Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

2 Ведомство:

-Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;

-Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті;

4 Есеп беретін ұйым:

-«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

-«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

-«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

-«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

210.Банктер мен банктік қызмет туралы Заң оның құрылымы мен мәні

1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiнжүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйымболып табылатын заңды тұлға.

2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны тіркеуші органдарда (бұдан әрі − әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен айқындалады.

3. Банкінің ресми мәртебесi жоқ бірде-бір заңды тұлға «банк» деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

 1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (уәкілетті орган) мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңыменжәне Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен айқындалады.

Уәкілетті органның банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұруға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.

3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.

4. алынып тасталды

5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бірiнен астамы:

а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенім бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауындакөзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.

Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесімен ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік берілмейді.

Ислам банкін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауындабелгіленген.

6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келісім) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттік орган) мен сол шартқа (келісімге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.

7. Қазақстан Республикасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]