Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

4) Инвестицияның өтелу мерзімі

Инвестицияның өтелу мерзімі РР-тапқан қаражаттар есебінен несиенің қайтарылу мерзімін анықтайды.Өтелу мерзімінің қысқа болуы тезірек қайтаруға мүмкіндік береді.

Егер өтеу мерзімі максималды қолайлы мерзімнен кіші болса,қабылданады, олай болмаса-жоқ.Инвестициялық жобаларды салыстыру барысында инвестицияның өзін өзі өтеу мерзімі кіші нұсқасы ең тиімді болып саналады.

83. Инвестициялық институттардың қызметі, олардың құрылуы мен механизмі.

Инвестициялық нарық кең мағынада ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің тетігін білдіреді. Осы мәселені шешу үшін қаржылық институттардығ мәні мен орны зор. Олар қаржы нарығында инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарды тартудың есебін, одан әрі ақша қаражаттарын тартуды әртараптандыруды ескере отырып, инвестицияның есебінен тәуекелді азайту мақсатын жұмыс істейді.

Атқаратын қызметіне қарай қаржылық институттарды келесідей жіктеуге болады:

1. Реттеуші қаржылық институттар – қаржылық ұйымның қаржы нарығындағы субъектілерінің қызметін реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын қаржылық институттар. Оларға: ҚР Ұлттық Банкі, қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау комитеті, өзін-өзі реттеуші ұйымдар жатады. 2. Инвест-коммерциялық қаржылық институттар – сәйкес заңды негізгі ала отырып, белгілі мөлшерде пайда табу мақсатында инвестициялық, сақтандырушы, қаржы-несиелік, жинақтаушы қызметтерді жүзеге асыратын қаржылық институттар не институционалды инвесторлар. Оларға: ком банктер, ЖЗҚ, сақтандыру ұйымдары мен инвестициялық қорлар жатады.

3. Кепілдендіруші қаржылық институттар – субъектілердің салымдарын, төлемдерін кепілдендіруді және қайта қаржыландыруды жүзеге асыратын өаржылыө институт. Оларға: депозитті кепілдендіру, сақтандыру төлемі, кепілдендіру қоры, ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры және т.б.

4. Арнайы мамандандырылған қаржылық институттар – бұл уәкілетті органның лицензиясы негізінде қаржылы-несиелік қызметтердің жекелеген түрлерімен айналысатын қаржылық институттар. Оларға: несиелік серіктестер, микронесиелік ұйымдар, несиелік бюролар, ломбардтар, пошта-жинақ жүйелері жатады.

5. Кәсіби қаржылық институт – бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын және қызметі міндетті түрде лицензияланатын қаржылық институттар. Оларға: брокер-диллерлік компания, тіркеушілер, кастодиандар, депозитарий және т.б.жатады.

6. Даму институттары – бұл ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мақсатында құрылған институттар болып табылады.даму институттары мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру және жетілдіру үшін еліміздің экономикаына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға септігін тигізу мақсатында құрылды. Оларға: «Қазақстан Даму Банкі», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Ұлттық инновациялық қор», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры», «экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы», «инженеринг және технологиялар трансферт орталығы» және «маркетингтік – талдамалық зерттеулер орталығы»акционерлік қоғамдары сияқты қаржылық және сервистік даму институттары.

Инжениринг және технологиялар трансфертті орталығы немесе Қазақстан Инжениринг Ұлттық компаниясы немесе АҚ қызметінің мақсаты шығарылатын өнімдерді әртараптандыру, ішкі нарықта өз өндірісінің өнімдерімен толтыру және инвестициялық, инновациялық жобаларды іске асыру болып табылады.

Қазақстан Инжениринг Ұлттық компаниясы компания кәсіпорынының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және стратегиялық инвесторларды іздеуге бағытталған іс шаралар кешенін жүргізу, экспортқа бағытталған, яғни әскери өнімдерді игеру және шығару, сондай ақ әскери өнімдерді шығару мен Қазақстандық әскери бөлімдерге көрсетілетін қызметтерді ұлғайту болып табылады.

Машина жасау саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан инжениринг Ұлттық компаниясы АҚ ҚРсы Қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кейбір мәселелері тіралы ҚР сы Үкіметінің 2003 ж қаулысының негізінде жарғылық капиталы 100% мемлекеттің қатысуымен құрылған.

Компания келесідей міндеттерді шешуге қызмет атқарады:

  • Кәсіпорынның өндірістік міндеттерді пайдаланады

  • Менеджменттің, маркетингтің қаржылық есепке алудың прогрессивтік әдістерін енгізу

  • Мемлекеттік, шетелдік және отандық инвестицияларды тарту

  • Халықаралық стандарттар бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу

  • Ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыстар жүргізу және өнім өткізудің жаңа нарықтарын игере отырып, жоғары технологиялық өнім түрлерін шығару болып табылады.

Маркетингтік сараптама зерттеу орталығы АҚ бұл экономикада бәсекелес процесіне жоғарылату және әртараптандыру процесіне сараптамалық қызмет көрсету мақсатында құрылған даму институты. Институт міндеттері:

  • Отандық халықаралық нарыққа, экономика секторы үшін салаларына негізгі бағытта анықтау үшін әртүрлі өндіріске Қазақстандың әлемдік экономикадағы бәсекелестік артықшылықтарын анықтау үшін сараптама жасау.

  • Инвестициялық жобаларға оның бәсекелестікке мүмкіндігі негіздеріне сараптама жүргізу, табыстылығы мен артықшылығын анықтау.

  • ҚР ң экономикалық іскер ортасына сараптама жасау болып табылады.

Қазақстан даму банкі 2001 ж мамыр айында ҚР сы Презиндентінің жарлығымен Қазақстан Даму банкі туралы ҚР ң Заңы шығарылады. Осы Заңға сәйкес ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстан Даму банкі құрылды.

Қазақстанның Даму банкі ҚР сы Әділет Министрлігінің тіркеу комитетінде 2001ж жабық АҚ формасында тіркеліп 2003ж заңдағы өзгертулерге сәйкес АҚ формасында қайта тіркелді.

2006ж бері банктің бір ғана акционері «Самұрық қазына» Әл ауқат қоры болып табылады.

Қазақстан Даму банкі бұл ел экономикасына инвесторлар тартуға қолдау жасау және өңдеуші өнеркәсіптерге өндірістік инфрақұрылымының дамуына мемлекеттік инвестициялық қызметінің тиімділігін жоғарылату және жетілдіру мақсатында құрылған қаржылық институт.

ҚДБ өз қызметін 2001ж 1 сәуірінен бастаған және экономикалық қызметтің жалпы жіктелуіне сәйкес келесідей инвестициялық салаларды несиелеу болып табылады:

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу

  • Тігін өндірісі

  • Химиялық өнеркәсіп

  • Машина жасау және құралдарды өңдеу

  • Көлік және байланыс

  • Электр энергиясын тарту және өңдеу

ҚДБ бүгінгі таңда мемлекеттік инвестициялық саясаттың ең

басты жол серіктерінің бірі болып табылады. Өнеркәсіптің шикізатққа жатпайтын салаларында бәсекеге қабілетті өндірісті құруды қаржыландыра отырып, елдің инфрақұрылымын дамыта отырып, банк Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]