
- •63. Инвестициялық үрдістегі банктер мен кәсіпорындардың өзара қарым-қатынасы
- •64. Қайта өндіру үрдісіндегі инвестициялардың орны мен рөлі
- •65. Инвестициялардың технологиялық, қайта өндірістік, салалық және аймақтық құрылымы
- •66. Инвестициялық тәуекелдің мәні мен экономикалық негізі
- •67.Қаржылық және инвестициялық тәуекелдердің жіктелуі
- •68. Инвестициялық тәуекелді төмендету әдістері мен тәсілдері.
- •69. Қазақстан экономикасындағы құрылымдық өзгерістеріндегі инвестициялардың рөлі.
- •70. Қр инвестициялық қызмет. Отандық және шетелдік инвесторлар рөлі
- •71. Қр инвестициялық қызметті заңнамалық қамтамасыз ету. Қр «Инвестиция туралы» заңы
- •72. Қр инвестициялық қызметті заңнамалық қамтамасыз ету.
- •73. Қазақстанның инвестициялық ортасының тартымдылығын қамтамасыз етуші көрсеткіштері мен фаторлары
- •74. Инвестициялық саясат түсінігі, мақсаттары және міндеттері
- •75. Қазақстандағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың ерекшеліктері мен сипаты
- •77. Аймақтық және салалық инвестициялық саясат.
- •78. Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру көздерінің құрамы мен құрылымы.
- •Меншік қатынастарына байланысты:
- •79. Халықтың жинақтары инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру көздері ретінде. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •80. Инвестициялық үрдісті қаржылық талдау әдістері.
- •81. Релевантты ақша ағындарының жіктелуі.
- •82. Инвестициялардың тиімділігінің коэффициенті.
- •2) Iшкі пайда нормасы
- •3) Tабыстылық индексі
- •4) Инвестицияның өтелу мерзімі
- •83. Инвестициялық институттардың қызметі, олардың құрылуы мен механизмі.
- •84. Инвестициялық жобаның қаржылық бағалануы
- •85.Корпоративтік қаржылардың мәні мен мазмұны
- •86.Корпорация қаржысының функциялары
- •87.Корпорациялардың қаржылық ресурстары және олардың сипаттамасы.
- •88.Венчурлық типтегі инвестициялық жобалар
- •89.Тұрақты табыс әкелетін инвестициялық жобалар
- •90.Елбасы н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын іске асыру тұрғысынан қаржылық қадағалау
- •91.Салықтардың экономикалық мәні мен функциялары
- •92.Жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
- •§ 1. Қызметкердің табысы
- •§ 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
- •§ 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері
- •§ 4. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс
- •§ 5. Стипендиялар
- •§ 6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс
- •§ 1. Мүліктік табыс
- •§ 2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттардың табысы
- •§ 3. Дара кәсіпкердің табысы
- •§ 4. Басқа табыстар
- •93.Қазақстан Республикасында корпоративті табыс салығының қалыптасуы және дамуы
- •94.Жанама салықтар: есептеу түрлері мен механизмі
- •95. Салық механизмі және оның элементтері
- •96. Акциздер: мәні, алыну механизмі
- •97. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі корпоративті табыс салығының рөлі
- •100. Салық жүйесі ж/е салық саясаты.
- •101. Экономиканы салықтық реттеу: мақсаты,міндеттері және әдістері.
- •102. Салықтық жазалау шаралары: түрлері және қолдану тәртібі.
- •103. Қр/ң бейрезиденттерінің табыстарына салық салу.
- •104. Жеке кәсіпкерлерге салық салу ерекшеліктері.
- •105. Шағын және орта бизнес субъектісіне (заңды тұлға) салық салу тәртібі мен механизмі
- •109. Шағын ж/е орта бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдері
- •110. Салық органдарының корпоративті табыс салығының түсуі мен есептеуін қадағалауы.
- •111.Қр салық қызметі органдары: міндеттері мен функциялары.
- •112. Тіркелген салық: төлеу тәртібі мен есептеу механизмі.
- •113. Мемлекет экономикасының дамуында салықтардың экономикалық маңызы мен рөлі.
- •114. Корпоративті табыс салығы бойынша жылдық жиынтық табысты анықтау.
