Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.62 Кб
Скачать

64. Сұхбаттастың әдепсіздігін қалай қайтаруға болады (н.Энкельман бойынша). Өмір тәжірибесінен мысал келтіріңіз.

Сөйлеудің қасиеті әдептілігі мен әдемілігіне қоса сайып келгенде, шындығында. Жалған айту, өтірік сөйлеу кісілікке жатпайды. Тегінде шын сөйлеу – әдептіліктің ең негізгі белгісі. Сөйлеу кем дегенде екі адамның тілдесуінен тұрады. Кейде мұндай сөйлесуде әркім өзі көбірек айтып қалуға тырысады, екінші адамның да айтқысы келіп отырған сөздері барын ескере білмейді. Ал сөйлеу әдебі сол екінші әріптесіне үнемі назар аударып, оның да қалаған кезінде өз ой-сезімін білдіруіне мүмкіндік беріп, сезімталдық көрсетуде. Бұл – сөйлесудің мәнін арттырып, екі жақтың да қанағат сезімін тудырады. Көпшілік жағдайда сөйлеуге қатысқан адамдар өздері өте мәнді санаған ой-пікірлерін ортаға салып, бір-біріне жаңалықтарды, тың деректерді жеткізгісі келеді, өзін толғандырған мәселелер жөнінде басқалардың салиқалы, дәлелді пікірін білуге талпынады. Сондықтан, ондай сөйлесуге жеңіл-желпі қарамай, өз тарапынан лайықты ілтипат көрсетіп, ұстамды, ойлы жауап беру парасаттылық болып табылады. Өтіп жатқан әңгімеге қашан, қай мезгілде қатысуды бажайлай білу де – әдептілік белгісі. Жалпы алғанда, сөз орынды іске бағытталған, адамды рухани байытуға септігін тигізетін және сындарлы сипат та болуы тиіс. Сөйлесетін адамның мінез-құлқын, мәдени деңгейін өзіндік ерекшеліктерін білген, ескерген жөн. Мәселен, орынсыз әзіл айту, немесе оған қызықсыз әңгімені суыртпақтап тұрып алу, көңіліне дақ түсіретін жөнсіз мақтау не кінәлау, әйелдердің, айталық, жеке басына қатысты жайларды тәптіштеп сұрау, т.б. әдептілікке жатпайды. Сөйлесіп тұрған екі адамға үшінші адам қосылғанда, ол осыған дейінгі әңгіменің қысқаша мазмұнынан хабардар етілуі керек. Ал оны әңгімеге тартудың, араластырудың қажеті болмағанда, сөзді бірден шорт тоқтатпай «әншейін, өткен-кеткенді айтысып тұр едік», «жұмыс жайында сөйлесіп тұр едік» десе де жөн болады. Әңгіме үстіне үшінші адам келіп қалғанда оны қатыстырудың қажеті жоқ жәйтті ары қарай астарлап, жұмбақтап сөйлеу жараспайды. Әрі ол кісіге жайсыз, ыңғайсыз соғады, әрі күдік-күмән тудырады. Көптің ішінде сыбырласып жату да ерсі. Бұл басқаларға қолайсыз тиеді. Сөз арқылы өз ой-пікіріңді, сезіміңді, қуаныш-қайғыңды айтып жеткізу, басқаның да жан дүниесіне еніп, сыр-сипатын танып, өзара түсінісу жүзеге асады. Сөйлесу барысында біреуді риза етуге, көңілін жайландыруға, қиын-қыстау жағдайда дем беріп, жігерлендіруге, инабаттылық жолына бағыттауға болады.

65. Психологиялық типтер және іскерлік қарым-қатынастар. Туризм менеджерінің психологиялық портретін құрастырыңыз. Казіргі заман айдары - нарықтык экономика жағдайында іскерлік кажетті касиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарык экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатык, өз ісін жетік білетін кдғілез жанды айтады. Іскер де адам баласы болғандыктан, адамдар қоғамында өмір сүретін болғандыктан оны тек өз бас пайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дүрыс болмаған болар еді. Іскерліктің де өзіне тән этикеті - іс-әрекет үстанымдары бар.

Іскерліктің маңызды принципіне сенім жатады. Істес болған адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды. Жалпы сенім адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік айдаушыға сенбесек ешкашан жолға шыкпаган болар едік, егер аспазшыға сенбесек өмірде көшеден тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек ауруханаға қаралмаған болар едік және т.с.с.

Ендеше, адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалык сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал, үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болмасын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде түрар деген сенімді жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.

