Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

198. Инфляция мен ақша айналымын реттеу әдістері.

Ақша айналымы — ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі. Ақша айналымының тауар айналымынан өзгешелігі — әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады.

Ал ақша айналымын реттеу шаруашылық салаларына қажетті айналымдағы ақша мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді. Айналымдағы ақша шамадан тыс көбейіп кетсе, ақшаныңқұнсыздануына әкеліп соқтырады. Айналымдағы ақшаны реттеу Ұлттық банкке жүктеледі. Ол айналымға қажетті нақтылы ақша мөлшерін шығарып, егер ол шамадан тыс асып кетсе, айналымнан қайтып алып отырады. Бұл сияқты реттеу коммерц. банктерге несие көлемін өзгерту арқылы бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сатып алу немесе коммерциялық банктер Ұлттық банкте орналастыратын міндетті резервтердің нормаларын өзгерту және нақты экон. жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды өзгерту жолымен жүзеге асырылады.

Ақша айналымын реттеу ақша айналымының заңы негізінде жүргізіледі. Бұл заңға сәйкес айналымға керекті ақша мөлшері:

1) айналымға шығарылатын тауар;

2) тауар бағасының дәрежесі;

3) ақша айналымының жылдамдығы факторларына байланысты.

Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы.

  • Экономиканы сауықтыру Қазақстан 2003-2015 индустриалды инновациялық даму стратегиясын қабылдаумен қоса және оны жүзеге асырумен экономиканың шикізаттық бағытынан жоғары технология бәсекеге қабілетті экономикаға өтуге тырысады.

  • Саналы инвистициялық саясатқа көшу Қазақстан инфляцияның біржақтығынан зардап шегіп келеді. Барлық шетел инвестициялардың 90% шикізатқа, кең өңдіру салдарына салынады. Осыған байланысты инвестициялық инновациялық даму стратегиясы республикамыздың шетелдік және ішкі инвестициялардың маңызыды бөлігі өңдеуші өнеркәсіпке бағыттауға ниет етіп отыр.

  • Дәстүрлі емес тауарларды нарықтық айналымға белсенді тарту. Қазақстан тұрғын үй бағдарламасы ипотекалық бағдарламаны, жаңа жер кодексін әзірлеумен тұрған үй құрылысын, ипотека жүйесін дамытуға және тұрғын үй мен жерді нарықтық айналымға белсенді қатысуға қосуға көңіл бөліп отыр.

  • Қызмет көрсету нарығын дамыту республикада бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылым қызмет көрсету аясы даму үстінде.

  • Экономика мен қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын кіші және орта бизнесті дамыту. Бұл бизнес негізінен халық тұтынатын тауарлар өндірісінде және саудада қызмет көрсету аясында болады. Ол мықты бәсекені қалыптастырады.

  • Сапалы қаржы несие жүйесін құру. Бұл қатынаста Қазақстанның жетістігі бар, үнемі салық салуды, сақтандыруды, зейнетақымен қамтамасыз етуді жүзеге асырып отыратын қазіргі заман талабына сай оның банк жүйесі бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]