Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

88.Венчурлық типтегі инвестициялық жобалар

Қазақстанда «Венчур» – ағылшынның «venture» тәуекелді кәсіпорын, бастама дегенді немесе мекеме тәуекелділігі деген мағынаны білдіреді. Венчурлік капитал жеке бизнесті қаржыландырудың баламалы нысаны ретінде АҚШ-та 50-жылдардың ортасында пайда болды. Еуропаға ол тек 70-жылдардың соңында ғана келді. Венчурлік капитал пайда болғанға дейін әлемде шағын және орта бизнесті қаржыландыруды банктік капитал, ірі корпорациялар мен компаниялар және ауқатты адамдар, яғни «бизнес періштелерінің» қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылған.

Жалпы, венчурлік бизнес дегеніміз - технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады.

Егер венчурлық бизнес дегенді тікелей аударатын болсақ – «тәуекелді кәсіпорын» болып шығады. Ал венчурлық компаниялар тәуекелді жобаларға салынған инвестициялар есебінен ақша табады. Бұл арада тәуекелге салынған істің негізгі салмағы венчурлық қорлардың «иығына» түседі. Сондықтан, қоржындық компаниялардың жеткілікті статистикалық саны, жобаларды әртараптандыру мен рынок пен технологияларға нақты баға беруге қабілетті сарапшылар легі аса маңызды рөл ойнайды.

Қазақстанда ең алғашқы венчурлық қорлар 2004 жылы пайда болды. Еліміздің венчурлық инфрақұрылымын құруға бастамашы болған мемлекеттің өзі еді. Оны дамытудың көкейкестілігі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен Ұлттық инновациялық жүйені қалыыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында да жазылған. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады.Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс»-деп анық көрсетті. Яғни елімізде қауіптілігі жоғары болсада ұзақ мерзімге арналған венчурлық бизнестің дамуына қолайлы орта тудыруымыз қажет.

Венчурлық қорларды құруға мемлекет атынан Қазақстанның даму институты – «Қазына» орнықты даму қорына кіретін Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) өзек болған. 2005 жылдан бастап ҰИҚ Еуропалық венчурлық капитал қауымдастығы (EVCA) мен венчурлық инвестициялаудың Сингапурлық қауымдастығының (SVCA) мүшесі болып табылады.

2004 жылдан бері «Ұлттық инновациялық қор» даму институты қазақстандық инвесторлармен біріге отырып 6 венчурлық қор құрды. Олар: «Адвант» венчурлік қоры» АҚ, «Венчурлік «Әрекет» жоғары технологиялар қоры» АҚ, «Сентрас» АИФРИ» АҚ, «Glotur Tecһnology Fund» АИФРИ» АҚ, «Almaty Venture Capіtal» АҚ, «Logycom Perspectіve Іnnovatіons» АИФРИ» АҚ.Аталған қорлардың инвестициялық саясаты мына салалар бойынша жобалар тартуға бағытталған.ICT – технологиялар, жаңа құрылыс материалдары, фармацевтика және басқа да болашағы зор салалар. Бірлескен венчурлық қорларды құрудың стратегиялық мақсаттары болып алдыңғы қатарлы батыс технологияларына қол жеткізіп, оларды болашақты Қазақстанға трансфер жасау.Ұлттық инновациялық қордың шетелдік венчурлық қорларға инвестициялары және де бірлескен венчурлық қорларды құру – бұл әлемнің алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларына шығу мүмкіндігі, білімдермен, тәжірибелермен және технологиялармен алмасудың ашық жүйесін жасау. Қор менеджерлерін оқыту және кәсіби білімін жоғарылату. Бірлескен венчурлық қорларды құрудың мақсаты – бұл сондай-ақ әлемнің алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларына шығудың керемет мүмкіндігі.