Бүл тарау өмірлік-тожірибелік маңызды сүрақгарға арналғандықтан философиялық-теориялык терең ой

түжырымдарынан гөрі нақгы талаптар, ережелерге көп тоқталу қажеті бар екені белгілі. Ендеше, іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да үжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады.

Ашық- жаркын көңіл күйде болу, айналаңа шаттық нүрьгн себу — тек іскердің емес, жалпы өрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте үстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай шекті, кері эмоционалды күйді болдырмастай алдын аларлық (превентивті) әрекеттердің ең тиімдісі - қай жағдайда болмасын сабыр сақтап, үжымда бәріне жағымды ауа-райын жасай білу.

Әдеп амандасудан басталады. Амандасу - адамдардың бір-біріне деген қүрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде "сәлеміміз түзу", "сәлемнен кете қойған жоқпыз" деген сөз түсініктерінің баскамен татулықты, баскаға деген жьшы шырайды білдіретіндігі.

Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді.

"Жьшы-жылы сөйлесең, жьшан да іннен шығады" деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты қүрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу - әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің "тілін таба білу" іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықган, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде түра білу, өз бас пайдасын ойлай түра басқалардың қүқын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті қүлық, өмірлік үстаным болуы тиіс,

Басшы-бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында боріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Үлық болсаң кішік бол!" Деп халық даналығы бекер ақьіл айтпаған, қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болсак соғүрлым шынайы ниетке ие боласың. Басканы тындай білу - үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола түра оппонентінді (карсыласынды) соңына дейін тындап шығу тәрбиеліліктің нышандарының бірі. Бағыігушының үжымдағы өз мәртебесіне, оз орнына сай міндеттерден тыскары талап койылған сәтте басқарушы бүйрықты раймен емес, сүраныс, өтініш білдіре алса, оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандағы болар еді. Басшының өз карамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жүмыстағы жетістіктеріне, өмірлік куаныштарына ортақтаса білуі де үжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін

тигізеді.

66. Офис интерьерінің психологиялық әсері. Туристік фирма офисін безендіру жоспарын құрыңыз. Қарым – қатынас орны. Ол екі жағдайды қанағаттандыру қажет: ешбір нәрсе кедергі және алаңтаптау қажет; орын жақсы жабдықталуы қажет (қосымша материалдар, нормативтік құжеттар және т.б.).

Егер менеджер өзінің билігі мен басымдылығын көрсеткісі келсе, онда әңгіме оның кабинетінде өтуі керек. Ал егер басшы өзінің қоластындағылармен жақсы қарым-қатынас орнытып, қолдауына ие болғысы келсе, онда кездесу қол астындағы адамның кабинетінде өтуі керек.

  • ресми қарым-қатынаста сіз кабинетіңізде болуыңыз керек;

  • жартылай ресми қарым қатынаста сіз әңгімелесушімен қарама- қарсы отырып, өзіңіздің дәрежеңізбен оның дәрежесін теңестіру мақсатында;

  • бейресми зона екі-үш кресло мен журнал үстелі басында өтеді.

Жиһазды орналастыру. Үлкен үстелі бар кабинет оның иесінің билігін көрсетеді, ал қарым-қатынас кезінде қоластындағылардың жабырқау (подавленности) сезімін тудырады.

Әңгімелесушінің орналасуы. Қарама –қарсы, жанында және тік бұрышты орналасу. Қарым –қатынас кезінде әңгімелесушілердің көбен кездесуі қарым-қатынас уақытының үштен бір бөлігін алып отрыса, тиімді нәтижеге жетеді. Сондықтан да қарым – қатынас үшін үстелдерді үстелдің тік бұрышына орналастыру қажет.

67. Қарым-қатынастардың бейвербалдық құралдары. Әртүрлі елдер мен әлеуметтік топтардың бейвербалдық құралдар айырмашылықтарының мысалын келтіріңіз. Хаттамалық жиындарға киіну барысына сай қатаң ережелер бар. Арнайы жиынға киім үлгісіде сай болу керек.

Ауa райына қарамастан аяқ киім әрқашан да таза болуы тиіс, сөмкеңізде кішкене аяқ киім тазалағыш алып жүргеніңіз абзал.

Ер адамдар күнде қырынып жүруі керек (қара шашты адамдар күніне екі рет қырынуы тиіс, егер кешкілік кездесуге қара күрте киетін болса.)

Сондай-ақ кешкі сағат 8-ге дейін болатын мемлекеттік немесе ел басының және министрлер қауымымен болатын қабылдауларға ер адамдар аса ашық түсті емес костьюм киюіне болады. Ал егер тура осы қабылдаулар кешкі 8-ден кейін болса, онда қара немесе қоңырқай түсті костьюмдер киген дұрыс.

