
- •1.Кіріспе. Өнім сапасына түсінік. Өнімдердің сапа көрсеткіштері.
- •2.Өнімнің сапасын зерттеудегі физика-химиялық әдістер.
- •3. Чижова аппаратында ылғалыдң мөлшерін анықтау.
- •1.Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы.
- •1.Өнім сапасын бағалау әдістері.Сапа көрсеткіштерінің анықтау әдістері.
- •2.Цианидтік әдіспен көмірсуларды анықтау.
- •3.Майдың балғындығын анықтау әдістері
- •2.Ас тұзының мөлшерін Мор әдісімен анықтау.
- •1.Қоғамдық тамақтану жүйесіндегі бақылау түрлері.
- •2.Ақуыздың адам ағзасындағы ролі және оның анықтау әдістері.
- •3.Белсенді қыщқылдылықты анықтау.
- •1.Технологиялық, санитарлы-технологиялық, лабораториялық бақылауларды жүргізу.
- •1.Тағам өнімдеріне органолептикалық анализ. Жүргізу реті.
- •2.Өнім құрамындағы жұмыртқаларды анықтау.
- •3.Қоғамдық тамақтандырудағы өнім сапасын жобалау және басқару.
- •1.Құрғақ заттарды вч аппаратында анықтау.
- •3.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өнім сапасын тексеруді ұйымдастыру.
- •1.Ақуызды анықтау. Къелдаль әдісі.
- •3.Өнім сапасына түсінік. Өнімдердің сапа көрсеткіштері.
- •1.Майларды анықтау. Гербер әдісі.
- •2.Тағамдардың құрамындағы нанды анықтау әдісі.
- •13 Билет
- •14 Билет
- •16 Билет
- •16 Билет
- •1.Органолептикалық бағалау. Бракеражды жургізу реті.
- •3.Лабораторияларда жургізілетін бақылау.
- •27 Емтихан билеті
- •1.Өнім сапасын бақылау әдістері
- •2.Өнім сапасын бақылау әдістері. Тағам өндірісінде жүргізілетін бақылау
- •3. Қоғамдық тамақтандыру жүйесіндегі бағалау түрлері.
- •1. Цианидтік әдіспен көмірсуды анықтау
- •2.Ас тұзы мөлшерін Мор әдісімен анықтау.
- •3. Ақуыздың адам ағзасындағы ролі, оны анықтау әдістері
- •2. Майды анықтау.
- •3.Сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері
- •31 Билет
- •3. Құрғақ заттарды вч аппаратында анықтау.
- •1.Өнім құрамындағы спиртті анықтау.
- •1.Кептіру әдістері: арбитражды(стандартты), жылдам
- •3.Майларды анықтау. Гербер әдісі.
16 Билет
1.Көмірсуды анықтау.Цианидті әдіс,рефрактометриялық әдіс.Цианидті әдіспен көмірсуды анықтау :Осы әдіс келесі өнімдердіанықтауда қолданылады1-нанды, 2- еттен жасалған 3- ұнды және ұнтақ жарманы (сүзбе бұйымдарын), 4- сахарозаны(тәтті екінші тағамдарды), 5- лактозаны , яғни сүтті. Титрлеу жүргізгенде келесі шарттарды ұстану керек : еттің қайнау ұзақтығы, қарқындылығы, қант ерітіндісінің құйылу жылдамдығы. Рефрактометриялық әдіс өте тәтті тағамдардағы сахарозаны зерттеуде қолданылады. Сироптарды, шырындарды кептіру кезінде күйген қанттың иісі келеді. Рефрактометриялық әдіс зерттеу обьектісінің сыну коэффициенті мен сахарозаның концентрациясының арасындағы байланысқа негізделген. Рефрактометр көмегімен анықталады. Сыну көрсеткіші температураға байланысты. Сондықтан өлшем зерттеуінің ерітінді мен термостаттау призмасынан кейін жүргізеді. Аспапты жұмысқа дайындау үшін оның штуцелінің төменгі камерасына термометр орнатады. Ол 20С температураны көрсету керек. Аспапты нолге келтіру керек. Таза призмасы бар төменгі камераға 1-2 тамшы дистелденген су тамызады. Окулярды көру алаңында ашық түстің шекарасы көрінгенше төмен түсіреді. Диспенционды конденсатор арқылы қосалқы түстерді алып тастайды. Көру алаңының оң жағында бақылаушы құрғақ заттардың %ке градурленген шкаласын көреді. 0-50%ке дейін әр шкаласының бөлінуі 0.2% құрғақ заттарға тең. Ал 50-90 % дейін 0.1% ке тең. Сол жақта сыну көрсеткішінің шкаласы бар. Шкалада көлденең пунктер сызықтары бар. Ол 3`тұрады және көмегімен нәтижелер есептелінеді. Окулярды түсіру және көтеру арқылы пунктер сызықтарын ашық түс шекарасымен біріктіруге болады.
