
- •63. Инвестициялық үрдістегі банктер мен кәсіпорындардың өзара қарым-қатынасы
- •64. Қайта өндіру үрдісіндегі инвестициялардың орны мен рөлі
- •65. Инвестициялардың технологиялық, қайта өндірістік, салалық және аймақтық құрылымы
- •66. Инвестициялық тәуекелдің мәні мен экономикалық негізі
- •67.Қаржылық және инвестициялық тәуекелдердің жіктелуі
- •68. Инвестициялық тәуекелді төмендету әдістері мен тәсілдері.
- •69. Қазақстан экономикасындағы құрылымдық өзгерістеріндегі инвестициялардың рөлі.
- •70. Қр инвестициялық қызмет. Отандық және шетелдік инвесторлар рөлі
- •71. Қр инвестициялық қызметті заңнамалық қамтамасыз ету. Қр «Инвестиция туралы» заңы
- •72. Қр инвестициялық қызметті заңнамалық қамтамасыз ету.
- •73. Қазақстанның инвестициялық ортасының тартымдылығын қамтамасыз етуші көрсеткіштері мен фаторлары
- •74. Инвестициялық саясат түсінігі, мақсаттары және міндеттері
- •75. Қазақстандағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың ерекшеліктері мен сипаты
- •77. Аймақтық және салалық инвестициялық саясат.
- •78. Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру көздерінің құрамы мен құрылымы.
- •Меншік қатынастарына байланысты:
- •79. Халықтың жинақтары инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру көздері ретінде. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •80. Инвестициялық үрдісті қаржылық талдау әдістері.
- •81. Релевантты ақша ағындарының жіктелуі.
- •82. Инвестициялардың тиімділігінің коэффициенті.
- •2) Iшкі пайда нормасы
- •3) Tабыстылық индексі
- •4) Инвестицияның өтелу мерзімі
- •83. Инвестициялық институттардың қызметі, олардың құрылуы мен механизмі.
- •84. Инвестициялық жобаның қаржылық бағалануы
- •85.Корпоративтік қаржылардың мәні мен мазмұны
- •86.Корпорация қаржысының функциялары
- •87.Корпорациялардың қаржылық ресурстары және олардың сипаттамасы.
- •88.Венчурлық типтегі инвестициялық жобалар
- •89.Тұрақты табыс әкелетін инвестициялық жобалар
- •90.Елбасы н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын іске асыру тұрғысынан қаржылық қадағалау
- •91.Салықтардың экономикалық мәні мен функциялары
- •92.Жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
- •§ 1. Қызметкердің табысы
- •§ 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
- •§ 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері
- •§ 4. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс
- •§ 5. Стипендиялар
- •§ 6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс
- •§ 1. Мүліктік табыс
- •§ 2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттардың табысы
- •§ 3. Дара кәсіпкердің табысы
- •§ 4. Басқа табыстар
- •93.Қазақстан Республикасында корпоративті табыс салығының қалыптасуы және дамуы
- •94.Жанама салықтар: есептеу түрлері мен механизмі
- •95. Салық механизмі және оның элементтері
- •96. Акциздер: мәні, алыну механизмі
- •97. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі корпоративті табыс салығының рөлі
- •100. Салық жүйесі ж/е салық саясаты.
- •101. Экономиканы салықтық реттеу: мақсаты,міндеттері және әдістері.
- •102. Салықтық жазалау шаралары: түрлері және қолдану тәртібі.
- •103. Қр/ң бейрезиденттерінің табыстарына салық салу.
- •104. Жеке кәсіпкерлерге салық салу ерекшеліктері.
- •105. Шағын және орта бизнес субъектісіне (заңды тұлға) салық салу тәртібі мен механизмі
- •109. Шағын ж/е орта бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдері
- •110. Салық органдарының корпоративті табыс салығының түсуі мен есептеуін қадағалауы.
- •111.Қр салық қызметі органдары: міндеттері мен функциялары.
- •112. Тіркелген салық: төлеу тәртібі мен есептеу механизмі.
- •113. Мемлекет экономикасының дамуында салықтардың экономикалық маңызы мен рөлі.
- •114. Корпоративті табыс салығы бойынша жылдық жиынтық табысты анықтау.
