
- •22. Қажетті қорғану іс-әрекетінен шығу барысында айыптыныі іс-әрекетін саралау.
- •32.. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстарды саралау.
- •33. Жыныстық қылмыстарды саралау
- •34. Адамның бас бостандығына қарсы қылмыстар.
- •35. Адамның жеке басының ар ожданы мен қадір қасиетіне қарсы қылмыстар.
- •36. Меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері
- •37.Талан таражға салудың ұғымы мен түрлері
- •39. Талан таражға салудан басқа қылмысты саралау
Меню
Қылмысты саралаудың түсінігін беріңіз
Қылмыстардың саралаудың ережесі және үдерісін беріңіз
Қылмстардың саралау және обьективті шынайылық түсінігін ашыңыз
Қылмыстық заң қылмыстарды саралаудың құқықтық базасының түсінігін беріңіз
Қылмыстық заңды талқылаудың түсінігін беріңіз
Қылмыстық заңның құрылымы және қылмыс құрамының айырмашылығын ажыратыңыз
Қылмыс обьектісінің түсінігі және қылмыстарды саралау үшін оның маңызын ашыңыз
Обьектіні топтастыруды ашыңыз(горизонтал және вертикал бойынша)
Қылмыс обектісінің қол сұғушылық затынан айырмашылығы және оның бірқатар қылмыс құрамдары үшін маңызын ашыңыз.
Қылмыстың объективтік жағының маңызын ашыңыз
Қылмыстың субъектісінің түсінігін беріңіз
Есі дұрыс еместіктің түсінігі және оны саралаңыз
Арнайы субьектімен жасалған қылмыстарды саралауды анықтаңыз
Кінә қылмыстың субьекті жағының міндеті элементінің түсінігін беріңіз
Кінә нысандарын атаңыз
Қылмыстардың көпшілігінің түсінігі және оның белгілерімен нысандарын ашыңыз
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының түсінігі белгілері және түрлері
Қылмыстардың жиынтығының түсінігі белгілері және түрлерін саралаңыз
Қылмыс құрамы және қылмыстық іс-әрекетті жоққа шығаратын мән жайларды саралаңыз
Қылмыстық құқықтағы қажетті қорғанудың түсінігі және оны саралаңыз
Жалған қорғанудың түсінігі және оны саралаңыз
Қажетті қорғану іс-әрекетінен шығу барысында айыптының іс-әрекетін саралаңыз
Аса қажеттілік түсінігі және оны саралаңыз
Қылмыс жасаған адамды ұсату барысында зиян келтіру және оны саралаңыз
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі және оны саралаңыз
Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері және оны саралаңыз
Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негізі мен шектері және оны саралаңыз
Қатысушылардың акцессорлығы және қатысушылардың жауаптылығын даралау және оны саралаңыз
Адамның жеке басына қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері және оны саралаңыз
Өмірге қарсы қылмыстарды саралаңыз
Денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралаңыз
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстарды саралаңыз
Жыныстық қылмыстарды саралаңыз
Адамның бас бостандығына қарсы қылмыстарды саралаңыз
Адамның жеке басының ар-ожданы мен қадір қасиетіне қарсы қылмыстарды саралаңыз
Меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері және оны саралаңыз
Талан таражға салудың ұғымы мен түрлерін саралаңыз
Талан таражға салудың нысандарын саралаңыз
Талан таражға салумен байланыссыз меншікке қарсы қылмыстарды саралаңыз
Тонау қылмыс құрамын саралаңыз
Вагапов ауырлататын жағдайда адам өлтіргені үшін сотталып жазасын өтеп жатты...
.Қазақстандық теплоходтың шет мемлекеттің портында аялдау кезінде жолаушылар Гаев пен Кимнің арасында кеменің бортында жанжал туды...
Асанов кешқұрым көшеде кетіп бара жатқан қызды тоқтатып...
Сорокин көлікті мас күйінде жүргізе отырып, жолаушыларды қағып кетті...
Жүргізуші Саматов Москва қаласынан Алматы қаласына дейін жеңіл машинаның 100шинасын тасымалдау үшін...
Балық аулау кемесінің капитаны К. Балқаш көлінде балық аулау кезінде кеме жүргізу ережелерінің қауіпсіздігін бұзды...
Адамдар көп жүретін көшемен 35-40км/сағ жылдамдықпен «Жигули» автомобилін айдап келе жатқан...
Симаков Тополев деген бар)))
Петров сатушының болмағандығын пайдаланып отырып...
Инспектор Жидков ...
Кәмелетке толмаған Сәлімов пәтер ұрлау үшін топ құрды...
Егоров мас күйінде түнгі сағат 3:00де...
103 мектеп-гимназиясының оқушылары 14жасар Николаев...
Савин өзінің әйелін Пуговкиннен қызғанды...
Савкин мен Жарков мас күйінде Савкинның танысы Бобкованың үйіне...
Есин аңшылықтан Будзинмен шанада бирге келе жатты...
Агаев өзінің көршісі Рзаевті қызғанышпен аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды...
Веллерт Варпеленің пәтерінде әзілдей отырып дәлізде тұрған...
Савченко Пустоваловқа қарызға ақша береді...
10 сыныпта оқитын 16жасар Белбородов үзіліс кезінде мектептің
1. Қылмыстарды саралау және олардың маңызы. Қылмысты саралау дегеніміз – «қылмыстық құқық нормасымен қарастырылған, жасаған əрекеті мен қылмыс құрамының арасындағы тура сəйкестікті орнату жəне заңды түрде бекіту» Қылмысты саралау түсінігі қылмыстық құқық теориясында бұрыннан қалыптасқан. «Қылмысты саралау» жəне «қылмыстарды саралау» сөз тіркесі болып келеді, «қылмыс» сөзінің жекеше жəне көпше түрінде жазылуына байланысты айырмашылығы бар, ал заң əдебиеттерінде синоним ретінде қолданылады. Қылмысты саралау түсінігі 4 компоненттен тұрады. Біріншісі, қылмыстық саралаудың заңдық бағасы əрекет болып табылғандықтан, кем дегенде қылмыс құрамының біреуі қылмыстық заңда көрініс табуы керек. Қылмыс болып табылмайтын əрекетті, қылмысқа ешбір нақты дəлелдемелерсіз жатқызбауын қарастырған кезде қылмысты саралау орын табады. Егер де заңдық баға бойынша əрекет қылмыс болып табылмаған жағдайда, яғниешқандай қылмыс құрамы болмаған кезде, қылмыстық заңмен қарастырылғанда онда бұл баға «қылмыс құрамы» деген ұғым болмайды, не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің қай бабымен болмасын қылмысты саралау мүмкін емес. Мұндай жағдайларда қылмысты саралау ұғымымен сəйкес келмейді, өйткені ол оң жақты болып табылады, мұндай жағдайларда қылмысты дұрыс саралаудың заңдық бағасы болмайды жəне жасалған əрекет қылмыс ретінде сараланбайды. «Квалификация» саралау термині екі латын: «gualis» - сапа, сапасы қандай; жəне «facere» - жасау ұғымдарының бірігуінен туындаған. Яғни, қандай да болмасын құбылыстың, процесстің сапалық бағасы, оның мəнді жақтарын əлеуметтік маңыздылығы белгілі басқа құбылыстармен салыстыра отырып тану. Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау ұғымына қатысты бірнеше көзқарастар орын алған.А.Н. Ағыбаев қылмысты саралауға келесідей анықтама береді: «Қылмысты саралау дегеніміз - қоғамға қayiптi, қылмыстық заңа қайшы істелген іс-əрекетті нақты 6ip қылмыс құрамына жатқызу жəне осы əрекетке қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық құқықтық баға беру». С.М. Рахметовтың көзқарасы бойынша, қылмысты саралау деп - қоғамға қауіпті ic-қимылды, қылмыстық заңда қарастырылған қылмыс құрамының белгісі бар бапқа жатқызу [6, 6б]. Б.А. Куринов бойынша, қылмысты саралау, біріншіден, қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларында көрсетілген қылмыс құрамының белгілерінің нақты қылмысқа қолданылуын; екіншіден, қоғамға қауіпті ic-əрекетке құқықтық баға беру А.В.Наумов «Қылмысты саралау қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарын қолдану» - деп көрсетеді. В.Н. Кудрявцевтің пікірінше, қылмысты саралау дегеніміз – қоғамға қауіпті іс – қимылды Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлім баптарына дəлме-дəл жатқызу арқылы, оған құқықтық баға беру A.A. Герцензон «Қылмысты саралау – нақты іс – қимылдың белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылғын белгілерге сəйкестігін анықтаудан тұрады», деп көрсетеді. Кейбір авторлардың пікірі бойынша, қылмысты саралау – қылмыстық заңның сəйкес бабын көрсетуден тұратын, нақты қылмыстық – құқықтық баға, құқыққолданушы жасаған логикалық қорытынды болса; екінші жағдайда – қылмысты саралау ретінде, осындай қорытынды жасауға бағытталған қызмет түсіндіріледі. Осы айтылғандарды қорытындылай келе қылмысты саралау – қылмыстық заңды қолданудың аралық кезеңі деп айтуымызға болады. Жасалынған іс – қимылдың заң мəтініне толығымен сəйкес келуі, өз кезегінде жауаптылықтың мазмұнын, жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Сондықтан да, құқыққолданудың бұл сатысында жіберілген қателіктер заңдылық режимін бұзып, кінəлілердің жəне жəбірленушілердің тағдырын өзгертеді, азаматтардың қылмыстық юстицияға деген жағымсыз қатынасын туындатады. Қылмысты саралау бір мезгілде əрі процесс жəне құқықтық қызметтің нəтижесі ретінде түсіндірілуі мүмкін. Жасалынған іс – қимылдың жеке белгілерін заңда көрсетілінген қылмыс құрамымен салыстыруға байланысты интеллектуалдық қызмет, процесс болып табылады. Құқыққолданудың нəтижесі ретінде қылмысты саралау жасалынған іс – қимылға берілген: 1. қылмыстық – құқықтық бағаны білдіреді.
6. Қылмыстық заң — Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін, қандай іс-әрекеттің адам, қоғам және мемлекет үшін қауіпті қылмыс екендігін және қандай жаза түрлерінің және қылмыстық құқықтық сипаттағы өзге шарттардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандақтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық-тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
7.Қылмыс обьектісінің түсінігі және қылмысты саралау үшін оның маңызы. Қылмыс құрамының элементі ретінде, объект, тікелей қабылдауға мүмкін болмағандықтан, өзіне ерекше назар аударуды талап етеді. Қылмыс құрамының басқа элементтеріне қарағанда, объектіні сол мезетте анықтау өте қиын, əдетте қылмысқа қатысушылар мен куəлер қылмыстың қай объектісінің бұзылғаны туралы сұраққа жауап бере алмайды. Объектіні анықтау арнайы білімді талап етеді де, істің барлық мəн-жайларын егжей-тегжейлі талдау арқылы анықталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабы – Қылмыстық кодекстің міндеттерін анықтай отырып, ең маңызды деген объектілердің тізбегін көрсеткен: адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары, меншік, қоғамдық тəртіп, қоғамдық қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі. Қолданыстағы қылмыстық заңнамада адам жəне азаматты қорғау бірінші кезектегі маңызды мəселе ретінде қарастырылады. Кеңестік дəуір барысында, мемлекеттік жəне қоғамдық мүдделердің маңызы жеке адамдардың мүдделеріне қарағанда маңызды деп есептелінген болатын. Жеке адамдардың мүдделерін бірінші кезекке қою, отандық заңнаманы демократиялық елдердің қылмыстық кодекстеріне сəйкестендіріп, қылмыстық құқықтың жалпыадамзаттық құндылықтар идеалына қайта оралуының куəсі іспеттес. Қылмыстық құқықтың теориясында қылмыстың объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ретінде анықталады. Қоғамдық қатынастар ретінде, құқықтық нормалармен қорғалынатын материалдық жəне материалдық емес өмірдің заттары мен құбылыстарына байланысты біріккен қызмет процесінде адамдар арасында қалыптасатын əртүрлі байланыстар түсіндіріледі. Яғни, адам əлеуметтік тіршілік иесі ретінде көрінетін қоғамдық қатынастар ерекше сипатқа ие. Адам өзі құрған заттармен, объективті əлеммен жəне басқа да тұлғалармен белгілі бір қатынастарға түседі. Сондықтан да, адамзат санасының қоғамдық табиғаты мен таным барысындағы қоғамдық қатынастарды зерттеу қажеттілігі түсіндіріледі. Қоғамдық қатынастар адамдар арасында тəжірибелік, танымдық жəне рухани əрекеттердің нəтижесінде қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың өзі сипаты бойынша жəне құрылымы бойынша да күрделі құбылыс болып табылады. Қоғамдық қатынастардың құрылысы келесі құрамдас элементтерден тұрады: 1. қатынастардың субъектілері; 2. қатынастадың субъектілерінің əлеуметтік байланысы; 3. субъектілердің мінез – құлқы орын алып отырған пəн, яғни қоғамдық қатынас.