Сондай-ақ (мейрамхана, қабылдау бөлмесі, кеңестер, театрдың көрермендер залында, президиумда) арнайы жиындар мен би кезіндекеудешенің түймесі тағулы болуы керек. Кеудешенің соңғы түймесін ешқашан тақпайды. Тек жайлы орындықта немесе стөл басында кеудешенің түймесін ағытуға болады.

Қабылдаудың барлық түріне аса ашық және қара түсті галстуктан басқа әр түрлі түспен ақ көйлек, кию керек. Қара түсті галстук тек арнайы киімге немесе қазалы жағдайда тағылады. Сымбатты костюммен қара түсті, қысқа қонышты, тақалы бәтеңке киген дұрыс. Ал қоңыр түсті костюмге қара бәтеңке жараспайды. Жаз уақытында ақшыл түсті костюммен түрлі түсті аяқ киім киюге болады. Сандал, қалын табанды бәтеңке, макас тек спорттық киімге сай келетін аяқ киімдер. Ал лакталған туфлиді тек смокингпен ғана киеді.

Шұлықтың түсі костюмнің өңінен қаралау болуы керек, аяқ киімге сай. Көкпен- көк, жап-жасыл, қара-сүр түсті шұлықтар барлық сымбатты костюм түрімен киюге келеді. Қолқап, бас киім, шарф, орамал түстері басқада ұсақ — түйек киім бөлшектерімен сай болуы тиіс. Ер адамдарға классикалық арт жағында екі бөлігі бар “ағылшын кеудешесі ұсынылады”. Ол — бөліксіз “итальяндық” және бір бөлікті “американдық” кеудешеге қарағанда, ер адамдарға сымбатты тұрып, сымбатты отыруға ыңғайлы; шалбардың ұзындығы да аса маңызды роль атқарады: алды туфлиге сәл түсінкіреп, ал арт жағы тақасына дейін болуы керек. Тропиктік аймақтардан басқа жерлерде кеудешенің астынан тек ұзын жеңді көйлек киеді, жағасымен жағасына қарағанда манжеттің ролі аса маңызды емес. Көйлек жағасы бір сантимертге кеудеше жағасынан ұзын болуы керек, ал галстук белбеуден не ұзын не қысқа болмауы тиіс. Белбеу желеттің астынан көрінбей, ал желет көйлектен қысқа болмағаны дұрыс. Белбеу- тартқышты алмастырады және керісінше. Шұлық мейрамдық және іскерлік костюмнің түсіне сәйкес таңдалады (әрине ақ емес).

Егер ер адам аяғын айқастырып отырса, онда шұлықтың үстінен аяғының ашылып қалмауын қадағалағаны дұрыс. Аяқты сермеп, тізені құшақтауға болмайды. Сондай-ақ жайылып, басты жастыққа қойып, орындықта теңселіп немесе жайлы орындықтын шетіне және аяқты талтайтып отыруға болмайды.

Әйел адам өзіне сай түсті киім сәнін өзінің дене бітіміне сай жарасымды және талғамын көрсететін таңдау жасауға мүмкіндігі көп.

Ең басты ереже- оның жиынға және уақытқа сай келуі. Мысалы, күндіз қонақты керемет киімде қарсы алу орынсыз. Ондай жайытқа жай қарапайым көйлек немесе костюм киген дұрыс.

Кешкі сегізде немесе одан кеш басталатын қабылдауларға орташа не ұзын әдемі, ашық

кешкі көйлек киеді, ал аяқтарына өздері қалаған биік өкшелі туфли киеді. Кешкі туфлилер түрлі- түсті терілерден, тығыз жібектен, парчадан тігілген болуы мүмкін. Ал сумка кішкентай болуы керек.

Тағы бір айтатын жайт әйел адам отырған кезде күртесін немесе көйлегін көтермейді. Орындықта отырғанда аяқты айқастырып отыра алады, бірақ төмен жұмсақ орындық пен диванда отырғанда аяқты айқастырмаған дұрыс. Тек екі аяқты қосып, бір жаққа ғана қисайтып отырған орынды.

Машинаға отырғанда аяқпен аттап кірмей, бірінші орындықтың шетіне жайғасып алып екі аяқты ішке кіргізу керек, ал шыққан кезде бірінші аяқты түсіпіп барып орыннан көтерілген абзал.

68. Полемика және қақтығыс. Функционалдық және дисфункционалдық конфликттер. Туристік топтағы конфликт жағдайын шешу мысалын келтіріңіз. Кикілжіңдік жағдайға түскенде оны эффективті анықтау және шешу үшін кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стилін, кикілжіңге түскен басқа адамдардың стильдерін, сонымен бірге кикілжіңнің табиғатын анықтап алу қажет.

