Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

187. Қазақстандағы банктік емес мекемелер және олардың қаржылық жүйенің дамуындағы рөлі.

Банктік емес ұйымдардың қызметі .Банктік емес ұйымдардың немесе парабанктік мекемелердің банктерден айырмашылығы — олар біріншіден, клиенттердің белгілі бір түріне ғанақызмет етсе, екіншіден, банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша қызмет көрсетеді.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді, несиелік қоғамдарды және одақтарды жатқызады.

Қазақстанда банктік емес мекемелердің мынадай түрлері дамып отыр:

  • ломбардтар;

  • несиелік серіктестіктер;

  • микрокредиттік ұйымдар;

  • жинақтаушы зейнетақы қорлары

  • пошта-жинақ мекемелері;

  • ипотекалық кампаниялары.

Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме. Заң 1997 жылы 29 тамыз. Ломбард – банк болып табылмайды, бірақ мынадай банк операцияларын жүргізуге құқылы заңды тұлға екенін білген жөн:

  • ломбардтық операциялар, яғни жеңіл өткізілетін бағалы қағаздар және жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді несиелерді беру;

  • бағалы металдарды сатып алу кепілге алу және бағалы металдардан тиындарды сатып алу, кепілге алу, есепке алу, сақтау және сату). Ломбардты жеке және заңды тұлғалар ашады. Ломбардтар өзінің қызметін операцияларды жүргізу және ішкі ережелерді жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелер болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелерді ломбард басшылығы бекітуі және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

  •  ұсынылатын несиелердің шектік сомалары және мерзімдері;

  •  ұсынылатын несиелер бойынша сыйақылар мөлшерлемелерінің шектік шамалары;

  •  несиелер бойынша сыйақылар алу шарттары;

  • ломбард қабылдайдын қамтамасыз етуге талаптар;

  •  ұсынылатын қызметтер үшін мөлшерлемелер және тарифтер;

  • ломбард және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігінің орын алу шарттары;

  •  кепіл билетін жоғалтқанда кепіл берушіге телнұсқаларды беру тәртібі;

  • ломбардтың жоғары органы операцияларды жүргізудің жалпы талаптарына қосу қажет деп есептейтін ломбардтың жоғарғы органы қосуды қажет деп санайтын өзге шарттар, талаптар және шектеулер.

Операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер ломбард жүзеге асыратын барлық банк және өзге операциялары бойынша мәліметтерді және рәсімдерді қамтуы тиіс. Операцияларды жүргізудің жалпы талаптары ашық ақпарат болып табылады және коммерциялық құпия пәні бола алмайды.

Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелер ломбард клиенттеріне көрінетіндей қол жетімді орында орналастырылуға жатады.

Ломбардтың ішкі ережелері мынаны сақтауы тиіс:

  • ломбард бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, қызметтерін және өкілеттігін;

  • ішкі аудит, несие комитеті және басқа тұрақты әрекет ететін органдардың қызметтері және өкілеттігін (егер бар болса);

  • құрылымдық бөлімшелердің басшыларының құқықтары және міндеттері;

  • оның атынан және оның есебінен олар мәмілелерді жүзеге асырғанда ломбард қызметкерлерінің және лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері.

Ломбардты ашу үшін қандай рәсімдерді жүргізу керектігіне тікелей ауысайық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]