Қоғамдық қатынастардың субъектілері болып осы қатынастардың қатысушылары, яғни
жеке жəне заңды тұлғалар, олардың өкілдері тадылады. Қоғамдық қатынастардың субъектілерін бөліп шығару қатынастарды анықтау үшін қажет, себебі, əлеуметтік статус субъект енген аяны көрсетеді де, оларды қорғайтын қылмыстық – құқықтық нормаларды дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастардың бір субъектісі əрқашанда адам болып табылады. Қатынастардың субъектілерінің əлеуметтік байланысы белгілі бір қоғамға маңызды қызметпен сипатталынады. Қылмыстық құқықта əлеуметтік байланыс үш аспектіде көрініс табады:
а) жеке адамдардың арасында; ə) жеке адамдармен заңды тұлғалардың арасында;
б) қоғамдық қатыастардың пəні жəне субъектілерінің арасында. Кейбір авторлардың пікірі бойынша, дəл осы жерде, қоғамдық қатынастардың мазмұнында мүдде əлеуметтік категория ретінде, алғашында оларды туындататын қозғаушы күш, кейінірек олардың құрамдас, мазмұнды бөлігі ретінде көрінеді. Қоғамдық қатынастың пəні – қоғамдық қатынастың неге байланысты туындайтыны. Қоғамдық қатынастың пəні – объектінің құрылымдық элементі. Сонымен, қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі ретінде мына элементтерді: қоғамдық қатынастардың субъектілерін; олардың əрекеттерімен өзара қатынастарын; қоғамдық қатынастар субъектілерінің заңмен қорғалатын материалдық, заттық мүліктік жəне басқа да игіліктері мен мүдделерінің жиынтығын қамтиды.
8.Обьектіні топтастыру (вертикаль және горизанталь). Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объектісін жаны, топтық және тікелей деп бөлу қағидасы қалыптасқан. Жалпы объектісі деп қылмыстық заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Әр қылмыс барлық уақытта қоғамдық қатынастардың белгілі бір түріне қиянат келтіруінің өзі қоғамдық қатынастардың барлық қылмыстың жалпы объектісі екендігін көрсетеді.Топтық объект - дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады.Мысалы, қарақшылық, басқа біреудің мүлкін ұрлау, тонау, оны алаяқтыұпен алу, бір топтық объектіге - басқа біреудің мүлкіне меншігіне байланысты қарсы қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғуды білдіреді.Осыған байланысты бір топтық объектіге қол сұғылатын қылмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің бір тарауына жиналған. Қол сұғушылықтың топтық объектісі кожекс тарауының атында көрсетіледі, кей жағдайда заңшығарушымен Ерекше бөлемнің бабында көрсетілед, ал кейде қылмыс құрамының әлеуметтік саяси анализі арқылы пайда болуы мүмкін.Сол себепті ҚК Ерекше бөлімін құру кезінде топтық объект алынады және топтық объектілерге байланысты тарауларға бөлінеді. Топтық объект қылмыстар және жасағаны үшін жауапкершілік көзделетін нормаларды заңды, ғылыми жіктеуге жол ашады.Тікелей объект - деп қылмыстық заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз.Көп объектілі қылмыстар болады. Мысалыға қарақшылық (179 б) объектісі біреудің мүлкі және тұлға. Бұл жерде бірінші объект негізгі объект, ал 2-сі қосымша объект болады.Қосымша объект 2-і объектілі қылмыстардың міндетті элементі болады және ол қылмыстық қол сұғушылықтың қоғамдық қауіптілік деңгейі мен мінезіне әсер етеді.Бұдан басқа әдебиеттерде факултативтік объектілер көрсетілген бұл объект қылмыстың міндетті белгісі емес. Қоғамға қауіпті әрекет жасалған кезде бұл объект болуы да болмауы да мүмкін. Факултативтік объектіның болуы болмауы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ қоғамға қауіптілігін арттыруы мүмкін және ол жазалау барысында есептелуі.
9. Қылмыс обьектісінің қолсұғушылық затынан айырмашылығы және оның қылмыс құрамдары үшін маңызы. Нормативтік теориядн бөлек қылмыстың объектісі ретінде субъективтік құқықты тану теориясы да кездеседі. «Қылмыс кімнің болмасын құқығына заңға қайшы қол сұғу, яғни мемлекет бұл құқықты өмір сүрудің қажетті шарты ретінде жазамен қорғаған» Бірақ та, Н.С.Таганцевтің пікірі бойынша, «субъективтік құқыққа қол сұғу, субъективтік құқық көрсетілінген құқық нормасына қол сұғудың мəнін емес, құралын ғана құрайды. Субъективтік мағынадағы құқық – нақты игілік немесе мүддеде көрініс таппайынша, қылмыстық қолсұғушыықтың тікелей объектісі бола алмайды». А. А. Пионтовский: «Қылмыс объектісі дегеніміз, қоғамдық қатынастар» деп дұрыс шешім қабылдай отырып, қылмыстың тікелей объектісін қарастыруда барлық уақыт осы тезис бойынша жүрген жоқ . Мысалы, ол: «Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі қоғамдық қатынастардың өзі емес, ал олардың элементтері бола алады», деп жазды. Қоғамдық қатынастар жəне мəн мен құбылыс сияқты материалистік диалектика дəрежесі жазықтығындағы қылмыстың тікелей объектісі ретінде қылмыс объектісі қатынастарын көрсететінін А.А.Пионтовкийдің пайымдауымен келісуге болмайды. Мəн жəне құбылыс дəрежесі дегеніміз бірдей заттардың əртүрлі жақтарын көрсететін дəреже болып табылады. Сонымен қатар, қылмыс жасау кезінде кінəлі тікелей қоғамдық қатынастарға емес, оның жеке құбылысының элементтеріне əсер етеді, деп Пионтовский жағдайды реттеудегі дұрыстығын жоққа шығаруға болмайды. Қылмыс жасай отырып, қоғамдық қатынастарға қол сұға отырып, адам барлық уақыт шығын келтіреді, осы ықпалға түскен объектіні жояды немесе өзгертеді. Біздің түсінігімізше, зардапсыз кұбылыс дегеннің өзі табиғатта кездеспейді. Сондықтан да, А. Н. Трайниннің: «Қоғамға шығын келтірмейтін қылмыс болмайды», - деген шешімімен келісуге тура келеді. Қылмыс объектісі мəселесін кешенді түрде алғаш рет Б.С. Никифоров өзінің «Объект преступления по советскому угоовному праву» деген монографиясында жасап шығарған болатын. Онда өзінің тікелей құрылыстың элементтері арқылы қылмыс объектісін зерттеуге дұрыс əдістік негіз қаланған болатын. Нақты қоғамдық қатынастар құрылысын зерттеу еңбектің авторына оның құрамды элементтерін бөліп шыгаруға, олардың өзара байланысын жəне өзара байланыстылығын көрсетуге, осы қоғамдық қатынастарға шығын келтіру механизмін зерттеуге жəне осы негізде қылмыстың тікелей объектісі туралы мəселені шешуге, объектілердің түрлерін анықтауға жəне олардың өзара қатынасын анықтауға жəне осы мəселенің басқа да сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді. Сонымен, қоғамдық қатынастар қоғамның қоғамдық-экономикалық формацияларына байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі. Қоғамдық қатынастар қылмыс заң арқылы жасалмайды, қылмыстық заң қоғамдық мүддеге сай келетін қоғамдық қатынастардың жетілуіне, дамуына, нығаюына тікелей əсер етеді. Белгілі бір қылмыс жасай отырып, кез келген тұлға қоғамдық қатынастардың белгілі бір элементтеріне қол сұғады, қатынастар қатысушыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама зиян келтіре отырып, олардың өзара байланысын бұзады. Қоғамдық катынастардың барлығы қылмыстық заңмен қорғалмайды, тек қана заңшығарушы тарапынан құнды деп танылғандар ғана қылмыстық заңның қорғауына алынған. Қылмыстық заңда қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалатын маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері көрсетілген. Мысалы, 1959 жылғы Қазақ ССР-нің Қылмыстық кодексінің 7 -бабында көрсетілгендей, қылмыстық заңда қоғамдық құрылысқа, саяси жəне экономикалық жүйеге, жеке меншік, жеке тұлға, оның саяси, еңбек, мүліктік жəне басқа құқықтары мен еркіндіктеріне, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық тəртіпке қол сұғатын қоғамдық қауіпті əрекет қылмыс деп мойындалынады. Қоғамдық қатынастардың осындай маңызды салаларын қорғау қылмыстық заңнаманың міндеті ретінде көрсетілген. Кез келген қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар болады. Нақты қылмыс объектілерінің мазмұны жəне құрылысы туралы, оларға қылмыстық қол сұғу жəн зиян келтіру механизмі туралы мəселелер əлі де болса толық зерттелмеген мəселелер қатарына жатады. Жоғарыда айтылғадарды жиақтай келе, қылмыстың объектісінің негізгі қасиеттері мынада: Қол сұғушылықтың объектісі - материалдық жəне материалдық емесқұндылықтар, яғни саяси, моральдық, мəдени жəне басқалары бола алады.Кез келген қол сұғушылықтың объектісі дегеніміз - сол қол сұғушылық зиян келтірген немесе зиян келтіру қаупін төндірген, қоғамдық қатынастар болып табылады. Объект қылмыс құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады, сондықтанда объектісіз қылмыстың өзі мүмкін емес. қылмыстық заңмен қылмыс ретінде қарастырылатын кез келген қоғамдық қауіпті əрекет белгілі бір объектіге қол сұғады. қылмыстық қол сұғушылық кезінде объектіге зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін тудырады. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық əрекеттің əлеуметтік жəне құкықтық табиғатын анықтауға, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік түрлері мен шектерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар объектіні айқындау қылмыстардың ұқсас құрамдарын бір-бірінен ажыратуға, қылмыстық əрекетті қылмыстық емес əрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кез келген əрекеттің қоғамдық дəрежесі маңызды дəрежеде қандай объект қол сұғушылыққа ұшырап отырғандығына да байланысты болады, сондықтан да əрекеттегі қылмыстық заңдылықта қылмыстық қаралғандай қандай да бір əрекеттің белгілері бар, бірақ ыздылығының аздығынан қоғамдық қауіпті болмайтын əрекет немесе əрекетсіздік қылмыс болып саналмайды. Объект осымен шектелмейді . Қылмыс объектісінің белгілері бойынша заңшығарушы қылмыстық-кұқықтық нормаларды жүйелеу жəне кодификациялау сияқты күрделі жұмысты жүргізеді.Қылмыс объектісін қылмыстық құқықтық реттеу объектісінен ажырату керек. Қылмыстық құқық құқықтың басқа да салалары сияқты ең алдымен құқықтық реттеу объекті бойынша жеке сала ретінде бөлінген. Объектілерді ғылыми жіктеу оның мəнін тереңірек түсінуге жəне оның элементтік-құқықтық байланыстылығын ұғуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар объектінің қылмыстық зандылықтың дамуына əсерін анықтауға жəне практикада қылмыстылықпен қарсы күресте қылмыстық-кұқықтық нормаларды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен, кез келген қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар болады деп айта аламыз. Нақты қылмыс объектілерінің мазмұны жəне құрылысы туралы, оларға қылмыстық қол сұғу жəн зиян келтіру механизмі.
