҰ-ның тара­пынан белді мүше ретінде таны­лып қана қой­май, 2010 жылы оның төр­аға­лығына сайлануы – үлкен құбы­лыс. Әрине БҰҰ мен ЕҚЫҰ ара­сындағы қарым-қатынас­ты терең­дете түсудің перспективалары көп, соның ішінде еуратлан­ти­калық және еуразиялық кеңістік­тердегі ынтымақтастықты дамыта түсу өзекті.2009 жылдың 11-қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Президент жанындағы Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелері жөніндегі комиссия құрылды.2009 жылдың 20-қаңтарда Ақордада Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрі, Комиссия төрағасы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен аталған құрылымның алғашқы отырысы өтті.Қ. Саудабаев отырыстағы сөзінде комиссия құру туралы шешім саналы түрде жасалған әрі Қазақстанның сыртқы саясатындағы қарусыздану бағытын нығайтуға арналған қадам болып табылатындығын, сондай-ақ Қазақстан өзінің ядролық қарусыздану тәжірибелеріне сүйене отырып, ядролық қарудан азат әлем құру идеясын қалтқысыз ұстанатын ел ретінде өзге мемлекеттерге үлгі қызметін көрсетуте әзір екендігін атап өтті. Комиссия төрағасы бұған мысал ретінде Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттің халықаралық күні деп жариялау туралы қарар қабылданғанын келтірді.Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрі комиссия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуді бастаған кезде құрылғанын, оның мүшелеріне аса жоғары жауапкершілік жүктелетіндігін айта келіп, Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ-ның саяси көшбасшысы ретінде Қазақстан сайып келгенде Ұйым кеңістігінде әріптестіктің жаңа дәуірін ұжымдық күш-жігер арқылы ашу үшін осынау оң үрдісті дамытпақшы.Бұған ең алдымен грек төрағалығы бастамашысы болған еуропалық қауіпсіздіктің болашағын талқылауды жатқызуға болады. «Корфу үдерісі» тұрғысында Қазақстан Ресей Федерациясының Еуропалық қауіпсіздік туралы шартты әзірлеу жөніндегі ұсынысын қарастыруды қолдайды.Прагматикалық ойлауды пайдалану, блоктық қарама-қарсы тұру идеологиясынан, енжарлықтан және бітпейтін өзара кінәмшілдік жүгінен бас тарту жағдайында, Қазақстан сондайлық қажетті алғашқы қадамдарды жасай алатынына сенімді.«Венадан батыс жақта» және «шығысқа қарай» орналасқан елдер тең дәрежеде біздің елімізге сенетіні және Қазақстан мен оның көшбасшысының бүгінгі оппоненттердің ұстанымдарын жақындастыруға және ЕҚЫҰ-дағы өзара түсіністікті нығайтуға қабілеттілігіне сенетіндігі Қазақстанды жігерлендіреді.Мұндай күтушілік посткеңестік кеңістікте «созылмалы» жанжалдарды реттеу жолдарын табуға қатысты да өзекті саналады. Біздің еліміздің қарсы тұрушы барлық мүдделі жақтармен сындарлы ынтымақтастығы, біздің ортақ, тарихи өткеніміз бен менталитеттік жақындығымыз реттеу жолдарын із-дестіру жөніндегі жемісті жұмыс үшін барлық қажетті алғышарттарды жасап берді. Мұнда жанжалдасушы елдердің халықтарында Н.Ә.Назарбаев, жоғары беделі мен сенімі Қазақстанның басты ресурсы болып табылады, олар ТМД аясында күрделі жанжалдарды шешуге талай рет кемектескен. Орталық Азия мемлекеті ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ қоғамдастығының жіті назарын Ауғанстанды сауықтыру проблемасына аудармай тұра алмаймыз, онсыз біздің өңірдің тұрақтылығы туралы ғана емес, сонымен бірге Ұйым жауапкершілігіндегі аймақтың кауіпсіздігі туралы да айту қиынға түседі.Ауған халқына қоғамды қарулы қарсы тұрушылықтан жасампаздық арнасына көшіруге жәрдемдесу халықаралық коалиция елдерінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл Ұйымның аса манызды міндеті болуы тиіс деп санаймыз. Және оны шешуге Қазақстан лайықты үлес қосуда. Мәселен, Қазақстан елеулі гуманитарлық көмек көрсетіп келеді, осы жылдан бастап екі жақты үкіметаралық келісімді іске асыру басталады, ол бойынша біздің оқу орындарымызда 1000 ауғандық маман: агрономдар, мұғалімдер, дәрігерлер, кұрылысшылар әзірленетін болады. Іс басындағы төраға ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ-ның мүмкінідіктерін Ауғанстанды сауықтыру үшін толық пайдаланбақ.