Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

206. Жинақтау салымдары: түрлері, айырмашылықтары, тартау проблемалары

Жинақ салымдары депозит туралы келiсiм негiзiнде ашылады. Қазiргi кезде жинақ депозиттерiнің басты типi жинақ кiтапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.

Жинақ кітапшаларындағы шоттар — бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетiн чектiк емес депозиттер.

Олардың ерекшелiктерiне мыналар жатады:

— кiтапшалы жинақ салымында тұрақты мерзiмiнің болмауы;

— банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;

— шоттың жоғары шегiн белгiлеу мүмкіндiгi;

— салым иесiнің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргiзiлген операциялардың барысы жазылатын жинақ кiтапшасын ұсыну міндеттемесi;

— шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың болмауы.

Жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шотттар жинақ кiтапшаларындағы шоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы кезеңдiк жазбалар жазбаның жүргiзiлу тұрғысынан жинақ кiтапшаны ауыстырады. Олар бойынша осындай пайыз төленедi және олар осындай функцияны орындайды.

Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгiзілген жинақ салымдарының бiр түрін ұсынады. Қазiргi кезде оларда жинақ кiтапшасындағы шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшерi нарықтың пайыздық мөлшерлерiнiң өзгеруiмен реттелетiндiгiн және бұл шоттарды қолдану кезiнде операцияларды тiркеу үшін жинақ кiтапшасының тосылмайтындығын есептемегенде,көптеген ұқсас сипаттары бар.

Жинақ салымдарының ерекшелiгi мынадай:

— бұл шоттардың анықталған мерзiмдерi жоқ;

— салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бiрдей ала алады;

— бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етiлген, қазiр банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы;

— осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын жазуға құқылы;

— бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында қолданылады;

— банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесiнен белгiленген төлем алынады;

— егер салымшылар — корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша белгiленген резервтi сақтауға мiндеттi.

207.Банктердің түрлері мен олардың ерекшеліктері

Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.  Эмиссиялық банк ─  ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.Орталық банк мемлекеті берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүзеге асырады.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ  эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер. Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады,  яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді. Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды. Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесінің  құрылуы  1990 жылы  желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі. Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Коммерциялық банктер ҰБ лицензиясы негізінде заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаржыларын және басқа бағалықтарды қайтымдылық шартында жинап, оны өз атынан жеделділік, төлемділік шарттарында орналастыратын есептік және басқа банктік операцияларды жүргізетін коммерциялық ұйым. Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері: •  Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту; •   Несие беру; •   Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу; •   Төлем құралдарын шығару, •  Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру; •    Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу); •   Клиенттерге кеңес беру. Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]