10.Қылмыстың объективтік жағының маңызы. Қылмыс құрамының обьективтік жағы қылмыстық- құқықтық нормаларының диспозицияларында көрсетілген қылмыстық әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығында тұжырымдалады. Адам жасаған кез- келген әрекетте көптеген ішкі және сыртқыбелгілері болады. Нақтылы қылмыстық- жазаланатын әрекеттер әркезде де жеке- дара сипатта болады. Бұл жерде адамның жай дене қозғалысын емес, оның саналы қызмет-әрекетінің қарастыруымыз керек. Адамның мұндай қызметі- егер онда оның ойы, сезімі немесе көңіл-күйі емес, тек қимыл-әрекетті нақты көрініс тапқан жағдайда ғана қандай да бір қылмыстық заң нормасына сәйкес келеді және сол норманың ықпалында болады. Қылмыстық нақты құрамының обьективтік жағы- оны қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы дап тануға, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан ажратуға қажетті белгілердің ғана жиынтығын құрайды. Мысалы, ұрлықтың обьективтік жағы - бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау; зорлаудікі- күш қолдану арқылы жыныстық қатынас жасау, жәбірленуші немесе жәбірленушінің дәрменсіздік жағдайын пайдаланып; бұзақылықтікі- қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық, және т.б. Қылмыс құрамының обьективтік жағы мыналарды қамтиды: - әрекет немесе әрекетсіздік; - қоғамға қауіпті салдар (зардап);
- әрекет (әрекетсіздік) пен салдар арасындағы себепті байланыс; -қылмыстық жасау уақыты, орны, жағдайы, тәсілі, құралы және қаруы. Адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі- кез- келген қылмыс құрамының міндетті белгісі. Қоғамға қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыстың жасалу уақыты, орны, жағдайы, тәсілі, қаруы және құралы қылмыс құрамының обьективтік жағының факультативтік белгілері болып табылады, өйткені олар қылмыстық- құқықтық нормалардың диспозицияларында көрсетілген жағдайларда ғана міндетті белгілері ролін атқарады. Объективтік жақтың белілерін анықтау көптеген себаптармен маңызды. Себебі, ол көпшілік жағдайда қылмыстың өзге элементтерінің белгілерін, яғни қылмыс объектісін, оның субъектісін дұрыс көрсетуге жағдай жасайды. Практика жұмысында қылмыстық іс қозғаудың алғышарты, нақтықылмыстың жасалғандығын білдіретін қауіпті іс әрекеттің орындалуы намесе зардаптың орын алу фактісі болып табылады. Мұндай негіздерге байланысты тергеуші түпкілікті квалификация жасамағанның өзінде қылмыстың белгілі бір тобы туралы болжам жасай алады. Мысалы, бөтеннің мүлкін өртену оқиғасының орын алуын сүйеніп, меншікке зиян келтіре алатын қылмыстардың түрлерін ескереді. Мұндай жағдайда объективтік жақтың белгілерін, оның ішінде жасалған іс әрекеттің түрін анықтай отырып,нақты қылмыстың түрін көрсетуге болады. Өйткені, кейбір қылмысты іс әрекеттердің түрі, оның мағынасына кінә нысанын да анықтап бере алады. Мысалы, адамның денсаулығы мен өміріне келтірілген зардаптарды қарастыратын қалмыстарда кінәлінің басқа адам денесіне атылатын немесе суық қаруды кезенуі немесе пайдалануы абайсыздықта жасалатын осындай қылмыстардың мүмкіндігін шектейді. Обективтік жақтың белгілерін дұрыс анықтаудың келесі маңыздылығы, ол ұқсас деп бағаланатын құрамдардың арасындағы айырмашылықты тауып, жасалған қылмысты дұрыс квалификациялау болып табылады. Сонымен қатар, объективтік жақтың белгілерін дұрыс анықтау ол құрамның бұл элементіне жататын белгілердің өзара тығыз байланыстылығын түсінуді қажет етеді. Объективтік жақтың белгілері аяқталғын қылмыстық белгілерін білдіреді және қылмыстың орындаушысының рөлін бейнелейді және бұл белгілер заңда бейнеленген нұсқада болады.
11.Қылмыс субъектісінің түсінігі. Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады. Қылмыс субъектісі – ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып алу т.б.) қылмыстық жауапқа адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауру, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгурететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасаған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей”. Бұл қағида сонымен қатар, конституциялық та болып табылады, себебі, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген. Тек жеке адам ғана қылмыс субъектісі бола алады, жеке адамдар – Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары. Қылмыс субъектісі ретінде тек жеке тұлғаларды тану – заңды тұлғалар, яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қылмыс субъектісі бола алмайды дегенді білдіреді. Осыларды айта келе, Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және бойында қылмыстық заңда көзделген белгілері бар жеке тұлға. Қылмыстарды субъектісі бойынша ажырату немесе осы құрам элементіне қарай квалификация жүргізу, қылмыс құрамдарының өзге элементтері бірдей болып, тек субъекті түрінде айырмашылық болғанда ғана қолданылады. Өзара ұқсас қылмыстар субъекті түріне қарай ажыратылғанда, олар көпшілік жағдайда қылмыс объектісіне қарай ажыратылады.Ұқсас қылмыстар бір-бірінен субъекті түріне қарай ажыратылғанда, олар ешқашанда тек жалпы субъектілер түріне қарай ажыратыла алмайды. Яғни, субъектісіне қарай ажыратылғанда қылмыстар есі дұрыстық және жауаптылық жас бойынша бір-бірінен ажыратылмайды. Мұндай ұқсас қылмыстардың субъектісіне қарай айырмашылақтар екі деңгейде болады. Бірінші деңгейде, субъектісіне қарай жалпы және арнаулы түрлері бойынша ажыратылады. Екінші деңгейле, субъектісіне қарай ажыратылғанда ұқсас қылмыстар тек арнаулы субъектіні білдіретін белгілер бойынша ажыратылады.
12.Есі дұрыс еместіктің түсінгі жəне оны анықтаудың критерилері. Есі дұрыс еместік - қоғамдық кауіпті әрекетті жасаған кезде, психикасының дертке ұшырауы немесе кем ақылдығы салдары арқылы көрінетін өзінін іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдык қауіптілігін ұғына алмаушылығы. Есі дұрыс емес күйде құқық бұзушылық жасаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес, ондай адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады Есі дұрыстық – адамның өз іс –әрекетінің түсінуін және әрекеттерін басқара білуін білдіреді. Егер адам психикалық аурулардың салдарларынан жасаған әрекетінің мағынасын түсіне алмаса немесе оған жетекшілік ете алмаса, есі дұрыс емес деп танылады. Адамды есі дұрыс деп тануда, осы екі белгінің бірінің болуы жеткілікті, яғни жасаған әрекеттерінің түсіне алғанымен, бірақ өз әрекеттерін басқара алмайтын немесе иелік ете алмайтын болса да, есі дұрыс емес деп саналады. Есі дұрыс еместікті тек құқық ғылымы ғана емес, медицина ғылымы да анықтайды. Құқық, оның ішінде қылмыстық құқық қауіпті іс –әрекет жасаған адамға жауаптылық қолдану үшін адамның есі дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықтауға мүдделі. Ол үшін психиатрия қызметінің көмегіне жүгінеді. Адамның өз іс –әрекеттерінің мағынасын түсінуі ретінде ми қызметіменжасалған қимыл –әрекет қандай мағынаны білдіретіндігін, сондай –ақ қандай нәтиже шығатындығын сезінуі алынады. Адамның өз іс –әрекетінің жетекшілік, иелік етуін жасалғанқимыл –қозғалыстың немесе іс –әрекеттің ми қызметінің шешімімен сйкес келуі және орындалған іс –әрекеттің адамның ой –тілегін білдіре алуы түрінде түсіну керек. Қылмыстық заң есі дұрыстығы шектелген жағдайда қылмысты іс –әрекеттер жасаған адамдардың жауаптылыққа тартылу мүмкіндігін келтіреді. Шектелген есі дұрыстық қылмысты квалификациялау ережесіне әсер етпейді, ол тек жауаптылықты жеңілдететін белгі ретінде бағаланады. Бір айта кететін жайт, есі дұрыстық еместіктің бір түрін білдіретін кем ақылды адамдар өз іс –әрекетінің мағынасын түсінеді және оған жетекшілік жасай біледі. Бірақ, мұндай кем ақылды адамдардың қылмыс субъектісі ретінде бағаланбау себебі, ол мұндай адамдардың өз іс –әрекеттеріне жауаптылықсыз қарайтындағында, өзге адамдардың айтқанына сенгіштігіне,сонымен қатар қылмыстық жауаптылыққа тартқан күнде де жазаның не үшін қлданылғанын түсіне алмайтындығына немесе жазаның мақсатын қолдану мүмкін еместігіне байланысты болып табылады.
13. Арнайы субъектімен жасалған қылмыстарды саралау. Қылмыс субъектісінің жалпы белгілерімен қатар берілген қылмыс құрамы үшін міндетті болып табылатын қосымша белгілерге ие жеке тұлға қылмыстың арнайы субъектісі болып таылады. Бұндай жағдайда әдетте лауазымды тұлға, әскери қызметкер, белгілі бір кәсіппен немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысатын тұлғалар жөнінде айтылады. Қылмыстық Кодексте лауазымды тұлға және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға түсініктеріне анықтама бере отырып Қазақстан заңшығаушылары өте дұрыс жасаған. «Лауазымды тұлға» түсінігі тұрақты уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республиқасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасның басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды тұлғалар деп танылады. Мемлекеттің функцияларын және мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін Қазақстан Ресубликасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конситиуциялық және өзге де заңдарында белгіленетін қызметті атқаратын, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси қызметін атқаратын адамдар деп түсініледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде негізінен арнайы субъектісі бар қылмыс құрамдарынан тұратын екі тарау бөлініп берілген , олар лауазымдық және әскери қылмыстар туралы тараулар. Одан басқа ҚК-тің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарының диспозицияларында тікелей көрсетіледі немесе оның мазмұнынан арнайы субъектінің белгілері логикалық түрде анықталады. Олар берілген құрам үшін міндетті, қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі үшін факультативті болып табылады. Қылмыстың арнайы субъектісінің белгілерін тиісті түрлік топтарға бөлуге яғни оларды сыныптауға болады. 1) субъектінің арнайы ролін және құқықтық жағдайын сипаттайтын белгілер (азаматтығы, тұлғаның лауазымдық жағдайы кәсібі, қызмет түрі, атқаратын жұмысының сипаты, әскери қызметке қатыстылығы, сот порцессіне қатысуы, сотталуы немес қамауға алынуы, сотталғандығы); 2) субъектінің жеке басының ерекшеліктері (жас мөлшері, жынысы, денсаулық жағдайы); 3)субъектінің жәбірленушімен арақатынасы (жәбірленуші және басқа тұлғалар мен туыстық, қызметтік және басқалай ара қатынастары).
Қылмыстың арнайы субъектісімен жасалатындығын білу үшін қылмыстық құқыта мынадай тәсілдер қолданылады: 1) қылмыс түріне талдау жасау нәтижесінде анықталады. Заңдағы кейбір қылмыс түрлерінде, ол қылмыстың арнай субъектімен жасалатындығы баптың атауында немеесоның диспозициясында келтірілмейді; 2) Қылмстың арайы субъектімен жасалғандығы баптың атауында немесе оның диспозициясында тікелей айтылады. Мысалы, медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы. Қылмысты субъектісі бойынша квалификациялауды бір баптың көлемінде де жүргізуге болады. Мұндай жағдайда бір баптың өзінде осы қылмыстың бірнеше құрамдары қарастырылып, олар өзара субъекті түрі бойынша ажыратылады және әдетте бірінші бөлімде жалпы субъектінің әрекеттері келтірілсе, басқа бөлімінде осындай қылмысты әрекеттер үшін аранй субъектінің жауаптылығы қарастырылады.