Кикілжіңді шешудің бес негізгі стильдері бар. Олар Томас-Килменн әдісі деп аталатын жүйенің негізіне салынған бағдарламаларда бейнеленген және кеңінен қолданылған ( 1972 жылы Кеннет У.Томас және Ральф Х.Килменнмен өңделген). Жүйе әрбір адамға кикілжің жағдайы барысында өзінің жеке мінез-құлық стилін анықтауға көмектеседі. Кикілжің жағдайына байланысты көрсететін мінез-құлықтың негізгі стильдері, екі немесе одан да көп кикілжіңдесуші жақтардың қызығышылықтарының сәйкес келмеуінен пайда болатын кезкелген кикілжіңнің жалпы себебімен тығыз байланысты.[12]

Сіздің белгілі бір кикілжің жағдайдағы көрсететін мінез-құлық стиліңіз өзіңіздің жеке бастық қызығушылықтарыңызды (белсенді немесе енжарлы әрекет ете) және екінші жақтың қызығушылықтарын (бірігіп немесе жеке әрекет ете) қанағаттандыру шегімен анықталады. Егер де графикалық түрде бейнелейтін болсақ, онда кикілжіңді шешетін бес негізгі стильдердің әрқайсысының атауын және алатын орнын анықтайтын Томас-Килменн торын аламыз.

3-кесте

Кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерін анықтайтын Томас-Килменн торы

Өзіңіздің жеке қызығушылықтарыңызды қанағаттандыруға тырысатын іс-әрекетіңіз

Қарсыластық стилі

----------

Бірлестік стилі

Белсенді әрекеттер

----------

Компромисс стилі

---------

Кикілжіңнен кетіп қалу стилі

-----------

Бейімделу стилі

Енжарлы әрекеттер

Жеке әрекеттесу

Бірігіп әрекеттесу

Бұл тор өзіңіздің және кезкелген басқа адамның стилін анықтауға көмектеседі. Алдымен белсенді және енжарлы әрекеттер деп белгілеп қойған жақтан бастаңыз. Егер сіздің реакцияңыз енжарлы болса, онда сіз кикілжіңнен шығуға тырысасыз; ал егер де белсенді болса, онда сіз оны шешуге талпынасыз. Мұндай бағалауды өзіңізге және кикілжіңдесуші екінші жаққа да қолдансаңыз болады. Тордың жоғарғы жағы бірігіп әрекеттесуге жатады. Егер де сіз бірігіп әрекеттесуді қаласаңыз, онда сіз кикілжіңді кикілжіңдесуші адаммен немесе кикілжіңге қатысушы адамдар тобымен бірігіп шешуге тырысасыз. Ал жеке әрекеттесуді қаласаңыз, онда мәселені шешудің өз жолын іздейсіз.

Тордың екі бөлігін біріктіргенде, ортасындағы компромисс стилімен қоса бес стильден тұратын матрицаны аласыз. Ол бірдей деңгейде кооперативті және индивидуалды, сонымен бірге енжарлы және белсенді мінез-құлықты қамтиды. Егер де әртүрлі стильдерге мұқият қарасаңыз, әдетте өзіңіздің кикілжің жағдайларда қолданатын стильді тануыңыз мүмкін; сонымен қатар сізбен байланысты адамдардың әдетте қолданатын стильдерін де анықтай аласыз. Бірақ белгілі бір жағдайда сіз басқа стильді қалауыңыз мүмкін. Әрбір адам қандай да бір деңгейде осы стильдердің барлығын қолдануы мүмкін, бірақ әдетте әрбір адам приоритеттісін қолданады. Төменде аталған стильдердің бәріне қысқаша сипаттама берілген және соңында олардың әрқайсысын қолдану тәсілдері көрсетілген.

Кикілжің жағдайларын шешуге арналған дамытушы-түзету эксперимент кешенінің негізгі мақсаты кикілжің жағдайларын шешу, алдын-алу, болдырмау, ескерту, кикілжің жағдайының басқара білу мен түсіне білу дағдыларын адам бойына игеруге бағытталған. Сонымен қатар, кикілжің ұғымының табиғаты мен кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлықтың стильдерінің ерекшеліктерімен таныстыруға негізделген.

69. Туристік саладағы конфликт түрлері Конфликт – ол адамдардың тіршілігінің фактісі. Көптеген адамдар адамзаттың тарихын үзіксіз конфликт пен күрес деп көреді. Конфликттер бизнес әемінде анық көрінеді. Фирмалар, компаниялар, ассоциациялар, бір ұйым төңірегінде және т.б. конфликттер болады. Ұйымда пайда болатын конфликтер ұйымдық деп аталады. Әдетте, оны конфронтция, қарама-қайшылықтар жән т.б. деп атайды. Дау-жанжалдың негізгі төрт түрі бар: ішкі тұлғалық, тұлға аралық, тұлға және топ арасындағы дау-жанжал және топтар арасындағы жанжал /7/.