Венчурлық бизнесті инвестициялау дегеніміз:

• Идеяның, жаңа өнімнің пилоттық үлгілерін құрумен байланысты қолданбалы зерттеулер және оның коммерциялық әлеуетін бағалау;

• Алғашқы сериялық өндіріс және өнімді алғашқы сатулар;

• Өндірістің алғашқы кеңейтілімі және өнімді өткізу үшін жаңа рыноктарға шығу.

Жалпы венчурлік бизнесті дамыту үшін келесідей шараларды атқаруымыз керек:

• елдегі инновациялық күштерді қалыптастыру және нығайту; мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру.Бұл-білім,ғылым,қаржы фискальдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді;

• индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау; отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;

• инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру;

• зейнетақы қорлары мен сақтандыру қорларының венчурлік бизнеске инвестициялауын ынталандыру.

Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіруде венчурлік, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері жалпы инновациялық кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қозғаушы күш ретінде әсер етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті өркендетудің бұл түрлері кеңінен ұлттық инновациялық жүйені дамыту барысында қолданған жөн.

Инновациялық қызметтің қозғаушы тетігі венчурлік бизнестің Қазақстанда кеңінен дамуы үшін келесі шараларды қолдану қажет:

• отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлік қорларды құру,

• инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;

• гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиiмдiлiгi мен технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-құрастырулық жұмыстарды қаржыландыру;

• инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгiзудi қаржыландыру;

• ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерiн құруға қатысу; ғылыми-техникалық өнiм нарығын қалыптастыруға қатысу.

Өкінішке орай, көп жағдайда біздің кәсіпкерлеріміз өз жобаларын қаржыландыруға көмек қажет болса Қазақстанның венчурлық қорларына немесе Ұлттық инновациялық қорға хабарласып, өтінішін білдіруге болатындығын біле бермейді.

Жақында KazVenture венчурлық капитал мен тікелей инвестициялардың қазақстандық қауымдастығы құрылды. Бұрынғы Ұлттық Инновациялық Қор, қазіргі Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі Қазақстанның венчурлық қорларының Қауымдастығын құрудың бастамашысы болған. Қауымдастықтың құрылу мақсаты болып Қазақстан Республикасында венчурлық қаржыландыруды дамытуға көмектесу, венчурлық бизнестің дамуы үшін оңтайлы жағдайлар жасау, венчурлық қаржыландырудың механизмін жасап шығару, отандық және шет елдік капиталдың қатысуымен венчурлық қаржыландырудың жүйесін қалыптастыру болып табылады.Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрамындағы бұл агенттік үстіміздегі жылы бұрынғы Ұлттық инновациялық қор негізінде құрылған болатын. Ұйым қызметі жыл өткен сайын кеңейіп, сан-салалы болып келеді. Қазіргі қызметі бірнеше бағыттан тұрады. Соның бірі инновациялық жобаларға инвестициялық қолдау жасау бағыты бойынша агенттік қалыптасқалы бері, жалпы сомасы 7,5 млрд. теңге болатын 36 жоба қаржыландырылған. Мысалы, үстіміздегі жылдың желтоқсанында Қарағанды қаласында бидайды терең өңдеу бойынша «Номад» ЖШС жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Жобалық компанияға агенттіктің инвестициясы 450 миллион теңгені құрайды. Агенттік қаржысы қажетті технологиялық және қосалқы жабдықтар мен құрылысмонтаж жұмыстарын сатып алуға бағытталады. Білетініміздей Инжиниринг және технологиялар трансферттер Орталығы мен Ұлттық Инновациялық Қор даму институттары бірігіп, қазір Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі болып құрылғандығын білеміз. Агенттіктің құрылғаны барлығымызды қуантты. Себебі, Финляндияның инновациялық жүйесін қалыптастырған Ситра агенттігі екенін білеміз, ал АҚШ-та Тейкес агенттігі қызмет етеді. Бірақ бір толғандыратын мәселе бар, қазақта «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген сөзі бар ғой. Осы екі ұйым бір-бірін кемсітіп, тырнақ астынан кір іздеп кетпесе игі болар еді, бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істесе инновациялық экономиканы тездетіп құратынымыз сөзсіз.

