Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.62 Кб
Скачать

51. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Германия

Немістер (өз атауы – дойче) – Германия Федеративтік Республикасының байырғы халқы. ГФР-да (80 млн-ға жуық, 2004), сондай-ақ Америка, Австрия, Африка, Азия елдерінде де тұрады. Жалпы саны 86 млн. адам (2004). Антропологиялық жағынан еуропоид нәсілінің атлант-балтық тобына жатады, орта еуропоид нәсілінің өкілдері де бар. Неміс тілінде сөйлейді. Арғы тегі – германдықтар. Немістер этносының негізін б.з. 1-мыңжылдығының ортасына қарай құрылған франк, сакс, бавар, алеман, тюринг, т.б. тайпалар одақтары қалаған. 843 ж. Франк империясы бөлшектенгеннен кейін, герман тілді Шығыс Франк корольдігі құрылды. Неміс тіліндегі өз атауы диутисце (кейінірек дойче) 10 ғ. ортасында белгілі болды.10 – 14 ғ-ларда неміс билеушілері шығысқа қарай жорықтар жасады да, славян және прусстайпаларын жаулап алып, өздерінің этникалық аумақтарын кеңейтті.Одан кейін ел бірнеше ғасыр саяси бытыраңқылыққа ұшырады.16 ғ-дың бас кезінде саксон(мейсен) диалектісі негізінде Немістердің әдеби тілі қалыптаса бастады. Саяси және діни қайшылықтардан кейін Немістер христиан дінінің католик және протестант (лютерандық ағым) тармақтарын қабылдап, діни жікке бөлінді. 18 – 19 ғ-лардағы соғыстар, экон. күйзелістердің біраз бөлігін басқа елдерге қоныс аударуға мәжбүр етті. 1870 – 71 ж. Бисмарк барлық Неміс жерін біріктіргеннен кейін, елде өндірістік қатынастар дамыды. Немістердің ұлт болып топтасуы аяқталды. 1-дүниежүзілік соғыспен 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Немістер зор шығынға ұшырады. 1949 ж. Германияның бұрынғы жерінде саяси-әлеум. жүйесі бір-біріне қарама-қарсы екі мемлекет құрылды (қ. Германия). 1990 жылдан бастап ГФР өкіметі шет елдердегі (Балқан елдері, ТМД, т.б.) Немістердің тарихи отанына қайтуына жағдай туғызды. Дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы балық аулаумен де айналысады. Ұлттық қолөнерінде ұсталық, зергерлік, көзешілік, ағашқа әр алуан бедер салу, кесте тігу дамыған. Табиғи-климаттық, ұлттық, шаруашылық жағдайларға байланысты тұрғын үйлердің төрт түрі қалыптасқан. Олар жергілікті жағдайларға сай кірпіштен, ағаштан, саз балшықтан, арасына ағаш тіреулер бекітіліп тұрғызылған. 16 – 17 ғ-ларда қалыптаса бастаған ұлттық киім үлгілерін 20 ғ-дың ортасына дейін сақтады. Ауыз әдебиетінде шванка (қысқаша күлдіргі әңгіме) айту кең орын алған. Көне замандардан келе жатқан аңыз-әңгімелер ертегі, балладалар сақталған. Ұлттық билері мен әндерінде көршілес халықтар шығармаларының ықпалы байқалады. Қазақстанда 1990 жылдарға дейін 1 млн-дай Немістер тұрды. Олар 2-дүниежүзілік соғыс басталғанда республикаға күштеп көшірілген болатын. Кейінгі жылдары көпшілігі тарихи отанына кетті. Қазіргі уақытта 300 мыңға жуығы қалды. Олардың ұлттық-мәдени орталық жұмыс істейді. Неміс тілінде газеті шығады.

52. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Испания

Испания патшалығы – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2.. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн. (1999). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы (5 млн.). Бұған қоса Барселона (1,8 млн.), Валенсия (1 млн.), Севилия (750 млн.), т.б. ірі қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Христофор Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы – песета.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]