- •115. Қр салық кодексі: құрылымы мен қысқаша мазмұны
- •116. Корпоративті табыс салығының қойылымдары мен оларды қолдану тәртібі
- •117. Оңайлатылған декларация: тапсыру тәртібі мен мерзімі
- •118. Арнайы экономикалық аймақта салық салу ерекшеліктері
- •120. Қр салық жүйесінің даму кезеңдері
- •122. Жекелеген кәсіпкерлік қызмет түрлері үшін арнайы салық режимі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
- •§ 3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
- •123.Салықтық қадағалаудың қажеттілігі мен экономикалық мазмұны
- •124.Салықтан жалтару мәселелері және оларды шешеу жолдары
- •125. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу.
- •129. Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •130. Салық салудың классикалық және қазіргі заманғы қағидалары
- •132. Корп.Табыс салығы: заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының қалыптасу ерекшелігі.
- •133. ҚРғы ойын бизнес салығы: есептеу әдістемесі ж/е төлеу тәртібі.
- •134. ҚРғы ойын бизнес салығы: есептеу әдістемесі ж/е төлеу тәртібі.
- •135. Салық органдарының корпоративтік табыс салығын түсуі мен есептелуін қадағалауы.
- •138. Салық жүйесіндегі әлеуметтік салықтың рөлі мен орны.
- •151. Ақ және оның қаржылық ресурстары, ақша қорлары менрезервтері
- •152. Корпоративті тәуекелдерді төмендету әдістері
- •153. Бюджеттерді құру мақсаттары және бюджеттеу үрдісі.
- •154. Компания капиталының құрамы мен құрылымын оңтайландыру.
- •155. Компанияның дебиторлық берешегін басқаруды жетілдіру.
- •166. Ақша айналысы заңы және оныі мазмұны
- •167. Ақша жүйесі: типтері мен элементтері.
- •168. Инфляция: мәні, себептері және салдарлары
- •Несиелік мекемелер қызметіндегі мемлекеттік қадағалау
- •Ломбард оның мәні мен функциялары
- •Пошта жинақтау жүйесі және оның дамуы
- •Қр банктік жүйесі және оның дамуы
- •Коммерциялық банктер мен олардың операцияларының негізгі түрлері
- •186. Қр банктік жүйесін қайта құрылымдау мен ақша реформасы.
- •187. Қазақстандағы банктік емес мекемелер және олардың қаржылық жүйенің дамуындағы рөлі.
- •Жшс немесе жк ретінде тіркеу
- •189. Микронесиелік ұйымдар мен олардың дамуы
- •191. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуы мен қалыптасуы.
- •192. Қазақстан қор биржасы, оның функциялары мен операциялары.
- •193. Валюталық қатынастар мен валюталық жүйе: оның ерекшеліктері.
- •196. Әлемдік валюталық жүйенің дамуы.
- •197. Халықаралық қаржы несие институттары мен олардың функциялары.
- •198. Инфляция мен ақша айналымын реттеу әдістері.
- •199. Қр Ұлттық банкінің ақша – несие саясатының негізгі құралдары.
- •200. Банктер қызметін бақылау әдістері мен нысандары.
- •201. Қр Ұлттық Банкінің негізгі функциялары мен міндеттері
- •202. Депозиттер: түрлері мен басқару ерекшеліктері
- •203. Консорциалдық несие мен оның ерекшеліктері
- •204. Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен кепілді бағалау
- •Жылжымайтын мүлікті бағалау 1. Жылжымайтын мүлік нарықтарының ерекшеліктері 2.Бағалау бойынша әдістемелік жағдайлар
- •205. Кепілдік, Кепілдеме және олардың айырмашылығы
- •206. Жинақтау салымдары: түрлері, айырмашылықтары, тартау проблемалары
- •207.Банктердің түрлері мен олардың ерекшеліктері
- •208.Банктің инфрақұрылымы және оның банктік жүйедегі рөлі
- •209.Қр Ұлттық банкі туралы Заң,оның құрылымы мен мәні
- •2 Ведомство:
- •4 Есеп беретін ұйым:
- •210.Банктер мен банктік қызмет туралы Заң оның құрылымы мен мәні
- •211.Банктік ресурстар,олардың құрылымы мен арналымы
- •213.Меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті
- •214.Банк капиталының жеткіліктігін бағалау жөніндегі Базель ұсыныстары
- •221. Банк міндеттемелерінің түрлері мен олардың орындалуы
- •222. Активтердің өтімділік тәуекелі мен олардың топтастырылуы
- •223. Банк активтерінің сапа көрсеткіштері мен критерийлері
- •224.Активтердің әртараптандыру көрсеткіштері. Активтерді әртараптандыру нормативі есебі
- •226. Өтімділікті қамтамассыз етуде активтер мен пассивтерді басқару
- •227. Банк өтімділігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар
- •228. Банк өтімділігін бағалау, бағалау көрсеткіштері мен топтастыру
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •232. Қарыз алушының несие қабілеттілігінің көрсеткіші
- •234.Есеп айырысу нысандары мен төлем құжаттары
- •236.Несиелеу жүйесі мен оның элементтері
- •237. Қазіргі заманғы несиелеу жүйесінің ерекшеліктері.
