Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.62 Кб
Скачать
  1. Көшеде, үй ішінде сәлемдесу ережелері. Қошайтысу.

Сәлемдесу.

Көшеде амандасқанда кішігірім иіліп, аузынан темекісін алып және қалтасынан қолын шығаруы керек. Қолғапты шешу міндетті емес, бірақ егер танысын шешсе сіз де соны істеу қажетсіз. Әйел адам егер де үлкен адаммен кездескенде ғана қолғабын шешу керек,

Бірінші болып кіші жастағы немесе әлеуметтік жағдайы бойынша, ер адам әйел адаммен.Әйел адам тек әйел адамды және өзінен үлкенін ғана емес, сонымен қатар жанында жүретін адамсыз яғни ер адамсыз болса да амандасу керек.

Қиын жағдайларда егер таныс адамның статусы сіздікімен тең болса бірінші болып амандасқан жөн.Француз әскери жарғысында айтылған: «Екіофицердің ішінен тәрбиелі және сыпайы адам амандасады».Егер сіздің серігіңіз сізге таныс емес адамдармен амандасса,сізде амандасу қажет.Жаңа ғана сәлемдеске сөз қайта қайталанбағандығы жақсы.Мысалы,Кеш жарық! Сәлеметсіз бе!

Ғимаратта. Ғимаратқа кіргенде бірінші амандасу керек. Адам көп болса жалпы иілу керек. Тек өзініз келген адамдармен қол алысып амандасыңыз. Егер ер адамның жұмыс бөлмесіне әйел адам кірсе, ер кісі тұрып үстелден айналып амандасып оны орындыққа отырғызады.

Әйелмен амандасу кезінде ер адам қолынан сүюіне болса болады. АҚШ та бұл кереғарлық болып саналады.Польшада бұл дәстүр. Керек жағдайда қол сүюден ұстамды болған жөн,тек әйел адам танымал кісі болса ғана.Төмен иіліп, әйел қолының саусақ үсті бөлігін сүюге болады. Мұндай сәлемдесу тек бөлмеде болады. Қонаққа келе отырып,ер адам әйел қожайынмен амандасу керек, жанында әдемі қыз болса да немесе үлкен бастық болған жағдайда да.

Сәлемдесуге қалай жауап беруге болады: Әйел адам ер адамның сәлемдесуіне жауап бере отырып, орнынан тұрмайды. Бірақ әйел қожайын қонақпен сәлемдескен кезде тұрады. Егер ер қонақ адам басқаларынан кеш келсе әйел адамға тұрмаса болады. Үй иесінің балалары келген әрбір қонаққа тұруы керек.

Ер адам бөлмеге әйел адам келсе тұрып ол отырмағанша дейін отыру керек. Қоғамдық орындарда ер адамға мұны істеу қажет емес, бірақ әйел адам онымен сөйлессе ол тұрып әңгімелесу қажет.Егер әйел адам мейрамханада таныстарымен амандасу керек, ал ер адамға басын изесе болды.

Қошайтысу. Кетуге жиналған кезде сөйлесудің паузасын күте тұрып сөйлесушілерге айту керек: «Сау болыңыз.Тағы кездесеміз деген үміттемін» және осыған ұқсас фразалар.

Сүйкәмді әңгімелесуші солай жауап беру керек. Таныс емес адамдармен қошайтысқанда егерде сіз олармен танысқанда да, тек басыңызды иіліп күлімдеп кетсеңіз болса болады.

Бөлмедегі адамдардың бәрі сіздің қоштасып жатқанызды көру міндетті емес. Ал көп адам бары кешкі жиылыстан ерте қайтқан кезде сіз көрінбей назар аудармай кету керексіз. Тек үй иесімен қоштассаңыз болады.

  1. Сұхбаттасу

Әңгімелесу- кешкі жиналыс,қабылдау және кешкі кездесулер негізі.

Бірінші ереже,бастысы және маңыздысы: идеалды әңгімелесуші жақсы сөйлесетін емес, жақсы тыңдай білетін адам.Тыңдай білетін адам сөйлей беретінге қарағанда, сөзтапқырлық мүмкіндіктері бар. Ол адам сөйлеп тұрған адамды аңдып,оны танып, онымен сөйлесуге дұрыс мәнер мен әңгімелесу әдісін таба біледі.Оны тыңдай отырып,көзіне қарау керек тек қадалып емес.

