
- •63. Инвестициялық үрдістегі банктер мен кәсіпорындардың өзара қарым-қатынасы
- •64. Қайта өндіру үрдісіндегі инвестициялардың орны мен рөлі
- •65. Инвестициялардың технологиялық, қайта өндірістік, салалық және аймақтық құрылымы
- •66. Инвестициялық тәуекелдің мәні мен экономикалық негізі
- •67.Қаржылық және инвестициялық тәуекелдердің жіктелуі
- •68. Инвестициялық тәуекелді төмендету әдістері мен тәсілдері.
- •69. Қазақстан экономикасындағы құрылымдық өзгерістеріндегі инвестициялардың рөлі.
- •70. Қр инвестициялық қызмет. Отандық және шетелдік инвесторлар рөлі
- •71. Қр инвестициялық қызметті заңнамалық қамтамасыз ету. Қр «Инвестиция туралы» заңы
- •72. Қр инвестициялық қызметті заңнамалық қамтамасыз ету.
- •73. Қазақстанның инвестициялық ортасының тартымдылығын қамтамасыз етуші көрсеткіштері мен фаторлары
- •74. Инвестициялық саясат түсінігі, мақсаттары және міндеттері
- •75. Қазақстандағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың ерекшеліктері мен сипаты
- •77. Аймақтық және салалық инвестициялық саясат.
- •78. Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру көздерінің құрамы мен құрылымы.
- •Меншік қатынастарына байланысты:
- •79. Халықтың жинақтары инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру көздері ретінде. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •80. Инвестициялық үрдісті қаржылық талдау әдістері.
- •81. Релевантты ақша ағындарының жіктелуі.
- •82. Инвестициялардың тиімділігінің коэффициенті.
- •2) Iшкі пайда нормасы
- •3) Tабыстылық индексі
- •4) Инвестицияның өтелу мерзімі
- •83. Инвестициялық институттардың қызметі, олардың құрылуы мен механизмі.
- •84. Инвестициялық жобаның қаржылық бағалануы
- •85.Корпоративтік қаржылардың мәні мен мазмұны
- •86.Корпорация қаржысының функциялары
- •87.Корпорациялардың қаржылық ресурстары және олардың сипаттамасы.
- •88.Венчурлық типтегі инвестициялық жобалар
- •89.Тұрақты табыс әкелетін инвестициялық жобалар
- •90.Елбасы н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын іске асыру тұрғысынан қаржылық қадағалау
- •91.Салықтардың экономикалық мәні мен функциялары
- •92.Жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
- •§ 1. Қызметкердің табысы
- •§ 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
- •§ 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері
- •§ 4. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс
- •§ 5. Стипендиялар
- •§ 6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс
- •§ 1. Мүліктік табыс
- •§ 2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттардың табысы
- •§ 3. Дара кәсіпкердің табысы
- •§ 4. Басқа табыстар
- •93.Қазақстан Республикасында корпоративті табыс салығының қалыптасуы және дамуы
- •94.Жанама салықтар: есептеу түрлері мен механизмі
- •95. Салық механизмі және оның элементтері
- •96. Акциздер: мәні, алыну механизмі
- •97. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі корпоративті табыс салығының рөлі
- •100. Салық жүйесі ж/е салық саясаты.
- •101. Экономиканы салықтық реттеу: мақсаты,міндеттері және әдістері.
- •102. Салықтық жазалау шаралары: түрлері және қолдану тәртібі.
- •103. Қр/ң бейрезиденттерінің табыстарына салық салу.
- •104. Жеке кәсіпкерлерге салық салу ерекшеліктері.
- •105. Шағын және орта бизнес субъектісіне (заңды тұлға) салық салу тәртібі мен механизмі
- •109. Шағын ж/е орта бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдері
- •110. Салық органдарының корпоративті табыс салығының түсуі мен есептеуін қадағалауы.
- •111.Қр салық қызметі органдары: міндеттері мен функциялары.
- •112. Тіркелген салық: төлеу тәртібі мен есептеу механизмі.
- •113. Мемлекет экономикасының дамуында салықтардың экономикалық маңызы мен рөлі.