14. Кінə қылмыстың субъективтік жағының міндетті элементі. Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (субъективті жағы оның ішкі сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы. Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстық кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйі жатады. Бұл белгілердің әр түрлі мазмұнына қарамастан олар субъективті жағын құрайтын бір топқа бірігеді, себебі олардың барлығы қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болатын процестерді сипаттайды. Кінә - қылмыстың субъективті жағының міндетті белгісі. Кінә болмаған күнде қылмыстық құрамы да болмайды және болуы да мүмкін емес. Бұл субъективті жақтың қылмыстық істі қылмысты емес істен ажыратып, бөліп отыратын негізгі белгісі. Заң шығарушының кінәға маңызды мағына беретіндігі соншалық, тіпті кінәлі жауаптылық қылмыстық Кодекстің қағидасына дейін көтерген. Адам өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс, кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық қолданылмайтыны атап көрсетіледі. Тергеу мен сот үшін анықтау және дәлелдеу жүмыстары кезінде қылмыс құрамының барлық элементтерінің ішіндегі ең күрделісі - дэл осы субъективті жағы болып табылады. Бұл түсінікті де, себебі қылмыс жасаушының ойына, ниетіне, тілегіне, сезіміне жол табу,
қылмыстық объективті жағын анықтаудан анағұрлым қиындау. "ішінде не барын кім білсін" деген бекер емес шығар. Сондықтанда, тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасы. Сонымен, кінә дегеніміз, қасақаналқ немесе абайсыздықпен юбейнеленетін адамның өз іс әрекетіне және оның нәтижесіне деген психикасы болып табылады. Бұл анықтамдағы іс әрекетдеген психикалық қатынас белгісі, адамның жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігін сезінуімен, одан белгілі бір зардаптар туындауы мүмкіндігін көре білумен, сондай ақ қылмыскердің нәтижеге деген психикалық қатынасы қоғамға қауіпті іс әрекеттердің жасалуын немесе елеулі зардаптардың туындауын тілеу, сондай ақ саналы түрде жол беру немеесе зардаптың пайда болуына мән мағынасыз, яғни бәрібір деп қарау немесе болдыртпаймын деп жеңіл ойлылықпен есеп жасау, зардаптың болу мүмкіндігін көре білуге мүмкіндігі, міндеттілігі болғанда, бірақ көре білмеуімен анықталады. Демек іс әрекеттің орындалуына немеес зардаптың туындауына деген кінәлінің психикалық қатынастары кінә түрлерінде еріктілік және интеллектуалдық сәттері арқылы шешіледі. Анығырақ айтқанда психикалық атынас қылмыскердің кінә түрлерінің интеллектуалдық және еркін білдіру момоентеріне қатысты анықталады.
15.Кінəнысандары. Қылмыстың субъективтік жағы кінә, ниет және мақсаттан тұрады. Жекелеген ғалымдар оның құрамына эмоцияларды да жатқызады алайда олар оны кінәнің мазмұнынакіргізеді. Жалпы қалыптасқан пікір бойынша қылмыстың субъективтік жағын қылмыстың кінәнің нақты нысанымен, ниет және мақсатымен сипатталатын тұлғаның жасаған қылмысқа деген психикалық қатынасы ретінде бағаланады. Қылмыстың субъективтік жағының белгілері негізгі (міндетті) және факультативті (қосымша) болып бөлінеді. Олардың біріншісіне кінә, дәлірек айтқанда оның қасақаналық және абайсыздық формалары жатқызылады. Нақты жағдайда бұл қасақаналық немесе абайсыздық (тиісінше олардың тікелей және жанама, менмендік және немқұрайдық түрлері) жасалған қылмыстың мәнісі мен сипатына тәуелді түрде қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде кез-келген құрамда орын алады. Қазақстанның ҚК-нің Ерекше бөлімінің баптарының диспозицияларында олар жиі көрсетілмегенімен. Мысалы, Басқыншылық соғысты тұтындыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру; Жаппай тәртіпсіздіктер, Алаяқтық, Зорлау, Пара беру. Белгілердің екінші тобы – қылмыстың ниеті мен мақсаты кейбір құрамдар үшін міндетті, ал басқалары үшін құрамның факультативті белгісі қызметін атқарады. Қылмыстың субъективті жағының белгілері заң мәтініңің өзінен туындайды немесе заңның тиісті баптарының диспозициясын түсіндірудің әртүрлі амалдарының көмегімен анықталады. Енді аталған белгілердің қылмысты саралауға қатысты қарастырамыз. Бір мезгілде сонымен қатар қылмыстың іс-әрекетінің өзінің де белгісі болып табылатын кінә түсінігінен бастаймыз. Кінә туралы ілім қылмыстық құқық теориясының аса маңызды бөлімі болып табылады. Кінә - бұл қылмыстық заңмен тиым салынған қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы тұлғаның онымен жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекетке және оның салдарына психикалық қатынасы. Құқықтық ғылыммен тұжырымдалған бұл пайымдау шын мәнісінде барлық заңгерлермен қабылданған. Кінә (кінәлілік) мәселесінің проблемалары бойынша тиісті пікір таластар өткізілген. Аталған мәселелер әрекет етуші заңнаманың салаларын қолдану бойынша әртүрлі деңгейдегі кеңесулер мен мәжілістердің талқылауының тақырыбы болды. Мысалы кінә пайымынан бас тартып, тек оның қасақаналық және абайсыздық нысандарын анықтаумен шектелу туралы, жанама қасақаналық және қылмыстық менмендікті біріктіру есебінен кінәнің жаңа үшінші нысанын «біле тұра» істеу дегенді енгізу туралы ұсыныстар болған. Бұрынғы уақыттардағы ғылыми пікірталастарды талдау біздің жұмысымыздың мақсаты болмағандықтан біз негізінен қылмысты саралаудың қазіргі таңдағы мәселелеріне ғана назар аудардық. Ғылыми негізділігі күмән туғызатындай кейбір ой-пікірлерге тоқталмастан, ғылыми ортада басымдыққа ие болған және практикада қолданыстағы тұжырымдар, ұғым, түсініктерді талдауды ғана міндет ретінде қойғандықтан біз жұмысымызды аталған бағытта жүргіземіз. Кінәнің ең жоғарғы қауіпті түрі тікелей қасақаналық деп айтуға болады, өйткені мұндай кінә түрінде қылмыскер іс әрекеттің қаіпті екендігін, зардаптың туындайтынын біліп қана қоймайды, ол сонымен бірге осындай зардаптың болуын тілейді. Тікелей қасақаналықпен салыстырғанда жанама қасақаналықты дәрежесі бойынша сәл төмен деп бағалауға болады, себебі мұндай қасақаналықта қылмыскер зардаптың туындауын тілемеді ол саналы түрде оған жол береді немесе зардаптың болуын мән мағынасыз қарайды. Жанама қасақаналықпен салыстырғанда менмендікте дәрежесіне қарай жеңілірек кінә ретінде бағалануы мүмкін, себебі менмендікте қылмыскер іс әрекеттің қауіпті екенін және бұл әрекеттің зардапқа соқтыру мүмкіндігін көре біліп, бірақ басқа нәтиже жету үшін зардаптыболдыртпаймын деп жеңіл ойлылықпен есеп жасайды. Ал, немқұрайдылық одан да дәрежесі бойынша жеңілірек болып табылады, себебі бұл кінә түрінде адам зардаптың туындау мүмкіндігін көре білуге міндетті және мүмкіншілігі болғаны үшін қылмысты деп танылады. Демек кінәнің ең ауыр түрі тікелей қасақаналық, ал ең жеңіл түрі немқұрайдылы абайсыздық екен.
16. Қылмыстардың көптілігінің түсінгі жəне оның белгілерімен нысандары. Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қаты настардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді. Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады. Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазіргі қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы; 2) қылмыстардың жиынтығы; 3) қылмыстың қайталануы. Қылмыстардың көптігінің өзіне тән белгісі – бір тұлғаның кемінде екі рет қылмыс, яғни қылмыстардың дербес құрамдарының белгілері бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бір әрекет) жасауы. Ал әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіпке қарсы қылық, азаматтық – құқықтық тәртіп бұзушылық, сол сияқты, ҚК-те іс - әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың көптігіне жатпайды. Қылмыстық жауаптылықтың ескеру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да қылмыстың көптігіне жатпайды. Сонымен қатар, қылмыстық – құқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкінуіне, қажетті қорғанудың шегінен асуына, жәбірленушімен татуласуына байланысты немесе рақымшылық жасау актісі негізінде немесе ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген жағдайларға орай қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі. Көптік қылмыстар бойынша квалификация жүргізуде кінәліде бір қылмысты жасау мақсаты болған болмағанын анықтау маңызды деп түсіну керек. Өйткені, әрбіреуі аяқталған қылмыстыбілдіретін әрекеттер бірнеше ретжасалғанда, көптік қылмыстар ретінде бірнеше рет қайталанған қылмыс деп бағалау керек пе немесе жеке қылмыс ретінде ірі мөлшерде зардап келтіру деп квалификация жасау керек пе деген сұрақ туындайды. Мұндай жағдайда қылмыскерде ірі зардап келтіру немесе ірі мөлшерде пайда табу мақсаты болса, онда әрқайсысы аяқталған қылмысты блдіретін бірнеше рет жасалған әрекет заң бабында келтірілгенде бір қылмыс ретінде бағалануы керек. Ал әрқайсысы аяқталған қылмысты білдіретін біртектес әрекеттерде бір мақсат болмағанда және ос бапта қылмысты бірнеше рет қайталау арайы келтірілгенде, баптың тиісті бөлімімен бірнеше рет қайталанған қылмыс деп квалификация жасау керек.
17. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының түсінігі,белгілері және түрлері. Қылмыстық заңның 11 бабына сәйкес,бірнеше рет жасалаған қылмсы дегеніміз,Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немсе баптың бөлімініде көзделген екі немесе оданда да көп әрекетті жасау болып табылады. Демек,бірнеше рет жасалған қылмыстардың мағынасын,әрқайсысы аяқталған болып табылатын бір қылмыс түрін бәрнеше рет жасауды білдіреді. Бір адаммен бір қылмыс бірнеше рет жасалғанда және ол қылмыстар бойынша жауаптылыққа тартылмағанда қылмысты саралаудың арнайы ережесі қолданылады және бұл ереженің негізгі мағынасы қылмыстық іс құжаттарында бір қылмыс түрі бір адаммен қайталанып бірнеше рет жасалғандығы үшін бір бапты бірнеше рет қолданбауды білдіреді. Заңның кейбір баптарында қылмыстың қауіптілігін ауырлататын белгі ретінде бірнеше рет жасау арнайы келтірмесе ,онда әрқайсысы аяқталған қылмысты білдіретін біртектес әрекеттер бір қылмыс деп танылуы қажет және баптың көлемінде онда осындай бөліммен саралануы қажет.Бірнеше рет жасалған қылмыстардың түсінігі меңгеру және саралануы тәртібін дұрыс жүргізу үшін оның жалғаспалы,созылмалы және қылмыстар жиынтығынан айырмашылығын білу керек. Қылмыстық құқықта қылмысты бірнеше рет қайталауды тар немесе нақты мағынада қолданады.Бірнеше рет жасалған қылмыстардың жалпы түрі ретінде қылмыс жасаған адамның қайтадын кез келген қылмыс түрінжасауы алынады және жалпы түрде қылмысты бірнеше рет қайталаудың ұғымы көптік қылмыстардың өзге түрлеріне де қатысты. Сонымен қылмыстардың бірнеше рет жасалуы дегеннің мағынасана тереңрекТеория жүзінде де практика жүзінде де қылмысты бірҚылмыстардың қайталануының кез-келген түрі, оның қоғамдық қауіптілігінің сипатыӘдетте, бірнеше мәртелілік барабар қылмыстардың да (яғни кодекстіңБірақ кодекстің ерекше бөлімінде арнайы көрсетілген жағдайларда бірнешеҚ.К.-16-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер адам бұрын жасалған қылмысыҚылмыстың қайталануына (рецидив) қарағанда (Қ.К. 18-бабының 4-ші бөлігі)Кінәлі тұлғаның ұқсас немесе біртекті екі немесе оданНақты жағадайлар тұрғысынан өзара айырмашылықтары болғанымен, бірдей қылмысҚ.К.-тің ерекше бөлімінің бір қатар нормаларындарында ұқсас қылмыстардыңЗаң мен тікелей қарастырылған дағдайларда біртекті қылмыстардың даБірнеше рет жасалу ұғымы, кінәлі тұлғаның сотты болған.
