
- •1513000 «Ветеринария» мамандығы бойынша (ιVкурс) «Диплом алды тәжірбиенің» жұмыс бағдарламасы
- •Әзірлеген: ________оқытушы Айбекұлы қ. ___________
- •Қаралды: ___________ цкт Cуйесинова а.Е __________
- •Келісілген: ___________кә Жұмақұлова а _________
- •Мазмұны:
- •1. Түсіндірме жазба
- •2. Тақырыптық жоспар
- •3. Тәжірибенің мазмұны
- •Шаруашылықпен, техника қауіпсіздігімен және емдеу бөлімдерімен танысу, мамандармен сұқбаттасу.
- •Ветеринарлық фельдшер көмекшісі есебінде жұмыс істеу.
- •Өндірістегі танымжорық
- •Тәжірибелік оқыту нәтижелерін бақылау және есебін алу
- •Әдебиеттер тізімі
- •1.Тәжірибе іс жоспар кестесінен көшірме
- •2.Тәжірибе күнделігі
- •3. Оқып үйренген жұмыстарды суреттеп жазу (құрылымдарды технологиялық процесстерді, еңбек озық әдістерін, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, орындалған жұмыстарды және т.Б.)
- •4.Жеке тапсырма
- •5.Тәжірибеден өтушілерді көтермелеу мен шаралар қолдану
- •Ауру тарихы ауру малды зерттеу
- •2.Анамнез
- •Эпикриз
- •Курация парағы №
- •Вакцинациялау (егу)
- •Қан алу кезінгдегі құжаттар
- •Дезинфекциялау (залалсыздандыру) актісі
Атырау аграрлы – техникалық колледжі
01
Бекітемін:
Директордың оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары
__________ Дюсембаев О.С.
«___»___________2013 жыл
1513000 «Ветеринария» мамандығы бойынша (ιVкурс) «Диплом алды тәжірбиенің» жұмыс бағдарламасы
Өзгерістер |
||
№ |
Әзірленді |
Енгізілген уақыты |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Атырау 2014 жыл
Әзірлеген: ________оқытушы Айбекұлы қ. ___________
қолы аты-жөні мерзімі
Қаралды: ___________ цкт Cуйесинова а.Е __________
қолы аты-жөні мерзімі
Келісілген: ___________кә Жұмақұлова а _________
қолы аты-жөні мерзімі
Мазмұны:
1.Түсіндірме жазба...........................................................................................4
2. Тақырыптық жоспары...................................................................................6
3. Кәсіби тәжірибенің мазмұны........................................................................6
4. Әдебиеттер тізімі ……………… …………… …… …………………….........9
5. Үлгі................................................................................................................10
1. Түсіндірме жазба
Кәсіптік тәжірибені техникалық және кәсіптік оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде білім алушылардың мамандық игер бойынша барысында дағдылары мен шеберліктеріне қажетті тәжірибелік іскерлікке баулитын, меңгерген білімдерді тәжірибе жүзінде қолдана білуге үйрететін, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат ететін маңызды іс-әрекет.
Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (2013 жылғы 24 сәуірдегі № 150 бұйрығымен) 1513000 «Ветеринария» саласының мамандықтары бойынша білім алушылардың тәжірибеден өту барысы бойынша үлгілік оқу бағдарламасы әзірленді.
Осы тәжірибенің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнының міндетті минимумдарына және даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды жүзеге асыра отырып, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеуге негіз болады. Сонымен қатар мамандық бойынша кәсіптік дағдыларды игеру оқу мамандығынан, технологиялық тәжірибеден, дипломалды тәжірибеден тұрады және оқу жоспарының сағаттар торынан тыс ауру малдарға курация жүргізеді.
Білім алушылар назарын өндірістің экономикасы, жекелеген зоомалдәрігерлік іс шаралардың тиімділігі, мал шаруашылығы кешендерін ветеринарлық бақылау, қоршаған ортаны қорғау сынды сұрақтарға ерекше аудару қажет.
Осы үлгілік бағдарлама еліміздің бүкіл аймақтық ерешеліктерін ескере алмайды, сондықтан тәжірибе мазмұнындағы шеберлігі мен дағдыларын болжалды деп санау қажет. Олар тиісті аймақтың жергілікті жағдайына қарай оқу мекемесінің пәндер бірлестігінде нақты айқындалады және соған сәйкес оқу жұмыс бағдарламасы құрылады.
Ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығын ескере отырып, оқу және технологиялық тәжірибені оқу мекемесінің шешіміне байланысты шоғырландырып немесе бірнеше кезеңге бөліп, теориялық сабақпен кезектестіре отырып, оқу жұмыс жоспарында көрсетілген теориялық және тәжірибелік сабақтар сағатының көлемін өзгертпей, оқу жылының ішінде өткізуге болады.
Оқу тәжірибесін бастар алдында білім алушыларды техника қауіпсіздігімен, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі, оқу машығы ережелерімен толық таныстырып өтеді. Сонымен қатар материялды үнемді пайдалануда, құрал-саймандарға ұқыпты қарауда, еңбектің алдыңғы қатарлы озық жетістіктерін пайдалана отырып, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мен техникасын жетілдіруде орта буын маманынының рөлін ашуды көздейді.
Оқу тәжірибесі кезінде күнделік арналуы тиіс, бұл әрбір білім алушының күнделікті жұмыс туралы барлық мәліметті жан-жақты толық жазып, жұмыс уақытында қолданылған құрал-саймандар машина мен құрылғылар, олардың саны, жұмыс күніне қажеттілігі туралы мәліметтер енгізіп отырады. Тәжірибе сабағы өткеннен соң білім алушыларға баға қойылады. Егер қажет болған жағдайда білім алушылармен пікірлесу түрінде де қабылдауға болады.
Білім алушылардың игеруге міндетті кейбір машықтануын шеберлігі және дағдылануын ұйымдастыру бойынша қысқаша әдістемелік нұсқаулар осы бағдарламаның тиісті бөлімдерінде берілген.
Өндірістік тәжірибе кезінде білім біліктілік мінездемесіне сай нақты білік және дағдыларды меңгерулері және де қоғамдық саяси тәжірибе бойынша дағдыларды алулары тиіс:
Олар баяндамаларды, лекцияларды өткізулері, шаруашылықтың қоғамдық ұйымдарының жұмыстарына, қабырға газеттерін шығаруға қатысуы керек.
Білім алушыларды тәжірибелік оқыту кейбір тақырыптар бойынша тиісті теориялық материалды оқығанға дейін басталатын болғандықтан, тәжірибе жетекшісі әрбір тәжірибелік сабақ басталар алдында кеңейтілген нұсқама жүргізіп, онда білім алушыларға тәжірибенің осы тақырыбы негізгі теориялық мәліметтерді келтіруі тиіс.
Жұмыс басталар алдында оқытушы білім алушыларды техника қауіпсіздігі өндірістік санитария ережелерімен және өртке қарсы шаралармен, тәжірибелік жұмыстарды орындау технологиясы және ережелерімен, материалдарды тиімді пайдалану, құрал-саймандар және жабдықтарды сақтаумен, жұмыс істеудің алдыңғы қатарлы әдістерімен мұқият таныстыра отырып, орта буын мамандардың мал өнімдерін өндіру техникасын және өндіріс технологиясын жетілдірудегі рөлін ашып көрсетеді, сондай –ақ тәжірибенің әр түрі бойынша білім алушылар тапсыратын есептерге қойылатын талаптар айтылады.