- •114. Корпоративті табыс салығы бойынша жылдық жиынтық табысты анықтау.
- •115. Қр салық кодексі: құрылымы мен қысқаша мазмұны
- •116. Корпоративті табыс салығының қойылымдары мен оларды қолдану тәртібі
- •117. Оңайлатылған декларация: тапсыру тәртібі мен мерзімі
- •118. Арнайы экономикалық аймақта салық салу ерекшеліктері
- •120. Қр салық жүйесінің даму кезеңдері
- •122. Жекелеген кәсіпкерлік қызмет түрлері үшін арнайы салық режимі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
- •§ 3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
- •123.Салықтық қадағалаудың қажеттілігі мен экономикалық мазмұны
- •124.Салықтан жалтару мәселелері және оларды шешеу жолдары
- •125. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу.
- •129. Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •130. Салық салудың классикалық және қазіргі заманғы қағидалары
- •132. Корп.Табыс салығы: заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының қалыптасу ерекшелігі.
- •133. ҚРғы ойын бизнес салығы: есептеу әдістемесі ж/е төлеу тәртібі.
- •134. ҚРғы ойын бизнес салығы: есептеу әдістемесі ж/е төлеу тәртібі.
- •135. Салық органдарының корпоративтік табыс салығын түсуі мен есептелуін қадағалауы.
- •138. Салық жүйесіндегі әлеуметтік салықтың рөлі мен орны.
- •151. Ақ және оның қаржылық ресурстары, ақша қорлары менрезервтері
- •152. Корпоративті тәуекелдерді төмендету әдістері
- •153. Бюджеттерді құру мақсаттары және бюджеттеу үрдісі.
- •154. Компания капиталының құрамы мен құрылымын оңтайландыру.
- •155. Компанияның дебиторлық берешегін басқаруды жетілдіру.
- •166. Ақша айналысы заңы және оныі мазмұны
- •167. Ақша жүйесі: типтері мен элементтері.
- •168. Инфляция: мәні, себептері және салдарлары
- •Несиелік мекемелер қызметіндегі мемлекеттік қадағалау
- •Ломбард оның мәні мен функциялары
- •Пошта жинақтау жүйесі және оның дамуы
- •Қр банктік жүйесі және оның дамуы
- •Коммерциялық банктер мен олардың операцияларының негізгі түрлері
- •186. Қр банктік жүйесін қайта құрылымдау мен ақша реформасы.
- •187. Қазақстандағы банктік емес мекемелер және олардың қаржылық жүйенің дамуындағы рөлі.
- •Жшс немесе жк ретінде тіркеу
- •189. Микронесиелік ұйымдар мен олардың дамуы
- •191. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуы мен қалыптасуы.
- •192. Қазақстан қор биржасы, оның функциялары мен операциялары.
- •193. Валюталық қатынастар мен валюталық жүйе: оның ерекшеліктері.
- •196. Әлемдік валюталық жүйенің дамуы.
- •197. Халықаралық қаржы несие институттары мен олардың функциялары.
- •198. Инфляция мен ақша айналымын реттеу әдістері.
- •199. Қр Ұлттық банкінің ақша – несие саясатының негізгі құралдары.
- •200. Банктер қызметін бақылау әдістері мен нысандары.
