Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.62 Кб
Скачать

87.Көже ішу ережелері. Нақты мысалдар келтіріңіз.

Көжелер салқын тағамдар сияқты тәбетті ашуға негізделеді. Мәзірде оларды салқын және ыстық басытқылардан кейін жазады.

Салқын көжелерді жіберу температурасы 10-14ºС, ыстық көжелерді жіберу температурасы 75ºС.

Көжелерді ыстық цехтан сорпалық ыдыстарда немесе керамикалық горшочиктерде жібереді. Оларды тұтынушының оң жағынан қояды.

Сорпаларды гарнирлермен (қытырлақ, самса, бауырсақ, расстегай, кулебяка) жібергенде, даяшы гарнирді тәрелкеде сол жақтан келіп, сорпа құйылған тәрелкенің алдына қояды.

Профитрольмен жіберілетін сорпаны кішкентай тәрелкеге қойылған сорпалық кеседе жібереді. Профитрольді самсалық тәрелкеге төселген қағаз майлықтағы салатникте тұтынушының сол жағынан қояды. Профитрольді сорпаға салу үшін арналған десертті қасықты салатниктің алдына, ұстайтын жерін оңға қаратып қояды.

Омлеттен жіберілетін сорпа. Буда дайындалған омлетті сорпалық кесеге салып, үстіне ыстық сорпаны құйып жібереді. Сорпаны оң жақтан оң қолмен қояды. Сорпалық кесенің ұстайтын жерін сол жаққа, ал қасықтың ұстайтын жерін оңға қаратып қояды.

Тұздық көжелер (щи, борщ, рассольник, солянка). Оларды жіберу орнынан көжелік ыдыстарда әкеліп, қосалқы стөлде жылытылған шұңғыл тәрелкелерге құяды. Тәрелкелерге құйылған көжелерді кішкентай асханалық тәрелкелерге қойып, тұтынушының оң жағынан қояды. Асханалық қасықты тәрелкенің оң жағынан қояды.

Балық көжесі (уха). Көжелік ыдыста әкелінген балық көжесін стөл ортасына қойылған тақтайға қояды. Тұтынушылар самсалық тәрелкеге қойылған ағаш қасықпен көжені өз тәрелкелеріне құйып алады.

Ұлттық көжелер (тәуліктік щи, пити көжесі). Оларды керамикалық горшочиктерде дайындап, сол ыдыстарда екі әдіспен жібереді:

  1. горшочикті басытқылық тәрелкеге төселген қағаз майлыққа қойып жібереді. Сол жақтан басытқылық тәрелкеге қойылған табадағы көктер себілген қарақұмық ботқасын әкеледі. Қасына фарфордан жасалған соусникте қаймақты қояды. Ботқаға асханалық қасық, қаймаққа шай қасық қойылады. Тұтынушылар көжені горшочиктен ішіп жейді;

  2. орамалмен горшочиктің қақпағын ашып, қосалқы стөлде асханалық шұңғыл тәрелкеге ағаш қасықпен көженің негізгі бөлігін салады да, үстіне сұйықтықты құйып жібереді.

Салқын көжелер (окрошка, көк щи) тұздық көжелер сияқты жіберіледі. Сол жақтан самсалық тәрелкеге төселген қағаз майлыққа мұз салынған салатникті қояды.

Тәтті көжелерді жазда салқын, ал қыста ыстық күйінде шұңғыл десерт тәрелкесін кішкентай десерт тәрелкеге қойып жібереді. Тұтынушының қалауы бойынша көпіршітілген кілегейді немесе қаймақты шай қасықпен жібереді. Бөлек самсалық тәрелкеде бисквит, кекс немесе құрғақ печеньені жіберуге болады.

