Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

93.Қазақстан Республикасында корпоративті табыс салығының қалыптасуы және дамуы

2011 жылы корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 1 050 380 млн. теңгені құрап отыр. Мемлекеттік бюджеттегі салықтық түсімдердің ішіндегі үлес салмағы 26,4 пайызды құрады. Ал жалпы мемлекеттік бюджет кірісінде корпоративтік табыс салығының үлесі 19,3 пайызын құрап отыр.

2012 жылы корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 1 041 217 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік бюджеттегі салықтық түсімдердің ішіндегі үлес салмағы 25,4 пайызды құрады. Ал жалпы мемлекеттік бюджет кірісінде корпоративтік табыс салығының үлесі 17,6 пайызын құрап отыр.

Жалпы қарайтын болсақ, 2012 жылы 2011 жылмен салстырсақ, корпоративтік табыс салығы төмен деңгейде екенін байқап жатырмыз. Оның төмендегенің себебін біз үшінші бөлімде қарастырамыз. Ал ендеше салық түсімдерінде салық түрлері бойынша мөлшерлемесі келесідей бекітілген,

Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінің едәуір орын алады (27,2). 2012 ж бірінші акпандагы жагдай бойынша мемлекеттик бюджеттин кірістері 92,7% орындалды. 1ақпандағы корпоративтік табыс салығы б-ша бюджетке 91,7 млрд тенгені құрады, жоспардан артық орындалды ягни 102, 9% құрады. Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 6,6%-на жуығын алады.

Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқымдысы. Корпоративтік табыс салығы бюджет түсімдерінің шамамен 27,2 пайызын құрайды.

Алдыңғы жылғы Салық Кодексімен салыстыра келе жаңа Салық Кодесі корпоративтік табыс салығы ставкасының барынша төмендеуін көздейді:

- 2009 жылдың 1- қаңтарынан бастап корпоративтік табыс салығының ставкасы 20 %;

- 2014 жылдың 1- қаңтарынан бастап корпоративтік табыс салығының ставкасы 17,5 %;

Сонымен бірге, 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап тұрақты корпоративтік табыс салығын төлеуші үшін салық ставкасы 17,5 % -ды құрайды деген болжам бар.

Өз кезегінде, салық жеңілдіктерін азайту, салық салу базасын кеңейтіп рентабелділігі бірдей кәсіпорындар үшін бәсекелестікте тең жағдай жасайды.

Негізгі мақсаттарға жету үшін салық салу жүйесі мен салық салу механизімінде алдағы уақытта мынадай салық жеңілдіктері жүзеге асырылады:

1. Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу сұрағы қарастырылып, өзгерістер енгізілді және заңды тұлғалардың аванстық төлемдер сомасын төмендеткені үшін әкімшілік айыппұл мөлшерлемесі өзгертілді. Өзгерту бойынша нақты корпоративтік сома аванстық төлемдерден 20% асып кеткен жағдайда, асқан сомадан 40% көлемінде айыппұл алынады;

2. Қазақстанға шетел инвесторларын тарту мақсатында, резидент еместерге салықтық жеңілдіктер бекітілді;

Салық кодексі қабылданған кезеңге дейін салықтың бұл түрі заңды тұлғалардың табыстарынан алынатын табыс салығы деп аталады. Кейіннен атауы өзгеріп, қысқартылды да, халықаралық стандартқа сәйкес «корпоративтік табыс салығы» деп аталынды.

Корпоративтік табыс салығын арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, салық салу объектілері бар заңды тұлғалар төлейді.

Заңды тұлғалар екі топқа бөлінеді.

  • Комерциялық ұйымдар;

  • Комерциялық емес ұйымдар.

Коммерциялық ұйымдар дегеніміз белгілі бір табыс көзі бар заңды тұлғалар.

Коммерциялық ұйымдардың ішінде арнаулы салық режимдерін қолданатын заңды тұлғалардың табыс салығын төлеуде өзіндік ерекшеліктері бар, бұл мәселеге кейінірек тоқталамыз.

Ал коммерциялық емес ұйым дегеніміз кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлғалар.

Корпоративтік табыс салығын төлеушілер

  • Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

  • Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.

Корпоративтік табыс салығын төлеуден босатылған тұлғалар:

  • Ойын бизнесі салығын (казино, ойын автоматтары залы, тотализатор, букме-керлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар) төлеушілер;

  • Тіркелген салықты (ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізуге пайдаланы -латын дербес компьютерлерді, ойын жолдарын (боулинг (кегельбан), картты (картинг), бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар) төлеушілер.

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салу объектілеріне жататындар:

1) Салық салынатын табыс;

2) Төлем көзінен салық салынатын табыс;

3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

Ал енді осы салық салу объектілеріне кеңірек тоқталайық

Корпоративтік табыс салығын төлеуші заңды тұлғалар ең алдымен салық салынатын табысын есептеп алуы қажет.