Тұлғалардың ішкі жанжанал бір адамға қарама-қайшы талаптар қойылғанда туындайды. Жеке адамның келіспеушілігі жұмысына қанағаттанбаудан, өзіне және ұйымға сенбеуден, сондай-ақ жұмыстағы дау-жанжалдан болады. Мысалы, менеджер орындаушы әрдайым туристік фирманың офисінде болуын және клиенттермен сол жерде жұмыс істеуін талап етеді. Басқа кезде ол өзінің қызметкерінің клиенттермен жұмысқа көп уақыт бөлетініне және маркетингтік қызметпен айналыспайтынына наразылығын білдіреді.

Ішкі жанжал сонымен қатар, өндірістік талаптардың жеке сұраныстар немесе құндылықтармен келісілмегендіктен туындайды. Мысалы, қол астындағы қызметкер сенбі күні - өзінің демалыс күнінде – жанұялық мейрам жоспарлайды, ал сол уақытта оның басшысы жұма күні кешке оған өндірістік қажеттілікпен сенбі күні жұмысқа шығуын бұйырады. Тұлға ішілік жанжал жұмысты шамадан артық істеуге жауап ретінде немесе керісінше туындайды.

Тұлғааралық жанжал. Жанжалдың бұл түрі кең тараған. Мұның өзі әр түрлі себептерден пайда болады. көбінесе бұл басшының ресурстарды, капиталды, жұмысшы күшін, жабдықтарды шектеп пайдалануынан туындайды. Жеке адамдар арасындағы дау-жанжал, олардың өзара керісуінен де болады. мінезі, пікрі, жұмыс сапасы алуан түрлі адамдар кейде бір бірімен мәмілеге келе алмайды. әдетте мұндай адамдардың көзқарасы мен мақсаты мүлде өзгеше болады.

Тұлға және топ арасындағы жанжал. Егер топтың ой пікірі жеке адамның ой-пікіріне қайшы келсе, немесе жеке адамның ұстанған позициясы топ позициясынан басқаша болған жағдайда пайда болады.

Топаралық жанжал. Бәрімізге белгілідей, ұйымдар көптеген ресми және ресми емес топтардан тұрады. Ең жақсы деген ұйымдарда да олардың арасында жанжалдар туындауы мүмкін.

Одан басқа, жанжалдар көрініс деңгейі бойынша жіктеледі: жабық және ашық.

Жабық жанжалдар көбінесе екі адамды қозғайды, олар анықталған бір кезге дейін жанжалда жүргендерін көрсетпейді. Бірақ біреуінде жүйкесі таусылғанда, жабық жанжал ашық жанжалға айналады. Сонымен қатар кездейсоқ, төтенше туындайтын және көп уақыт созылатын, және де әдейі қоздыратын жанжалдар болып бөлінеді. Жанжалдың түрі ретінде қастықты да бөледі. Қастық дегеніміз әдейі жасалған әділетсіз әрекет, ол оны туғызған адамға тиімді және ұжымды немесе жеке адамды өздеріне зиянды белгілі бір әрекеттер жасауға қозғайды. Қастықтар мұқият түрде жоспарланады, өзінің сюжеттік бағыты бар.

4. Дау – жанжал туындағанда басшы не істеу керек? Мұндайда тікелей кеңес беру қиын, оның өзі нақты жағдайға байланысты. Алайда, көпшілік басшыларда әрекет етудің бір стилі қалыптасады. Мұның өзі басшының мінезіне, тәрбиесіне, тәжірибесіне, даудамайды шеше алатын тәжірибесі мен іскерлігіне байланысты.

Психологтар дау – жанжалды шешудің бірнеше тәсілдерін ажыратып, оны екі категорияға бөледі: құрылымдық және жеке адамдар арасындағы. Басшы әуелі жанжалдың себебін анықтауы, сондан кейін кез – келген тәсілдің біреуін қолдану қажет.

Дау – жанжалды шешудің құрылымдық тәсіліне жататыны: жұмыс талабын түсіндіру, үйлестіру және интеграциялық механизмдер, жалпы ұйымдық кешенді мақсаттарды орнату және көтермелеу жүйесін қолдану.

Жеке адамдар арасындағы дау – жанжалды шешудің мынадай нысандары болады:

  1. жалтару. Көпшілік адамдар дау – жанжалдан жалтаруға тырысып, өзінің тыныштығын ойлайды.

