Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Жылжымайтын мүлікті бағалау 1. Жылжымайтын мүлік нарықтарының ерекшеліктері 2.Бағалау бойынша әдістемелік жағдайлар

- бағалау қағидалары

- бағалауды ақпараттық қамтамасыз ету

3.Бағалау процесі

- міндет қою

- жұмыс жоспарын жасау

- мәліметтерді жинау және өңдеу

- келістіру

- бағалау туралы есеп беруді жасау

4.Жылжымайтын мүлік объектілерін жіктеу

5.Қозғалмайтын мүлік объектілерінің техникалық экспертизасы

- қозғалмайтын мүлік объектілерін зерттеу.

-бағалау объектісін куәландыру кезіндегі бағалаушы жұмысының ерекшеліктері.

- есеп беруді құрастыру кезіндегі бағалау объектісінің сипатталуыі.

6.Сатуды тікелей салыстыру әдісімен жылжымайтын мүлікті бағалау 7.Жылжымайтын мүлікті бағалаудың табыстық тәсілімен бағалау 8.Жылжымайтын мүлікті шығындық тәсілмен бағалау 9.Мүлікті бағалау кезіндегі экологиялық фактордың әсері.

- мүліктің құнына әсер ететін негізгі экологиялық факторлар.

- экологиялық факторлардың нарықтық құнын анықтау негізіндегі табиғи антропогенттік баға индекстері.

10.Жер учаскесін бағалау - жер учаскесінің құндарының түрлері

- жер учаскесін бағалау әдістері

205. Кепілдік, Кепілдеме және олардың айырмашылығы

Кепілдік –

1) тұлғаның өзінің контрагенті алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін кепілгер деп аталатын басқа бір тұлғаның құжат жүзінде рәсімделген кепілгерлігі. Мемлекеттік орган (мемлекеттік кепілдік), коммерциялық банк (банк кепілдігі), ірі кәсіпорын, т.б. кепілгер болуы мүмкін. Өзіне қатысты кепілдік берілген тұлға міндеттемелерін орындамаған жағдайда кепілгер бұл міндеттемелерді кепілдікте көрсетілген мерзімде орындауға міндетті. Халықар. саудада жүк жөнелтуші жүктің саны, сапасы, буып-түйілуі, таңбалануы, т.б. бойынша шағым-талаптардың бәрін өз мойнына алуға әзір екендігі жөнінде жүк тасымалдаушыға беретін кепілдікті хаттар кең таралған. Басқаша айтқанда жүк жөнелтуші жүк тасымалдаушыға жүктің таңбалары, салмағы, саны және сыртқы күйі туралы коносаментке енгізілген мәліметтердің дәл болмауы салдарынан келтірілген зиянды оған өтеу жөнінде кепілдік береді;

2) сатушының (жеткізушінің) сатылатын (жеткізілетін) тауардың, көрсетілетін қызметтің сапасы үшін жауапкершілігі. Кепілдік, біріншіден, сатушының сатып алушыға сатып алу-сату шартының талаптарына сай келетін тауарды ұсынуға, ал шартта тауардың сапасы туралы талаптар жоқ болған жағдайда – мұндай тауардың пайдаланылу мақсатына жарамдысын ұсынуға міндеттілігін көздейді, екіншіден, сатушының немесе дайындаушының тауардың кепілдікті мерзім бойына жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндеттілігін көздейді. Сатып алушыға сапасы төмен тауар ұсынылған жағдайда ол сатушыдан: елеулі және жөндеуге келмейтін ақаулар анықталған жағдайда – сатып алу-сату шартының күшін жоюды немесе сапасыз тауардың ауыстырылуын; елеусіз және жөндеуге болатын ақаулар анықталғанда – сатып алу бағасын лайықтап азайтуды, тауардың кемістіктерін тиісті уақытта тегін жөндеп беруді, тауардың кемістіктерін жөндеуге жұмсаған өзінің шығынын өтеуді талап етуге құқылы.

Банк кепілдігі — клиент кепілдікте көрсетілген өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, кепілдік сомасы шегіндегі соманы бенефициардың жазбаша талабы бойынша оған төлеу, клиенттің тапсырмасы бойынша берілген банктің міндеттемесі.

Банк клиенттерге келесі кепілдік түрлерін ұсынады:

тендерлік кепілдік – мемлекеттік сатып алу қатысушысының өтініші бойынша берілген және сатып алу қатысушысымен ұсынылған тендерлік ұсыныстан туындайтын, оның өз міндеттемелерін тиісті орындауын қамтамасыз ететін банктің міндеттемесі;

міндеттемелерді орындау кепілдігі – жеткізушінің келісімшарт/шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде, сатып алушының/тапсырыс берушінің пайдасына тауарларды/қызметтерді жеткізушінің (мердігердің) тапсырмасы бойынша берілген банктің міндеттемесі;

аванстық төлемді қайтару кепілдігі – ереже ретінде, келісімшарт/шарт бойынша жеткізушінің алатын аванстық төлемі мөлшерінде және төленген авансты қайтаруды қамтамасыз етуге қызмет ететін, сатып алушының/тапсырыс берушінің пайдасына тауарларды/қызметтерді жеткізушінің (мердігердің) тапсырмасы бойынша берілген банктің міндеттемесі.

төлем кепілдігі – сатушының (тауарларды/қызметтерді жеткізушінің, мердігердің) пайдасына сатып алушының (тапсырыс берушінің) тапсырмасы бойынша берілген және жеткізілген тауарларды/қызметтерді төлеу бойынша сатып алушының келісімшартқа/шартқа сәйкес, өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін банктің міндеттемесі;

Кепілдеме - (мүлікті) қарызды қамтамасыз ету үшін беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]