18.Қылмыстардың жиынтығының түсінігі, белгілері және түрлері. 'Қылмыстардың жиынтығы— екі не одан да көп қылмыстық әрекеттердің шоғыры. Жеке адамға қатысты Қылмыстардың жиынтығы қылмыстық әрекеттерді жасаған адам қылмыстарының бірде-біреуі үшін сотталмағандығымен немесе заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмағандығымен сипатталады. Айыптының әрекетінде Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында немесе баптардың бөліктерінде не болмаса бір баптың түрлі тармақтарында көрсетілген қылмыс құрамы болады. Сондай-ақ адам әрекетінің бір бөлігі болған қылмысты, басқасы қылмысқа дайындалуды, оқталуды немесе қылмысқа қатысуды түзетін болса, онда мұндай әрекет те Қылмыстардың жиынтығы болып шығады, яғни Қылмыстық кодекстің екі не одан да көп баптарында көзделген қылмыс, қылмыстық белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) Қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Егер айыптының қылмысы жалпы және арнаулы нормаларда көрсетілген болса, онда Қылмыстардың жиынтығы бола алмайды, сондықтан оны жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа арнаулы норма бойынша тартылады (ҚР Қылмыстық кодексі, 12-бап).Қылмыстардың жиынтығында адам,егер жасалған әрекеттердің белгілері осы Кодекстің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса әрбір жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады (12-бап, 1-бөлігі).Осы Кодекстің екі немесе одан да кеп баптарында көзделген қылмыстардың белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бір әрекеттің белгілері осы Кодекс бабының басқа әрекет үшін неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса, әрбір қылмыс үшін осы Кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады (12-бап, 2-бөлігі).Егер адам Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, онын бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстардың жиынтығында кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да көп қылмыстың құрамы болады. Кінәлінің істеген іс-әрекеті қыл-мыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген баптардың әр түрлі бөлігінің немесе бір баптың неше түрлі тармақшаларында көрсетілген қылмыс кұрамының белгілеріне сәйкес болуы керек. Сол сияқты адамның істеген біркелкі әрекетінің біреуі біткен қылмыс та, басқасы қылмысқа дайындалуды, оқталуды немесе қылмысқа катысуды түзетін болса, онда мұндай әрекетте қылмыстың жиынтығы болып табылады.Қылмыстың жиынтығы болу үшін адам істеген іс-әрекеттің біреуі үшін де сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болуы керек, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 65,66, 67, 68, 69. 73, 76 - баптарында көрсетілген шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босап, қажетті корғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату; жәбірленушімен та-туласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; ескіру мерзімі өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; айыптау үкімінің ескіру мерзімі бойынша жазаны өтеуден босату, айыптау үкімінің-ескіру мерзімі бойынша жазаны өтеуден босату, рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықпен жазадан босату сияқты фактілер қылмыс жиынтығында орын алмауы керек.Егер мұндай мәселелер болса, онда ондай іс-әрекетте қылмыстың жиынтығы болмайды. Заң әдебиетінде қылмыстың жиынтығы идеалдық, және нақты (реалды) болып екі түрге бөлінеді.Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің, бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, бір баптың әртүрлі бөліктері, тармақшалары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз. Қылмыстың идеалдық жиынтығына Ш-ның іс-әрекеті мысал бола алады. Ш. өзінің танысы К-ның саяжайына келеді. Ш. К-нің саяжайда қатты мас болып, ұйықтап жатканын көріп, одан кек алу мақсаты-мен, есік, терезені сыртынан мықтап бекітіп, дәлізде түрған 10 литр бензинді саяжай ішіне шашып, от қояды. Өрттен саяжай өртеніп, ішіндегі К. ауыр жарақат алып 4 тәуліктен соң ауруханада қайтыс болады. Ш. бір әрекетпен (К-нің саяжайын өртеу арқылы) екі қылмыс істеді: 1) бөтеннің мүлкіне өрт жіберу арқылы қасақана құрту (87-бап, 2-белігі, «а» тармағы); 2) кісіні кек алу мақсатымен қасақана өлтіру (96-бап, 1-бөлігі).
Егер кінәлі адам бір әрекет арқылы бір мезгілде қылмыс істеуге оқталумен бірге екінші бір біткен қылмыстың құрамын орындаса бұл да қылмыстың идеалдық жиынтығы болады.
19.Қылмыстық құрам және қылмыстық іс әрекетті жоққа шығаратын мән жайлар. Қылмыс кұрамы дегеніміз қоғамға қауіпті əрекет немесе əрекетсіздікті қылмыс
қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік жəне субъективтік
жақтарынан кұралатын белгілерінің жиынтығы болып табылады. Әрбір азаматтың конституциялық борышы - қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға,қоғамға, мемлекетке қарсы юағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс -әрекетті тойаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық және басқа да зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекетттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі – қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс - әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлуе; бұйрықты немесе өкімді орындау әрекеттері жатады.Осы аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, лоарда қоғамға қауіптілік болмағандықтан,қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы іс - әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән–жайларға талдау жасайық.Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы дайындығына және қызмет жағдайына қарамастан, бірдей дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан, тиесілі болып табылады (32-бап). Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, менгін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды делінген (32-баптың 1-бөлімі).Бұл жерде мемлекеттік, қоғамның мүдделеріне қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен, қылмыс болып саналмайды делініп отыр.Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетт қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, меншігін және т.б. игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мәні зор. Өйткені қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы әрекет деп саналады. Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы мен меншігі оның қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғауынан тысқары қалады. Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру қылмыстық құқықтық әрекетпен заң қорғайтын объектке қол сұғушылық болып табылмайды. Қажетті қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып саналады. Сол себепті мемлекет заңда белгіленген тәртіппен кейбір тәртіп сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына да жол береді.Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі болғанына қарамастан, қажетті қорғануды қолдануына құқылы.Көмек сұрау мүмкіндігіне қауіпті қиянаттан қашып кету, жасырынып қалу, жұлқынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айқайлап көмекке шақыру, телефонмен құқық қорғау органдарына, туысқандарына, көршілеріне, таныстарына хабарлау сияқты әрекеттер жатады. Заң бойынша барлық азаматтар – кәсіби немесе өзге де дайындығын, қызмет жағдайына қарамастан, қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей құқылы. Заңда лауазым адамдары немесе басқадай құқыққорғау органдары үшін қажетті қорғанудың ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін қажетті қорғануды қолдану олардың жеке құқығы болып табылады.Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моральдық жағынан айыпталады. Керісінше, заңға, уставына және басқа да нормативтік акттерге сәйкес қажетті қорғануды жүзеге асырмаса, оның әркеттері қылмыстық немесе тәртіптік жауаптылыққа жатады. Мысалы, полиция қызметкері Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Пленумының «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысын Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қажетті қорғану құқығы азаматтардың өмірін, денсаулығын, арын, беделін, сондай-ақ мүлкін қоғамға қауіпті әреекттерден қорғаудағы констиутциялық құқықтарын жүзеге асырудың ең бір кепілі екеніне соттардың назарын аудару керек.Азаматтар заңға сәйкес ашбуылдан қашып қорғанудан немесе басқа амалдар қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамға қауіпті шабуылға қарсы залал жасау жолымен белсенді шараларды қолдануға қақысы бар. Мұндай кеде олар қоғамға қауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірген залалы үшін жауап бермейді деп атап көрсеткен. Қажетті қорғануды жүзеге асырудың заңға сыйымды негізгі шарттары бар.Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылық шарттары: оның біріншісі қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ болса, қажетті қорғану да жоқ. Қол сұғушылықтың түрлері Қылмыстық кодекстің 32-бабында қорғанушылықты немесе басқа адамның жеке басына тікелей төнген қауіпті қиянаттан болған әрекеттер деп көрсетілген. Бұл әрекеттер шабуыл арқылы жүзеге асырылады. Шабуыл – бұл ашықтан-ашық кенеттен пайда болған зорлық әрекет. Өмірге қауіпті зорлық өлімге әкеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлық денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Зорлық көрсетемін деп қорқыту өмірді жоюға, немесе денсаулыққа зақым келтіруге нақты бағытталуы мүмкін. Қажетті қорғану қауіпті тудыру ошағына арналғндықтан, оны кім немесе не төндіргеніне қарамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нәтиженде заң қорғайтын мүддеге қауіп төндіретін лауазымдық жағдайын пайдаланушыға да, жасы қылмыстық жауаптылыққа толмағандар мен есі дұрыс еместерге, қорғаудың шегінен асып кетушілік әрекеттеріне және жалған қорғануға қарсы қолданылуы мүмкін. Заңда бұларды бір сөзбен айтқанда, қауіпті қиянатты төндіруші деп айтады. Қауіпті төндірушіге заң бойынша жоғарыда айтылған іс-әрекетті істегендердің бәрі жатады. Қажетті қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты қажетті қорғануды қандайда бір әрекетінде қылмыстың формальдық жағынан белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздіке қарсы қолдануға болмайды. Мұндай әреекттерге өте арзан заттарды ұрлау, жасөспірімдердің бау-бақшадан жеміс-жидектер ұрлауы сияқты әрекеттері жатады. Адам мұндай іс-әрекеттері арқылы зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жауаптылыққа тартылады.Қажетті қорғану әкімшілік теріс қылыққа да қарсы қолдануы мүмкін. Мысалы, ұсақ бұзақылыққа қарсы. Қажетті қорғануды қолдануда негіз болатын қоғамға зяинды қасақана әрекеттің (абайсызда емес) өмірге, денсаулыққа, меншікке, басқа да құқықтарына, қоғам немесе мемлекет заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіпке дереу зиян келтірілуі мүмкін болғанда ғана қолдануға болады. Мысалы, кісі өлтіруге, әйелді зорлауға, ұрлыққа, тонауға оқталу. Егер қиянаттың қоғамдық қатынастарға дереу, тез зиян келтіруге қабілеті болмаса, ондай әрекеттерге қарсы қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда төнген залалды тойтару басқа жолмен жүзеге асырылады.Қажетті қорғануды қарсы әрекетке ғана қолдануға болады. Құқықтық міндетін орындамаған әреектсіздікке қажетті қорғануды қолдануға негіз жоқ. Мұндай құқықтық міндетті орындамаушылық орын алған жағдайда оған зиян келтірмей-ақ оны зорлап орындатушылық орын алады. Заңда көрсетілген қылмыстық қиянатпен қол сұғы қасақана болуы керек, абайсыздықпен қол сұғу басқа жолмен тоқтатылады.Қажетті қорғануды қолданудың екінші шарты – қорғану қол сұғушылық нақты бар болғанда ғана қолданылады. Қол сұғушылықтың объективтік категория ретінде басталуы мен аяқталуы болады. Нақты төніп тұрған қол сұғушылық деп заң қорғайтын объектке зиян келтіруге кірісуді басталғалы жатқан немесе кіріскен әрекетті айтамыз. Яғни қол сұғушылықтың кірісуі деп қоғамға қауіпті іс-әрекеттің басталған уақытын айтамыз. Қасақана қылмыстар үшін қол сұғушылықтың бастамасы болып қылмыс істеуге оқталғандық айтылады. Ал қол сұғушылықтың аяқталғаны болып іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде оның доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылық алға қойған мақсатқа жетуге немесе одан өз еркімен бас тартуға байланысты доғарылуы мүмкін. Егер қол сұғушылық бітіп кетсе, оған қарсы қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Өйткені, қажетті қорғанудың басты мақсаты – болатын, орын алатын зиянды тойтаруға, оны болғызбауға бағытталған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты өзінің 1994-жылғы 23-желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әреекттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысында қажетті қорғану құқығы тек қоғамға қауіпті қол сұғушылық сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анық төнген кезде қолданылатынын көрсеткен. Яғни қажетті қорғануды нақты қауіп төніп тұрған қол сұғушылыққа ғана қолданады. Нақты төніп тұрған қаупі біткен қылмысқа оны қолдануға болмайды. Осыған орай кейде қажетті қорғануды қолданушы қылмыстың біткенін немесе бітпегенін ажырата алмаудан қолдану жағдайлары да кездесуі мүмкін. Жоғарыда аталған Жоғарғы сот Пленумының қаулысының 21-тармағына сәйкес мұндай реттерде «шабуыл аяқталғаннан кейін, бірақ істің мән-жайларына сәйкес қорғанушы үшін оның бітіп қалуының түсініксіз жағдайына сәйкес қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен қылмысты бітпеген қылмыс деп ұғынып, қажетті қорғануды қолданса, ол әрекеттерді қажетті қорғануға жатқызу керек» делінген. Егер қорғанушы қауіптің біткенін біле тұра қажетті қорғануды қолданса, ондай әрекет қажетті қорғану шегінен шығу деп есептелінеді. Қауіпті емес әрекетті оның қауіпті екенін білугі мүмкіндігі болмай шынымен қауіпті іс деп санап, қажетті қорғану қолданылса, ол үшін қажетті қорғануды қолданушы жауапкершілікке жатпайды.Егер қорғанушы іс-әрекеттің қауіпті емес екендігін байқауына мүмкіндігі болып тұрып, қорғануды қасақана емес күйде жүзеге асырса, бұл жағдайда ол абайсыздық түрінде істелген әрекет үшін жауаптылыққа тартылады.Қажетті қорғанудың үшінші бір шарты – қоғамға қауіпті қол сұғу айқын, шын мәнінде, яғни қоғамдық қатынастарға анық зиян келтіретін болуы керек. Адам санасында ғана елестетілетін қиянаттың зиян келтірумен ешқандай байланысы жоқ, елестетілетін қиянаттан қорғануды жалған қорғану дейміз.