  2. тігісін жатқызу. Мұндайда басшы адамдар арасындағы дау- жанжал мен наразылықты өршітпеуге, қайта татуластыруға, іштегі дау - дамайды сыртқа шығармауға тырысады.

  3. Мәжбүр ету стилінде басшы қалайда өз көзқарасын өткізуіне, соған ерекісіз көндіруге тырысады. Басшы өзінің қарамағындағыларға толық билік жүргізген жағдайда бұл стиль тиімді болуы мүмкін. Бұл стильдік кемшілігі сол, бағыныштылар тарапынан болатын инциатива өрістемейді, тек басшы пікірі ғана үстемдік ететіндіктен маңызды факторлардың барлығы бірдей ескерілмеуі мүмкін. Соның салдарынан наразылық тууы ықтимал.

  4. ымыраға келу - мұның пайдалы болатын себебі адамдарды наразылыққа емес, ауызбірлікке, татулыққа шақырады.

  5. проблемаларды шешу – бұл әртүрлі пікір-таластың болатындығын мойындау, басқа көзқараспен танытуға, келіспеушілік себептерін түсінуге әзір екендігін білдіру, барлық жаққа ортақ іс-әрекет істейтіндігін білдіру стилі.

  6. дау жанжалды шешудің бірден бір жолы – ынтамақтасу, ымыраға келу, пробьлеманы бірлесіп шешу. Ымыраға келуден гөрі, ынтымақтасу елеулі ілгері басы. Дауласушы жақтар өзара қырым – қатынасты сақтаумен, тек келісумен, күнделікті қайшылықты шешумен шектеліп қоймайды – олар ортақ мүдде мен пікірге келіп ынтымақтасуға тырысады, әрі ұзақ уақыт бойы екі жаққа жа пайдалы болуын көздейді.

70. Телефонмен хабарласу этикеті телефонмен сұхбаттасу жоспарын құрыңыз, онда телефонмен хабарласқанда пайдалануға болмайтын сөз тіркесері мен сөздерді көрсетіңіз. Бүгінгі өмірді телефонсыз елестету қиын-ақ. Телефон тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. 1861 жылы неміс физигі және өнертапқышы Иоганн Филипп Рейс музыкалық дыбыстар мен адам дауысын желі арқылы тарата алатын құрылғы жасады. Ал, 1876 жылы Филадельфиядағы электротехникалық көрмеде шотландтық тегі бар американдық Александр Белл алғаш рет “сөйлейтін телеграфын” таныстырды. Мінекей содан бері телефон көп өзгеріске ұшырады, бірақ телефонмен сөйлесу қағидаттары қай уақытта да әдептілікке негізделеді:

  • Телефон шырылдағанда үшінші-төртінші қоңырауға дейін көтеру керек;

  • Визуалды байланыс жоқ болғандықтан, екпін, сөйлеу жылдамдығы сияқты факторлар маңызды рөл ойнайды;

  • Үй телефонына қоңырау шалғанда кешірім сұрауды ұмытпаңыз;

  • Телефонмен қысқа әрі нақты айту керек;

  • Үй телефонына хабарласу: таңғы сағ. 9,00-ден кешкі 22,00 аралығында ғана;

  • Бейтаныс адамға телефон соққанда нөмірін кімнен алғанын айтуды ұмытпаңыз;

  • Аз танитын тұлғамен 3-5 минут көлемінде ғана сөйлескен жөн;

  • Телефон шалған бойда амандасқаннан кейін өзіңіздің кім екеніңізді атаңыз;

  • Талқыланатын мәселелер тізімін дайындау артық етпейді;

  • Телефон соғушыға керек адам болмай қалса, хабарласқан адамға “Бұл кім” деп сұрамай, “Кім телефон соқты деп айтайын” дегеніңіз дұрыс;

  • “Білмеймін” деудің орнына “анықтайын” дегеніңіз жөн;

  • Асықпай, нақты, әр сөзіңізді ойланып айтыңыз;

  • Кедергі жасамағаныңызды анықтап алыңыз;

  • Телефон арқылы бос әңгімеге жол бермеңіз. Ішкі дүниеңізді ақтарғыңыз келсе, көзбе-көз кездескен артық;

  • Біреу қателесіп сізді терген жағдайда, бас салып айғайламай, “кешіріңіз, сіз нөмірмен қателестіңіз” – деп сыпайы жауап беруге де болады;

  • Танысыңызға қонаққа келетініңізді алдын ала ескертуде телефонды пайдаланыңыз.

