- •1.Күн элементтерінің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз
- •2.Күн элементтерінің даму тарихын түсіндіріңіз
- •3.Күн элементтерін қолдануын түсіндіріңіз
- •7)Таза шалаөткізгіштікте және металдарда жарықтың жұтылуын түсіндіріңіз
- •10.Күн элементінің вольт-амперлік сипаттамасын түсіндіріңіз.
- •11.Күн элементінің спектрлік сипаттамасын түсіндіріңіз.
- •12.Күн элементінің пайдалы әсер коэффицентін түсіндіріңіз.
- •14.Шалаөткізгіштік жұқа қабыршақты материалдарға сипаттама беріңіз
- •17. Кремнилі күн элементтерінің тиімділігін түсіндіріңіз
- •18. Кремнилі күн элементтерінің фотоэлектрлік сипаттамасын түсіндіріңіз
- •23. Көп қабатты антишағылу қабықшаларды түсіндіріңіз
- •33) Электронды микроанализ
- •34. Күн элементтерін зерттеуші сканерлеуші электрондық микроскоп әдісін түсіндіріңіз.
- •36. Күн батареялары үшін нанотрубкаларға сипаттама беріңіз.
- •37. Наноқұрылымды күн элементтерінің беттік қабығын түсіндіріңіз
- •42 Күн концентраторлардың түрлерін түсіндіріңіз
- •43. Күн концентраторларының конструкциясын түсіндіріңіз.
- •44. Қышқылды аккумуляторды түсіндіріңіз.
- •45. Сілтілі аккумуляторды түсіндіріңіз.
- •48.Заряд контроллерін түсіндіріңіз
- •49.Аккумулятор сыйымдылығы-
- •50.Инвертор
- •52,Инверторды қосу схемалары мен стандарттарын түсіндіріңіз
- •53,Гибридті инверторлар
- •56. Күн батареяларын параллельді және тізбектей қосуды түсіндіріңіз.
3.Күн элементтерін қолдануын түсіндіріңіз
Күн панельдері- күн радияциясын электр тогына айналдыртын құрылғы.
Бүгінгі күні күн батареяларын қолданатын жерлер көбейіп жатыр. Бұл құрылғылар өз орнын өндірісте,ауыл шаруашылығында, әскери-космостық бағытта,тіпті уй шаруасында тпты .Оны түсіну үшін аз ғана экскурсия жасайық. Әлемде электростанциялар жетпейтин жерлер көп. Сонда ең оңтайлы шешім ретінде күн батареялары алынады. Одан басқа батареяларды космоста та қолданады, нақтырақ айтсақ спутникке кернеу көзін жеткізу өте қыйын сол себепті де онда күн батареялары қолданады. Себебі панельдер өте жеңіл, жұмыс уқыты ұзаққа дейін жетеді.
Күн элементі осы кезде, стадиондарда, машинанын крышасында, ұялы телефондарда, калькуляторда, тіпті үй және су жылыту аппатараттарында да қолданылады. Ең бастысы үйді электр энергиясымен қамтамаыз етуде бірдін-бір таптырмас әдіс.
артықшылықтары:
Қоршаған ортаға еш әсері жоқ
25 жылға дейін қолданыста болады
Тәуелсіздік, автономды электр көзі
Шусыз және қосымша қайнар(бензин) керек емес
4.Жаңартылған энергия көздеріне сипаттама беріңіз. Жаңартылатын энергия деп күн жарығы, жел, су, су толқыны, геотермиялық жылу секілді сарқылмас, қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан түзілетін энергия.
Жел энергиясы. Жел энергиясы атмосферадағы ауа массаларының кинетикалық энергиясын электр энергиясы, жылу немесе басқа да энергия түрлеріне айналдыру үшін қолданылады. Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруі жел генераторлары (электр тоғын алу үшін), жел диірмендері (механикалық энергия үшін) және басқа да агрегаттар көмегімен жүзеге асады
Гидроэнергия. Су электр станциялары су ағымының әлеуетті энергиясын элекр энергиясына айналдыруға қолданылады.
Ерекшеліктері:
СЭС электр энергиясының өзіндік құны басқа электр станция түрлеріне қарағанда әлдеқайда төмен.
СЭС генераторларын қажеттілікке сай жылдам өшіріп-қосуға болады.
Жаңартылатын энергия көзі болып табылады
Қоршаған ауаға әсері басқа электр станцияларға қарағанда анағұрлым азырақ
СЭС құрылысы капиталды көбірек қажетсінеді
Тиімді СЭС-тер тұтынушылардан жиі алыс орналасады
Су қоймалары едәуір аумақтарды алып жатады
Күн энергетикасы— күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы пайдалану. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғылардың бірі – Күн батареялары. Күн батареясы немесе фотоэлектрлік генератор – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен қамтамасыз етеді.