Өз алауыздықтарын еңсеріп, бұдан 35 жыл бұрын Хельсинкидегідей ортақ жоғары мақсаттармен біріккен ЕҚЫҰ коғамдастығы бүгін-қалыптасып жатқан жаңа әлемдік тәртіптің негізгі сұлбаларын бірлесіп жасауға қабілетті.Президент Н.Ә.Назарбаевтың ЕҚЫҰ саммитін өткізу жөніндегі бастамасының Ұйым үшін де, сол секілді оның әрбір қатысушы мемлекеті үшін де айрықша құндылығы осында болып табылады.Қазақстан көшбасшысының ұсынысы — бұл қатысушы елдер үшін ЕҚЫҰ-ның Ванкуверден Владивостокқа дейінгі жауапкершілік аймағындағы ұлан-байтақ кеңістікте пайда болған жаңа сынақтар мен қатерлерге тиісінше жауап табуының, Ұйымды бүгінгі нақтылыққа бейімдеудің тарихи мүмкіндігі.Бұл саяси ұстанымдардың жақындасуы ғана емес, ең алдымен ЕҚЫҰ ұлттарының өскелең бағалы топтасушылығы, Венаға қатысты географиялық орналасуы бойынша да, сол секілді түрлі елдер дамуындағы теңсіздіктер бойынша да оның кеңістігіндегі сегменттік тосқауылдарды енсеруі.Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуының 65 жылдағы, Хельсинки қорытынды актісіне қол қойылуының 35 жылдағы, Париж хартиясының 20 жылдағы жаңа Еуропа үшін ЕҚЫҰ-ның бүгінгі рөлін байыпты талдауға және қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың кең тұрғысында оның болашағы туралы ойласуға жақсы себеп болады.Афинада 2009 жылғы желтоқсанда ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің кеңесіндегі ресми қолдау және Қазақстан төрағалығының Венадағы табысты тұсаукесері жоғары деңгейдегі кездесуді ұйымдастыру жөніндегі нақты жұ-мысты бастап берді.ЕҚЫҰ-ның жауапкершілік аймағындағы жаңа сынақтарды ескере отырып, біздің Мемлекеттің басшысы әділ атап өткеніндей, жоғары деңгейдегі кездесудің күн тәртібі еуропалық қауіпсіздіктің болашақ жүйесі, Ауғанстанды сауықтыру және төзімділікті қамтамасыз ету секілді мәселелерге шоғырлана алар еді.ЕҚЫҰ саммитін Қазақстан көшбасшысының төрағалығымен өткізу жалпы еуропалық және еуразиялық кеңістікте кооперативтік және біртұтас қауіпсіздіктің қағидаттарын одан әрі нығайтуға қуатты серпіліс беретініне сенімдіміз.Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес Қазақстан өз төрағалығының аясында қазақстандық күн тәртібін нактылы ілгерілету ниетінде. Бұл шаралар таратпау және ядролық қарусыздану режімінің тиімді жұмыс істеуі жөніндегі Қазақстанның күшжігеріне саяси қолдау білдіруді, еліміздің өскелең мүмкіндіктерін энергетикалық және азық-түлік кауіпсіздігін қам-тамасыз етуге ерекше мән бергізуді, сондай-ақ Арал теңізі мен Семей ядролық полигонындағы үлкен экологиялық апаттардың зиянды салдарын еңсеруге баса назар аударуды қамтиды.Қойылған міндеттерді негізге ала отырып, Қазақстан бәрінен бұрын ЕҚЫҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін осы заманғы сынақтар мен катерлерге әлдеқайда жедел әрі тиісінше ден қою ұмтылысына қажетті серпін береді [3].Қорыта айтқанда Қазақстан лаңкесшілдікпен, экстремизммен, есірткі заттарының заңсыз айналымымен, ұйымдасқан қылмыспен, адам саудасымен күрес бойынша ЕҚЫҰ аясында ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылуда. Бұл бағыттағы негізгі шара ретінде Қазақстан Астанада лаңкестікке жол бермеу жөнінде конференция өткізуді жоспарлап отыр.Афинада қабылданған таратпау жөніндегі министірлік декларацияға сәйкес әлемдік таратпау үдерісінің танымал көшбасшысы болып табылатын Қазақстан ядролық қарусыздану жөніндегі жаһандық күшжігерге қолдау жасаудағы ЕҚЫҰ үлесін арттыру ниетінде.