- •243. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мен оның ерекшелігі
- •244. Банктің несиелік қоржынын басқару мен оның құрылымы
- •245. Несиелік келісімшарт, оның құрылымы мен мазмұны
- •246 Банктің валюталық операциялары, оның түрлері мен ерекшелігі
- •247 Коммерциялық банктердің қызмет ету қағидалары
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •248 Есеп айырысудың аккредитивтік нысандары мен олардың ерекшеліктері
- •249 Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәсілдері
- •250. Банктердің несиелік операцияларының жіктелімі
- •201. Қр Ұлттық Банкінің негізгі функциялары мен міндеттері
- •202. Депозиттер: түрлері мен басқару ерекшеліктері
- •203. Консорциалдық несие мен оның ерекшеліктері
- •204. Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен кепілді бағалау
- •Жылжымайтын мүлікті бағалау 1. Жылжымайтын мүлік нарықтарының ерекшеліктері 2.Бағалау бойынша әдістемелік жағдайлар
- •205. Кепілдік, Кепілдеме және олардың айырмашылығы
- •206. Жинақтау салымдары: түрлері, айырмашылықтары, тартау проблемалары
- •207.Банктердің түрлері мен олардың ерекшеліктері
- •208.Банктің инфрақұрылымы және оның банктік жүйедегі рөлі
- •209.Қр Ұлттық банкі туралы Заң,оның құрылымы мен мәні
- •2 Ведомство:
- •4 Есеп беретін ұйым:
- •210.Банктер мен банктік қызмет туралы Заң оның құрылымы мен мәні
- •211.Банктік ресурстар,олардың құрылымы мен арналымы
- •213.Меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті
- •214.Банк капиталының жеткіліктігін бағалау жөніндегі Базель ұсыныстары
- •221. Банк міндеттемелерінің түрлері мен олардың орындалуы
- •222. Активтердің өтімділік тәуекелі мен олардың топтастырылуы
- •223. Банк активтерінің сапа көрсеткіштері мен критерийлері
- •224.Активтердің әртараптандыру көрсеткіштері. Активтерді әртараптандыру нормативі есебі
- •226. Өтімділікті қамтамассыз етуде активтер мен пассивтерді басқару
- •227. Банк өтімділігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар
- •228. Банк өтімділігін бағалау, бағалау көрсеткіштері мен топтастыру
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •232. Қарыз алушының несие қабілеттілігінің көрсеткіші
- •234.Есеп айырысу нысандары мен төлем құжаттары
- •236.Несиелеу жүйесі мен оның элементтері
- •237. Қазіргі заманғы несиелеу жүйесінің ерекшеліктері.
- •243. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мен оның ерекшелігі
- •244. Банктің несиелік қоржынын басқару мен оның құрылымы
- •245. Несиелік келісімшарт, оның құрылымы мен мазмұны
- •246 Банктің валюталық операциялары, оның түрлері мен ерекшелігі
- •247 Коммерциялық банктердің қызмет ету қағидалары
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •248 Есеп айырысудың аккредитивтік нысандары мен олардың ерекшеліктері
- •249 Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәсілдері
- •250. Банктердің несиелік операцияларының жіктелімі
Пошта жинақтау жүйесі және оның дамуы
Келесі дамып отырған банктік емес мекемелер түріне — почта – жинақ мекемелері жатады. Бұл жүйенің маңызды элементтері — ұсақ салымшылардың қаражаттарын тартатын мемлекеттік мекеме ретінде құрылатын пошта-жинақ банктері болып табылады. Бірақ ондай банктердің құрылуы біздің елімізде әлі де болса кешеуілдік танытуда. Бізде әзірге мұндай банктердің рөлін атқаратын Қазпошта мекемесі жұмыс жасауда.