20.Қылмыстық құқықта қажетті қорғанудың түсінігі. ҚК 37-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе езге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, коғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды. Кодекстің осы бабының 2-бөлігіне орай "барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға мүмкіндігі бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе билік органдарының көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады". "Қол сұғушылықтың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне анық сәйкес келмейтін қасақана әрекеттер қажетті қорғану шегінен шығу деп танылады" (РФ ҚК 37-бабының 3-бөлігі). ҚК 37-бабына сәйкес, қажетті қорғануды қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушы адамға зиян келтіретін құқыққа сыйымды қорғаныс ретінде анықтауға болады.Қылмыстық құқық теориясында (сот тәжірибесін ескере отырып) қажетті қорғанудың құқыққа сыйымдылық шарттарын жасап шығарды. Олардың қол сұғушылыққа да, сондай-ақ одан қорғануға да қатысы бар. Қол сұғушылық мынадай талаптарға жауап беруі қажет:Бәрінен бұрын қол сұғушылық объективті түрде қоғамға қауіпті болуы керек. Қылмыстық заң қорғайтын мүдделерге, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке елеулі зиян келтіретін немесе келтіре алатын қол сұғушылық осы қатарға жатады. Оның үстіне қол сұғушылық қылмысты, яғни қылмыстық тұрғыда жазалауға жататын болуы шарт емес. Өздерінің формальды — заң жүзіндегі белгілері бойынша қылмыстық тұрғыда жазалауға жатпайтын қол сұғушылықтар да болады, бірақ олардың құқық қорғайтын мүдделерге айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Мәселен, адамның өміріне және денсаулығына есі дұрыс емес адам немесе жасы қылмыстық жауаптылық, арқаланатын жасқа жетпеген адам тарапынан жасалған қол сұғушылықты (қастық жасауды) алайық. Мұндай қол сұғушылықтардан да қажетті қорғануға жол беріледі. Егер мұндай жағдайларда адамгершілік тұрғысынан алғанда, өзінің қажетті қорғануға деген құқығын жүзеге асырушы өз құқығын іске асыру шектеріне ықтиятты болса, әлгіндей ахуалда барынша шамалы зиян тигізуге немесе таза қол сұғушылықтан жалтаруға тырысу үшін (өзге жағдайларда бұл қажет те емес) ұмтылса — онда басқа. Есі дұрыс емес адамның қастық жасауынан жалтару үшін бар шараларды қолданған адам (қашып кетеді, не көмекке шақырады) әрине, өз қылығымен адамгершілік тұрғысынан қолдауға жатады, өйткені ол бұл жағдайда аталған шараларды қорыққандықтан емес, имандылық тұрғысынан алғанда және ойланып барып жасайды.
21. Жалған қорғану. Қажеттi қорғануды жалған қорғанудан ажырата бiлу керек. Жалған қорғану кезiнде қоғамға қауiптi қол сұғушылық шын мәнiнде нақтылы болмайды, бiрақ оқиғаның жағдайына қарай қорғанушының қол сұғушылық жасалды деп ойлауына негiз болып, осыған орай ол қол сұғушылыққа қарсы әрекет жасадым деп қате жорамал жасайды. Жалған қорғану кезiнде келтiрiлген зиян үшiн мынандай мән-жайлар бар болған кезде: 1) қалыптасқан жағдайға байланысты зиян келтiрушiнiң қажеттi қорғаныс жағдайында әрекет жасадым деп негiздi ойлаған, бiрақ ол қорғаныс шегiнен шығып кеткенде; 2) зиян келтiрушi тиiсiнше мұқият болса жағдайды дұрыс бағалауға және қоғамға қауiптi қол сұғушылықтың жоқтығы туралы тұжырым жасауға мүмкiндiгi болғанда (мысалы, көршiлерiнiң пәтерiнен сумка көтерiп шыққан бейтаныс адамды көрiп, ұрлық жасады деп ойлап зиян келтiрсе, ал жәбiрленушi көршiлердiң туысқаны болып шықса) қылмыстық жауаптылық туындайды. Мұндай жағдайларда адам нақтылы қателiк туралы ережелер бойынша, яғни тиiстi тұлғалардың заңмен қорғалатын объектiлерiне абайсызда зиян келтiргенi үшiн жауаптылыққа тартылады. Шындығында қоғамға қауiптi қол сұғушылық жасамаған, бiрақ қорғанушының пiкiрiнше солай жасауы мүмкiн адамға келтiрiлген зиян қажеттi қорғануды құрамайды, өйткенi әрекет белгiлi бiр адамнан келетiн нақтылы қоғамға қауiптi қол сұғушылықты тойтаруға емес, белгiсiз адамдар тобына зиян келтiруге бағытталады (мысалы, жемiстерiн ұрлатпау үшiн жемiс бағының иесi қақпаға бекiтiп қойған жарылғыш заттан сол жерге кездейсоқ келген адамға келтiрiлген зиян). ҚК 32-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес, қоғамға қауiптi қол сұғушылық жасаған адамға қажеттi қорғану жағдайында зиян келтiру қылмысты құрамайды және бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен шығуға жол берiлмесе, қылмыстық жауаптылыққа әкелiп соқпайды.
Қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне көрiнеу сай келмейтiн қасақана әрекеттердi қажеттi қорғану шегiнен шығу деп түсiну керек. Қол сұғушылыққа тойтарыс беру немесе болдырмау бойынша мұндай әрекеттердiң сөзсiз салдары шабуыл жасаушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлу болып табылады.
Қажеттi қорғану шегiн және қол сұғушылық пен одан қорғанудың сәйкестiгiн/сәйкессiздiгiн дұрыс анықтау үшiн әр iс бойынша: қол сұғушылықтың сипатын, оның қоғамдық қауiптiлiгiн, қол сұғушылықтың қарқынын, қорғану дәрежесiнiң шабуылға сәйкестiгiн/сәйкессiздiгiн, қол сұғушыға келтiрiлген зиянның мәнiн, келтiрiлген зиянның көрiнеу (анық) шектен тыстығын, мұндай зиян келтiруге мәжбүр еткен/мәжбүр етпеген жағдайды және басқаларды анықтау және баға беру қажет. Қол сұғушылықтың сипатына баға берген кезде шабуыл жасаушының әрекеттерiнiң бағытын, күш қолдану, мүлiктiк немесе рухани (моральдық) сипатта болуы мүмкiн келтiрiлген зиянның мәнiн есепке алу қажет. Қоғамға қауiптi қол сұғушылықтың дәрежесi оның сипатына, сондай-ақ шабуыл жасаушылардың қарқынына, олардың санына, жас ерекшелiктерiне, қаруларының бар-жоғына және басқа да нақты мән-жайларға қарай анықталады.
22. Қажетті қорғану іс-әрекетінен шығу барысында айыптыныі іс-әрекетін саралау.
Қорғанушы қорқу, үрейлену немесе сасқалақтау жағдайында болды ма, оның осы жағдайы өзiнiң қорғану әрекеттерiн бағалауына және қажеттi қорғану шегiнен шықпайтындай әрекет жасау қабiлетiне әсер еттi ме деген мәселелердi анықтау үшiн психологиялық-психиатрлық сараптама жасап, оның қорытындысын басқа дәлелдемелермен және қоғамға қауiптi қол сұғушылық нәтижесiнде қалыптасқан нақтылы жағдаймен және одан қорғану әрекеттерiмен бiрге бағалау қажет. Осыған байланысты қорқу, үрейлену, сасқалақтау жағдайында қажеттi қорғаныс шегiнен шыққан адам қайсiбiр жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын, ал басқа жағдайларда босатылмайтынын ескере отырып, әрбiр нақты жағдайда қылмыстың жасалуының мән-жайын (қол сұғушылықтың жасалу уақыты мен орнын, қол сұғушылар мен қорғанушылардың санын, шабуыл жасаушылардың шабуыл кезiнде құралдар қолданған-қолданбағанын, тараптардың жасын, дене бiтiмiн және психикалық жағдайын және т.с.с.) мұқият анықтау және айқындау қажет. Шабуыл жасаушыға келтiрiлген зиянды бағалау кезiнде қорғанушы адам қол сұғушылықтың салдарынан пайда болған толқу жағдайында ұдайы қауiптiң сипатын нақты салмақтап және соған мөлшерлес қорғану тәсiлiн таңдай алмайтынын ескеру қажет. Сондықтан қоғамға қауiптi қол сұғушылық кезiнде қару есебiнде қолданылған құралдардың шабуыл жасаушыдан қорғанушыға өтуi барлық жағдайларда да өздiгiнен қажеттi қорғану шегiнен шығуды бiлдiрмейдi. Мұндай жағдайларда шабуыл жасаушы мен қорғанушының бұдан кейiнгi әрекеттерiнiң сипатын және басқа да мән-жайларын ескеру қажет. Қажеттi қорғану шегiнен шығу кезiнде кiсi өлтiру, денсаулыққа ауыр зиян келтiрудi жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасаған әрекеттерден ажырату қажет. Бұл орайда қажеттi қорғану жағдайында, соның iшiнде қажеттi қорғану шегiнен шыққанда да, айыпты қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан қорғануды көздейдi, ал жан күйзелiсi жағдайында өзiн осындай күйге ұшыратқан адамға зиян келтiрудi көздейдi. Адамның осындай әрекеттер жасаған кездегi психикалық жағдайын анықтау үшiн мiндеттi түрде психологиялық-психиатрлық сараптама жасап, оның қорытындысын басқа дәлелдемелермен бiрге бағалау керек. Егер айыпты қажеттi қорғану шегiнен шықса және осы кезде жәбiрленушiнiң құқыққа қарсы әрекеттерiнiң әсерiнен жан күйзелiсi жағдайында болса, онда әрекеттi салдарына қарай ҚК 99 немесе 109-баптарымен саралау қажет. Қажеттi қорғану шегiнен шығу кезiнде қасақана кiсi өлтiру немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiру, тiптi ҚК 96-бабының екiншi бөлiгiнде қарастырылған мән-жайлар болса да, тиiсiнше ҚК 99-бабының екiншi бөлiгi немесе ҚК 109-бабымен саралануға жатады.