"Құрылған венчурлық қорларда коммерциялық сипатқа көшіруге келешек әлеуеті бар 251 жоба қарастырылуда",- деді ол. Қ.Келімбетовтың хабарлауынша, отандық венчурлық қорлар жалпы құны 25 млн. АҚШ долларын құрайтын 14 инвестициялық жобаны қаржыландыру жөніндегі шешімді мақұлдады. Бұлар жаңа материалдар жасау, ақпараттық технологиялар, жартылай өткізгіштерді өндіру, биотехнологиялар, тұтыным тауарлары және фармакология салаларындағы жобалар.

Сонымен қатар Қ.Келімбетовтың айтуынша, отандық венчурлық қорлар силанды технологиялар және тазалығы жоғары деңгейдегі кремний өндірудің тәжірибелік-өнеркәсіптік негізін қалау секілді жобаларды қаржыландыра бастады. Жобаның құны 65,1 млн. теңге. Сандық технологиялар саласындағы барлық қызмет түрлерін көрсететін орталықтарды дамыту. Жоба құны - 54 млн. теңге. Жаңа желмен жұмыс істейтін жылу генераторларының тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгілерінің жобасын жасап өндіру; жоба құны - 112,2 млн. теңге; Ферросиликоаллюминий өндіретін жаңа зауыт салу; жоба құны - 522 млн. теңге. Базальт талшықтарынан жылулық-изоляциялық материалдар жасау; Жоба құны - 186,2 млн. теңге.

Сонымен бірге қазірде ұлттық инновациялық қор бірнеше инновациялық жобаны жүзеге асыруда. Соның ішінде отандық қатерлі ісікке қарсы препарат - "Арглабин" өндіретін фармацевтикалық кешен құру. Жобаның жалпы құны 1 млрд. теңгеге тең. Оның 338,4 млн. теңгесін қор шығарады. Өндіріс қуаты жылына 2 млн. ампула шығаруға есептелген.

Ромелт инновациялық процессінің негізінде кокс пайдаланбай шойын өндіру жобасы; жылдық өнімділігі - 34 560 тонна, экологиялық тұрғыда қауіпсіз өндіріске жатады.

Ұңғылық аспаптардың жинақталымында қазіргі заманғы әмбебап "Геоскан" каротажды регистраторларын жасау; Жоба құны - 1,9 млрд. теңге. Қор 658 млн. теңгесін шығарады. Отандық регистраторлар геофизикалық қызметтердің сапасын арттыруға және отандық компаниялардың бәсекелестік қабілетін көтеруге мүмкіндік тудырады.

Сонымен бірге Қазақстанда мониторлар мен телевизорлар өндіру, сондай-ақ, "Glotur DS Multimedia" АҚ-ның жанында ғылыми-зерттеу зертханасын құру жобалары жүзеге асырылуда.

