Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.62 Кб
Скачать

  1. Этика мен этикеттің негізгі ұғымдары

Этиканың пайда болуы және жетілуі "Этика" терминінің этимологиясы латын тілінің "еіһоз" деген сөзіне барып тіреледі. Ол бастапкыда "хайуанның үңгірі", "қүстың үясы", "аңның апаны" сынды мағынада пайдаланылған сөз. Бір сөзбен айтсақ, тірі жанның өзіне тиеселі өмір сүру мекені дегенді андатқан. Бірте-бірте ол сөзбен "бірлесе тіршілік етуші адамдар тобының орналасқан орны, мекен-жайы" дегенді де белгілейтін болды.

Этикет сөзі француз тілінен аударғанда рәсімдікті реттеуші нұсқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі деген мағынаға ие. Мысалы, XVIII ғ. этикет деп монархтардың сарайларында өзін-өзі үстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бүл терминнің одан гөрі кең мағынада қолдауын қажет етті.

Этикет хан сарайларындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: қашан кімнің түру керектігі, монархты кімнің, қашан қалай киіндіретіндігі, аудиенциялар, балдардың өту тәртібі және т.т. Этикет хан сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. Жоғарғы билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың оз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих долелдейді.

Этикетке үсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы үсақ-түйектердің дүрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін. Корольдық билік түсында этикет зандары монархты конституция зандарынан әлдеқайда мыкты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті "этикет патшаларды күл етті" деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек.

Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Мысалы, кейбір халықтарда қонақ тың тамақты жеп, риза болғанынын куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықгарда мәдениетсіздіктің нағыз көрінісі болып табылады. Кавказ халықгарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол үсынса, Казақстанда жасы кішіден ізет күтеді. Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды. Әрбір халықтық өзіндік карым-қатынас мәдениеті болғандығьгна ешкім күмән келтірмейді. Оның қазіргі күні де кәсіптік, түрмыстық және отбасылық этикетте өзіндік орын алып отырганы белгілі.

Этикет және этиканы шатастыруға болмайды. Дыбыстық үқсастықтарына карамастан ол екеуі - екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада үстау әдебін танытса, этика одан анағүрлым кең ауқымды қамтитын үғым. Өйткені этика жалпы адамзаттық деңгейде адамгершілік қүлықтың тарихын, адамгершілік категорияларын философиялық талдаудан өткізетін ғылым.

Адамгершілік, әдептілік қасиеттері адамзаттың нешеме мынжылдық дамуының өзіндік жемісі. Қазақ тіліндегі "адамгершілік" сөзінің өзін герменевтикалық талдаудан өткізер болсақ, онда "адамгершілің" түбірі "адам" сөзінен тұратындығын көреміз. Адам өзінің адамшылығы үшін адамгершілікке қарыздар десек, адамгершілік те адамилық, яғни шынайы басқа, хайуанат әлемінен мүлдем бөлек қасиеттерді бойына дарытушылықпен тығыз байланысты. Сонымен, адамгершілік құлық мәдениеттің бір бөлігі бола тұра, сол мәдениет іспеттес адамды өз алдына жеке қойып танытатын қасиет.

Этиканың қүрылымына келетін болсақ, ол 3 бөліктен түрады:

1. Теоретикалық этика;2. Нормативті этика;

3. Эмпирикалық этика.

Теоретикалық этика этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғьшым ретінде даму тарихын зерттейді.

Нормативті этика негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік, ізгілік, ар-ождан, үят, абырой, парыз жэне т.с.с. қарастырады.

Эмпирикалық этика белгілі бір кезендердегі адамзат үйымдарының нақты адамгершілік келбеті жайында түсінік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]