Салық салынатын табыс – түзетулер ескерілген жылдық жиынтық табыспен және шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады, яғни:

Салық салынатын табыс = Жылдық жиынтық табыс – Шегерімдер түзету

Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы және одан тыс жерлерден алынуға тиіс табыстардан құралады.

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салу объектісінің төлем көзінен салық салынатын табыстар болып табылады және бұған да бірнеше мәрте өзгертулер жасалды.

Төлем көзінен табыс салығының ставкалары.

Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай ставкалар бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:

1) айқындалған табыстар -20 пайыз;

2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 15 пайыз;

3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақы-лары - 5 пайыз;

4) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар - 5 пайыз;

5) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти -15 пайыз.

Салық агенттері төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем жүргізілген тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етеді.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы болып табылады және корпоративтік табыс салығының үстіне 15 пайыздық ставка бойынша салық төлейді.

Ал енді корпоративтік табыс салығы сомасын есептелуіне келетін болсақ.

Таза табысқа салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, корпоративтік табыс салығы салық кезеңі үшін келесідей тәртіппен есептеледі:

Бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы бұл садықты төлем көзінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде төлем көзінен ұтыс, сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.

Осы ережелер төлем көзінен салымдар бойынша сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша, қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға, коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.

Егер төлем көзінен сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасынан артық болса, табыс көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы айырма кейінгі он салық кезеңін қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетіне төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы бірте-бірте азайтылады.

Корпоративтік табыс салығын есептелуіне келетін болсақ. Бұл жерде ең алдымен жиынтық жылдық табыстан барлық шегерімдерді алып тастаймыз. Одан біз салық салынатын табысты алып жатырық. Енді салық салынатын табыстан біз жеңілдіктерді алып тастауымыз керек. Соңында барлығы шегеріліп тасталғанан соң, қалған сомадан 20 пайыз ставкасымен корпоративтік табыс салығы есептеледі.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтынушылар кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданылатын салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеуді жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.

Аванстық төлемдер сомасын есептеу.

Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын бойынша аванстық төлемдерді ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеуге және төлемеуге құқылы:

1) Түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысы Республикалық Бюджет туралы Заңды белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;

2) Жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер – әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде;

3) Салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар – салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде.

Аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңі ішінде тең үлестермен төленеді.

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есепті салық кезеңінің 20 қаңтарынан кешіктірілмей, салық төлеуші орналасқан жердегі салық органына табыс етіледі.

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептеледі.

Егер салық төлеушi алдыңғы салық кезеңiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептелмесе, алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығының болжамды сомасы негiзге алына отырып есептеледi.

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін салық төлеуші оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде табыс етіледі.

Салық төлеушiлер есептi салық кезеңi iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы. Бұл ретте, алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы есептi салық кезеңіндегі табыстың болжамды сомасын негiзге ала отырып жасалады және корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеу мерзiмi басталмаған есептi салық кезеңiнiң айлары үшiн табыс етiледi.

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисаптарында көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының теріс мәні болмауы керек.

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін. [12]

Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімдері мен тәртібіне келетін болсақ:

1. Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуді тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.

Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке салық кезеңі ішінде, аванстық төлемдер сомасын есептеуде айқындалған мөлшерде ағымдағы айдың 25-інен кешіктірілмей, ай сайын енгізіледі.

Салық кезеңі ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

Бүгінгі таңдағы корпоративтік табыс салығының ставкалары:

  • Салық төлеушінің табыстар мен шығыстар сомасына және залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 проценттік ставка бойынша салық салынады;

  • Ауыл шаруашылығы өнімін, аква өсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың табыстар мен шығыстар сомасына азайтылған салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, бал ара шаруашылығы, аква өсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады;

  • Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.

  • Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына Салық кодексiнің 194-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.

  • Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.

Салық кезеңі

Корпоративтік табыс салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады. Бұл жағдайда ұйымның әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күні оның құрылған күні болып есептеледі.

Егер ұйым күнтізбелік жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.

Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.

Салық декларациясы

Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзінен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместі қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеуші, егер осында өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.

Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

Корпоративтік табыс салығының мемлекеттік бюджетте маңызды роль атқарады. Ол мемлекеттік бюджетте ауқымды мөлшерді алады. Барлық салықтардың ішінде корпоративтік табыс салығының мөлшері басқа салықтарға қарағанда жоғары деңгейде тұрғаны күмәнсіз. Бірақ корпоративтік табыс салығын жетілдіруіміз қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]