Қазақ елі инновацияны дамытудың көптеген жүйелі индикаторлары бойынша «тарихи биік межеге» қол жеткізіпті. Атап айтқанда, 2009 жылмен салыстырғанда, кәсіпорындардың технологиялық иинновацияларға жұмсаған шығындары 5 еседен астамға өскен, сөйтіп, қазір 2 миллиард долларға дейін жетіп отыр. Бұл ретте, егер осыдан бес жыл бұрын Қазақстанда жұмыс жасайтын компаниялар инновациялық технологияларға жылына небәрі 61 миллиард теңге шығындаса, 2012 жылы бұл көрсеткіш ендігі 326 миллиард теңгені құрауда. Сондай-ақ елімізде шығарылатын инновациялық өнімдер көлемі де 4 еседен астамға артып, 2,5 миллиард доллар межесін бағындырды: 2009 жылы Қазақстанда 82 миллиард теңгенің осындай өнімі жасалса, 2012 жылы олардың ауқымы 379 миллиард теңгеге дейін барған көрінеді. Инновацияның еліміздің ЖІӨ-сіндегі үлесі 1,25 пайызға дейін ұлғайды (2009 жылы небәрі 0,51 пайыз ғана болыпты). Инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі Қазақстанда 4 пайыздан 7,6 пайызға дейін артқан екен. Әрине, мұның барлығы ішкі статистика. Ал халықаралық қоғамдастық Қазақ елінің жасампаздығы деңгейін қалай бағалап отыр? Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум құрастыратын «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты. Жақында жарияланған жаңа рейтингте еліміз әлемдегі 148 мемлекеттің ішіне «ең озық елулік» қатарына енді. Бұл жерде «Инновациялар» факторы бойынша Қазақстан позициясының елеулі күшейгені байқалады: ол бойынша мемлекетіміз рейтингтегі өз тұғырын бірден 19 позицияға жақсартып, 84-орынға көтерілді. «Инновациялық әлеует» субфакторы бойынша да еліміз 18 тұғырға биіктеген, сөйтіп, 74-орынға тұрақтады.

Дүниежүзілік экономикалық форумының 2013-2014 жылдарға арналған осы жаһандық рейтингінде республикамыз инновациялық өрлеуімен әлем қауымдастығын қайран қалдырып отыр. Мысалға, «Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсайтын компаниялар шығыны» субфакторы бойынша Қазақстан бірден 17 позицияға ілгеріледі, нәтижесінде енді 77-орынға табан тіреуде. «Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер саласындағы бизнес пен университеттердің ынтымақтастығы» субфакторы бойынша мемлекетіміз жаһандық рейтингте 11 тұғырға жоғарылады: енді 79 орынға шығып отыр. Ал «Жоғары технологиялық өнімдерді мемлекеттік сатып алу» көрсеткіші бойынша позициямыз 13 орынға биіктеді, ол бойынша енді еліміз 58-орында. Әрине, Қазақстан барға малданып, жеткенге тоқмейілсіп, осымен тоқтап қалмауы керек. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің Директорлар кеңесінің төрағасы Кенжеғали Сағадиев бұл көрсеткіштердің әлі «кемелдіктен тым алыс» екендігін жасырмады: «Әрине, мұның барлығы – аз. Бірақ тұтастай алғанда, бұл қорытындылар Агенттік қызметінің экономиканың инновациялық құрылымының кеңеюіне оң ықпалы барлығын куәландырады». Жақында Агенттік жаңадан құрылған «Бәйтерек» холдингінің құрамына кірді. – Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік қызметіндегі бірде-бір бағыты жойылмайды! – деп хабарлады осы орайда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарушы директоры-басқарма мүшесі Қаныш Төлеушин. – Өйткені қазір осыдан қауіптенушіліктер бар, «Бәйтеректің» келуімен Агенттік өзгеріске ұшырайды, инновацияны қолдау көлемі кемиді деген әңгімелер тууда. Біз бұған «мүлдем олай емес» деп жауап береміз. Яғни барлық бағыттар жүзеге асырыла беріледі. Біз өз жұмысымызды осы Агенттік көрсететін қызметтердің сапасын арттыруға бағдарлаймыз. «Бәйтеректің» басқарушы директоры ТДҰА қызметі «анағұрлым тереңдетілген технологияларды, стратегиялық жобаларды қолдауға бағдарландырылатындығын» нақтылады. Бұл ретте, оның түсіндіруінше, біріншіден, Агенттік «кез келген инновациялық бастамаларды, инноваторлардан кез келген мезетте өтінім түрінде түсетін жобаларын қолдайды». Бұған қазіргі бар барлық құралдар жұмыс жасамақ. Ал, екінші бағыт – ұзақ мерзімді қарастырады және форсайт қорытындысы бойынша жасалады: «Мұнда Қазақстан өзі үшін өмірлік маңызды технологияларды анықтайды» деді ол.