Пошта-жинақ мекемелері пошта бөлімдері арқылы халықтың салымдарын жинақтап, қаражаттарды қабылдау және беру қызметін жүзеге асырады. Соңғы уақыттарда көптеген елдерде пошта-жинақ жүйелерінің несие-есеп айырысу қызметтері қанат жаюда. Сондай- ақ, банктік заңдылықтардың шектеу қойылуына байланысты аталған мекемелердің кейбір көрсететін қызметтері дами алмай отыр.
Қазпочта ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі болып табылады. «Қазпочта» АҚ-ның сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы жұмысының нәтижелері Байланыс саласындағы аймақтық достастықпен сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық елдері пошта әкімшіліктері үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап өтілді.
Бүгінгі күні қазақстандық пошта 21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша 3200 байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және 4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады.
Қазіргі кезде қазақстандық поштаны көп функционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үрдісі жедел іске асырылуда. Мұнда жақын арада пошталық, қаржылық және басқа да қызметтер көрсетіледі. Қазақстан сияқты үлкен мемлекетте ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында әмбебап логистикалық операторының қызметінсіз мүмкін емес.
Пошта саласында жүріп жатқан өзгерістер, тұтастай алғанда компанияның алға жылжуына негіз қалады. «Standard & Poor's» халықаралық рейтингтік агенттігі 2005 жылы «Қазпочта» АҚ-ға ұзақ мерзімді несиелік ВВ+ «Тұрақты» рейтингісін берді. Бұл компанияның тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын екенін дәлелдейді.
«Қазпочта» АҚ 2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп жасалған жұмыстаржемісті болды. Осы уақыт ішінде осындай мемлекеттің шешімін дұрыс қабылдау мен түсіну де келді. Директорлар кеңесінде жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны қамтитын 2007—2009 жылдарға дамудың стратегиялық бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің жеке желісін оларды жан-жақты қамтып, техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамту арқылы жетілдіру болып табылады.
Бұл шаралар көптеген стратегиялық маңызды міндеттерді орындауды ұйғарады. Бірінші кезекте қаржыландыру көздерін аймақтық желіні қалалық, аудандық, ауылдық деңгейде дамытуға толық жұмылдыру қажет. Бұл жан-жақты әрі ақпараттық-техникалық жабдықтау деңгейінде стандартты пошта-жинақтау қызметтерінің тізімін сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Екішіден, бұл қайта жабдықталған пошта байланысы бөлімшелерінде «электронды үкімет» жүйесіне қосылу, несиелеу, тұрғын үй салу жинақтарын жасау үшін теле- және ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамыту есебінен көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Компанияның даму жоспарын іске асыру пошта-жинактау қызметтерін көрсету деңгейін көтеруге, пошта жөнелтімдерін тасымалдау жиілігін арттыру, сонымен қатар тұтастай алғанда аймақтық желі мен тораптық бағдарларды оңтайландыратын тораптық бағыттар бойынша пошталық жөнелтімдерді жеткізу мерзімін қысқартуға септігін тигізеді.
«Қазпочта» АҚ қызметінің тағы бір онды нәтижесі клиенттер мен әріптестер жағынан компания қызметгеріне деген жоғары қызуғышылық болып табылады. Пошта — Қазақстан халқының бәріне дерлік қол жетімді бірегей күшті желілік құрылым. Қазпочта ең пәрменді филиалдық желіге ие. Республикада мұндай желіге іспеттес желі жоқ. Қазпочтаның барлық облыстық филиалдарында «К-mobile» мен «К-cell» ұялы байланыс қызметтері үшін төлемдерді қабылдаудан жаңа жобаларды іске асыру бойынша бағдарламалық өнімдер сәтті қолданылып келеді.