- •201. Қр Ұлттық Банкінің негізгі функциялары мен міндеттері
- •202. Депозиттер: түрлері мен басқару ерекшеліктері
- •203. Консорциалдық несие мен оның ерекшеліктері
- •204. Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен кепілді бағалау
- •Жылжымайтын мүлікті бағалау 1. Жылжымайтын мүлік нарықтарының ерекшеліктері 2.Бағалау бойынша әдістемелік жағдайлар
- •205. Кепілдік, Кепілдеме және олардың айырмашылығы
- •206. Жинақтау салымдары: түрлері, айырмашылықтары, тартау проблемалары
- •207.Банктердің түрлері мен олардың ерекшеліктері
- •208.Банктің инфрақұрылымы және оның банктік жүйедегі рөлі
- •209.Қр Ұлттық банкі туралы Заң,оның құрылымы мен мәні
- •2 Ведомство:
- •4 Есеп беретін ұйым:
- •210.Банктер мен банктік қызмет туралы Заң оның құрылымы мен мәні
- •211.Банктік ресурстар,олардың құрылымы мен арналымы
- •213.Меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті
- •214.Банк капиталының жеткіліктігін бағалау жөніндегі Базель ұсыныстары
- •221. Банк міндеттемелерінің түрлері мен олардың орындалуы
- •222. Активтердің өтімділік тәуекелі мен олардың топтастырылуы
- •223. Банк активтерінің сапа көрсеткіштері мен критерийлері
- •224.Активтердің әртараптандыру көрсеткіштері. Активтерді әртараптандыру нормативі есебі
- •226. Өтімділікті қамтамассыз етуде активтер мен пассивтерді басқару
- •227. Банк өтімділігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар
- •228. Банк өтімділігін бағалау, бағалау көрсеткіштері мен топтастыру
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •232. Қарыз алушының несие қабілеттілігінің көрсеткіші
- •234.Есеп айырысу нысандары мен төлем құжаттары
- •236.Несиелеу жүйесі мен оның элементтері
- •237. Қазіргі заманғы несиелеу жүйесінің ерекшеліктері.
- •243. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мен оның ерекшелігі
- •244. Банктің несиелік қоржынын басқару мен оның құрылымы
- •245. Несиелік келісімшарт, оның құрылымы мен мазмұны
- •246 Банктің валюталық операциялары, оның түрлері мен ерекшелігі
- •247 Коммерциялық банктердің қызмет ету қағидалары
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •248 Есеп айырысудың аккредитивтік нысандары мен олардың ерекшеліктері
- •249 Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәсілдері
- •250. Банктердің несиелік операцияларының жіктелімі
- •201. Қр Ұлттық Банкінің негізгі функциялары мен міндеттері
- •202. Депозиттер: түрлері мен басқару ерекшеліктері
- •203. Консорциалдық несие мен оның ерекшеліктері
- •204. Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен кепілді бағалау
- •Жылжымайтын мүлікті бағалау 1. Жылжымайтын мүлік нарықтарының ерекшеліктері 2.Бағалау бойынша әдістемелік жағдайлар
- •205. Кепілдік, Кепілдеме және олардың айырмашылығы
- •206. Жинақтау салымдары: түрлері, айырмашылықтары, тартау проблемалары
- •207.Банктердің түрлері мен олардың ерекшеліктері
- •208.Банктің инфрақұрылымы және оның банктік жүйедегі рөлі
- •209.Қр Ұлттық банкі туралы Заң,оның құрылымы мен мәні
- •2 Ведомство:
- •4 Есеп беретін ұйым:
- •210.Банктер мен банктік қызмет туралы Заң оның құрылымы мен мәні
- •211.Банктік ресурстар,олардың құрылымы мен арналымы
- •213.Меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті
- •214.Банк капиталының жеткіліктігін бағалау жөніндегі Базель ұсыныстары
- •221. Банк міндеттемелерінің түрлері мен олардың орындалуы
- •222. Активтердің өтімділік тәуекелі мен олардың топтастырылуы
- •223. Банк активтерінің сапа көрсеткіштері мен критерийлері
- •224.Активтердің әртараптандыру көрсеткіштері. Активтерді әртараптандыру нормативі есебі
- •226. Өтімділікті қамтамассыз етуде активтер мен пассивтерді басқару
- •227. Банк өтімділігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар
- •228. Банк өтімділігін бағалау, бағалау көрсеткіштері мен топтастыру
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •232. Қарыз алушының несие қабілеттілігінің көрсеткіші
- •234.Есеп айырысу нысандары мен төлем құжаттары
- •236.Несиелеу жүйесі мен оның элементтері
- •237. Қазіргі заманғы несиелеу жүйесінің ерекшеліктері.
- •243. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мен оның ерекшелігі
- •244. Банктің несиелік қоржынын басқару мен оның құрылымы
- •245. Несиелік келісімшарт, оның құрылымы мен мазмұны
- •246 Банктің валюталық операциялары, оның түрлері мен ерекшелігі
- •247 Коммерциялық банктердің қызмет ету қағидалары
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •248 Есеп айырысудың аккредитивтік нысандары мен олардың ерекшеліктері
- •249 Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәсілдері
- •250. Банктердің несиелік операцияларының жіктелімі
155. Компанияның дебиторлық берешегін басқаруды жетілдіру.