Осы орайда бір жаңалық жария етілді: Қаныш Аманбайұлы Мемлекет басшысының тапсырмасымен, «Жаңа технологиялар қорын» құру мәселесін пысықтап жатқандарынан құлағдар етті: «Бұл қор инвестициялық қызметке бағытталатын болады. Агенттікпен бірге, бұл Қор инновациялық жобаларға және венчурлық қорларға инвестиция салады. Бұл Қорды даралайтын қыры мынау: инвестиция жасау үшін жиналатын қаражаттар, басым бөлігінде жеке капиталдан тартылады. Яғни біз мемлекеттік қаржыдан салынатын 1 теңгеге жеке капиталдың 7-10 теңгесін тартуды жоспарлап отырмыз. Осылайша Елбасының тапсырмасын орындап, осы Қорға мол қаржы жимақпыз». Жаңадан түзілетін Жаңа технологиялар қоры бірінші кезекте, «Назарбаев Университеті» және Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркі» аясындағы ірі инновациялық жобаларды қаржыландыратын және жүзеге асыратын көрінеді. Ол мұнымен шектелмей, бүкіл әлемдегі технологиялық орталықтардың ірі жобаларын іске асыруға құлаш ұрмақ. «Сөйтіп, біз енді басқа жоғары технологиялы аймақтарда жұмыс жасауға ден қоямыз. Соның арқасында технологиялар трансферті жүзеге асырылады, біздің өнеркәсіпке, біздің экономикамызға солардың жоғары, инновациялы технологиялары әкелінеді» деді «Бәйтерек» басшылығының өкілі. Үкімет басшысының орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев осы он жыл ішінде Агенттіктің 3 мыңнан астам идеялар мен жобаларды қарағандығын, оның 600-дейі мемлекет тарапынан 18 миллиард теңгеден астам қаржыға қолдау тапқанын айтты.

– Қазақстанда, бұл салада, кез келген ғалым, кез келген бизнесмен, тіпті студент те мемлекеттік қолдау көре алады! – деді Әсет Исекешев. – Оларға инновациялық гранттар, жеңілдіктер мен преференциялар беріледі. Коммерцияландыру кеңселері, конструкторлық бюролар қалыптастырылды. Технологиялық бизнес-инкубаторлар өңірлерде жұмыс жасауда. Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын ел басшылығы ғалымдардың әкімдіктерді жағалап, қайда барарын білмейтіндігін қатты сынға алған болатын. Қазір мұндай проблемалар жоқ. Оның барлығы тарихқа кетті. Инновацияны қолдайтын институционалды құрылымдар түзіліп болды.

“Қазына” тобы бүгінде жалпы сомасы 10 миллиард доллардан асатын перспективалы жобалардың қоржынын жинақтады. Бәсекеге қабілетті экономиканың іргетасы бола алатын перспективалы салаларды дамытуға бағытталған нақты инвестициялық басымдықтар анықталды.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында бидайды биотех­нологиялық тұрғыдан терең өңдеу арқылы биоэтанол өндіретін зауыт іске қосылды. Зауыт Қазақстанның “Биохим” компаниясымен бірлесіп құрылды. Айта кетерлігі бұл ТМД кеңістігіндегі алғашқы “Биохим” өндірістік кешені. Сондай-ақ, “Қазына” қорының құрамындағы “Қазақстанның даму банкі” АҚ ағылшынның “Пилкингтон” компаниясымен бірлесіп Қызылорда облысында шыны шығаратын зауыт құрылысын қолға алды. Бұл жобаға “Қазынаның” тағы да бір даму институты – “Қазақстанның инвестициялық қоры” АҚ белсене қатысуда.

