
- •8.Орталық Азиядағы аймақты сипаттаңыз.
- •9.Европа құрлығында қандай аймақтарды белгілеуге болады.
- •Специализация в мгрт
- •Концепция Центральной Европы
- •Орталық Азия (Кеңестер одағының ыдырауынан кейін)
- •Орталық Азия елдері Одағы
- •13.Араб Шығысындағы аймақтық топтасулар қалай қалыптасқан және оған қандай факторлар әсер еткен.
- •14.Солтүстік-Шығыс Азия аумағында аймақтану үрдістерін сипаттаңыз және неге ол ауданда аймақтық топ құрылмаған.
- •15.Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы
- •16.Қазақстан және тмд:интеграциялық талаптарға қатысты қо саясаты
- •17.Әлемдегі қауіпсіздік және Қазақстан.
- •18. Тмд аумағындағы жанжалдар және қр ұстанымдары(1-2 мысал келтіріңіз).
- •20. Ядролық қаруды таратпау және аймақтар қатынастардың дамуы;.
- •21. Су мәселесі және аймақтар ара қатынастары;
- •22.Тектік ,діни қақтығыстар және аймақтық қауіпсіздікке әкелетін кесірі(мысалдармен дәлелдеңіз);
- •23.Еуропа Одағындағы аймақтар және қр олармен байланыстары(мысал келтіріп ашыңыз);
- •24.Балтық бойындағы елдер және Қазақстан:ынтымақтасу мәселелері;
- •Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында дипломатиялық қатынастар
- •Қазақстанның сыртқы саудасы[өңдеу]
- •27.Қр және Түркі тектес әлемі:жемісті ынтымақтастық және әлі де жөнді дамымаған жақтары:талдау жасаңыз);
- •1.Жалпы түркологиялық мәселелер бойынша:
- •2. Түркітанудың салалары бойынша
- •28.Қазақстан-Солтүстік Европа елдері:саяси-экономикалық қатынастардың орнауы;
- •30. Оңтүстік Африка аумағындағы аймақтық топтар:мүшелері және қауқарлары;
- •31. Қр:негізгі сауда әріптестері;
- •32. Қр:инвестиция саласындағы аймақтармен ынтымақтасуы
- •33. .Еқыұ:оның құрылуы және қр байланыстары.Астана саммиті;
- •35.Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •35. Шыұ:шекара мәселелерінің реттеуін ашып беріңдер;
- •36. 36.Шыұ және аймақтық қауіпсіздік;
- •39. Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •37.Шыұ қазіргі кездегі негізгі мақсаттары;
- •39.Қазақстан-Ауғанстан:ынтымақтасу және түйінді мәселелер;
- •41.Қазақстан-Түркия ара байланыстарының дамуы,келешегі;
- •44.Евразия одағын құрастыру мәселелесі,оның мәні,қазіргі жағдайы;
- •45.Кеден Одағы:ұтымды жағы мен әлі жөнді шешілмеген мәселелер.
- •46.Аймақтық қатынастардың миграция мәселесінің күрделенуі.
- •47.Қазіргі қаржы-экономикалық дағдарыс,одан шығу жолдары.
- •48.Украинадағы оқиға және Ресей саясаты.Оған қалай баға бересіз.
- •Украинадағы оқиғаны әртүрлі атайды
- •Ұқсас мақалалар
- •Ресейлік бақ Украинадағы оқиғаны бұрмалайды
- •Ұқсас мақалалар
- •49.Орыс диаспорасы және Ресей үкіметінің саясаты.
- •50.Қр және шеттегі қазақтар:оларды елге қайтару қажет пе.
18. Тмд аумағындағы жанжалдар және қр ұстанымдары(1-2 мысал келтіріңіз).