- •115. Қр салық кодексі: құрылымы мен қысқаша мазмұны
- •116. Корпоративті табыс салығының қойылымдары мен оларды қолдану тәртібі
- •117. Оңайлатылған декларация: тапсыру тәртібі мен мерзімі
- •118. Арнайы экономикалық аймақта салық салу ерекшеліктері
- •120. Қр салық жүйесінің даму кезеңдері
- •122. Жекелеген кәсіпкерлік қызмет түрлері үшін арнайы салық режимі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
- •§ 3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
- •123.Салықтық қадағалаудың қажеттілігі мен экономикалық мазмұны
- •124.Салықтан жалтару мәселелері және оларды шешеу жолдары
- •125. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу.
- •129. Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •130. Салық салудың классикалық және қазіргі заманғы қағидалары
- •132. Корп.Табыс салығы: заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының қалыптасу ерекшелігі.
- •133. ҚРғы ойын бизнес салығы: есептеу әдістемесі ж/е төлеу тәртібі.
- •134. ҚРғы ойын бизнес салығы: есептеу әдістемесі ж/е төлеу тәртібі.
- •135. Салық органдарының корпоративтік табыс салығын түсуі мен есептелуін қадағалауы.
- •138. Салық жүйесіндегі әлеуметтік салықтың рөлі мен орны.
- •151. Ақ және оның қаржылық ресурстары, ақша қорлары менрезервтері
- •152. Корпоративті тәуекелдерді төмендету әдістері
- •153. Бюджеттерді құру мақсаттары және бюджеттеу үрдісі.
- •154. Компания капиталының құрамы мен құрылымын оңтайландыру.
- •155. Компанияның дебиторлық берешегін басқаруды жетілдіру.
- •166. Ақша айналысы заңы және оныі мазмұны
- •167. Ақша жүйесі: типтері мен элементтері.
- •168. Инфляция: мәні, себептері және салдарлары
- •Несиелік мекемелер қызметіндегі мемлекеттік қадағалау
- •Ломбард оның мәні мен функциялары
- •Пошта жинақтау жүйесі және оның дамуы
- •Қр банктік жүйесі және оның дамуы
- •Коммерциялық банктер мен олардың операцияларының негізгі түрлері
- •186. Қр банктік жүйесін қайта құрылымдау мен ақша реформасы.
- •187. Қазақстандағы банктік емес мекемелер және олардың қаржылық жүйенің дамуындағы рөлі.
- •Жшс немесе жк ретінде тіркеу
- •189. Микронесиелік ұйымдар мен олардың дамуы
- •191. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуы мен қалыптасуы.
- •192. Қазақстан қор биржасы, оның функциялары мен операциялары.
- •193. Валюталық қатынастар мен валюталық жүйе: оның ерекшеліктері.
- •196. Әлемдік валюталық жүйенің дамуы.
- •197. Халықаралық қаржы несие институттары мен олардың функциялары.
- •198. Инфляция мен ақша айналымын реттеу әдістері.
- •199. Қр Ұлттық банкінің ақша – несие саясатының негізгі құралдары.
- •200. Банктер қызметін бақылау әдістері мен нысандары.
- •201. Қр Ұлттық Банкінің негізгі функциялары мен міндеттері
- •202. Депозиттер: түрлері мен басқару ерекшеліктері
- •203. Консорциалдық несие мен оның ерекшеліктері
- •204. Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен кепілді бағалау
- •Жылжымайтын мүлікті бағалау 1. Жылжымайтын мүлік нарықтарының ерекшеліктері 2.Бағалау бойынша әдістемелік жағдайлар
- •205. Кепілдік, Кепілдеме және олардың айырмашылығы
- •206. Жинақтау салымдары: түрлері, айырмашылықтары, тартау проблемалары
- •207.Банктердің түрлері мен олардың ерекшеліктері
- •208.Банктің инфрақұрылымы және оның банктік жүйедегі рөлі
- •209.Қр Ұлттық банкі туралы Заң,оның құрылымы мен мәні
- •2 Ведомство:
- •4 Есеп беретін ұйым:
- •210.Банктер мен банктік қызмет туралы Заң оның құрылымы мен мәні
- •211.Банктік ресурстар,олардың құрылымы мен арналымы
- •213.Меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті
- •214.Банк капиталының жеткіліктігін бағалау жөніндегі Базель ұсыныстары
- •221. Банк міндеттемелерінің түрлері мен олардың орындалуы
- •222. Активтердің өтімділік тәуекелі мен олардың топтастырылуы
- •223. Банк активтерінің сапа көрсеткіштері мен критерийлері
- •224.Активтердің әртараптандыру көрсеткіштері. Активтерді әртараптандыру нормативі есебі
- •226. Өтімділікті қамтамассыз етуде активтер мен пассивтерді басқару
- •227. Банк өтімділігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар
- •228. Банк өтімділігін бағалау, бағалау көрсеткіштері мен топтастыру
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •232. Қарыз алушының несие қабілеттілігінің көрсеткіші
- •234.Есеп айырысу нысандары мен төлем құжаттары
- •236.Несиелеу жүйесі мен оның элементтері
- •237. Қазіргі заманғы несиелеу жүйесінің ерекшеліктері.