Германияның “Тиссен Крупп” компаниясымен бірлесіп Қарағанды облысында металды кремний өндіретін зауыттың құрылысын бастау жоспарланып отыр. “Тиссен Крупп” металл өнімдерінің өндірісі бойынша Еуропада екінші орында тұрған компания. Тағы бір үлкен жоба немістің “Маннесман” компаниясымен Маңғыстау облысында, дәлірек айтсақ, Ақтауда құбыр өндіретін зауыт құрылысын салуды қарастырады. Мұнымен қоса, неміс компаниялары Қазақстандағы цемент өндірісіне қатысуға қызығушылық танытуда. Айталық, “Хайделберг” компаниясы Ақтауда це­мент зауытының құрылысын қолға алуды көздеп отыр. Осы компания сондай-ақ, Астана мен Шығыс Қазақстан облысында да цемент зауытын салуды жоспарлауда. Мұнымен қоса, Еуразия өнеркәсіп тобымен бірлесіп алюминий шығаратын зауыт, Қостанай облысында мұнай-химия талшықтарын өндіретін зауыт құрылысы сынды жобалар іске асырылып жатыр.

Металлургия саласы бойынша Қостанай және Жамбыл облыстарындағы металды ше­кемтастар өндірісін айтуға болады. Жер бетінде сирек кездесетін металдардан қорытпалар өндірісі бойынша жаңа жобаларды жолға қою жоспарланып отыр. Біз басымдық беріп отырған жобалардың қатарында химия саласы бойынша Маңғыстау облысында аммиак селитрасын, карбамидтер, минералды тыңайтқыштар, Жамбыл облысында фосфорлы тыңайтқыштар шығаратын өндірістер бар. Мұнай химиясы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы этилен, полипропилен өндірісін айтуға болады. Осы жұмысты жолға қою арқылы біз Қазақстанның “Іncomtyre” компания­сымен бірлесіп елімізде болашақта автомобильдерге арналған доңғалақтар шығару үшін әлемдік брендтерді тарту жөнінен жұмыстар жүргізудеміз.

Алдағы уақытта Қостанай облысында “Агромашхолдинг” базасында ауыл шаруашы­лығы және жол құрылысына арналған техника өндірісін құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, австриялық “AVL Lіst GmbH” компаниясымен бірлесіп жаңа қозғалтқыштар жасауды қолға алудамыз.

Алдағы үш жылда біз бірқатар облыстарда қазақстандық және шетелдік компаниялардың қатысуымен елімізде өңделетін биоотын өндірісі бойынша 5 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғыда Ақмола облысындағы амин қышқылы, ферменттер және органикалық қышқылдар шығару бойынша биохимиялық кешен жобасын айтып өтуге болады. Карерра және Бенеттон компания­ларымен бірлесіп Оңтүстік Қазақстан облысында дайын тоқыма өнімі өндірісі бой­ынша фабрикалар және еліміз өңірлерінде қазіргі заманғы бірқатар ет комбинаттарын ашу көзделіп отыр. Сонымен қатар, Алматы облысы мен Бурабайда қазіргі заманғы туристік орталықтар құруға қатысуды да жоспарлап отырмыз.

Біз ұлттық және өңірлік үш технопарк құрдық. Отандық және шетелдік инвесторлар­дың қатысуымен 10 венчурлық қор өмірге келді. Гранттық негізде бірқатар НИОКР-ға қолдау көрсетілді. Еліміз үшін бизнестің жаңа түрі – жоғары технологияларды қаржыландыру тәжірибесі жинақталды. Өткен жылы Ұлттық инновациялық қор Германиядағы жоғары технологиялы компаниялардың бірі – І.D Solutіons компаниясының 20 пайыз акциясын сатып алды. Үш жылдың ішінде даму инсти­туттары 40-қа жуық жобаларды жүзеге асырды. Жүзеге асырылып жатқан жобалар қызмет көрсету мен шағын бизнес нысандарының және басқа да жобалардың дамуына сенімді негіз бола алады деп ойлаймын.