88.Белсенді коммерциялық турға қатысушылар тобына қызмет көрсетуші команда үшін қызметтік нұсқаулар жазып беріңіз.  Қызмет көрсктудің мәдениеті ұғымына елдің ұлттық салт дәстүріне, қазіргі заманғы қызмет көрсетудің дүниежүзілік стандарттарының талаптарына сай және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсететін ұстанымдар, жоғарғы діни құндылықтар және жүріс тұрыс этикасы эталонды еңбек нормаларының жүйесі деп түсіндіріледі. Қызмет көрсетудің мәдениеті туралы сөз еткенде, бұл ұғымды елдің бүкіл ұлттық қызмет көрсету аясына немесе бір салаға (қоғамдық тамқтандыру қызметі) не болмаса фирма, өндіріске жатқызуға болады. Нақты қызметкедің іс әрекеті қызмет көрсетудің мәдениетінің талаптарына түгелімен не жартылай сәйкес болуы мүмкін. Бұл талаптар ол жұмыс істейтін қызмет көрсетудің аясында жасалған. Сонымен қатар қызмет мәдениеті жоғарыда көрсетілген деңгейлеріне бір бірімен байланысты болып келеді және қызмет көрсетудің мәдениеті өзінен өзі пайда болмайды. Ең алдымен еңбек мәдениетіне сервистің техникалық және технологиялық жағы байланысқан рационалды талаптары, дамудың сапасы мен динамикасы, қызмет көрсетудің психологиясы мен эстетикасы жатады.  Кез келген сервистік кәсіпкерлері мен менеджерлері қазіргі талапқа сай ұлттық дәстүрлерді жандандыра отырып сервис қызметін тиімді пайдаланады. Сервис менеджменті ыңғайлы сапалы, мәдениетті қызмет көрсету ең бірінші өздеріне қажет егер жақсы болмаса фирма дамуына кері әсері болуы мүмкін. Сондықтан дамыған елдерде қызмет көрсету мәдени талаптарының біріңғай кешенін әзірлеп оның өздерінің фирмаларына енгізіп , оның орындалуын бақылайды, Менеджменттің стратегиясы былай құрылады: Қызметкерлеріне қызмет көрсету мәдениетін бұйрық арқылы емес оларды әкімшіліктің пікірі арқылы, сабақтар өткізу және эстетика арқылы үйретіледі.

89 .Белсенді коммерциялық турды ертіп жүру үшін гидқа қажетті құжаттар тізімін құрастырыңыз. Қажетті құжаттар Сөз байлығы – экскурсия жүргізудің ең маңызды қырларының бірі. Экскурсиялық материалдың логикалық-эмоциялық әсері болуы қажет. Сөз шеберлігі – экскурсия жүргізушінің шеберлігі; экскурсияны дұрыс ұйымдастыру мен жүргізу.

Экскурсия жүргізу шеберлігінің сипаттамалары:

• Кең өркениет, эрудиция, мәдениеттің жоғары деңгейі.

• Экскурсия саласындағы мықты біліктілік.

• Экскурсия теориясын білу.

• Интуиция.

• Кәсіби дағдылар.

Экскурсия әдістемесін білу қажет:

• Нысандарды дұрыс көрсету.

• Нақты адамдардың ерекшеліктерін ескеру, дифференциация.

• Көзбен көру басқа дәлелдерден күшті екенін білу.

• Баяндау талаптарын орындау (нақтылық, дәл болу, әңгімені созбау, ақпарат жеткіліктілігі т.б.).

• Экскурсияны білім беру үрдісі ретінде үзбей өткізу.

• 14, 23, 31-ші минуттарда болатын зейін кризистарын жеңе білу (мысалы, материал жаңалығын қолдану немесе «экскурсия жүргізуші портфеліндегі» аудио-, видео-, фото, сурет материалдарын пайдалану).

90 Белсенді коммерциялық турға қатысушылар тобы беретін қажетті мәліметтер тізімін құрастырыңыз. Туристік өнімнің тұтынушысы ретінде туристер, экскурсанттар және туристік орталықтың басқа да қатысушылары танылуы мүмкін.

Тур – орналастыру, тасымалдау, туристерді тамақтандыру бойынша қызмет кешенін құрайды. Бұл ереже ұйымдастырылған туризмге қатысты болып келеді. Сонымен қатар тур - тек бір ғана қызмет көрсетулер кешені емес, ол бір бірімен тығыз өзара байланысқан қызмет көрсетулер кешендерінің жиынтығын құрайды. Сонымен турды келісім-шарт нысанасы деп таниды.

Турды іске асырумен немесе сатумен турагент пен туроператор айналысады. Олрадың екеуі де туристік өнеркәсіп кәсінорындары мен туристер арасындағы делдалдық қызмет атқарады.

Сонымен қатар, кез келген туристің өзіндік құқықтары болады. Турға қатысты құқықтарын иеленген турист келесілерге құқықты:

  • турға бару немесе бармау, яғни одан бас тарту;

  • оны толығымен немесе бөлшектеп пайдалану;

  • турды құқықтың басқа субъектісіне беру;

  • турды басқа субъектіге сату,

  • турды өзінің шешімі бойынша біреуге сыйға тарту;

турды ауыстыруға, кепілдікке беруге және т.б

Сұрақ!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]