2. Қамыр өнімдерінің сапасын анықтау.Сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері қолданылатын өлшеу аспаптарына байланысты бірнеше түрге жіктеледі: Өлшеу әдісі, есептеу, әлеуметтік, есептеу жәнеэкспертті, органалептикалық. Қамыр өнімдерін зерттегенде барлық әдістер қолданылады. Негізгі нақты нәтиже беретіні экспертті әдіс болып табылады. Ал органалептикалық әдіспен адамның сезім мүшелерін пайдалану арқылы анықтаймыз. Пайдалану және әзірлеу тәсілдеріне байланысты қамыр ашытқылы, қаттама,бисквитті, үгілмелі,сусымалы, езілген, қайнатылған жеңіл және басқаша түрде болуы мүмкін. Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері: бидай ұны, ақ ұн, жоғары және бірінші және екінші сортты ұндар. Сұйық зат – сүт, су, простокваша. Простокваша қосылған қамыр тез көтеріледі. Оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады. Құрғақ сүтті пайдаланғанда: жарты литр суға 50гр құрғақ сүт қосады. Қант көп қосылса қамыр ауырлайды, нашар көтеріледі. Қамырдан жасалған өнімдердің қышқылдылығын анықтау градуспен өлшенеді.
3.Витаминдер .Витаминдерді суда және майда ерігіштігіне байланысты 2-ге жіктейді.1.майда еритін витаминдер2. суда еритін витаминдер.Майда еритін витаминдер( A, D, E, K)А витаминдер ретинол - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етеді. Түрлі ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады. Көздің көргіштігін жақсартады. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылады, адам түнде, іңірде «ақшам соқыр» деп аталатын ауруға шалдығады. Ол сүтте, бауырда, қызанақта, өрікте, асқабақта болады. Оның ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 2, 5-10, 5мг.Д витаминдер кальциферол адамның терісінде күннің ультра күлгін сәулелерінің әсерінен пайда болады. Жәнеде ұлпаның мықтылығына әсер етеді. Бұл витамин жетіспегенде жас сәбилерде мешел ауруы п.б. Бұндай сәбилерде қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен сынып кетеді. Баланы бұл ауруға шалдықтырмау үшін күн сәулесіне шығару қажет. Ол балықтың уылдырығында, құс етінде, жұмыртқада болады. Тәулігіне қажетті мөлшері 2, 5мг.Е витаминдер токоферол – ағзаның зат алмасу процесіне және көбеюіне әсер етеді. Эротроциттер қабықшасының бұзылуынан сақтайды. Ол жетіспегенде – қаңқа бұлшық етінің бұзылуына, жыныс бездерінің әлсізденуіне әкеліп соқтырады. Ол өсімдік майында, жұмыртқада, көкөніс, ас жапырақтарында болады. Оның ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 10-20мг.