2006 жылдың мамырында Қазпочта құнды қағаздар рыногында трансфер-агентгік қызметті іске асыруға лицензияны алды. Бұл компанияның трансфер-агенттік қызметтерді көрсетудегі жұмысын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде «Қазпочта» АҚ езінің қызметін құнды қағаздар рыногында белсенді түрде дамытуда. Мұнда негізгі екі бағытты атап өтуге болады.
Біріншісі пошта секторында «Казпост-секьюритиз»деп аталатын бірегей жобаны қамтиды. Ол бүгінде Қазпочтада енгізілуде. Мұнда Алматы қаласы Аймақтық қаржы орталығы алаңында құнды қағаздармен түрлі операцияларды жүргізу ұйғарылады.
Екінші бағыт «Қазпочта» АҚ құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік желіні дамытуды айқындайды. Осыған байланысты «Самұрық» мемлекеттік холдингінің «Қазақтелеком» АҚ-ның 4,6% жай акциялары мемлекеттік пакетін «Қазпочта» АҚ трансфер-агенттік пункттері арқылы сату тәжірибесі сәтті болды. Казпочтаның трансфер-агенттік пункттері инвесторлар мен сатушылар арасында байланыстырушы түйін қызметін атқарады. Трансфер агенттік желі арқылы акцияларды сатып алу өтініштері бүкіл Қазақстан бойынша қабылданды. Аймақтардағы инвесторлар акцияларды сатып алу келісімін өздері тұрған жерден-ақ жүзеге асырды. Бұл жобаны іске асыру трансфер агенттік желіні қолданудың инвесторлар үшін де, Қазпочта үшін де тиімді екенін көрсетті. Бұған дейін трансфер агенттік қызмет қор рыногында табысты қызмет түрлеріне жатпайды деп есептелген. Бірінші тәжірибе сәтті өткендіктен бұл бағыт одан әрі де белсенді дами береді. Жақын болашақта халыққа «Қазпочта» АҚ-ның барлық ірі қалалық және аудандық пошта байланысы тораптарында орналасқан трансфер агенттік пункттері арқылы акциялар сату жоспарлануда.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы аумағында ішкі және халықаралық жөнелтімдерді бақылау автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы қазақстандық пошта халықаралық EMS қызметі сапасын сәтгі дамытуда. Бұл сертификаттау деңгейінде өз үлесін тигізді. 2006 жыл қорытындылары бойынша «EMS-Kazpost» қола деңгейіне қол жеткзді.
Қазіргі кезде «IPS-Light» халықаралық бақылау жүйесі барлық облыс орталықтарында орналастырылған. 2006 жылы EDI форматында жөнелтімдер бойынша мәліметтерді жөнелту арқылы бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырыла басталды. Бұл жұмыс «International Post Corporation» компаниясымен бірлесіп атқарылуда.
EMS »Таңертеңгі 10» 10 бағыт бойынша және 4 бағыт бойынша «12-ге дейін жеткізу» қызмет түрлерін көрсету аясы кеңейтілді.
2006 жылдың қазанында Алматыда қазақстандық-эстондық бірлескен кәсіпорын «Электронпост.kz» ашылды. Ол ақпараттық логистика қызметін, соның ішінде пошталық жөнелтімдерді басып шығару мен конверггеуді қамтиды.
«Siemens» компаниясының көліктік-сұрыптаушы логистикасымен танысу мақсатында Будапешт қаласы (Венгрия) мен Констанце қаласында (Германия) келіссөздер өтті. Компанияның тәжірибесі біздің республикада Алматы және Астана қалаларында сұрыптау орталықтарын салу кезінде қолданылмақ.
Компанияда қолданыстағы өндірістік қорларға ерекше назар аударылады. 2006 жылы пошта-жинақтау инфрақұрылымын дамытуға 2,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл өндірістік объектілердін, жан-жақты қамтылуына, жеке желінің компьютерлендірілуіне, пошта жабдықтары мен көлік паркінің жаңаруына септігін тигізді.
