Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.62 Кб
Скачать

55. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: ақш, Аустралия

Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492 – 1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты.. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді. 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды.

АҚШ ғалымдарының дүние жүзіндегі ғылым мен техниканың даму барысына қосқан үлесі де зор болды. АҚШ-тағы Гарвард (Бостон, 1636 жылы негізі қаланған), Колумбия (Нью-Йорк, 1754), Принстон (Нью-Джерси, 1746) сияқты байырғы университеттермен қатар ондаған жоғары оқу орындарында америкалықтар ғана емес, дүние жүзінің басқа елдерінен келген студенттер де білім алады. Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасының талантты жастары арнайы «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ университеттерінде білім алуда. АҚШ-тағы Конгресс кітапханасы мен Гарвард университетінің кітапханасы кітап қоры жөнінен әлемдегі ең бай кітапханалар қатарына жатады.XX ғасырда америкалық өмір салты мен мәдениеті басқа елдер халқына да өз әсерін тигізе бастады. Америкалық жазушылар Д.Лондон, У.Фолкнер, Э.Хемингуэй, Т.Драйзер, М.Твен және т.б. көркем шығармаларын бүкіл дүние жүзінде сүйіп оқиды. Америкада тұратын африкалықтардың ұрпақтары бүкіл әлемге әуезді блюз бен джаз музыкасын таратты. Қазіргі кезде дүние жүзінде кеңінен тараған джинсы киімдері мен кока-кола сусынының да отаны АҚШ. Америкалық өмір салтын насихаттауда әйгілі Голливуд кинофильмдерінің маңызы ерекше болды. Әрбір мәдениеттің өкіліне мерекелер тән. «Холидей» сөзінің тура мағынасы «қасиетті күн» (ағылш. «holy day») болғанымен, Америка мерекелерінің дені діни мерекелерден гөрі, тарихи естелік боп қалған мерекелер. Америка ұлтының этникалық әр-алуандығына байланысты Америка мерекелерінан түрлі елдердің мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің ізін байқауға болады. Алайда барлық мерекелер анық Америкалық сипатқа ие болғанын байқауға болады. Құрама Штаттарда «холидей» сөзі «салтанатты той-думан» дегенді білдіреді.

Австралия, ресми атауы - Австралия Одағы (ағылшынша 'Commonwealth of Australia' - латын тіліндегі australis - оңтүстік деген сөзінен шыққан) - Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы - 7 686 850 км², осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде алтыншы орынға ие. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон Аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Австралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары - Сидней, Мельбурн, Халқының саны 21 миллион адам.Бірінші адамдар Австралияға 42−48 мың жыл бұрын келген. Олар Оңтүстік Шығыс Азия жерлерінен келген қазіргі Австралия аборигендердің бабалары. Соңғы зерттеулерге сәйкес Австралия жергілікті тайпалары африка тайпаларымен туыстық байланыстары болуы әбден мүмкін;1606 жылы – Голландиялық Duyfken атты кемесінің капитаны Биллем Янсзон Австралияны ашады. XVII ғасырда голландиялықтар дүниежүзінің картасына Австралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.1770 жылы Джеймс Кук (ингл. James Cook) Австралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс (англ. New South Wales) деп атайды және оны Ұлыбритания жері деп жария етті.Ұлыбритания американдық колонияларынан айырылып қалған соң, олар Австралияны айдалып келген қылмаскерлердің колониясы ретінде пайдалана бастайды. Австралияның қазіргі кездегі көптеген ірі қалалары (Сидней, Порт Филипп, Брисбен) осы айдалып келген қылмыскерлердің колониялары ретінде қаланған. 1828 жылғы халық санауы бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты халқының тең жартысы қылмыскерлер болған.1901 жылдың 1-ші қаңтарында доминион құқығы бар Австралия федерациясы құрылады. 1931 жылы қабылданған (1942 жылы бекітілген) [[Вестминстерлік статусқа сәйкес Австралия мен Ұлыбритания арасындағы жалғыс конституциялық байланысы ретінде британдық монарх болып қалады. Австралия де-факто тәуелсіз мемлекетке айналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]