Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

91.Салықтардың экономикалық мәні мен функциялары

Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтар–шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәні мынада:

  1. шіден,салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.

  2. шіден,шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік –экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцйяларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:

  1. пайда (алынған игіліктер ) қағидаты;

  2. «қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты.

Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.

Салықтың Ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:

  1. салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);

  2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты);

  3. әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);

  4. салықты алудың шығындары өте аз юолуы тиіс (үнем қағмдаты).

Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.

Салықтардың экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды.

Ең негізгі функциясы фискалдық функция-салықтың табиғатымен бірге пайда болған. Оның көмегімен бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз етеді,.Яғни,мемлекет қалтасын толтыру үшін, кәсіпорындар мен азаматтардың ақшалай табысынң 1 бөлігін эквивалентсіз,мәжбүрлеп алу негізінде толтыру.Салықтың осы функциясы арқылы мемлекеттің аұшалай қоры пайда болады және мемлекет өмір сүруі мен әрі қарай қызметін атқаруы үшін материалдық жағдайлар жасайды.

Салықтардың реттеуші функциясы ұдай өндіріс процесінің серпініне ж/е көлеміне ықпал етумен ерекшеленеді.Салықтың өзгеруі тауар (жұмыс,қызмет) ұсынысы мен сұранысының,сондай-ақ инвестиция мен жинақты арттыруына н/се қысқартуына әкеліп соғады.Сонымен қатар,салықтың еңбек белсенділігін,ресурстар жинағын,инновацияны,қоршаған ортаны қорғау үшін эко/қ жағдайлар туғызады н/се керісінше жояды.

Мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесісіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету.

Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:

-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;

-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;

-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.

Салықтардың ынталандыруы функциясы, экономиканың жеке субъектілеріне салық салудың ерекше тәртібін(жеңілдетілген ж/е қарапайымдатылған) қолданумен байланысты.Жалпыға бірдей қойылған салық ставкасын төмендету,салық салынатын базаны ығысытруды,салық төлемдерінің мерзімін ұзартуды (қысқартуды) енгізуді,бюджетті-салықтық несиені ұсынуды,салықтың 1неше түрін 1ыңғай міндетті жарнаға шоғырландыруды ж/е басқа да ұқсас шараларды пайдалану арқылы мем/ң салық салуды басқару органдарының,нақты кәсіпорындар мен азаматтардың иелігіне қосымша ақшалай қорын ұсынады.Бұл ресурстар,шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардың өндірісті ұйымдастырудағы қаржы мүмкіншілігін ж/е игіліктерді тұтынуын арттырады.Салық салудың жеңілдіктері мен қарапайымдылығы мем/ң экно/қ ж/е әлеуметтік артықшылықтарды қолдау әдісі б.т.

Қайта бөлу функциясының мәні шаруашылықытң әртүрлі субъектілерінің табыс бөлігін,мемлекет пайдасына қайта бөлінуде.Бұл функция арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы - 19,7%, 1998 жылы – 16,6%,1999 жылы-17,4%, 2000 жылы- 22,6%, 2001 жылы-22,2% болды (салыстыру үшін: Украйнада-29%, Ресейде -33 %).

Мем/ң шаруашылық өмірінің өзара байланысуының өсуі мен интернационализациялау процесінің ең жарқын көрінісі болып ЕО ішіндегі эко/қ интеграция,яғни экономика мен саясаттың еруопалық өңірлер үшін де,жалпы дүние жүзі үшін де маңызды фактор б.т.

Салық салудың интеграциялық функциясы ұлттық салық саясатын өңдеу кезігде басқа елдердің салық климатының жағдайын,көршілес мемлекеттермен қолданылатын салық ставкалары,шет мемлекеттерде салық реформаларын жүргізудің болашақтағы бағыты мен тәжірибесі сияқты факторларды ескеруді қажет етеді.

Салық,сондай-ақ экономиканың жағдайын тексеретін бақылау функциясын да атқарады.Бюджетке салықтардың түспеуі (уақытында келіп түспеген ақшалай төлемдер мен олардың жиналмаған сомасының есеп айырысу көлеміне қарсылығы) өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға,тауар айналымының қалыптасуына,ақша-несие жүйесіне,әсіресе әлеуметтік саясатты жүргізуге күрделі кедергісін тигізеді.Өндірістің шағын көлемі мен рентабельсіздігі,өніммен жабдықтау қиыншылығы,кәсіпорындар арасында ақшалай есеп айырысудың бұзылуы,жұмыспен қамту мен инвестицияның құлыдрауы,төмен дәрежелі жалақы мен әлеуметтік жәрдемақылар-міне,осындай экономикалық факторлар,бюджетке келіп түсетін салық көлемін төмендетеді.Салық салудың бақылау функциясының арқасында салық механизмінің тиімділігі бағаланады,қаржы ресуртсарынңы өозғалысын бақылау қамтамасыз етіледі,салық жүйесі мен бюджеттік саясатқа өзгерістер енгізу қажеттілігі анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]