Дебиторлық қарыз – айналымдық капиталдың маңызды құрамдас бөлігі. Деб.қарыз деп, біз берілген ұйымға жеке ұйымдардың қарызын айтамыз. Қарыз болу, дебитор екі немесе одан да көп адамдар арасындағы мүліктік байланысы бойынша белгілі бір жақтың азаматтық-құқықтық міндеттері б.т. деб.қарызды басқарудың жүйесін шартты түрде екі үлкен блокқа бөліп қарастыруға болады: сатылымдарды өсірудің құралы ретінде дебиторлық қарызды әсерлі түрде қолдануға мүмкіндік беретін несиелік саясат, және үмітсіз немесе мерзімі өтіп кеткен деб.қарыздың пайда болудың тәуекелін төмендетуге бағытталған шаралар кешені. К/о-лардың жиі кездесетін деб.қарызды басқарудың мәселелері ұқсас: өшіру мерзімдеріне б/ты компаниялар – дебиторлардың міндеттері туралы нақты ақпарат жоқ; мерзімі өтіп кеткен деб.қарызбен жұмыс істеудің уақыт тәртібінің орнатылмауы; деб.қарыздың өлшемін өсірумен және оның айналымдығының уақытымен б/ты шығындар өсуі туралы мәліметтер жоқ. Деб. Қарызды басқару үшін келесі ақпараттар қажет: дебиторларға қойылған, қазіргі уақытта төленбеген шоттар туралы мәліметтер; әрбір шоттар бойынша төлем мерзімінің өтіп кету уақыты; фирманың ішкі нормативтерімен бекіту негізінде бағаланған үмітсіз және сенімсіз дебиторлық қарыздың өлшемі; контрагенттің несиелік тарихы.
Деб.қарызды басқару кезінде сіздің дебитордың алдында қарызы бар компаниялар туралы мәліметтерді ескеруге болады. Көбінесе, өзара есептеулерді өткізу және дебиторлық қарыз б/ша өзінің несиелік міндеттемелерін жауып тастауға болады. Көптеген компанияларда мұндай өзара есептеулермен ағымдағы деб.қарыздың 5-6 пайызы төленеді.
Көптеген жағдайларда мұндай мәліметтерді бухгалтерлік есепке алудың жүйесін өңдеу жолымен алуға болады.
156.Ақша оның қажеттілігі және функциялары.Ақша — бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға барша айырықша тауар.Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының кұралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, айырықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның, жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.Ақша — өндіріс және бөлу үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады: жалпыға тікелей айырбасталу нысаны; айырбас құнының дербес нысаны; еңбек өлшемінің заттай (материалдану) нысаны.Жалпыға тікелей айырбасталу нысаны, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.Айырбас құны — бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді. Ақша функциялары:
1) құн өлшемі;
2) айналыс құралы;
3) төлем құралы;
4) қор және қазына жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды.Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана құн өлшемі болады.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын кқрсетеді. Бірақ тауапдың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет.Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтірінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі — мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.Елімізде төлем құралдарының әр түрлері, оның ішінде төлем тапсырмасы, төлемдік талап-тапсырма және басқалары сияқты дәстүрлі төлем құралдары, сондай-ақ инновациялық төлем құралдарын қолдануға негізделген төлемдерді жүзеге асырудың аралық тәсілдері қолданылады.Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда
157.Ақша айналымы оның құрылымы және анықтамасы. Көптеген шетел басылымдарына ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек қолма-қол ақша емес ақшаның ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрлымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді. Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы және т.с.с.) сәйкес мемлекеттің сауда жүйесі арқылы бөлінді;мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттелді;ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті;ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, мемлекеттік банк бақылау жүргізді;мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезінде жүргізген іс-шараларын кейін ақша айналымында пайда болды. Шын мәнінде ақша айналысы – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда “қолма-қол ақша айналысы”.Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән ерекшеліктер:ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады; ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін комерциялық банктер шығарады.Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үздіксіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұны сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы мен ақша айналымын біріктірді.Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп – қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.