- •243. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мен оның ерекшелігі
- •244. Банктің несиелік қоржынын басқару мен оның құрылымы
- •245. Несиелік келісімшарт, оның құрылымы мен мазмұны
- •246 Банктің валюталық операциялары, оның түрлері мен ерекшелігі
- •247 Коммерциялық банктердің қызмет ету қағидалары
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •248 Есеп айырысудың аккредитивтік нысандары мен олардың ерекшеліктері
- •249 Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәсілдері
- •250. Банктердің несиелік операцияларының жіктелімі
- •201. Қр Ұлттық Банкінің негізгі функциялары мен міндеттері
- •202. Депозиттер: түрлері мен басқару ерекшеліктері
- •203. Консорциалдық несие мен оның ерекшеліктері
- •204. Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен кепілді бағалау
- •Жылжымайтын мүлікті бағалау 1. Жылжымайтын мүлік нарықтарының ерекшеліктері 2.Бағалау бойынша әдістемелік жағдайлар
- •205. Кепілдік, Кепілдеме және олардың айырмашылығы
- •206. Жинақтау салымдары: түрлері, айырмашылықтары, тартау проблемалары
- •207.Банктердің түрлері мен олардың ерекшеліктері
- •208.Банктің инфрақұрылымы және оның банктік жүйедегі рөлі
- •209.Қр Ұлттық банкі туралы Заң,оның құрылымы мен мәні
- •2 Ведомство:
- •4 Есеп беретін ұйым:
- •210.Банктер мен банктік қызмет туралы Заң оның құрылымы мен мәні
- •211.Банктік ресурстар,олардың құрылымы мен арналымы
- •213.Меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті
- •214.Банк капиталының жеткіліктігін бағалау жөніндегі Базель ұсыныстары
- •221. Банк міндеттемелерінің түрлері мен олардың орындалуы
- •222. Активтердің өтімділік тәуекелі мен олардың топтастырылуы
- •223. Банк активтерінің сапа көрсеткіштері мен критерийлері
- •224.Активтердің әртараптандыру көрсеткіштері. Активтерді әртараптандыру нормативі есебі
- •226. Өтімділікті қамтамассыз етуде активтер мен пассивтерді басқару
- •227. Банк өтімділігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар
- •228. Банк өтімділігін бағалау, бағалау көрсеткіштері мен топтастыру
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •232. Қарыз алушының несие қабілеттілігінің көрсеткіші
- •234.Есеп айырысу нысандары мен төлем құжаттары
- •236.Несиелеу жүйесі мен оның элементтері
- •237. Қазіргі заманғы несиелеу жүйесінің ерекшеліктері.
- •243. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мен оның ерекшелігі
- •244. Банктің несиелік қоржынын басқару мен оның құрылымы
- •245. Несиелік келісімшарт, оның құрылымы мен мазмұны
- •246 Банктің валюталық операциялары, оның түрлері мен ерекшелігі
- •247 Коммерциялық банктердің қызмет ету қағидалары
- •229. Банк өтімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі
- •248 Есеп айырысудың аккредитивтік нысандары мен олардың ерекшеліктері
- •249 Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәсілдері
- •250. Банктердің несиелік операцияларының жіктелімі
135. Салық органдарының корпоративтік табыс салығын түсуі мен есептелуін қадағалауы.
Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу
1. Таза табысқа салынатын корпоративтiк табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
салық кезеңiнде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталынған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есебiне жатқызу жүзеге асырылатын сомасы алу
сыйақы түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталынған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салық кезеңдерiнен ауыстырылған сомасы алу
салық кезеңiнде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталынған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есебiне жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.
2. Бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы бұл салықты төлем көзінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде төлем көзінен ұтыс, сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.
