Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

117. Оңайлатылған декларация: тапсыру тәртібі мен мерзімі

433-бап. Қолдану шарттары

Осы Кодекстің 428-бабының 3 және 4-тармақтарында ( 428 –бап:. Арнаулы салық режимін:

1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;

2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктерінің;

3) әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объетілері бар салық төлеушілердің;

4) басқа  заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың;

5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режімін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың;

6) агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілердің қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен, не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекет жасауға міндеттенеді.

7) коммерциялық емес ұйымдардың;

8) дивидендтер, сыйақылар, роялти түрінде алынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыстар алатын заңды тұлғалардың;

9) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың 3) тармақшасының ережесі мүлікті жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

4. Мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілердің шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн:

1) акцизделетін тауарларды өндiруге;

2) акцизделетін тауарларды сақтауға және көтерме саудада өткізуге;

3) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн - бензиндi, дизель отынын және мазутты өткізуге;

4) лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткізуге;

5) жер қойнауын пайдалануға;

6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;

7) түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге;

8) консультациялық қызметтер көрсетуге;

9) бухгалтерлiк есеп және аудит саласындағы қызметке;

10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметіне және делдалдық қызметіне;

11) құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметке қолдануға құқығы жоқ.)

көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:

1) дара кәсіпкерлер үшін:

дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса;

«салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса;

2) заңды тұлғалар үшін:

қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;

салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады.

434-бап. Салық кезеңі

Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.

436-бап. Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу

1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңінде 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған ең төмен жалақының, дара кәсіпкерлерде кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 проценті мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге жатады.

3. Осы Кодекстің 435-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

437-бап. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу мерзімдері

1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.

2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерінде, әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлігі мөлшерінде төленуге жатады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]