2006 жылы ұзақ мерзімді салалық бағдарлама аясында жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Біріншіден пошта байланыс бөлімшелерін күрделі жөндеуден өткізу жобасы. Бюджеттік инвестициялар есебінен 2007 жылы 111 жаңа ауылдық пошта байланысы бөлімшелері салынып, бүкіл республика бойынша қалалық поштабайланысы бөлімшелері күрделі жөндеуден етті. Барлық пошта байланысы бөлімшелерінің ішкі жабдықталуы да қазіргі заманғы критерийлерге сай келеді — жиһаз, электронды құрал-жабдықтар, компьютерлік техника, пошталық-кассалық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы корсетілетін қызмет түрлері аясы кеңейтіліп, мыңнан астам жұмыс орны жасалынды. Тағы бір маңызды жоба — Қазпочта жүйесі арқылы электронды сауда мүмкіндіктерін дамыту.
Жобаны орындау шеңберінде «Қазпочта» АК 2007 жылдың тамызында электронды сауда алаңын енгізу бойынша жұмыстарын бастады. Оны ұйымдастыру кезінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді екіге бөлу — заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді негізде «бизнес — бизнес» ұстанымы бойынша көрсетілетін қызметтер мен тауарлар және қысқа мерзімді «жеке тұлға — тұтынушы» ұстанымына негізделген жеке тұлғалармен ұсынылатын тауарлар мен қызметтер. Бұл тетік қорғалған қызметтер мен тауарларды сату жүйесін құруға мүмкіндік бере отырып, «сатушы — сатып алушы» қарым-қатынастары үрдісін жеңілдетеді.
Бұл жаңа қызмет түрі мемлекеттік тапсырманы орындау болғандықтан, ол әлеуметтік сипатқа ие. Электронды аланды енгізу үшін барлық ауылдық байланыс бөлімшелерін интернеттендіру бағдарламасы құрастырылды. Интернет сауда республика халқына қарапайым дүкендерде болмайтын ерекше тауарларды үйге жеткізумен алуға мүмкіндік береді. Бұл қажетті тауарды іздеуге кететін уақытты үнемдейді.
Осыған байланысты Қазпочта негізінде электронды сауда алаңын құру ең ұтымды шешім болды. Сонымен қатар Қазақстан аумағында Интернет жүйесіне қосылу 45 қоғамдық пункттері ашылды, байланыс бөлімшелері Интернетке қосылуды қажет ететін бағдарламалық қамтумен қамтамасыз етілді.
Қазіргі кезде 89 жедел пошта пункті қызмет керсетеді, Қазпочта бөлімшелері негізінде «бір терезе» ұстанымы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылуда.
«Қазпочта» АҚ басқаруды нығайту, қызметкерлер құрамын оқыту, пошта байланысын жаңарту, бәсекеге қабілетті пошта-жинақ жүйесі мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерсапасын көтеруге бағытталған қазіргі күнгі ақпараттық-технологиялық тізбектерді енгізуге зор назар аударады. Біздің бүгінгі күнгі стратегиямыз — көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту мен оларға нақты сапа стандарттарын бекіту. Компания сапа менеджменті жүйесін енгізумен белсенді түрде айналысуда. Бұл еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында өте маңызды болып табылады. 2007 жылдың желтоқсанында «Қазпочта» АҚ-ға ХС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестілік халықаралық сапа сертификаты тапсырылды. Бұл сертификат— компания басқару жүйесінін, халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сай келетінінің куәлігі. Аталған сертификатқа ие болу компания мен оның қызметкерлеріне ерекше жауапкершлік жүгін артады.
Халықаралық сертификатқа ие болып және сапаға деген ұстанымын көпшілікке паш етіп, «Қазпочта» АҚ өзінің күнделікті жұмысымен халықаралық деңгейге сай сапалы қызмет көрсету компанияның барлық басқару деңгейлерінде, өндірістік бөлімшелерінде басымды міндеті екенін, ал тұтынушылардың қанағаттануын көбейту атқарған жұмысының мақсаты мен нәтижесіекенін растайды.
Әлеуетті компания мәртебесін алу қазақстандық пошта операторының өз беделін халықаралық деңгейде едәуір көтеруге септігін тигізді. «Қазпочта» АҚ әлемдік пошта қоғамдастығында сенімді әрі жауапты әріптес ретінде лайықты орын алып, әлемдегі алдыңғы қатарлы пошта әкімшіліктерімен өзара тиімді әріптестікке қол жеткізді.