  • Үй телефонына хабарласып: “Үйдесің бе?” деп сұрамаңыздар

71. Ісқағаздар. Туристік тақырыптағы ісхат құрастырыңыз. Іскерлік хат алмасу ресми және биресми болуы мүмкін.

Ресми хаттар міндетті түрде басылуы керек. Биреми хаттарда «Құрметті аға»емес, «Қымбатты аға» деп жазуға болады. алушының мекен-жайы тек конвертте жазылуы керек. Жіберушінің мекен-жай конверт сыртында және мәтін парақтың жоғарғы оң жақ бұрышына жазылады.

Алғыс хат, шақыру, құттықтау немесе көңіл білдіру қолмен жазылады. Биресми хатты да қолмен жазуға болады.

Хат алмасу этикетін міндетті түрде сақтау керек. Ережелері:

  1. іскерлік хаттарды фирманың (ұйым, кәсіпорын) типографиялық әдіспен басылған бланктерде жазылады. Бланк жіберушінің атауы мен мекен-жайы көрсетіледі. Бланк оңай оқылатын және кәсіби дизайнермен безендіріледі. Шетел әріптестерімен хат алмасу үшін бланк реквизеттері ағылшын тілінде (мемлекеттік тілді аудармасы болуы мүмкін) болуы керек. Онда толық мекен-жайы, телефон нөмері, факс көрсетілуі керек.

  2. егер мәтін бір парақтан артық болса, соңында «continued over (продолжение следует)» деп жазылады. Халықаралық тәжірибеде, әдетте мәтінде бір бетке сыйдырады.

  3. Беттер реті араб сандарымен белгіленеді, бірінші бет нөмерленбейді.

  4. Сол жақ поля 2 см, азат жолы – полядан 5 интервал. Адресат азат жолсыз жазылады. Сөздер тасымалданбау керек.

  5. Қатені жөндеуге болмайды.

  6. Хатты бір реттен артық бүктеуге болмайды. (мәтін іш жаққа қарау керек). өте маңызды хаттар үшін парақ бүктелінбейтіндей конверт таңдау керек. Конвертте бланкідегі барлық реквизеттерді, фирмалық белгіні қоса көрсету керек.

  7. Траурлық конверт (іші қара түсіт) тек көңіл белдірген кезде қолданады.

  8. Корреспонденцияға резолюцияны тек карандашпен жасау керек. Егер ручкамен, онда хатқа қосарлы бөлек теке жазылады.

  9. Телеграфтық сұранысқа жауап үш күннің ішінде жауап берілуі керек. Хатқа – он күн ішінде. Егер нақты жауап беруге мүмкіндік болмаса, онда үш күннің ішінде хат ескерілгенін, бірақ нақты жауапты үш күннен кем уақытта берілуі керек.

Іскерлік хатта кіріспе, мерзім, алушының атауы мен мекен-жайы, кіріспе сөз, хаттың жалпы құрылымына сілтеме, негізгі мәтін, қорытынды сыпайы сөз, қол көрсетіледі.

Жіберушінің атауы мен фирманың мекен-жайы көрсетіледі. (типографиялық әдіспен басылған фирмалық бланкіде). Егер таза бет болса, онда жоғарғы оң жақ бұрышында өзіңіздің аты-жөніңіз, оның астында үй, пәтер нөмері. Төменірек- қала тауы, пошталық индекс, мемлекет атауы көрсетіледі.

Мерзім. Кіріспеден 2 интервал төмен оң жақ бұрышында. Халықаралық хат алмасуды қысқартулар болмайды. Ай, жыл күні толық жазылады. Мысалы, 15 ақпан 2009 ж. АҚШ-та алдымен ай, күн, сосын жыл көрсетіледі. Мысалы, ақпан15, 2009.

Алушының атауы мен мекен-жайы. Хаттың бұл құрылымы конвертте көрсетілетін алушының мекен-жайын қайталайды. Алушының мекен-жайы сілтемеден 2 интервал төмен сол жақта көрсетіледі. Мына қысқартулардың біреун қолданған жөн: «Г-ну» (Mr) или «Г-же» (Mrs). Госпадиын және госпажа сөздері хатта қысқартылып жазылады. Егер алушының титулы немесе атағы болса, онда Г-ну орнына, Проф. Деп жазылу керек.

Іскерлік хаттың құрылымы

Кіріспе

Сілтемеге нұсқау

мерзі

алаушының атауы мен мекен-жайы

нақты тұлғаны көрсету

кіріспе сөз

хаттың жалпы құрылымына сілтеме

негізгі мәтін

сыпаықлықтың қорытынды формасы

қол

Указание на примечание

или

Заключительная формула вежливости

Көшірмені таратуға нұсқау

72. Ісхаттың құрылымы. Бірніше адресатқа таратуға жататын ісхат-жауап құрастырыңыз. Іскерлік хат алмасу ресми және биресми болуы мүмкін.