Әңгімені бастау үшін оған бір тақырыпты бастап,әңгімелесушіні қызықтыруы керек.

Үзіліс жасаудан қорықпау керек. Үндемейтін кездер кейде көп айтуы мүмкін.

Әңгімелесу кезінде не істемеу керек:

-саясат және дін туралы керісу.Егер көзқарастардың әртүрлілігі байқалса, тезірек әңгіме тақырыбын өзгертіңіз.

-дауыс көтеру,қызығу, әңгімелесушінің көзқарасына жоқ қылдыру, «бос әңгіме» сияқты фразаларды айту және т.б.

-әңгімелесуші адам өзінің көзқарасын шешімді және дұрыс айтқан жағдайда онымен дауласу;

-әңгімелесушінің сөзін бөлу, қысқаша ескертпелер айтып қалу;

-өзіңнің жетістіктері мен сәттіліктеріңді айту;

-өзіңнің сәтсіздіктердіңді,мәселелеріңді,ауруларыңды, өзіңнің жетіспеушіліктеріңді айту;

-үстелдің келесі жағында отырған адаммен әңгіме бастау;

- әңгімелесуші топтың ішінен біреуін шығарып оның құлағына сыбырлау;

-сөйлесіп жатқандардың әңгімесін тыңдап, олардың рұқсатынсыз әңгімеге кіру;

- жоқ адамдар туралы жаман айтып,сондай әңгімелерді қолдау;

-біреу туралы айтқан кезде ол деген есімдіктерді адамның аты мен әкесінің аты немесе тегі бойынша айту керек (Бектуров мырза)

-өзініз толық білмейтін нәрсе туралы айту;

-бір әңгімені айту кезінде тереңдеп екінші денгейлі бөлшектерін айту;

-әңгімелесушінің табысын оның қандай затты қаншаға сатып алғаның сұрау;

-өзінің сенімсіздікпен айтылған таңқалу сезімін айту;

-бөлмеде тұрғандарға түсініксіз немесе қызық емес деп айту;

- әйел адамның өз жасын айтқысы келмеуі, басқа адамдардың фамилиясы аты ұлты және т.б. туралы әзілдеу;

-сөйлеп тұрған адамды тыңдап тұрып сағатқа қарау, қалтада немесе сөмкені ақтару;

- қатты жестпен көрсету, әңгімелесушінің түймесінен,қолынан ұстып,иығын немесе арқасын қағу және т.б.

-адамға ұнамсыз жағдайды айту оған ауыр тиетін;

- адамның сөз қателерін дұрыстап отыру;

- екінші адам сөйлей алмаған сөздерді айтуға немесе сөйлемді аяқтауға көмектесу;

Дұрыс әңгімелесуді қалай жүргізу керек;

-өзінің көзқарасын сабырлы көрсету, өзін-өзі ұстау мен сөйлесуші адамға жақсы қарым қатынасты жоғалтпау

- үшінші жақ адамдарды фамилиясымен емес, тек аты және әкесінің атымен және «Рахимжанов мырза»

-Егер жаңа келген адам әңгімеге қосылса, онда үзілген әңгімені қайта жалғастырып, оған қысқаша мазмұнын айтып кетсе болады.

-егер де екі адам бір уақытта сөйлесе,онда ең сыпайысы бірден аузын жабады;

- уақыт өткен сайын әңгіме тақырыбын өзгертіп тұру;

- өзіңмен тең адаммен әзілдеу

- сұрақтар мәнсіз болса және сізге ұнамсыз адамдар жауап берсе оларға жауап беру қажет. Жауап берудің орнынан мүлдем .үндемеу басқа адамдарды ыңғайсыз жағдайда қалдырады.

- әңгімені барысында бағыттап отырған дұрыс,оған өшіп қалмай, қызық тақырыптар ұсынған жөн. Үй иесі қонақтарға ұнауы үшін жауап береді.

Комплименттер.Ер адамдар арасында комплимент болмағаны жөн. Комплиментті қабылдауда ләзаттанып және жылы шыраймен алу керек. Комплименттерді жоққа шығаруға болмайды, Комплиментке қарсы шығу адамның екіжүзді немесе жағымпаздықпен тең.Комплимент жасау алдында оның шығу мәнерін талқылаған жөн.Мысалы, Егер сіз бүгін тамаша көрінесіз десеніз, бүгін деген сөз адамның басқа күндері онша маңызсыз көрінетінін білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]