Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенес агай дайын шпор 8-50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.83 Кб
Скачать

8.Орталық Азиядағы аймақты сипаттаңыз.

Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытайалып жатыр. Аумағы 6 млн. км2. Жер бедері қиыршық тасты және құмды шөгінділермен жабылған әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады. Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай Орталық Азия батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан 3 орографиялық белдеуден тұрады. Солтүстік таулы белдеу құрамына Сарыарқа, Моңғол Алтайы, Хангай, Хэнтэй тау жоталары, тау аралығында орналасқан Жоңғар жазығы, Ұрыңқай, Ебінұр, т.б. ірі көлдердің қазаншұңқырлары кіреді. Орта белдеуге Тянь-Шань тауы және биіктігі 1000 – 2000 м болатын көтеріңкі жазықтарда жатқан Гоби, Алашань, Бейшань және Тарим ойысындағы Такла-Макан шөлдері кіреді. Биік Орталық Азия құрамына орташа биіктігі 4000 – 5000 м-ге жететін Памир, Куньлунь, Гиндукуш, Қарақорым, Тибет, Гандисышан тауларынан тұратын биік тау жүйелері жатады. Кен байлықтарынан: Сарыарқада мыс, молибден, вольфрам, көмір; Куньлунь тауларында нефрит; Тибет, Куньлунь, Наньшань, Хангай тауларында шашыранды алтын, темір кені, мұнай, қалайы, молибден, вольфрам; Хэнтэй тауларында бирюза, топаз; Жоңғар жазығында, Тарим, Цайдам, Турфан ойыстарында мұнайдың, тас көмір, ас тұзы мен глаубер тұзының мол қорлары бар.

Орталық Азия – Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жәнеТүрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты.

Орталық Азия аймағының аумағы 4 млн. км2-ден асады, халқының жалпы саны 60 млн. адамды құрайды. Аймақ елдерінің сыртқы сауда және экономикалық қатынастарында ежелгі Ұлы жібек жолының қайта жаңғыруы өз көрінісін беруде, әрі Ресей,Қытай және ТМД-ның басқа да елдерімен дәстүрлі байланыстарын жалғастыруда. Орталық Азия аумағында Қытай, АҚШ,Үндістан, Батыc Еуропа және мұсылман елдерінің осы аймақтағы геостратегия мүдделері түйіскен. Орталық Азияның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзіне тән ерекше қасиет – ол ислам әлемінің бір бөлігі саналады және христиан, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттердің тоғысуымен де ерекшеленеді. Аймақ шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын біріктіруші көпір қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында “Орталық Азия елдері Одағын” құруды ұсынды. Мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарының негізгі стратегия бағыты – саяси, экономикалық, ғылыми, әскери, әлеуметтік, гуманитарлық, т.б. салалардағы үйлесімділіктерді нығайту, дамыту болып табылады.