158.Вексель оның ерекшеліктері және артықшылықтары.Вексель -айырбас – жазбаша түрде толтырылған ұзақ мерзімді борыш міндеттемесі. Жай және аударма вексель түрлері болады. Вексель беруші несие иесіне (вексель ұстаушыға) беретін, заң жүзінде нақты формада белгіленген жазба түріндегі борышқор қолхаты. Құнды қағаз; кредитке берілетін ақшаның бір түрі. Оның иесінің (вексель ұстаушының) белгілі бір уақыт мерзім өткенде, векселді берушіден ақша талап етуге даусыз құқық беруді куәландыратын жазбаша қарыз міндеттемесі. Вексель нарықтық экономика түріндегі елдердің коммерциялық және банкілік іс-тәжірибесінде, сонымен қатар сыртқы саудада және басқа да халықаралық есептесулерде барынша кеңінен қолданылады. Векселдік міндеттеменің мәні мен маңызы тек қана ақша (ұлттық түрдегі және шетелдік валюта түріндегі) болуы мүмкін. Вексельді операцияларды қолданудың ерекшеліктері: - төлем мерзімін кейінге қалдыру;
қаржыландыру құнын төмендету;
дебиторлық және кредиторлық берешекті оңтайландыру;
айналым қаражатын босату;
сондай-ақ қосымша пайда табу.
Қазақстан Республикасының вексельді айналым нарығы жыл сайын өзінің даму қарқынын арттыруда. Қазіргі уақытта вексель эмитенттері «Қазатомпром» ҰАК АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Алматы Құс» АҚ, «ССГПО» АҚ, «KazTransCom» АҚ, «Цесна корпорациясы» АҚ және т.б. сияқты атаулы кәсіпорындары болып табылады. Вексельді есеп айырысулар құрылыста, энергетикада, теміржол тасымалдарында, телекоммуникация саласында, кен өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында қолданылады.
Вексельдің келесідей өзіне тән ерекшелігі бар:
дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
даусыздық, яғни протесттуралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
159.Ақша массасы және ақша базасы, олардың анықтамасы. Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;
M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.
ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:
ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ- нің кассасындағы қолма-қол ақшаларды коспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолмақол ақшалардан);
ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;
ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан.Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша несие статистикасын жасау және таддауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:
М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша);
Ml = М0 + банктік емес занды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;
М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес занды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;
МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.
Мұндағы,Аудармалы депозиттер — 1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.
Басқа депозиттер — негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ тетігіне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:Ам = МЗ (ақша массасы) / MB (ақша базасы)
Егер, мысалға ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттігін көрсетеді. 2008 жылы ақша массасындағы депозиттердің өсуі,ақша мультипликаторының мәнін, өткен жылмен салыстырғанда 3,15-дан 4,36-ге дейін өсіріп отыр.Ақша массаның жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатынасы арқылы экономиканың монетизациялану коэффициентін (Км) анықтауға болады.
Км = (МЗ (ақша массасы) / ЖІӨ) x 100
160.Қолма-қол және қолма қолсыз ақша олардың өзара байланысы мен мәні. Ақша айналымының басым формасына сәйкес оны қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары деп бөледі.
Қолма – қол ақша айналымы – бұл қолма – қол ақша белгілерінің айналымы: қағаз ақшалардың, банкноталар, монеталар, тағы басқалары. Яғни, бұл - бір субъектінің екіншісіне тауарлар үшін, көрсетілген қызметтер үшін немесе заңмен қарастырылған басқа да жағдайлар үшін берілетін нақты ақша белгілерінің айналымы. Барлық елдерде монеталарды мемлекеттік қазына жасап шығарады, ал айналымға оларды банкноталармен бірге орталық банк жібереді. Қолма – қол есеп айырысуда орталық банкпен шығарылған және эмиссиялауға монополиялық құқығы бар банкноталар қолданылады.
