Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

228. Банк өтімділігін бағалау, бағалау көрсеткіштері мен топтастыру

Банк өтімділігін басқару банктік менеджменттің маңызды элементі олып табылады. Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты міндеттемелерді дер кезінде өтеу үшін қолма қол қаражатқа деген қажеттілік.

Жалпы банктің өтімділігін басқаруға өтімділік мынадай екі кезеңмен атқарылады:

  • несиеге деген сқранысты қанағаттандыру;

  • салымшылардың депозиттерді алу сұранысын қанағаттандыру.

Қазақстандық банктер тәжірибесінде өтімді қаражаттарының ұсына-қ

  1. Клиенттің банктің және жинақ шоттарына түсетін қаражаттары;

  2. Клиенттің ссудалық қаражаттары;

  3. Б.Қ өтеу

  4. Сыйақыларды төлеу

  5. Банкаралық нарықтан ақшалар тарту

  6. Депозиттік емес банктік қызметтен түсетін табыстар

  7. Банктің активтерін сату

  8. Өзге де дебиторлық қарыздардың өтелуі.

Өтімді қаражаттардың негізгі бағыттары:

  • банктерге және өзге де қаржы ұйымдарына несие беру;

  • клиенттерге несиелер беру;

  • БҚ-ды сатып алу

  • өзге активтерді сатып алу   

Банктің төлемдік міндеттерінің негізгі бағыттары:

  • Заңды және жеке тұлғалар алдындағы депозиттік міндеттемелеріне;

  • Банкаралық несиелер;

  • Есептелген сыйақылар;

  • Есеп айырысу қызметі бойынша міндеттемелер;

  • Бюджетке төленетін сыйақылар мен өзге де төлемдер:

  • Кредиттік берешек.

Өтімді қаражаттармен төлемдік міндеттемелердің арасындағы айырма банктің ағымдағы өтімділік ұсталымын көрсету. Егер оның мәні теріс болса онда банктегі өтімді қаражаттардың жеткіліксіздігін көрсетеді. Ал оң болса, артық өтімділікті көрсетеді.

Отандық банк тәжірибесінде өтімділікті басқару екі әдістің көмегімен жүзеге асырылады.

  1. Жиынтық қор әдісі;

  2. Конверсиондық әдіс.

Банктің өтімділігін бағалау қаржылық өтімділікке және резервтеріне қоятын талаптарына сәйкес жүргізіледі. Банк өтімділігін басқаруды активтер мен пассивтерді басқару комитеті жүзеге асырады.

229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі

Өтімд. Бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады.оның бірі- берілген несиелер мен депозиттер сомаларының қатынасы. Олардың арасында мынадай тәуелділіктер бар; бұл қатынастың мәні неғұрлым 1-ден көп болса, банк өтімділігі соғұрлым төмен болады. Сонымен қатар, несиелеудің жалпы активтер сомасындағы үлесі есептелінеді, ол активтердің диверсификациясын көрсетеді.бұл көрсеткіш 65-70%аралығында болу керек. Өтімділік дег/з – салымшылар мен карыз берушілер алдында банктін оз міндеттемелерін уакытында және шыгынсыз орындау кабілеттігі.1) банк капит-н базасы-салымшылар каражаттары мен депозиттерине кепил беретин және олардын мудделерин коргайтын меншикти капиталдын жеткиликти молшерин сипатайды. 2) банк активт-н сапасы- 2 сурак 3) депозит-н сапасы –негизги басты критерий: олардын турактылыгын сипаттайды. 4) сырткы каражат козд-не орт. Таукелд. – ягни банкаралык несиеге деген тауелдилигине байланысты. 5) мерзiм б-ша активтер мен пассивтер саекест-I – бул банктин отимдилигин айкындайды. 6) сауатты баскару менедж.- банктiн оз кызметiн ж/а-да белгiлi зандарды, iшкi саясатты жане ережел-I сактауын дурыс баскырып отыратын менеджмент урдiсi. 7) банктiн жогары дарежелi беделi – банк негурлым беделди болса,согурлым отимдилигиде жогары болады. 1) елдегi жалпы саяси жане экономик-к жагдай- банк операция-нын дам-н ж-е банк жуйес-н саттi жумыс iстеуiнiн алгышарт-н калыпт-ы, банктер кызмет-н эконом-к негiзд-н туракт-н камт-з етедi, банктерге деген сенiмд-тi арттырады. осы аталган жагдайларсыз банк-н туракты депоз-к базаны куруы, активтер-н рентабель-не кол жеткiзуi, оз куралд-ын дамуы, активт-iн сапалар-н жог-у жане баскару жуйесiн жетiлдiру мумкун емес. 2) баг.кагаздар нарыг-н дамуы – отимди каражаттар курыдын онтайлы вариантынкамтамасыз етеди. 3) банкаралык несие нарыры - банкаралык нарыктын дамуы уакытша бос ресурст-ы банктер арасында жылдам тез арада кайта болуге комект-i. банкаралак нарыктан артурлi мерзiмге, сон.катар бiр кунге каражаттарды тартуга болады. 4) кайта каржы-у жуйесiн уйымд-у – орт/к банк комм/к банктерди кайта каржыландыру жуйеси банктин отимди активтерин орт/к банктен алынган несиелер арк. Жабуга мумкиндик береди.5) ОБ кадагалау кызмет-н тиiмд-гi – отимдиликти баскарудагы КБ-мен мемл. Кадагалау органы арасындагы карым катынас дарежесин корсетеді.