Ресми хаттар міндетті түрде басылуы керек. Биреми хаттарда «Құрметті аға»емес, «Қымбатты аға» деп жазуға болады. алушының мекен-жайы тек конвертте жазылуы керек. Жіберушінің мекен-жай конверт сыртында және мәтін парақтың жоғарғы оң жақ бұрышына жазылады.

Алғыс хат, шақыру, құттықтау немесе көңіл білдіру қолмен жазылады. Биресми хатты да қолмен жазуға болады.

Хат алмасу этикетін міндетті түрде сақтау керек. Ережелері:

  1. іскерлік хаттарды фирманың (ұйым, кәсіпорын) типографиялық әдіспен басылған бланктерде жазылады. Бланк жіберушінің атауы мен мекен-жайы көрсетіледі. Бланк оңай оқылатын және кәсіби дизайнермен безендіріледі. Шетел әріптестерімен хат алмасу үшін бланк реквизеттері ағылшын тілінде (мемлекеттік тілді аудармасы болуы мүмкін) болуы керек. Онда толық мекен-жайы, телефон нөмері, факс көрсетілуі керек.

  2. егер мәтін бір парақтан артық болса, соңында «continued over (продолжение следует)» деп жазылады. Халықаралық тәжірибеде, әдетте мәтінде бір бетке сыйдырады.

  3. Беттер реті араб сандарымен белгіленеді, бірінші бет нөмерленбейді.

  4. Сол жақ поля 2 см, азат жолы – полядан 5 интервал. Адресат азат жолсыз жазылады. Сөздер тасымалданбау керек.

  5. Қатені жөндеуге болмайды.

  6. Хатты бір реттен артық бүктеуге болмайды. (мәтін іш жаққа қарау керек). өте маңызды хаттар үшін парақ бүктелінбейтіндей конверт таңдау керек. Конвертте бланкідегі барлық реквизеттерді, фирмалық белгіні қоса көрсету керек.

  7. Траурлық конверт (іші қара түсіт) тек көңіл белдірген кезде қолданады.

  8. Корреспонденцияға резолюцияны тек карандашпен жасау керек. Егер ручкамен, онда хатқа қосарлы бөлек теке жазылады.

  9. Телеграфтық сұранысқа жауап үш күннің ішінде жауап берілуі керек. Хатқа – он күн ішінде. Егер нақты жауап беруге мүмкіндік болмаса, онда үш күннің ішінде хат ескерілгенін, бірақ нақты жауапты үш күннен кем уақытта берілуі керек.

Іскерлік хатта кіріспе, мерзім, алушының атауы мен мекен-жайы, кіріспе сөз, хаттың жалпы құрылымына сілтеме, негізгі мәтін, қорытынды сыпайы сөз, қол көрсетіледі.

Жіберушінің атауы мен фирманың мекен-жайы көрсетіледі. (типографиялық әдіспен басылған фирмалық бланкіде). Егер таза бет болса, онда жоғарғы оң жақ бұрышында өзіңіздің аты-жөніңіз, оның астында үй, пәтер нөмері. Төменірек- қала тауы, пошталық индекс, мемлекет атауы көрсетіледі.

Мерзім. Кіріспеден 2 интервал төмен оң жақ бұрышында. Халықаралық хат алмасуды қысқартулар болмайды. Ай, жыл күні толық жазылады. Мысалы, 15 ақпан 2009 ж. АҚШ-та алдымен ай, күн, сосын жыл көрсетіледі. Мысалы, ақпан15, 2009.

Алушының атауы мен мекен-жайы. Хаттың бұл құрылымы конвертте көрсетілетін алушының мекен-жайын қайталайды. Алушының мекен-жайы сілтемеден 2 интервал төмен сол жақта көрсетіледі. Мына қысқартулардың біреун қолданған жөн: «Г-ну» (Mr) или «Г-же» (Mrs). Госпадиын және госпажа сөздері хатта қысқартылып жазылады. Егер алушының титулы немесе атағы болса, онда Г-ну орнына, Проф. Деп жазылу керек.

Іскерлік хаттың құрылымы

Кіріспе

Сілтемеге нұсқау

мерзі

алаушының атауы мен мекен-жайы

нақты тұлғаны көрсету

кіріспе сөз

хаттың жалпы құрылымына сілтеме

негізгі мәтін

сыпаықлықтың қорытынды формасы

қол

Указание на примечание

или

Заключительная формула вежливости

Көшірмені таратуға нұсқау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]