Осы тармақтың ережелері төлем көзінен депозиттер бойынша сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша, қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға, коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
3. Егер төлем көзінен сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасынан артық болса, табыс көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы айырма кейінгі он салық кезеңін қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы бірте-бірте азайтылады.
Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімдері мен тәртібі
1. Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуді тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.
2. салық төлеушілер резидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл белгіленген салық кезеңі ішінде, сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешіктірмей, әрбір ай үшiн енгізуге міндетті.
3. Салық кезеңі ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Салық ставкалары
1. резидент тұлғаның табысына20 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
2. Ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың табыстар мен шығыстар сомасына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.
3. Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
Салық кезеңі
1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.
2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.
3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
5. Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.
Салық декларациясы
1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзінен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместі қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі декларациядан және оған қосымшалардан тұрады
136. Тікелей салықтар: артықшылықтары мен кемшіліктері.
Тікелей салықтар - салық төлеушінің табысы немесе мүлкінен тікелей алынатын салықтар. Корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдары салығы, мүлік салығы тікелей салықтарға жатады.[1]
Тікелей салықтардың кемшіліктері:
Әлеуметтік келіспеушілік тудырады, яғни,тікелей салықты төлеуге барлық азаматтардың жағдайы келе бермейді. Бұл өз кезегінде әртүрлі қоғам арасында келіспеушілік тудырады.
Ұйымдастырушылық - тікелей салық салу күрделі механизмді қажет етеді, себебі ол бухгалтерлік есеп жүргізудің және есептіліктің күрделі әдістемесімен байланысты.
салық төлеуден жалтару көп орын алады. Салықтық қойылым көтерілген кезде жинақтылық пен инвестициялауға деген бейімділік төмендейді.
Артықшылықтары:
Басты артықшылығы бюждеттің негізгі құраушысы болып табылады. Салық төлеушінің төлемқабілеттілігі ескеріледі.
Реттеушілік-тікелей салықтар экономикалық процесстерді [инвестиция, капитал жинағын т.б] реттеудегі негізгі қаржылық тетік болып табылады.
Тікелей салықтарды нақты жағдайға бейімдеуге болады: яғни, отбасы, жас, табыс көлемі, жалпы айтқанда төлемқабілеттілікке.
137. Салықтарды сыныптаудың негізгі белгілері
Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз: 1) салық салу объектісіне байланысты; 2) қолданылуына қарай; 3) салық салу органына байланысты; 4) экономикалық ерекшелігіне байланысты; 5) салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай. Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі. Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады. Тікелей салықтарға мына салықтар жатады: - заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық; - мүлік салығы; - жер салығы; - бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық; Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді. Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады. Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін. Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне)қосылатындығында, кіріктілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды. Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады. Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы)болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы)салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады. Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар. Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы)нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады. Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді. Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер: Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар; Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материялдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар; Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судъялар табыс етеді. Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға хұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді. Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді). Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық соммасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат. Салық есебінің екі әдісі қолданылады: 1) кассалық; 2) есептеу әдісі; Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады. Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оның Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады. Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды. Қазақстан Республикасындағы салықтардың,салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды: 1. Салықтар: 1. корпорациялық табыс салығы. 2. жеке табыс салығы. 3. қосылған құн салығы. 4. акциздер. 5. жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлімдері. 6. әлеуметтік салық. 7. жер салығы. 8. көлік құралына салынатын салық. 9. мүлікке салынатын салық. 2. Алымдар: 1. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым. 2. жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 3. жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. 4.радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым. 5. механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. 6. теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. 7. азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым. 8. дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені алым үшін. 9. автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы. 10.аукциондардан алынатын алым. 11.елтаңбалық алым. 12.жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым. 13.телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радио жиелік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым. 3. Төлемақылар: 1. жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы. 2. жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ақы. 3. қоршаған ортаны ластанғаны үшін төлемақы. 4. жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы. 5. орманды пайдаланғаны үшін төлемақы. 6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы. 7. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы. 8. кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы. 9. сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы. 4. Мемлекеттік баж. 5. Кеден төлемдері: 1. кеден бажы. 2. кеден алымдары. 3. төлемақы. 4. алымдар. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті бюджеттердің кірісіне түседі. Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комиттеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады. «Салық» және «салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда-бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде-экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу)процесі. Жанама салықтар – жоғарыда атап өткендей, баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздердің, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені: олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с.с.