Жаһанды былай ысырып қойып, ТМД кеңістігін алатын болсақ, бұл шеңбер ішінде де жағдай мәз болмайтынға ұқсайды. Сарапшылар «ұлтаралық шиеленіс ушығып, арты қарулы қақтығыстарға алып келуі әбден ықтимал» дегенді айтады. Расында, сол сәуегейлердің айтқандары жыл басталмай-ақ дәл келе бастаған сияқты. Оған қырғыз-тәжік шекарашылары арасындағы атысы, Таулы Қарабаққа байланысты Әзірбайжан мен Арменияның соғысқа әскер дайындай бастауы, Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы текетірестің жаңа бір сатыға көтерілуі, Украинадағы жағдайдың тұтастыққа қауіп төндіре түсуі, Молдова республикасының әрі-сәрі күй кешуін, сонымен қатар Орта Азия республикалары арасында суға байланысты тартыстың уақыт өткен сайын өте өткір мәселеге айналып келе жатқанын тілге тиек етуге болады. Бұлардың қай-қайсысына да шоқты үрлеп, көсеп жіберсең, арты өртке айналып кетейін деп тұр. Енді осы жанжал нүктелерін таратып айтып көрелік. Міне, бірнеше күн болды, қырғыз бен тәжік шекарасы бүлініп жатыр. Қос елдің шекарашылары бір-біріне оқ атты. Қырғыз жағынан 5 шекаршы жараланды, тәжік жағынан үш адам. Әзір екі ел бір-бірін айыптап жатыр. Ресми Бішкек біржақты шешім шығара отырып, Тәжікпен арадағы кеден және шекара пункттерін жауып тастады. Даудың басы бұдан біраз уақыт бұрын тоқтатылған Көкташ-Ақ-сай-Тамдық жолын қырғыз жағы жалғастырып салуды қолға алмақ болған. Бұған тәжік жағы қарсылық танытып, шекара күзеткен сарбаздар оқ атқан. Бұл жерде тек жеңіл атыс құралдары ғана емес, миномет қолданылды. Осының өзі-ақ қақтығыстың оңай болмағанын көрсетеді. Қанды оқиғаның басты себебі – осы. Арты немен тынбақ? Белгісіз. Жағдай үлкен мінберден қаралуда. Оқиға қырғыздың оңтүстігіндегі Баткен облысында, тәжіктің Ворух анклавында орын алды. Қырғыз бен тәжік шекарасының ұзындығы 1000 шақырым. Екі ел арасында 70 даулы жер телімі бар. Даулы мекендердің шешімі табылмайынша қақтығыс орын ала берері хақ. Ал мұның арты ұсақ тартыстан бастап, үлкен қарулы жанжалға айналып кетуі әбден ықтимал.Мемлекетаралық соғыстың алдын алу үшін бәлкім, бұл елдердің арасына Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) базасын орнату керек болар. Өйткені екі ел де – осы ұйымның мүшесі. Осы бітімгершілік күштерінің арқасында даудың бетін қайтарып отыруға болар ма еді? Орта Азияда тағы бір даулы мәселе, ол – суға байланысты тартыс. Таудың етегінде, судың құлағында отырған қырғыз бен тәжік елдегі жағдайға байланысты суды басынан тоспа салып, байлап ала бастады. Бұл төмендегі өзбек, түркімен, қазаққа ұнап отырған жоқ. Әрине, даласы айтақырға айнала бастаған бұл елдер күні ертең, «суды берсең – қолыңнан, бермесең – жолыңнан тартып аламын» деп беліне сойыл байлап, ұрандап шығары хақ. Нағыз қантөгіс сонда болмақ. Бұл да Орта Азияны түбі үлкен қақтығысқа алып келер ащы ақиқат. Мұндай жанжалдан Кавказ елдері де құралақан емес. Әсіресе, Таулы Қарабаққа байланысты Армения мен Әзірбайжан арасында бір-біріне білегін білеп, ұрандап жатқандар көп. Мұның арты тағы бір үлкен соғыс. Өйткені әзірбайжандар 90-жылдары уысынан шығарып алған жерін қалайда қайтаруға күш салуда. Себебі ондаған жылдарға созылған бейбіт келіссөздер айтарлықтай нәтиже берген емес. Өткен апта соңында оңтүстікосетиялық «Тұтас Осетия» партиясы елде референдум өткізе отырып, Солтүстік Осетияға қосылайық деген ұран тастады. Яғни Солтүстік Осетияға қосылатын болса, Ресейдің бір губерниясы болып шыға келмек. Бұған грузияндер көне ме? Өйткені ежелден грузиндер Абхазия және Оңтүстік Осетияны өз жері деп танып келген. Тек 2008 жылғы 8 күнге созылған соғыста ол елдер Грузия құрамынан шығып, Ресейдің ықпалына өтіп кетті. Әрі тәуелсіздік жариялап, оны тек Ресей және бірнеше майда-шүйде елдер ғана мойындаған. Ал ол елдерді грузиндер қалайда өз қарамағына алуға тыры-сып жатқаны белгілі. Мейлі Грузия билігі ауысқанымен, Оңтүстік Осетия мен Абхазияны өздеріне қайтару қазіргі биліктің де басты мақсаты болып қала бермек. Ал енді Оңтүстік Осетияның ағайынды солтүстіктерге қосыламын деуі, отқа май құйғандай болуы мүмкін. Жерінің тұтастығын ойлаған грузиндер тағы бір қарулы қақтығысқа барары хақ. Бұл да үлкен даудың басы. ТМД-дағы іргелі елдің бірі Украинадағы жағдайдың түрі анау. Ел қаққа бөлінудің алдында тұр. Бірі – батыс, бірі – Ресей дейді. Мемлекеттің тұтастығын ойлап бас қатырып жатқандары шамалы. Оның үстіне Қырымда экстремистік татар топтары күш ала бастады.
Бір қызығы, АҚШ Ирактағы «Моджахедин-э Халк» ұйымының 3000 содырын Руминияның Болгариямен шектесетін Крайову қаласына орналастыра бастады. Бұл не? Әбден оқ пен оттың ортасында жүріп ысылған можахедтер Шығыс Еуропаға не үшін көшірілуде? Бұл да жұмбақ? Ертең олар Қырым татарларына демеу болып, Украина тағы бір оттың астында қалуы да мүмкін. Бұл да осы үстіміздегі жылы орын алуы мүмкін жанжалдың бір себебі болмақ. Қалай десек те, биылғы жыл әлем тұрмақ, ТМД елдері үшінде үлкен сын болатын секілді.
19.