Жалпы әлемдік банк тәжірибесінде банктің өтімділігін бағалауда негізінен 2 тәсіл қолданылады:

1) коэффициенттік тәсіл (нормативтер мен коэффициенттер белгілеу);

2) ақшалай ағымдарды талдау негізінде бағалау тәсілі (ГЭПталдау-Gap Analysis, төлемдік календарь құру, стресс тестілеу тәсілі және басқадай)).

Енді соларға жекелеп тоқталатын болсақ, коммерциялық банктердің өтімділігін бағалау үшін белгілі бір көрсеткіштер жүйесі (нормативтер, коэффициенттер) қолданылады. Көптеген елдерде өтімділік көрсеткіштері заңмен бекітіліп жарияланады. Жарияланған өтімділік көрсеткіштерін коммерциялық банктер қатаң сақтауға міндетті. Ал қадағалаушы органдар өтімділік көрсеткіштерінің сақталуын қадағалайды.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі басқармасының 2005 жыл 30 –қыркүйектегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген “Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы” № 358 қаулысы бойынша Қазақстандағы ЕДБ-дің өтімділігі келесі коэффициенттермен :

a) к4 банктің ағымдағы өтімділік коэффициентімен;

b) к4-1, к4-2 және к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;

c) к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерімен сипатталады [2,б.6].

Ақшалай ағымдарды талдау негізінде бағалау тәсілі - ақшалай кірістер мен шығыстарды мерзімдері бойынша салыстыру немесе активтер мен міндеттемелерді мерзімдері бойынша қарама-қарсы қою арқылы атқарылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің 01.10.2012 жылғы мәліметтері бойынша Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер 2009-2011 жылдары және 2012 жылдың 10-қазанына өтімділіктің пруденциалдық нормативтерін орындаған (01.10.2012 жылы - к4 – 0,84; к4-1 – 7,04; к4-2 – 5,09; к4-3 – 2,94).

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жəне Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (қазіргі ҚҚК) 2012 жылдың желтоқсан айындағы Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есебінің тәуекелдерді зерттеу саласындағы нәтижесі бойынша қорландыру көздерінің құрылымында қысқа мерзімді міндеттемелердің үлесінің айтарлықтай көп болуы, сондай-ақ қосымша өтімділікті тарту, оның ішінде ҚРҰБ-нен кредит алу үшін кепілдердің шектеулі болуы себебінен отандық банктер еріксіз өтімділіктің жоғары деңгейін сақтап отыр.

Банктердің өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу аясында ұзақ мерзімді қорландырудың орнын басудың болмауы экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеудің əлеуетін тарылтуда. Осы жағдайда банктерге орташа жəне ұзақ мерзімді қорландыруды бере алатын əлеуетті потенциал инвесторлар - жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдары болуы мүмкін

Келешек перспективада Қазақстан Республикасы жалпы әлемдік ұсыныстарды ескере отырып қаржы ұйымдарында ішкі бақылау мен тәуекел-менеджментінің тиімді жүйесін жасауды көздеп отыр. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №923 Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасында» қарастырылған. Тұжырымдаматалаптарын іске асыру үшін қадағалау органының қаржы ұйымдары қолданатын тәуекелдерді басқару мен корпоративтік басқару жүйелерінің сапасын және тиімділігін бағалау тәсілдері мен рәсімдері, оның ішінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін өзін-өзі бағалау бойынша қосымша талаптар белгілеу арқылы жетілдіріледі

Қорытындылай келе екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін бағалау мен басқарудың қазақстандық тәжірибесін одан әрі жетілдірудің келесі жолдары ұсынылады:

- қаржыландыру көздерін әртараптандыру және ұлғайту;

- жекелеген банктердің өтімділікпен байланысты құрылымдық проблемаларын шешу;

- банкте әлеуетті өтімділікті анықтауға, қадағалауға, мониторинг жүргізуге және бақылауға мүмкіндік беретін өтімділікке тиімді басқару жүйесін жетілдіру;

- банктегі өтімділігін басқаруды автоматтандыру деңгейін жоғарылату және ақпарат көздерінің толықтығын қамтамасыз ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]