Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

§ 3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

      433-бап. Қолдану шарттары

      Осы Кодекстің 428-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:       1) дара кәсіпкерлер үшiн:       дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;       салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құраса;       2) заңды тұлғалар үшiн:       қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;       салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.

      434-бап. Салық кезеңi

      Салық кезеңi күнтізбелік тоқсан болып табылады.

      435-бап. Қолдану тәртібі

      1. Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдану үшiн салық төлеушiлер орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді.       Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны:       1) жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар заңды тұлға әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;       2) осы бөліктің 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде – оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының бірінші күніне дейін;       3) патент негізінде арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер:       патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану шарттарына сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;       өзге жағдайларда – патенттің қолданылу немесе салық есептілігін тапсыруды уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін табыс етеді.       2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні:       1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні;       2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін – әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күн;       3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;       4) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін:       осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағына сәйкес патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен кейінгі күн;       осы Кодекстің 431-бабының 5-тармағына сәйкес қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;       осы Кодекстің 431-бабының 6-тармағына сәйкес патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану шарттарына сәйкессіздік туындаған айдың бірінші күні болып табылады.       3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімінен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, оның ішінде салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру кезеңінде салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді.       Бұл ретте:       1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама тапсырылған айдың соңғы күнi оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;       2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама тапсырылған айдан кейiнгi айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнi болып табылады.       4. Осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген шарттарға сай келмеген жағдайда, салық төлеушілер шарттарға сай келмеу туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге салық режіміне ауысу үшін қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге міндетті.       Бұл ретте:       1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;       2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнi болып табылады.       5. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген талаптарға сай келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.       Камералдық бақылау барысында мұндай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.       Бұл ретте:       1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;       2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.       Ескерту. 435-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      436-бап. Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша                 есептеу

      1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 процент мөлшерiндегi ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi.       2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған ең төмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.       3. Осы Кодекстің 435-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.     

       437-бап. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және                  салықтарды төлеу мерзімдері

      1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.       2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.       Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге жатады.       Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.       3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]