
- •22. Қажетті қорғану іс-әрекетінен шығу барысында айыптыныі іс-әрекетін саралау.
- •32.. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстарды саралау.
- •33. Жыныстық қылмыстарды саралау
- •34. Адамның бас бостандығына қарсы қылмыстар.
- •35. Адамның жеке басының ар ожданы мен қадір қасиетіне қарсы қылмыстар.
- •36. Меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері
- •37.Талан таражға салудың ұғымы мен түрлері
- •39. Талан таражға салудан басқа қылмысты саралау
33. Жыныстық қылмыстарды саралау
Адамның жыныстық қолсұғылмаушылығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар жеке тұлғаның жыныстық бостандығы және жыныстық қолсұғылмаушылығы қарсы күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар (ҚК 120, 121, 123 бб) және күш қолданылмайтын жыныстық қылмыстар (122, 124 бб. ) деп екіге бөлінеді. Зорлау (ҚК 120 б) деп, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа түсу танылады. Бұл қылмыстардың белгілеріне түсіну үшін 1993 жылы 23 сәуірде қабылданған ҚР Жоғарғы Сот Пленумының №1 «Зорлау қылмысы үшін жауапкершілікті реттейтін» заңдылықтарды соттардың қолдануы тәжірибесі жөніндегі қаулысы мен танысу керек. Зорлаудың сараланған түрлері: адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған зорлау, өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлау, жәбірленушінің сөз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса, бірнеше рет немесе бұрын кәпсі құмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адам жасаған зорлау, көрінеу кәмелетке толмаған адамды зорлау, абайсызда адамның (жәбірленушінің) өліміне әкеп соқтырған зорлау, абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИВ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, жәбірленушінің өн төрт жасқа толмауын көрінеу біле тұрып зорлауы, қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған зорлау. ҚК 121 б. объективтік жағы зорлауға ұқсас жолмен еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа түсуі немесе басқа да нәпсілік әрекеттерді сипаттайды. ҚК 120 б. мен 121 б. сараланған белгілері ұқсас. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсілік сипаттағы өзге де !с-әрекеттерге мәжбүр ету адамды бопсалау, құртамын деп қорқыту, мүмкін бүлдіру немесе тартып алу жасымен не жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдалану арқылы жасалынады (ҚК 123 б. ). Ал ҚК 122 бабы жәбірленушінің келісімімен нәпсілік сипаттағы күш қолданылмайтын әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілікті көздейді. Бұл қылмыстың міндетті шарты қылмыс субъектісінің аталған әрекеттерді 16 жасқа толмағандарға қатысты жүзеге асырып жатырғанынан хабардар болуы тиіс. Жас балаларды азғындату (ҚК 124 б) 14 жасқа толмағандарды жыныстық құмарлыққа итермелеуден тұратын түрлі интеллектуалды және физикалық әрекеттер боп табылады.
34. Адамның бас бостандығына қарсы қылмыстар.
Адамның жөне азаматгың құкықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының ІІ-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында "ең қымбат қазына — адам және адамның өмірі, кұқықтары мен бостандықтары",—деп жарияланған. Адамның жеке бостандығына қарсы қылмыстар қатарына адам ұрлау (ҚК 125 б); бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚК 126 б); психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (ҚК 127 б); адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіруді (ҚК 128 б) жатқызамыз. Адам ұрлау жәбірленушіні ұстап алу, оны өзінің үйреншікті микро ортасынан оқшаулау, үнемі немесе уақытша өмір сүріп жатырған орнынан басқа орынға ауыстыру, еркінен тыс ұстап отырудан тұрады. Адамды ұстап алған уақытынан және оны ең болмаса уақытша басқа орына ауыстырған уақыттан бастап қылмыс аяқталған болып есептеледі.
Адамды ұрлаудың сараланған түрлері ҚК 125 б. 2, 3 б. көзделгендей: алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған, бірнеше мәрте, адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып жасалған, қару мен қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып жасалған, кәмелетке толмағандығы көрінеу анық адамға қатысты жасалған, кінәліге жүктілік жағдайындағы екендігі анық әйелге қатысты, екі немесе одан да көп адамға қатысты, пайдакүнемдік ниетте жасалған, ұйымдасқан топ жасаған, ұрланған адамды нәпсіқұмарлық немесе өзге пайдалану мақсатында жасалған, абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан адам ұрлау.
ҚК 125 б. ескертуінде ұрланған адамды өз еркімен босатқаны үшін қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатудың арнайы шарты келтірілген. Бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚК 126 б) дегеніміз жәбірленушіні өз еркімен кеңістікте, уақыт аралығында қозғалу мүмкіндігінен айыру, мысалы: жайға қамап қою, байлап тастау т. б. Адамды бас бостандығынан айыру заңсыз және ұрлаумен байланыссыз болуы керек. Қарастырылып отырған қылмыстың сараланған және ерекше сараланған түрлерінің белгілері адам ұрлаудың сараланған түрлерінің белгілеріне ұқсас. ҚК 127 б. адамды психиатриялық стационарда заңсыз орналастыру немесе, онда заңсыз ұстау үшін жауапкершілік тағайындалған. Бұл қылмыстың объективті жағының мазмұнын түсіну үшін 16 сәуір 1997жылы қабылданған №96 «Психиатриялық көмек және оны көрсету кезіндегі азаматтардың құқтарының кепілдігі жөнінде» ҚР Заңымен танысу керек. ҚР ҚК 127 б. 2 б. бойынша дәл сол әрекеттер, егер пайдакүнемдік ниетпен жасалса, адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса сараланады. Адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сонымен қатар оларды тасымалдау әрі транзит үшін жауапкершілік ҚК 128 бабында көзделген Қолсұғушылықтың объективті жағы адамдарды алдау жолымен жасалған нәпсіқұмарлық немесе өзгедей пайдалану үшін азғырып-көндіру деп (1 б); саны мен қатар адамдарды қазақстан террриториясынан тыс жаққа әкету және оларды бір шет мемлекеттен кемсісіне ҚР территориясы арқылы көшіруден (3 б) тұрады. Саралаушы белгілері алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған әрекеттер, көрінеу кәмелетке толмағандығы белгілі адамға қатысты жасалған, ұйымдасқан топ жасаған, азғырып-көндірілген адамдарды Қазақстан территоиясының шегінен тыс жерлерге әкету мақсатында жасалуы.