Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

89.Тұрақты табыс әкелетін инвестициялық жобалар

Инвестициялық жоба- алға қойған мақсатқа жету үшін қандайда 1 жобаға капитал жұмсаумен байланысты жасалатын ұйымдастыру экономикалық шешімдерінің жүйесін білдіріеді.Осы орайда тұрақты табыс әкелетін жобаларға негізінен ұзақ мерзімге жоспарланған жобалар кіргізіледі.Еліміздегі тұраұты табыс ікелетін жобаларға мыналарды кіргізуге болады: «Бизнестің жол картасы 2020», «Қазақстан жолы – 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2013-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»

мемлекеттiк бағдарламасы»,

1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты- Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

Бағдарламаның міндеттері:1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау

2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Іске асыру мерзімі:2010 - 2020 жылдар

Нысаналы индикаторлары:Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

жыл сайын кредиттерді жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңгеге арзандату;

2015 жылға:

ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;

жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту;

шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде 43 %-ына ұлғайту;

өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту

Қаржыландыру көздері мен көлемі: 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 30 млрд. теңге көзделген. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады

2.«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы».Бағдарламаның мақсаты-елiмiздiң орнықты әлеуметтiк-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту

Қаржыландыру көздерi: Бағдарламаны iске асыруға 2011 - 2015 жылдары республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының заңнамасымен  тыйым салынбаған басқа да қаражат   жұмсалатын болады.   Бағдарламаны iске асыруға мемлекеттiк   бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн.   теңгенi құрайды.

Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергiлiктi бюджет

Басқа көздер

2011 ж.

65 262,7

64 700,3

562,4

2012 ж.

79 966,9

75 312,1

454,8

4 200

2013 ж.

74 059,4

69 367,9

491,5

4 200

2014 ж.

79 086,1

74 290,5

595,6

4 200

2015 ж.

81 983,8

72 926,0

657,8

8 400

барлығы

380 358,9

356 596,8

2 762,1

21 000

  1. «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2013-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.

2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.   

Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.

Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.

Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.

Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.

Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жалпы айтқанда,мемлекеттік бағдарламаалар-қоғам дамуының нақтты ж/е жалпы проблемаларын үйлестіру тәсілі.Еліміздің келешегі көбінесе халықтың денсаулығын нығайтуға,білім беруді дамытуға,тұрғын-үй проблемасы мен экономикалық проблемаларды шешуге байланысты,ал даманың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасауға арналған мемлекеттік бағдарламалар өте маңызды б.т.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]