Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

115. Қр салық кодексі: құрылымы мен қысқаша мазмұны

1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар

Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемеcін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.

3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.

4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады.

5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.

 

3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

2. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.

 

4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.

2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

 

5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі

Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

 

6-бап. Салық салудың айқындылығы принципі

Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.

 

7-бап. Салық салудың әділдігі принципі

1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

 

8-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі

Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.

 

9-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципі

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

 

10-бап. Салық саясаты

Салық саясаты - мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.

 

11-бап. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес

1. Салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктер мен қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Консультациялық кеңес құруға құқылы.

2. Консультациялық кеңестің құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Салық кодексі 21 бөлімнен, 95 тараудан, 688 батан тұрады.

1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1-бөлім. Жалпы ережелер

2-бөлім. Салық міндеттемесі

2. ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

3-бөлім. Негізгі ережелер

4-бөлім. Корпоративтік табыс салығы *

5-бөлім. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

6-бөлім. Жеке табыс салығы *

7-бөлім. Халықаралық салық салудың ерекшеліктері

8-бөлім. Қосылған құн салығы *

9-бөлім. Акциздер *

10-бөлім. Экспортқа рента салығы *

11-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу *

12-бөлім. Әлеуметтік салық *

13-бөлім. Көлік құралы салығы *

14-бөлім. Жер салығы *

15-бөлім. Мүлік салығы *

16-бөлім. Ойын бизнесі салығы *

17-бөлім. Тіркелген салық *

18-бөлім. Арнаулы салық режимдері

19-бөлім. Басқа міндетті төлемдер

3. САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУ

20-бөлім. Салықтық бақылау және салық әкімшілігін жүргізудің өзге де нысандары

21-бөлім. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

* - Салық түрлері: 13

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]