23. Аса қажеттіліктің түсінігі және оның саралау. Заңмен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе қылмыс болып табылмайды.Құқық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатер жойылған жағдайға көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады. ҚК 39-бабының 1 - бөлігіне сәйкес, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетуге жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.Аса қажеттілік — әрдайым біреуінен туындайтын зиянның алдын тек екіншісіне зиян тигізу арқылы алуға болатын құқықпен қорғалатын екі мүдденің қақтығысы. Мысалы, куә адам қатты ауырып жатқан туысқанын тастап кете алмағандықтан сотқа келмеді делік. Сотқа келмеудің өзі өз алдына қылмыс құрамын құрайды (куәнің түсінік беруден бас тартуы). Бірақ, бұл құқықтық міндетті орындау нақты жағдайда бір мезгілде құқықпен қорғалатын екінші мүдде — адамның өмірі немесе денсаулығына елеулі зиян әкелетіндігін білдіреді. Жағдай құқық қорғайтын екі мүдденің қайшылығын (коллизиясын) туындатып отыр: безбеннің бір жағында әділ заңдылық мүдделері, екінші жағында адамның өмірі мен денсаулығы тұр. Бұл тығырықтан шығудың төркіні құқықпен қорғалатын мүдделердің ешқайсысына да зиян келуіне жол бермеуде жатыр. Бірақ, мұны, жоғарыда айтқандай, екінші бір мүддеге зиян келтіру жолымен ғана жүзеге асыруға болады. Аса қажеттілік жағдайының туындау түрлері әрқилы болып келеді, осыған байланысты қылмыстық заң оны қылмыстық-құқықтық тұрғыда реттеуді арнайы қарастырады. Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерде іс-әрекеттің қылмысты болуы мүмкін емес (оларда Қылмыс құрамы болмайды).Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттердің заңды екендігінің (құқыққа сыйымдылығының) шарттары төнген қауіптің алдын алуға да, сондай-ақ одан қорғануға да қатысты.Төнген қауіпке қатысты аса қажеттіліктің құқыққа сыйымдылығының шарттары мыналар болып табылады:1. Аса қажеттілік жағдайын жасайтын қауіптілік көздерінің сипаты.
24. Қылмыс жасаған адамды ұстау барысында зиян келтіру. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру Қылмыс істеген адамды ұстау – қылмыстылықпен күресудің негізгіСондықтан да қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарғаҚол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттігіБұл - әркімнің қызметтік және азаматтық парызы. ҚылмыскердіӨйткені қылмыскерді ұстағанда оның жеке өзіне мүліктік мүддесінеҚылмыс істеген адамды ұстағанда зиян келтірудің дұрыстығын анықтаудағыБірншісі, қылмыс істеу фактісіне байланысты мән–жайлар, екіншісі қылмысҚылмыскерді ұстаудың негізгі болып оның біткен немесе аяқталмағанБұл жерде ескеретін жайт, қылмыскер деп қасақана немесеҚылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес қылмыс істедіа) Бұл адамның қылмыс істеп жатқан үстінен шықсаб) Көзімен көрген адамды, соның ішінде жәбірленуші дев) Сезікті адамның өзінде немесе киімінде, өз қасындаҚылмыскерді ұстаудың сөзсіз негіздері болып оның тұтқыннан, қамаудан,Қылмыскерді ұстау деп негізінен ол адамның қылмыс істепҚылмыс істеген адамды ұстаған кезде зиян үшінші жаққаМұндай зиян келтіру тек амалсыздан, басқа шараның жоқтығынанАуыр өте ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстау кезіндеЗиян келтіру кейбір жағдайларда ұсталатын қылмыскердің қарулануына, қылмысҚылмыскерді ұстаудың мақсаты оны әділ соттылыққа беру болыпҚылмыскерді ұстау барысында оның өмірін жою қажетті қорғануҚол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиянБұлайша асыра істеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғанаМұндай асыра сілтеу үшін тек (абайсызда емес) зиянМұндай шектен шығудың, яғни асыра сілтеудің заңда көрсетілгенА) істелген қылмыстық қаупінің сипаты мен дәрежесіне сайб) Ұстау жағдайына сөзсіз сәйкес келмеуі салдарынан кісігеОсындай қажетті шамалардың шегінен шығуы тек қасақаналықпен ғанаҚылмыскерді ұстаудың қажетті қорғану мен аса қажеттілікпен өзгешеліктеріа) Қажетті қорғану тікелей төніп тұрған нақты қиянаттыб) қажетті қорғанудың мақсаты – қылмысты тойтару, қылмыскердів) аса қажеттілікте келтірілген залалдық мөлшері тойтарылған залалҰзақ уақыт бойы Қазақстанның қылмыстық заңында қол сұғушылық1997 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының кейбір заңҚК–тің 33–бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған адамғаҚол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіруБұл біріншіден қылмыстық – құқықтық институт ретінде қылмысЕкіншіден бұл адамның мүддесі мен конституциялық құқықтарын қорғаудаҚылмыскерді ұстау арқылы оның жаңа қылмыс жасауы тыйылады,Қылмыскерді ұстаудың негізі оның біткен немесе аяқталмаған қылмыстыТек қана оның қоғамға қауіпті әрекеттері үшін ғанаҚК – тің 33–бабына сәйкес зиян келтірудің мақсатыҚылмыскердің бостандығын шектеудің заңды белгілеріне мыналар жатады: 1) Адамның қылмыс жасауы және қылығы үшін мемлекет2.) Қылмыс субъектісіне тән барлық белгілерге ие болғанына3) Қол сұғушылық жысаған адамды ұстауға бұған арнаулы4) Қол сұғушылық жасаған адам қылмыс жасаған уақыты5) Қылмыскерді ұстау, егер ол қысқа уақыт аралығындаҚылмыскерді жәбірленуші, куәгер немесе басқа да адамдар тезОлар мыналар: - зардап тигізудің қажетті болуы:арнайы мақсаттың болуы: - әрекеттің нақты жағдайларға сай болуы: Бұл шарттар заңды түрде қол сұғуға зиян келтірудіңҚол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтірудің1) Қылмыскердің әрекеті үшінші тұлғаға (басқа адамға) оның2) қылмыскердің қашуға әрекеттенуі немесе қарсылық көрсетуі себептіҚажеттілік мына үш факторға бөлінеді: Қылмыскерге және ұстау кезіндегі оның әрекетіне; 2. қылмыскерді ұстайтын адамға; 3. ұстау кезіндегі жағдайға байланысты сипатталады. Қылмыс жасаған адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтіруҚылмыстық кодекстің 34–бабының екінші бөлігіне сәйкес құқық қорғауМұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайлардаАса қажеттілік те қажетті қорғану сияқты заңды жәнеАса қажеттіліктің бұдан өзгешелігі сол, ол тойтарылған зиян3. Қылмыс істеген адамды ұстағанда сай емес зиянҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің түсінігінде 100- бапта айтылыпҚылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен1. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян2. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген3. Бұл қылмыстың объективтік жағы - ұстау шараларынЕгер бұл көрсетілген негіздер болмай адам өлтірсе, ондаМысалы, әкімшілік сипаттағы жазықтылығы (кішігірім бұзақылық) үшін ұстағандаҚоғамға қауіптілігі орта немесе кішігірім деңгейдегі қылмыс жасаған4. Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама ниетпенҚылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оны абайсызда өлтіру,Қол сұғу жасаған адамды ұстаудағы мақсат – оны5. Қылмыстың субъектісі – жасы 16- ға толған,Егер құқық қорғау органдарының лаузымды адамы қылмыскерді ұстау6. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралар.
25. Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысудың түсінігі. Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, олардың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдағыдай жасауға және оны жасыруға барлық қажетті жағдайларды жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, ортақ бөлінбейді. Тек қасақана жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді. Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.Орындаушы — бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл-есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы — бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүнемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.Адамды нақты заңға қайшы әрекеттерге баруға тікелей бағытталмаған жалпы үндеу мен тілектер айдап салу ретінде қарастырыла алмайды. Мысалы, «о дүние» тартымдылығы туралы абстрактілі ойлар немесе керісінше, бір адамның «ақша жасай» алмауы және т.б. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылдым. Сондай-ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстын ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасау сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.
26. Қылмысқа қатысудың нысандарымен түрлері. Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.Орындаушы — бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл-есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы — бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүнемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.Адамды нақты заңға қайшы әрекеттерге баруға тікелей бағытталмаған жалпы үндеу мен тілектер айдап салу ретінде қарастырыла алмайды. Мысалы, «о дүние» тартымдылығы туралы абстрактілі ойлар немесе керісінше, бір адамның «ақша жасай» алмауы және т.б. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылдым. Сондай ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге деқұралдарын, қылмыстын ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасау сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.
27. Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негізі мен шектері. Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізгі Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар орындаушылар,Орыңдаушы. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқаҚылмысты орындаушы қылмысты жеке өзі немесе оны бірнешеҰйымдастырушы. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылықАңдап салушы. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқытуАйдап салушы болашақ қылмысты орындаушыны әр түрлі әдіспенҚылмыс істеуге біреуді көндірудіру тәсілі, құралы даСубъективтік жағынан алғанда айдап салушылық әрекеті тікелей қасақаналықКейбір жағдайларда мұндай іс-әрекет нақты бір жағдайларға байланыстыКөмектесуші. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, кылмысты жасайтын қару немесеОбъективтік жағынан алғанда қылмысқа көмек көрсету жоғарыда көрсетілгенКөмектесушінің қылмысты орындаушылардан өзгешелігі, сол қылмысқа көмектесу әрЗаттай (материалдық) көмектесу, әдетте, белгілі бір белсенді іс-әрекеттерИнтеллектуалдық көмектесу, әдетте, орындаушының қылмыс істеуге деген шешімін,Қылмысқа айдап салушыдан қылмысқа көмектесушінің айырмашылығы мынада: қылмыскаҚылмысқа бірге қатысуда да, жеке адамның істеген қылмысындаОсы принципке сәйкес қылмысты орындаушының әрекеті ҚК-тің ЕрекшеОсыған байланысты қылмысқа қатысушылардың әрекетін саралағанда олардың әрқайсысының«Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрғанҰйымдасқан топ құру осы Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарындаҰйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық сыбайластыққа «Қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса ауыр.