Геотермалдық энергетика — энергияны Жердің ішкі жылуынан алу. Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына суды және басқа сұйық сұйықтарды және газ тәрізді заттарды айдап сіңіруден алынады.
5
.Күн
сәулесінің интенсивтігін түсіндіріңіз.
Күн
сәулесінің интенсивтілігі деп күн
сәулесінің қуатын айтады, ол Вт/м²
өлшенеді. Бұл шама тұрақты емес және әр
уақыт өзгеріп отырады. Бұлтты күндері
50 Вт/м²-ден ашық күні 1 000 Вт/м²-ге дейін.
Жылу энергиясына түрленетін күн сәулесі
мөлшерін есептеу үшін сәулелену ұзақтығын
да ескеру қажет. Күн сәулесінің суммарлы
энергиясы таңдалған уақыт периодындағы
қуат болып табылады, ол ватт-сағатпен
өлшенеді.Уақыт периодына мысалы, күн,
ай, жыл және т.б. алуға болады.
Егер жарық түсетін облыс түскен сәулеге перпендикуляр болса, атмосфераның сыртқы бөлігіне түсетін қуаты шамамен 1,33 кВт/м2 құрайды. Энергияның бір бөлігі атмосферада жұтылып дүниежүзілік кеңістікке тарайды, сондықтан жаздың ашық күні теңіз деңгейіндегі және Күн сәулесіне перпендикуляр орташа жазықтыққа (600-400) түсетін энергия 0,8-0,9 кВт/м2-қа тең болады.
Экваторға жақын аймақтарда оптимум жағдайында атмосфера арқылы өтетін сәуленің энергия ағыны 1 кВт/м2-қа (кейде одан да жоғары) тең болуы мүмкін.
Атмосферадағы шығындар оның қасиеттеріне (ылғалдылық, шаңдылық, т.б) және ондағы сәуленің жүріп өткен жолына, демек жыл мезгіліне, тәулік уақытына да байланысты болады. Ең оптималды жағдайларда радиацияның горизонталды бетіне түсетін бір күндік орташа қуат 0,4 кВт/м2-тан аспайды. Бұлтты күндері бұл көрсеткіш төмендейді, ол айтылған қуат мөлшерінің оннан біріне де жетпейді.
Күн радиациясының горизонталды бетке түсетін орташа жылдық мөлшері 0,1 мен 0,2 кВт/м2 шамасында болады, ол күніне 2,4-4,8 кВт·сағ/м2-ты құрайды. Жер бетіне түсетін суммарлы (барлық) күн энергиясы екі бөліктен: Күннен тікелей келетін тура сәулеленуден және таралған немесе басқаша айтқанда диффузиялық радиациядан тұрады. Ашық күні тал түсте сәулелену мөлшері суммарлы сәулеленудің 20 %-ын құрайды. Кешке қарай бұл көрсеткіш жоғарылап, Күн батқаннан кейін 100 %-ға жетеді (1 сурет).
6.Спектрлік талдау. Күн сәулесінің сызықты және тұтас спектрін түсіндіріңіз. Электромагниттік сәуле шығару спектрі монохроматты толқындардың толқын ұзындығы бойынша реттелген жиынтығы. Әр түрлі заттардың сәуле шығаруының спектрлік құрамы түрліше болады. Үзіліссіз немесе тұтас спектрлер. Күн сәулесінің спектрі үзіліссіз болып табылады. Бұл - спектрде барлық толқын ұзындықтары бар деген сөз.Үзіліссіз спектр немесе тұтас спектр шығарып алу үшін денені жоғары температураға дейін қыздыру керек. Үзіліссіз спектрді сондай-ақ жоғары температурадағы плазма береді.
Сызықтық спектрлер. Сызықтық спектр белгілі бір толқын ұзынығында ғана болатын спектр.Сызықтық спектрлерді газ күйіндегі атомдық (бірақ молекулалық емес) барлық заттар береді. Бұл жағдайда іс жүзінде бірімен бірі өзара әсерлесетін атомдар жарық шығарады. Бұл — спектрлердің ең іргелі, негізгі түрі. Дараланған атомдар қатаң белгілі ұзындықтағы толқын шығарады. Әдетте сызықтық спектрлерді бақылау үшін жалындағы зат буларының жарқылы немесе зерттелетін газ толы түтіктегі газ разрадының жарқылы пайдаланылады.
Қандай да бір заттың сәуле шығаруындағы жиіліктер немесе толқын ұзындықтары жиынтығы сол заттың шығару спектрі деп аталады. Берілген зат жұтатын жиіліктер немесе толқын ұзындықтары жиынтығы сол заттың жұту спектрі деп аталады.
Заттың спектріне қарап оның химиялық құрамы мен оған енетін атомдар концентрациясын анықтауды спектрлік талдау деп атайды.