Қолма – қол ақшалар келесілер үшін қолданылады:
-тауарлар мен қызметтер айналымын жүзеге асыру үшін;
-жалақы төлеу бойынша есеп айырысу және соған сәйкес төлемдерді төлеу үшін;
-бағалы қағаздарға төлем және олар бойынша табыстарды төлеу үшін;
-коммуналдық және тағы басқалар қызметтерге төлем жасау үшін;
Айналыста көбіне қолма – қол ақшалар жүретіндіктен, оларды ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері айналыста болады. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз ғана бөлігін құрағанмен, оның маңызы өте зор. Өйткені қолма – қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшаны Ұлттық Банк банкнота түрінде эмиссиялайды, ал екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма – қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма – қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі. Яғни клиенттер заңды тұлғалар болатын болса, онда ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі , ал клиент жеке тұлға болатын болса, онда ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма – қол ақшаның бір бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса, ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде ( яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, дивиденттер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және сол сияқты түрінде ) беріледі.
Қолма – қол ақша, негізінен, халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігі жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, айып пұл және тағы сол сияқтыларды төлеуге жұмсалады.
Жалпы айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем – кассалық бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің ( негізінен, сауда орындары және халыққа қызмет көрсететін орындардың ) кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма – қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.
Мемлекеттің қолма – қол ақша айналысы – бұл белгілі бір уақыт мерзімінде қолма – қол формада жүргізілген барлық төлемдердің сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Бұл айналым көбіне халық табыстарының түсуімен және олардың шығындалуымен байланысты болады.
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент- қолма- қол ақшаны пайдалану. Қазіргі кезде біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма- қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептеуге чектерін енгізумен шектелуде.
Қолма – қол емес ақша айналымы ( төлем айналымы ) – ол банктегі шот иесінің
жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметтің атқарылуы. Ол бүкіл ақша айналымының басымбөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілері мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазбаша түрде, сол сияқты олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.Қолма – қол емес ақша айналымы қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде басым қолданылады. Ол көбінесе чектер арқылы, несие карточкалары төлем тапсырыстары арқылы, төлемнің электронды құралдары арқылы және тағы басқа есеп айырысу құжаттары арқылы ( қазыналық вексельдер, сертификаттар) қызмет етеді.Қолма – қол емес ақшаның төлем айналымын екі тобқа бөлуге болады: тауарлы операциялар бойынша және
қаржылық міндеттемелері бойынша төлем айналымы. Бірінші топқа тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысулар жатады, ал екіншісіне бютжет төлемдері ( табысқа салық, қосымша құн салығы, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы және тағы осы сияқты төлемдер ) және бюджеттен тыс төлемдер, банк ссудаларын өтеу, несиенің пайызын төлеу, сақтандыру компанияларымен есеп айырысулар кіргізіледі.
Қазіргі кезде пластикалық картачкаларды қолдану қолма- қол ақшасыз есеп айырусуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.
Қолма – қол емес ақша айналысы – бұл белгілі бір уақыт аралығындағы клиенттердің шоттары бойынша несиелік ұйымдарға немесе келісімді есеп айырысуға, қолма – қол ақшаларды қолданбай, ақшалай қаражаттарды аудару. Бұл айналыс мемлекеттің ақша айналысының үлкен бөлігін құрайды.
Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір – біріне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналыс аясынан кетпей, оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржының айдарылуы қолма – қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма – қол емес ақша төлем айналымы қолма – қол ақша айналымының ажырамас бөлігі болып табылыды және екуі бірге қосылып мемлекеттің ақша айналымын қалыптастырады..Есеп айырысу операциялары банк операцияларының негізгілерінің біріне жатады. Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылады. Олардың арасында кең тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу және тағы басқа шоттары.Банктердің есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.Инкассо- әр турлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсыры бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер, векселдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
Инкассолық операцияның екі түрі бар:
Жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтың ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуда қолданылыды;
Құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты көрсету және оны тек төлемді қолма – қол алғанда немесе акцептелгенде ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.Аудару операцияларында клиент банкідегі өз шотынан белгілі бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Мұндай операцияны жүргізгені үшін банк коммерциялық ақы алады.