28. Қатысушылардың акцессорлығы жəне қатысушылардың жауаптылығын даралау. Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) тәуелді болады. Себебі тек соның әрекеттерінде ғана жасалғаны үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа тартылуы тиісті қылмыс құрамының белгілері болады. Қылмыстық құқықта қылмыс жасаған әрбір адамның жеке жауаптылығы принціпі болғанымен ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші сияқты қатысушылардың іс-әрекеттерін орындаушының іс-әрекеттерінен бөлек қарастыруға болмайды. Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері ретінде қатысушыларда қасақаналықтың, қылмыс жасауға деген ой бірлестігінің болуы және алдын ала келісімнен құралады. Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері тәрізді бұл белгілерде қылмысты бірлесіп жасаудың бастапқы сатыларынан бастап қылмыс салдары туындағанға дейін орын алады. Жоғарыда айтылғандай, қылмысқа қатысушылықтың кінә түрі туралы бұрынғы зерттеу әдебиеттерінде абайсыздықтағы қылмысқа қатысушылықтың болуына жол берілген. Бірақ кейінгі уақыттарда осы тақырыпты арнайы зерттеген ғалымдар қылмысқа қатысушылықтың тек қасақана түрде жасалғанда бір неше адамдардың бірлескен әрекеттерін құрап, жауапкершілікті жүктеуге болатынын дәлелдеді. Ал кінәнің абайсыздық түрімен де қылмысқа қатысушылықтың болу мүмкіндігін ұсынушылардың бағытын қылмысқа қатысудың акцессорлық теориясына жатқызды. Қылмысқа қатысушылықтың акцессорлығы дегеніміз, азғырушылық, көмектесушілік әрекеттердің қылмысты орындаушының әрекеттеріне тәуелді болуын білдіреді. Нәтижесінде орындаушы бар болса, онда қылмысқа қатысуда бар, ал орындаушы жоқ болса немесе ол қылмысты орындаудан бас тартса, онда қылмысқа қатысушылықта жоқ болып есептеледі. Мұнда абайсыздықта қылмыстық зардапқа әкелген әрекетпен басқа адамдардың да іс-әрекеттері қандай да бір байланыста болса, осы әрекеттен туындаған зардап басқалардың да кінәсіне жатады. Қылмысқа қатысушылықтағы кінәнің абайсыздық түрін Ұлыбритания, АҚШ, Франция мемлекеттерінің қылмыстық құқықтарынан кездестіруге болады. Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі олардың қылмыс жасауға нақты қатысуының сипаты мен дәрежесіне қарай белгіленеді. Қылмысқа қатысушылар дербес әрекеттері үшін жауап береді. Сонымен бірге, олар жасалған қылмыспен орындаушының әрекеті арқылы байланыста болғандықтан, мұндай жағдайда қылмыстың аяқталғандығы туралы мәселе орындаушының әрекеттерін жүзеге асыру сатыларына тәуелді түрде шешіледі. Егер орындаушы бірігіп ойлаған қылмыстарын, еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жасай алмаса, басқа қатысушылар орындаушының қылмыс жасау сатыларына қарай қылмысқа дайындалғандығы иемесе оқталғандығы үшін жауапқа тартылады. Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) тәуелді болады. Себебі тек соның әрекеттерінде ғана жасалғаны үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа тартылуы тиісті қылмыс құрамының белгілері болады. Қылмыстық құқықта қылмыс жасаған әрбір адамның жеке жауаптылығы принціпі болғанымен ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші сияқты қатысушылардың іс-әрекеттерін орындаушының іс-әрекеттерінен бөлек қарастыруға болмайды. Қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші) мен орындаушының жүзеге асыруға деген дәрежесі, басқа қатысушылардың да жауапкершілігін шешу туралы мәселеге тікелей ықпал ететіндей болуы қарастырылады. Мысалы, егер орындаушы оған байланысты емес себептермен қылмыстық әрекетін оқталу сатысында тоқтатын болса онда барлық қалған қатысушылары да қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қатысушылардың әрекетін саралау ең алдымен қылмысты бірнеше тұлға бөліп жасау процесінде оның атқарған рөліне тәуелді яғни қылмыстық топты құра отырып, олар қандай мақсат көздеді және қатысушылар арасындағы өзара байланыстың сипаты қандай, олардың арасында алдын ала сөз байласу болдыма, қылмысқа қатысушылардың қандай түрі қатысқаны, қатысудың нысаны және қатысушының түрі есепке алына отырып шешіледі.
29.Адамның жеке басына қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жеке адамға қарсы қылмыстарға мыналар жатады: ірге қарсы қылмыстар, оларға: өмадам өлтіру; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру; абайсызда кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу; Денсаулыққа қарсы қылмыстар оларға: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру; денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру; азаптау; денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру; және т.б. Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау қорытындысында, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс. Қылмысты бірнеше адам жасаған кезде олардың арасында қылмыс жасауға алдын ала сөз байласу болған-болмағанын, рөлдері бөлінген-бөлінбегенін, қылмыс жасалған кезде олардың әрқайсысының қандай әрекеттер жасағанын, сондай-ақ барлық өзге де мән-жайларды анықтап, солардың негізінде адамдардың топ болып, алдын ала сөз байласу бойынша топ болып немесе ұйымдасқан топ болып әрекеттер жасағандары туралы қорытынды жасау және жауаптылыққа тартылған адамдардың әрқайсысының қатысу нысанын айқындау, олардың әрекеттерін жеке-жеке саралап әділ жаза тағайындау қажет. Заңға сәйкес ұйымдастырушы, көмектесуші, қылмысқа айдап салушы деп танылған басқа қатысушылардың әрекеттері, егер олар бір мезгілде осы қылмыстың қоса орындаушысы болып табылмаса, орындаушы жасаған қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бап бойынша саралануы қажет. Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы аяқталған қылмыс тікелей де, жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін, ал оларды жасауға оқталғандық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналық болып сипатталады. Сондықтан қылмыс жасау сатысын айқындаумен қатар кінә нысанын да ескеру, кінәлінің ниеті неге бағытталғанын, қылмыс нәтижесінде қандай зардап туындағанын және нақ осындай нәтиженің туындауына кінәлінің субъективті қатысын анықтау және белгілеу керек. Егер қылмыс оны аяқтағанға дейін үзілген болса, онда кінәлі өз әрекеттерін не себепті тоқтатқанын, бұл оның еркіне тәуелді болған-болмағанын, бұл ретте қылмысты жалғастыруға оның нақты мүмкіндігі болған-болмағанын, қоғамға қауіпті зардаптың туындауына қандай мән-жайлардан кедергі болғанын анықтау қажет.
30. Өмірге қарсы қылмыстарды саралау. Адам өлтіруге оқталған кезде кінәлі оның қоғамға қауіпті сипатын сезгендіктен, жәбірленушіге құқыққа қарсы қаза келтіру мақсатында әрекет жасаған, оның іске асатынын алдын ала білген және соны қалаған, бірақ оған қатысты емес жағдайлар бойынша қаза іске аспаған қасақана әрекеттерді тану керек. Адам өлтіруді кінәлінің бір мезгілде бірнеше адамға қаза келтіру ниеті болған жағдайларда екі және одан да көп адамды өлтіру, әдетте, қысқа аралық мерзім ішінде бір немесе бірнеше іс-әрекетпен жасалады және кінәлінің екі және одан да көп адамға қаза келтіру туралы ниетін растайды. Кінәлінің ниеті екі және одан көп адам өлтіруге бағытталған кезде, қылмыстық ниеттің нәтижесі - бірнеше адамның өлімі қылмыс субъектісінің еркіне байланысты емес жағдайлар бойынша туындамаса, бір адамды өлтіру және басқа адамды өлтіруге оқталғандық жасау - екі адамды өлтірген - аяқталған қылмыс ретінде қаралуы мүмкін емес. Мұндай жағдайларда аяқталмаған адам өлтіру бойынша кінәлінің әрекеті оқталу, ал аяқталған адам өлтіру - саралау белгілерінің болуы немесе болмауына қарай ҚК тиісті бабымен саралануға жатады. Бұл ретте, бір мезгілде бір адамды өлтірген және екіншісін өлтіруге оқталған кезде кінәлінің әрекетінің кезеңділігін осылайша саралаудың маңызы жоқ. Егер бірнеше адам өлтірген кезде қылмысты қоса орындаушылардың ниеті бірнеше адамның өмірін қиюға бағытталса және оны іске асыру үшін олар өзара рөлдерін бөліскен болса, соның салдарынан әрбір қылмысқа қатысушы бір ғана адамның өмірін қиюға тікелей қатысса, онда олардың әрқайсысының әрекеті осылайша екі немесе одан да көп адам өлдіру деп саралануға жатады. Адам өлтіруді осы адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру бойынша саралаған кезде жәбірленушінің өз қызметтік міндетін жүзеге асыруға не өзінің кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты қандай заңды әрекеті кінәлінің оны өлтіруіне немесе оның жақындарын өлтіруге итермелегенін анықтау керек, өйткені кінәлінің нақ осы мән-жайларға байланысты осы адамның өміріне қол сұғу ниеті осындай саралауға арналған міндетті шарт болып табылады. Анасының өзінің жаңа туған сәбиін босану кезінде немесе босанғаннан кейін өлтірген жағдайда, босанған әйелдің психикасына теріс әсер ететін (мысалы, әкесінің баладан бас тартуы, баланың некесіз туылуына туысқандарының айып тағуы, баланың әкесі немесе әйелдің туысқандары ана мен баланың өмір сүруі үшін материалдық жағдайдан бас тартуы және т.б.) маңызды мән-жайларды әйелдің психикасының бұзылу жағдайы деп түсіну қажет. Сәби туылғаннан кейін әйелдің психикасының бұзылуы, әдетте, оның жүйке жұмысының теріс процестерімен (депрессия, қорқыныш сезімі, желікпе көңіл-күйі және т.б.) сипатталады. Аталған психикалық бұзылушылықтарға байланысты әйелдің есінің дұрыстығын немесе есінің дұрыс еместігін анықтау үшін сот психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу қажет. Жан күйзеліс жағдайында адам өлтіруді саралаған кезде кінәлінің физиологиялық жан күйзелісінің бар-жоғы, оның кенеттен пайда болуы және жәбірленушінің әрекетімен байланысты болғаны қажетті шарт болып табылады. Жан күйзелісі жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат әрекетінен (әрекетсіздігінен) (жақын адамдарына қаза келтіру немесе денсаулығына зиян келтіру, оларды зорлау, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, асыра билік ету, қызмет бабын теріс пайдалану және т.с.с.) пайда болғанда, сондай-ақ жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқы, оның бірнеше мәрте жасаған құқыққа қарсы әрекеттері (ұдайы ұрып-соғу, азаптау) салдарынан туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жағдайда, олардың соңғысы адам өлтірудің себебі болып табылған кезде ғана жауаптылық туындайды.
Абайсызда адам өлтіру ҚК тиісті бойынша саралануы тиіс. Егер абайсызда адам өлтіру тиісті бапта саралау белгісі ретінде көрсетілсе, онда іс-әрекет, осы саралау белгісін пайдалана отырып, жасалған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін тиісті бап бойынша саралануы тиіс. Бұл ретте, ҚК 101-бабы бойынша қосымша саралау талап етілмейді
31. Денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралау. Адам денесі талшықтарының анатомиялық тұтастығын құқыққа қарсы бұзу не органдардың зақымдануына немесе олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзуға әкеп соққан өзге де әрекеттерді адам денсаулығына келтірілген зиян деп ұғыну керек. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен бекітілген»Сот-медициналық сараптама жүргізуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес сот-медициналық сараптама жүргізу жолымен айқындалады. ҚІЖК сәйкес, мұндай сараптаманы жүргізу міндетті болып табылады, ал оның қорытындысы мұқият зерттелуге және басқа дәлелдемелер жиынтығымен бірге бағалануға жатады.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру құрамында көрсетілген саралау белгілері бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиянды саралаған кезде олар мағынасы бойынша ҚК 96-бабының екінші бөлігінде көрсетілген осыған ұқсас белгілерге сәйкес екенін назарға алу керек. Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы бағытталған қылмыстар үшін жаза тағайындаған кезде соттар оларды жасаған кездегі барлық мән-жайлардың жиынтығын: қасақаналық түрін, ниеті мен мақсатын, тәсілін, қылмыс жасау жағдайын және сатысын, туындаған зардаптың ауырлығын, кінәлінің жеке басын, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескеруі тиіс. Бұл ретте, әрекетті ҚК тиісті баптарының диспозициясының тармақтарында көрсетілген бірнеше саралау белгілері бойынша саралаған кезде жаза жеке әрбір тармақ бойынша емес, ҚК баптарының тиісті бөліктері бойынша бір рет тағайындалатынын назарға алу керек. Денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралау.