Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

103. Қр/ң бейрезиденттерінің табыстарына салық салу.

192-бап. Резидент еместің Қазақстан Республикасындағы

көздерден алатын табыстары

1. Табыстардың мынадай түрлері резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары болып танылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;

2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;

3) мыналарға:

резидентке;

егер алынатын қызметтер Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, осындай тұрақты мекемесі бар резидент емеске Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқару, қаржылық (тәуекелдерді сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда және төрелік органдарында өкілдік ету мен қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар;

4) осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салудағы жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің, тауарлар өткізудің нақты орындалған (көрсетілген, өткізілген) жеріне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден, өткізуден түсетін табыстары, сондай-ақ көрсетілген тұлғаның:

резиденттен;

егер алынатын жұмыстар, қызметтер, тауарлар осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент еместен алған, осы бапта белгіленген өзге де табыстары;

5) мыналарды:

Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiктi;

Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiктi;

резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;

егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 және одан да көп процентiн Қазақстан Республикасындағы мүлiк құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

6) талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе резидент емеске борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар;

7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;

8) мұндай резидент еместің Қазақстан Республикасындағы қызметі барысында туындаған міндеттемелерін, оның ішінде жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жасасқан келісімшарттар (шарттар, келісімдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісімшарттары бойынша міндеттемелерін резиденттің және резидент еместің орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);

9) резидент заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;

10) мыналардан:

резиденттен;

егер Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, осы резидент еместен алынатын, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі табыстар;

11) мыналардан:

резидент эмитенттен;

егер Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, осы резидент емес эмитенттен алынатын, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыстар;

12) егер роялти төлеу жөніндегі шығыстар осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резиденттен немесе резидент еместен алынатын, роялти түріндегі табыстар;

13) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;

14) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;

15) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;

16) халықаралық тасымалдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішіндегі тасымалдарда көлік қызметін көрсетуден түсетін табыстар.

Әртүрлі мемлекеттерде орналасқан, біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын пункттер арасында жүзеге асырылатын теңіз, өзен немесе әуе кемесімен, автокөлік құралымен немесе темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны кез келген тасымалдаулар осы бөлімнің мақсатында халықаралық тасымалдар болып танылады.

Осы бөлімнің мақсатында мыналар:

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі пункттер арасында ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішіндегі пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымал;

өнімді құбырлармен өткізу халықаралық тасымалдар болып танылмайды;

17) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;

18) резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе резидент емеспен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;

19) өздерiне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты, мұндай мiндеттердi нақты орындайтын жерiне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;

20) жұмыс беруші болып табылатын резидент немесе резидент емес Қазақстан Республикасында тұруына байланысты резидент еместің жеке тұлғаға төлейтін үстемақылары;

21) жұмыс беруші (резидент немесе резидент емес) еңбек шартының (келісімшартының) негізінде немесе өзге де тұлға қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың негізінде шеккен, резидент емес жеке тұлғаны материалдық, әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, осындай жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оның балаларын оқу орындарында оқытуға жұмсалатын шығыстар, оның отбасы мүшелерінің демалысқа барып-келуін қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;

22) резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

23) қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;

24) егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент немесе резидент емес төлейтін ұтыстар;

25) Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;

26) Қазақстан Республикасындағы мүліктен түсетін табыстарды қоса алғанда, осындай мүлікті тегін алу түріндегі табыстар;

27) туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;

28) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын резидент емес үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқарушы-резиденттен мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;

28-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

29) Қазақстан Республикасының аумағындағы кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындайтын басқа да табыстар.

2. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес резидент еместің табыстарынан есептелген және салық агенті өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары болып табылмайды.

 

23-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ ҚҰРМАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

 

193-бап. Төлем көзінен табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі

1. Қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабында айқындалған табыстарына шегерiмдер жүзеге асырылмай, төлем көзiнен табыс салығы салынады.

Бұл ретте төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығының сомасын салық агентi осы Кодекстiң 192-бабында көрсетiлген, төлем көзiнен салық салынатын табыстардың сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептейдi.

2. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысын төлеу кезінде ұстайды.

3. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:

1) дара кәсіпкерге;

2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;

3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Респуб­ликасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.

Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады;

4) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент эмитентіне жүктеледі.

4. Қолма-қол және (нeмece) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша резидент еместің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі.

5. Мыналар:

1) сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер;

2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы eceп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;

3) бiр мезгiлде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;

дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның немесе кон­сор­циумының жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлес­терi) құнының 50 және одан да көп процентi диви­денд­тердi төлеу күнi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.

Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:

акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;

заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;

4) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар;

5) осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

7) осы Кодекстің 197-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

8) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

9) осы Кодекстің 216-бабында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның шартты банктік салымдары бойынша сыйақылары;

10) біртұтас құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикі мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;

11) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;

12) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін табыстар;

13) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар салық салуға жатпайды.

6. Резидент емес заңды тұлғаның өз табыстарын үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан, осы резидент еместің табыстарына төлем көзінен салық салынады.

 

194-бап. Төлем көзінен табыс салығының ставкалары

Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай ставкалар бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:

1) осы баптың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстар –15 процент;

2) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар – 20 процент;

3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 15 процент;

4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 процент;

5) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар – 5 процент;

6) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти –15 процент.

 

195-бап. Төлем көзінен табыс салығын аударудың тәртібі

мен мерзімдері

1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығын салық агенті бюджетке:

1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгеннен басқа жағдайда, есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша – табысты төлеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;

2) есебіне жазылған, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша – резидент еместің шегерімге жатқызылған табыстары есепті салық кезеңінің отыз бірінші желтоқсанындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей аударуға тиіс.

Осы тармақшаның ережелері өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;

3) алдын ала төленген төлем бойынша – табысты есептеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша резидент еместің табысы есебіне жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей аударуға тиіс.

2. Егер резидент еместің табысының есептелген сомасы ағымдағы салық кезеңінде шегерімге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте резидент емеске мұндай табысты төлеу келесі салық кезеңдерінде жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға тиіс.

3. Төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент еместің табыстарынан бюджетке аударуды өзінің тұрақты мекемесі орналасқан жер бойынша жүргізеді.

 

196-бап. Салық есептілігін табыс ету

Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзімде:

1) төлем көзінен табыс салығын ұстау жөніндегі міндеттеме туындаған есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей;

2) резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Бұл ретте есепті салық кезеңінің 31 желтоқсаны резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстарын шегерімге жатқызу күні болып танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]