Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.62 Кб
Скачать
  1. Мухаммедтың моральдық-этикалық ілімінің мән-мағынасы

Ислам діні де христиан діні іспетті үлтшылдықгы, нәсілшілдікті жақтамайды. Қүдай алдында, адам алдында таза, адал, мейірімді адам ғана басқалардан жоғары түрады. Өзінің түбірлес діні - христиандық сенім сияқты ислам да бейбітшілік, татулық, тыныштық діні. Ол кешірімділік пен хошкөрушілікті уағыздайды.

Исламның этикалык түргыдан қарастырғандағы өзгешелігі, оның адамгершілік күлықты басқа әлеуметтік қатынастарды реттеуші, қоғамдық сананың түрлерінен /діни рәсімнен, әдет-ғүрыптан, құқықтан/ бөліп-жармай, бірлікте қарастыруы болып табылады. Адамгершілік қүлық нормалары Қүранда жүйеленбеген. Онда жасауға болмайтын, яғни "харам" болып саналатын нәрселер бар; жасалуға тиісті нәрселер жиынтығы - "халал" бар; адам өмірінің белгілі бір сфераларын /неке, мүрагерлік, т.с.с/ реттеуші нормалар, нақты аһлақтық үғымдар /әдіддік, мейірімділік, үят, жомарттық және т.б./ келтірілген.

Жалпы ислам діні өзінің жолын куушыларға асқан қиын талаптар коймайды. Ислам дінінің өзі накты өмірге икемделген дін. Ислам діні бейбітшілік діні, әділет діні, тазалық діні болғандыктан тек ізгі әдеттерді марапаттайды.

Мұхаммед  (570, Мекке — 632 жыл 8 маусым) — Ислам дінінің пайғамбары, Мекке қаласында туған, Бану Һашим тайпасынан шыққан.  Аллаһтың соңғы елшісі, тура дінді насихаттаушы, әділеттің көркем мінезділіктің нышаны және үлгісі боп табылады. Бұған қоса – соңғы пайғамбар‚  мұсылмандар  түсінігінде тек арабтардың пайғамбары ғана емес, жалпы адамзатқа келген биік адамгершілік, ахлақтық ғибраттың үлгісі.‎[1]Пайғамбарлық 40 жасында келген. 63 жасында қайтыс болған. Мұхаммед  есімі «мақталатын», «мақтауға лайықты» деген мағынаны білідіреді.[2] Исламда Мұхаммед  басқа да «Нәби» (Пайғамбар) және «Расул» (Елші), «Мустафа» (Таңдаулы), «Махмуд» (Мақтаулы), «Башир» (Қуандырушы), «Назир» (Ескертуші), «Музаккир» (Еске салушы), «Шаһид» (Куә), «Дағи» (Аллаһқа шақырушы) есімдерімен белгілі. Құранда Мұхаммед кейде «Ахмад» деп те аталады. (61:6) (араб.: أحمد‎ — «мақтауға ең лайықты») Мұхаммед  пайғамбардың аты аталғаннан кейін немесе жазылғаннан кейін артынша әрдайым «Салла-Ллаһу алейһи уа салләм» — яғни, «Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын» деп айтылады. Мұхаммед алейһиссалам - Аллаһу та’аланың сүйікті құлы, жаратылған барлық адамдар мен басқа жаратылыстардың барлық тұрғыдан ең үстемі, ең көркемі жəне ең қадірлісі. Аллаһу та’ала мадақтаған, бүкіл адамзат баласы мен жындарға пайғамбар ретінде таңдап жіберген соңғы жəне ең үстем пайғамбары болып табылады. Ол əлемдерге рақымдылық ретінде жіберілген, барлық нəрсе оның құрметіне жаратылған. «Қайта-қайта мадақталған», «өте көп мақталған» деген мағынаны беретін Мұхаммед алейһиссаламның Ахмед, Махмуд, Мұстафа сияқты есімдері де бар. Əкесінің аты Абдуллаһ. Өзі хижреттен 53 жыл бұрын рəбиул-əууəл айының 12-жұлдызында дүйсенбі күні түнде, таңға жақын Мекке-и Мукаррамада дүниеге келді. Тарихшылар бұл күннің милади жыл санағы бойынша 571 жылдың сəуір айының 20-сына дəл келетінін айтады. Дүниеге келуінен бірнеше ай бұрын əкесі Абдуллаһ, алты жасында анасы Əмина қайтыс болды. Сол себептен де пайғамбарымызға Дүрр-и йетим (жетімдердің гауһары) деген лақап тағылған. Сегіз жасына дейін атасы Абдулмутталибтің, ол қайтыс болған соң көкесі Əбу Тəліптің қасында болды. Жиырма бес жасында Хадиша Кубра анамызға үйленді. Одан туған тұңғыш баласының аты Қасым болатын. Арабтарда кісінің атын тұңғыш ұлының атымен қосып атайтын. Сондықтан пайғамбарымыз Əбул Қасым, яғни Қасымның əкесі деп аталды. Қырық жасында оған бүкіл адамзатқа жəне жындарға пайғамбар болғандығы Аллаһу та’ала тарапынан білдірілді. Үш жылдан кейін барлық адамдарды иманға шақыра бастады. Елу екі жасында Миғраж оқиғасы орын алды. Милади 622 жылы, 53 жасында Меккеден Мəдинаға көшті. 27 рет соғыс өткізді. Хижри 11 (м. 632) жылы рəбиул-əууəл айының 12-сінде дүйсенбі күні сəскеде 63 жасында Мəдина-и Мунаууарада қайтыс болды. Аллаһу та’ала барлық пайғамбарларды есімдерімен атаса, Оны хабибім (сүйіктім) деп атаған. Хақ та’ала бір аятта: «Сені əлемдерге рақымдылық етіп жібердік» (Əнбия сүресі, 107) жəне бір хадис құдсиде: «Сен болмағанда, сен болмағанда еш нəрсені жаратпас едім» деген. Əрбір пайғамбар өз заманында, өз мекенінде, өз қауымынан барлық тұрғыдан жоғары тұрады. Ал, пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам болса, дүние жаратылған күннен қияметке дейін барлық кезеңде, барлық жерде, келген-кеткен жəне келетін барлық қауымдардың ең қадірлісі, ең үстемі болады. Ешкім ешқандай тұрғыдан одан жоғары бола алмайды. Хақ та’ала оны солай жаратқан.

Бес парыз

Ол-Ислам дінінің негізгі қағидалары. Олар мынандай: 1. Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену 2. Ислам дінінің, яғни Аллаға сыйынудың негізгі діңгегі – күнде бес уақыт намаз оқу. 3. Дінге, Аллаға сыйынудың тағы бір талабы- ауқатты деп саналатын пенделердің жылына бір рет зекет беруі. 4. Рамазан айында бір ай ораза ұстау. 5. Дені сау және адал жолмен тапқан қаржысы, малы жеткілікті болса, өмірінде бір рет Мекке-Мәдинаға барып қажылық ғибадат жасау. Осы бес парызын адал атқарған адам ғана нағыз мұсылман болып саналады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]