К витамині филлохинон – қанның дұрыс ұюына әсер етеді. Ол жетіспегенде қан ұйымайды. Ол ішекте болатын микроорганизмдерде түзеді. Ол қырыққабатта, қызанақта, бауырда, томатта кездеседі. Оның ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 0, 2-0, 3мг К витамині қажет.Суда еритін витаминдер. С витамині ( аскорбин қышқылы )- ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сүйекке, тіске беріктік қасиет береді. Ол биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол жетіспесе адам құрқұлақ ауруына ұшырайды, тіс түбі қанайды. Ол бұрышта, аскөкте, көкжуа, қызанақ, қырыққабат, картоп, лимон, құлпынай, итмұрында болады. Тәуліктік мөлшер 60-100мг С витамині су мен метил спиртінде жақсы, этил спиртінде нашар еритін, бензол, ацетон, эфирде, хлороформда ерімейтін ақ кристалды ұнтақ. С витаминінің тағам көздері: қара қарақат, итмұрын, қызыл бұрыш, қырыққабат, шетен, лимон т. С авитаминозының белгілері
Аскорбин қышқылы адамдар, маймылдар, теңіз шошқалары, кейбір жоғары сатыдағы құстар организмінде синтезделмейді, сондықтан адам организміне ол тағаммен ғана түседі.
С витамині авитаминозының басты белгісі – ол клетка аралық бекітуші, дәнекер заттардың жиналуының нашарлауы. Бұл жағдай қан тамырлары қабырғаларының беріктігін және дәнекер ұлпаның синтезін төмендетеді. Витамин организмде жетіспегенде құрқұлақ ауруы пайда болады, қан азаяды, ішек зақымданады, ет пен теріге қан кетеді, бауыр мен сүйектер де өзгеріске ұшырайды.
В витамині (тиамин)- зат алмасуға қатысады.Ас қорыту мүшелерінің сөл бөлуін арттырады.Жүректің жұмысын жақсартады.Ол жетіспесе бери-бери ауруына ұшырайды. Соның әсерінен жүрек, асқазан жұмысы бұзылады. Ол бауырда, бүйректе, етте, сүтте болады.В2 витамині (рибофлавин )- ұрықтың және баланың өсуіне, дамуына әсерін тигізеді.Ол жетпесе көздің мөлдір қабықшасы қабынып, катаракта ауруы п.б. Ол жетіспегенде адам әлсізденіп, тез шаршайды, басы айналады, терісі жырылады. Ауыздың шырышты қабықшасы бұзылып, жүйке ауруына ұшырайды. Ол бидайда, бұршақта, картоп, бауыр, жұмыртқа, теңіз балықтарында болады.В6 витамині (пиридоксин) нәруыздың алмасуына, ферменттердің түзілуіне қатысады. Аминқышқылдарының алмасуын реттейді. Ол жетіспегенде қояншық, селкілдеуік, қаназдық ауруы п.б. Ол бидайда, бұршақта, сырда, сиыр етінде, бауырда, теңіз балықтарында болады. Тәуліктік мөлшері 2, 3мг. Р витамині (рутин, биофлавоноидтар, капилляр қабырға нығайтушысы) А. Сцент-Дьердьи тағы басқалар 1936 жылы лимон қабығы¬нан капиллярдың өткізгіштік қабілетін жақсартатын бір зат бар екендігін анықтап, оны Р витамині (лат. permeo – өткізу) деп атай¬ды. Р витамині сары немесе қызғылт түсті, суда нашар, ал сірке қышқылында, спиртте, сілтілік ерітінділерде жақсы еритін крис¬талды заттар. Р витаминінің тағам көздері: биофлавоноидтар аскорбин қышқылы бар барлық тағамдарда кездеседі және осы витамин¬мен қатар жүреді. Олар қара қарақатта, итмұрында, шай жапы¬рақтарында, барлық цитрустардың жемісінде, қарақұмықта, бауырда және т.б. тағамдарда көп болады.
№ 23 емтихан билеті