– Бұл жерде екі нұсқа қарастырылып отыр. Соның алғашқысы және барынша көңілге қонымдысы – бұл қазақстандық инвесторлар. Біз көптеген отандық бизнесмендер­мен кездестік. Біздің есебіміз бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда осындай инвести­циялық жобаларды іске асыруға қабілетті түрлі деңгейдегі 200-ге жуық бизнес топтар бар. Олардың қатары мәшине жасау, металл өңдеу, тоқыма, ұн, құрылыс материалдары, тамақ өнімдері өндірісі сынды секторларда басым.

Алайда, 1 миллиард долларлық және одан жоғары ірі жобалар туралы айтар болсақ, бізде оларға басшылық жасай алатын бизнесмендер мен менеджерлер саусақпен санарлық. Сондықтан, елімізге шетелдік инвесторларды тарту мәселесін мұқият ой елегінен өткіздік. “Форчун-500” тізіміндегі көптеген танымал компаниялармен кездестік. Шетелдік ірі қаржы институттарымен және Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің корпорацияларымен, сондай-ақ түрлі секторлардағы әлемдік көшбасшылармен келіссөздер жүргіздік.

Қаржыландыру мәселесі бойынша айрықша тоқталып өтер бір тұс, Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Қорлардың қоры. Бұл инвестициялаудың қосымша құралы болып табылады. Қазіргі таңда бірлескен қорларға тікелей инвестиция салуға дайын Goldman Sachs, Mіllenіum Capіtal, Temasek сынды халықаралық инвесторлармен және бірқатар отандық инвестициялық топтармен келісім бар. Соны­мен қатар, Дүниежүзілік банкпен, Германияның KFW банкімен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі уағдалас­тыққа қол жеткізілді. Мұнымен қоса, Қытай және Катармен бірлескен қорлар құру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Индустриялық-инновациялық дамуға жаңа қуатты серпін беру үшін біз жыл соңына дейін мақұлданған жобалар қоржынын 50 пайызға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Біздің перспективалы жобаларымыздың қоржыны бүгінде 13 млрд. долларды құрап отыр. Бұлар негізінен экспортқа бағытталған өндірістер. Осы орайда, биыл 2-3 млрд. доллардың жобасы нақты іске асатынын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда “Сарыарқа” ӘКК, “Алатау” ақпараттық технологиялар паркінде, “Оңтүстік” АЭА мен индустриалды аймақтарда нақты жобаларды жүзеге асыру маңызды болып табылады. “Сарыарқа” ӘКК-пен бірлесіп біз кремний мен биоэтанол өндірісі, Астанада көлік-логистикалық орталығын құру сияқты өзіміздің перспективалы жобаларымызды пысықтауға дайынбыз. Ал, “Оңтүстік” АЭА-мен бірлесіп оның аумағында тоқыма өнеркәсібі өндірісін орналастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. “Қазына” қоры мен даму институттары Астана және Теміртау қалаларында индустриалды аймақтар және Маңғыстау облысында туристік аймақ құруда жергілікті органдармен бірлесіп өзара іс-әрекет етуде. Осы бағыттағы жұмыстар алда да жалғаса беретін болады.

2014 жылғы,17 қаңтардағы жолдауға сәйкес Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн. Үкіметке биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті заң жобалары топтамасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуді тапсырамын. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажет. Шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдалану керек. Шетелдік компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру қажет. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Мен кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігін білемін. Үкімет осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ.

Ұлттық инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру маңызды. Олардың белсенділігін стартаптарды және венчурлік мәмілелердің бастапқы кезеңдеріне қолдау көрсетуге бағыттаған жөн. Ірі қалалық агломерациялардағы, әсіресе Астана мен Алматыдағы технологиялық парктердің жұмысын жандандыру керек. Алғашқы зияткерлік-инновациялық кластер қазір Астанадағы Назарбаев университетінің арқауында табысты жұмыс істеуде. Ал Алматыда мұндай кластер – «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі. Технопарктерде қазақстандық ірі компаниялардың қосалқы өндірістерін орналастыру үдерісін ынталандыру шараларын ойластыру маңызды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]