Осылай 2006 жылдың маусымында халықаралық пошта жөнелтімдерінің сақталуын жетілдіру мен тасымал көлемін арттыру мәселелері жөнінде Германия пошташылары және «Люфтганза» әуе компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Халықаралық пошта қызметі сапасының нормативтері туралы Украина, Тәжікстан және Қырғызстанмен келісімдерге қол қойылды. Қыркүйек айында Қытаймен екіжақты әріптестік пен өзара әрекет ету мәселелері туралы келіссөздер өтіп, Моңғолия, Словакия, Корея пошта әкімшіліктерімен әріптестік жөнінде шарттар мен меморандумға қол қойылды. Финляндия поштасы және Канада пошта әкімшілігімен пошта жүйесін, пошталық, қаржылық, агенттік қызметтерді, ақпараттық логистиканы дамыту саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі келіссөздер қызу жүргізілуде.
Қазпочта Украина, Тәжікстан және Қырғызстанмен жасалған екіжақты келісімдер негізінде ДПО-ның Халықаралық бюросы жүргізіп жатқан пошталық жөнелтімдердің нақты өтумерзімдерін тексеру жұмыстарына ат салысуда. Қазіргі кезде Ресеймен сапа нормативтері жөнінде келісімге келу жұмыстары жүргізілуде. 2006 жылдың I мамырынан 30 қарашасына дейінгі аралықта ДПО ХБ-ның ұдайы бақылау жұмыстары шеңберінде Венгрия пошта әкімшілігімен тиісті ұйғарымға қол жеткізіліп, авиажазбаша хат-хабарлардың өту мерзімін бақылаутексерістерін жүргізілді.
Қоғам өкілдері Берн қаласында (Швейцария) еткен Дүниежүзілік пошта одағының Поштаны пайдалану кеңесінің сессиясына, PostEurope (ДПО аймақтық одағы, Киев қаласы, Украина) пленарлық мәжілісіне, Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссияларының мәжілістеріне қатысты.
Сонымен қатар Қазпочта — ТМД-дағы Ресей мен Германияда езінің екілдігі бар бірден-бір оператор.«Қазпочта» АҚ кең ауқымда пошталық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
жазбаша хат-хабарлар, бандерольдар мен сәлемдемелерді жөнелту мен жеткізу;
ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді жіберу мен жеткізу;
EMS-Kazpost шабармандық қызметі;
мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды қабылдау, тасымалдау, жіберу, жеткізу мен бөлшек сауда арқылы сату;
арнайы байланыс қызметі;
филателия;
аралас электронды пошта (почталық жеделхат).
Қаржылық қызметтер: Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы қарастыратын операцияларды жүзеге асыру лицензиясы, сонымен қатар бағалы қағаздар рыногында номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шотын басқару құқығымен брокерлік-дилерлік қызмет ету және трансфер- агенттік қызмет лицензияларына сәйкес «Қазпочта» АҚ кең ауқымда қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
депозиттер;
заңды тұлғалар / жеке тұлғаларға банктік шот ашу және жүргізу;
ақша аударымдары;
банкноттар, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және жіберу;
бюджеттік мекемелердің кызметкерлеріне еңбекақы мен басқа да төлемдерді төлеу;
зейнбтақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдер төлеу;
салық және басқа да төлемдерді қабылдау;
коммуналдық төлемдерді қабылдау;
төлем карточкалары қызметін көрсету;
валютаны сату / сатып алу операциялары бойынша (Қазақстан Республикасы валютасы, еркін конвертацияланатын және жұмсақ валюталар);
қолма-қол шетел валютасымен байланысты айырбас операцияларын ақшаны клиентке жеткізуге дейін ұйымдастыру;
нарыққа ақша тарту мен орналастыру;
бағалы қағаздарды номиналды ұстау мен брокерлік қызмет көрсету бойынша қызметкөрсету;
трансфер-агентгік қызметтер.
Агенттік қызметтер: «Қазпочта» АҚ кең ауқымда агентгік қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
«ОТТО» каталогтары бойынша тауарларға тапсырыс беру;
«Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АК-мен әріптестік;
директ Майл — тікелей почталық жарнама қызметі;
зейнетақы жинақтаушы қорлар мен сақтандыру компанияларымен жұмыс;
күнделікті сұраныс тауарлары мен лотерея билеттерін сату.[1]