
- •Этика мен этикеттің негізгі ұғымдары
- •Мораль. Адамгершіліктің «алтын қағидасы»
- •Конфуцийдің моральдық-этикалық ілімінің мән-мағынасы
- •Будданың моральдық-этикалық ілімінің мән-мағынасы
- •Моисейдің моральдық-этикалық ілімінің мән-мағынасы
- •Иисус Христостың моральдық-этикалық ілімінің мән-мағынасы
- •Мухаммедтың моральдық-этикалық ілімінің мән-мағынасы
- •Сократтың, Эпикурдың моральдық-этикалық ілімінің мән-мағынасы
- •Канттың моральдық-этикалық ілімінің мән-мағынасы
- •Ницшеның моральдық-этикалық ілімінің мән-мағынасы
- •Жалпы моральдық ұғымдар: идеал, жақсылық, жамандық, парыз, ар
- •Жалпы моральдық ұғымдар: еркіндік
- •Жалпы моральдық ұғымдар: рақымшылық және кесір
- •Жалпы моральдық ұғымдар: бақыт
- •Жалпы моральдық ұғымдар: пайда және әділеттілік
- •Жалпы моральдық ұғымдар: қайырымдылық
- •Жалпы моральдық ұғымдар: рационалдылық (орындылық) және эгоизм
- •Этикета ұғымы мен қағидалары
- •Этикеттің қысқаша тарихы
- •Дипломатиялық және іскерлік этикет пен протокол
- •Таныстыру ережелері. Танысу. Қонақтарда таныстыру
- •Көшеде, үй ішінде сәлемдесу ережелері. Қошайтысу.
- •Сұхбаттасу
- •Қонаққа шақыру, шақыруды қабылдау: шақыруды қалай қабылдау қажет және қалай бас тарту керек. Қонаққа баруға дайындалу.
- •Қонақтарды қабылдау және қонақ болу ережелері
- •Темекі шегуге байланысты этикет ережелері
- •Сыйлық беру және қабылдаумен байланысты этикет ережелері
- •Жол жүру этикеті
- •Көше, есік, көлік, лифт сияқты қоғамдық орындардағы сыпайылық ережелері
- •Мейрамханада болу ережелері
- •Театрда, концерт залында және т.Б. Көңіл көтеру, қойылым орындарында болу ережелері.
- •Іскерлік қарым-қатынастар этикеті
- •Таныстырудың ресми және протоколдық формалары
- •Іскерлік қарым-қатынастардағы сыйлық беру-қабылдау ережелері
- •Іскерлік қарым-қатынастар мәдениеті, формалары және компоненттері.
- •Іскерлік қарым-қатынастардағы ақпарат алмасу формалары
- •Іскерлік қарым-қатынастар: басқарушы этикасы
- •Келіссөздер мен жиналыстар
- •Іскерлік қарым-қатынастарға даярлану. Іскерлік қарым-қатынастар өтетін орын
- •Іскерлік сұхбаттасу техникасы
- •Іскерлік қарым-қатынастар: сұрақ қою және жауап тыңдау техникасы
- •Іскерлік қарым-қатынастар: дәлелдеу (аргументация)
- •Өз пікірі қорғау және қарсыластың жауабын қайтара білу
- •Делегации құрамын іріктеу. Кездесуге әзірлену 46. Делегацияны қарсы алу және оны күту екеуіне осыны жазасындар!
- •49. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: араб елдері
- •50. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Ұлыбритания
- •51. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Германия
- •52. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Испания
- •53. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Италия
- •54. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Қытай
- •55. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: ақш, Аустралия
- •56. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Франция
- •57. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Корея
- •58. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Жапония
- •59. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: тмд елдері
- •60. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Қазақстан
- •61.Іскерлік қарым-қатынастар психологиясы. Іскерлік қарым-қатынастар ережелері (д. Карнеги бойынша)
- •62. Сұхбаттасу кезіндегі ескерту жасау (п.Мицич бойынша)
- •63. Ескертулердің кері әсерін төмендету әдістерінің мысалын келтіріңіз
- •64. Сұхбаттастың әдепсіздігін қалай қайтаруға болады (н.Энкельман бойынша). Өмір тәжірибесінен мысал келтіріңіз.
- •73. Визиттік карточкалар. Туризм менеджерінің визит карточкасының макетін жасаңыз.
- •74. Қабылдаулардың негізгі түрлері: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас. Осындай іс-шараға шақыру үлгісін жасаңыз.
- •87.Көже ішу ережелері. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •1 Этика мен этикеттің негізгі ұғымдары
53. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Италия
Италия, Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946).
54. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Қытай
Б.з.б. 6 – 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған.
Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған. Б.з.б. 138 – 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты.
Сун дәуірінде (960 – 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – «Нэйцзин» Қытай медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы Қытайда жазылды.
Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс – Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.).Кітап шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 03 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды.
1966 жылы кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета қолданылып, ол бірнеше жүз километр қашықтыққа ұшты. 1970 жылы Қытай бірінші рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 жылы 2-ЖЖС-н ұшырды.