Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

71. Қр инвестициялық қызметті заңнамалық қамтамасыз ету. Қр «Инвестиция туралы» заңы

Заңда Инвестицияларға анықтама берілген: табыс алу мақсатында кәсiпкерлiк қызмет объектiлерiне салынатын мүлiктiк және санаткерлiк қазыналардың барлық түрi, оның iшiнде:  - жылжитын және жылжымайтын мүлiк пен мүлiктiк құқықтар, ұстап қалу құқығы, импортталған және өңдемей сатуға арналған тауарлардан басқалары;  - акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары; - облигациялар мен басқа да борыштық мiндеттемелер; - ақша сомаларын, тауарларды, қызмет көрсету және инвестицияларға байланысты шарттар бойынша кез келген өзге орындауды талап ету; - авторлық құқықтарды, патенттердi, тауарлық белгiлердi, өнеркәсiп үлгiлерiн, технологиялық процестердi, ноу-хауды, нормативтiк-техникалық, сәулеттiк, конструкторлық және технологиялық жобалық құжаттаманы қоса, санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқық; - қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензияға негiзделген немесе мемлекеттiк орган өзге де нысанда берген кез-келген құқық. Қаралып отырған заң бойынша шетелдiк инвесторға жататын тұлғалар белгіленген, оларға: шетелдiк заңды тұлғалар; шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шет елде тұрақты тұрғылықты жерi бар Қазақстан Республикасының азаматтары, бұл орайда олар шаруашылық қызметтi жүргiзу үшiн азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты жерi орналасқан елде тiркелген болуы керек; шет мемлекеттер; халықаралық ұйымдар жатады.

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады.

2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдар

1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Осы Заң:

мемлекеттiк бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға;

коммерциялық емес ұйымдарға, оның iшiнде бiлiм беру, қайырымдылық, ғылыми немесе дiни мақсаттар үшiн капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейдi.

3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

4. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-бап. Инвестициялық қызмет объектiлерi

1. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген объектiлерi мен түрлерiне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар.

Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің инвестициялар жүзеге асырылатын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленеді.

2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгi негiзге алына отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен инвестициялық қызмет шектелетiн немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлерi және (немесе) аумақтар белгiленуi мүмкiн.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]