Аккредитив ( латын сөзі – « сенемін » ) – бір банктің екінші банкке аккретивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір соманы жеке немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты. Ақшалы аккредитив – атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп – бөліп, оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент - банкке берген тапсырма жазылған.
161. Ақша, оның қажеттілігі және функциялары
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективтіқажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады:
• құн өлшемі,
• айналыс құралы,
• төлем құралы,
• қор және қазына жинау құралы,
• дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде
Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.
Ақша айналыс құралы
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
• тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
• оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
• ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.
Ақша төлем құралы
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтастыруға болады:
• тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
• еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
• сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелержәне басқалары;
Қорлану және қазына жинау құралы ретінде
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.
Капиталистікқоғамдықформацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналарнесиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
• кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
• банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Дүниежүзілік ақша қызметі
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
162. Ақша айналымы, оның құрылымы және анықтамасы
Ақша айналымы - бұл өзінің функцияларын орындау барысындағы қолма – қол және қолма – қол емес ақшалардың қозғалысы. Ол тауарлардың реализациясын, сондай – ақ тауарлы емес төлемдерді және шаруашылықтағы есеп айырысуларды жүзеге асырады.
Елдің ақша айналымы ақшаның қозғалысын көрсете отырып, келесілердің арасындағы айналысты көрсетеді:
орталық банк және коммерциялық банктер;
коммерциялық банктер; коммерциялық банктер және олардың клиенттері ( кәсіпорындар, ұйымдар, халық );
кәсіпорындар мен ұйымдар;
физикалық тұлғалар;
банктер және әр түрлі қаржы институттары, сондай – ақ қаржы институттары мен халық
Ақша айналымының жоспарлы экономика кезінде және қазіргі нарықтық экономикаға сай өзіне тән әр түрлі ерекшеліктері бар.
Айналыста жүретін тек қолма – қол ақша – ол ақша айналысының тек бір бөлігі. Демек, белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі ақша айналысы болып табылады. Ал ақша айналымы - бұл қолма – қол және қолма – қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.
Ендеше ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымынан тұрады.
Енді ақша айналысы заңына тоқтала кетейік. Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән.
Айналыстағы ақшаның саны Карл Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға:
бір кезеңде, айталық, бір жылда сатылуға тиіс бағасының қосындысына;
ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді.
Ақша айналымы заңы мына формуламен өрнектеледі:
А мөлшері = Смб/Ажылд.
А – ақша мөлшері;
Смб – сатылуға тиіс тауар бағасы;
Ажылд. – ақша айналымының жылдамдығы;
Ақша айналысы заңының мәні мынада: ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен қатар төлем құралы қызметінде болатындықтан, айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бір сыпырасы қолма – қол ақшасыз есеп айырылысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі.
Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді; тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа айналыстан шығарылған әлде қандай ақша мөлшері шаруашылықтың, халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мына формуламен анықталады:
Амөлш. = ( ( Стбн + Ст – Сө ) / Ажылд. ) + Ақ
Мұндағы:
Амөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері;
Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;
Ст – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;
Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;
Ақ – ақша қоры;
Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша айналымының орташа саны ( айналыс жылдамдығы );
Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлде қайда кем ақша массасының жүруінің себебі - төлеушілік проблемасының болуы. Сол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивті экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Себебі төлеушіліктің көптеген себептері бар. Олар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлеушіліктің тізбегінде потенциалды банкноттардың болуы, банкноталардың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және тағы басқалар.
Сөйтіп айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға байланысты өзгереді; айналыстағы тауарлар мөлшеріне тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне және тағы басқаларға байланысты болады.
Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналымына әсер ететін жағдайлар мыналар:
несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
ақша айналымының санының өсуі;
Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады ( шығарылады ): қолма – қол ақша, яғни айналымдағы банкнота және майда монеталар, банктік айналымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма – қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма – қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шағарады.
Ақшаның екі формасы бір – бірімен тығыз байланыста болады. Егер банк клиенті - шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма – қол ақша формасында салса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма * қол банкнотаға айналады. Керісінше клиенттің шотқа жазу арқылыбанкке ақша сомасын салуы қолма – қол ақшпның банктік айналымдағы ақша формасына айналуын көрсетеді