Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

75. Қазақстандағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың ерекшеліктері мен сипаты

Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Болашаққа әзірленген, мақсаттары мен әдістерін ескере отырып, салалық және аймақтық деңгейлерге жасалған матрицалық модельдердің мәліметтерін талдау – халық шаруашылығының тиімді құрылымы мәселелерін жоспарлы түрде шешудің негізін құрайды. Осы тұрғыдан ғана экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын мемлекеттік реттеу механизмдерін қолдау мәселелерін қарастыруға болады. ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты келесідей мәселелерді қамтуы тиіс:

  • Дайын өнім шығару экспорттық әлеуметті арттыратын салалар дамуына басымдық беру;

  • Ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту;

  • Халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын алдын ала ғылыми негіздемейінше және салалық, аймақтық деңгейлерде оны жүзеге асырудың механизмдерін дұрыс таңдамайынша құрылымдық өзгерістерді қажетті бағытта қамтамасыз ету мүмкін емес. Сұраныс пен ұсынысты сәйкестендірудің нарықтық заңы бойынша стихиялы түрде капитал мен өзге де қорлардың бір саладан екіншісіне ауысуы ешқашанда бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейтіндігін түпкілікті ұғынуы қажет. Ал олардың шешімін тұтастай алғанда жалпы экономикалық саясатынан туындайтын құрылымдық саясатты жүзеге асырудың басты мақсаты болып табылады.

Ең алдымсн аса маңызды скі моселеге ерекшс коңіл бөлу керек: біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсср етс алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлскет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістсрді инвестициялық процестермсн жәнс шаруашылық жүргізуші субъектілердің инпестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ ондірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай-ақ, болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгсрістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын корсеткіштер жүйссі мен дсңгейі кобінесс мсмлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мсн болашақтағы кезендерге белгіленген мақсаттарга қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат — макроэкономикалық, салық жәнс аймақтық дсңгейлердс құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып табылады.

Макроэкономикалық түрғыдан алғанда қүрылымдық саясатты қалыптастыру нсгізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы, аралық және дайын өнім, өнсркәсіптсгі өндіріс құралдарының өндірісі, үлттық табыстағы тұтыну қоры мсн қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрдслі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шыпғын жұмсау арнларындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дсгеніміз - қоғамның табиғи-шикізат, материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық жәнс мәдени қажсттіліктерін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Мұнда аталған мәселені шсшуді тездетудің, негізі әрдайым аз шығын жұмсап коп нәтижсге қол жсткізуге бағыттайтын шаруашылық жүргізудің нарықтық моделі.

Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгсрістсрді жүзегс асырудың маңызды тетігі - макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер етстін салалық басымдықтарды ғьлыми негіздеу болып табылады. Рсспубликамыздын, жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықгау экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнсркосіпті дамыту мәселслсрімсн тығыз байланысты.

Болашақтағы салалық өзгерістсрді нсгіздеудс есксрілстін маңызды фактор - жиыптық сүраныс құрылымы жайлы болжамды мәлімсттср. Олар ішкі қорлар мен импортты алмастыратып өндірісті ұйымдастыру сссбінен тиісті жиынтық үсыныс құрылымын қажст стсді. Әлемдік тәжірибс, басқа елдсрдсн алынатын ресурстар экономикалық егемеңдікті нығайтуға септігін тигізбсйтіндігін долелдеп отыр. Ал, егсрде мәселе азық-түлік онімдеріне деген сұранысты өтеу жонінде болса, онда импортқа бағытталу елдің азық-түлік бойынша қауіпсіздігін айтарлықтай нашарлатады.

76. ҚР-дағы инвестициялық саясат қағидалары

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты- оның шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бөлігі. Кәсіпорын экономикасында инвестиция маңыздылығын анықтап, бағалау қиын. Қазіргі заманғы өндірістің сипаты ол – үнемі өсіп отыратын капитал сыйымдылығы мен ұзақ мерзімді факғторлар болмақ.Кәсіпорын өзінің өнімінің сапасынжақсарту үшін шығындарын төмендету, өндіріс күштерін ұлғайту, бәсекелестік жағдайында нарықтан өз орнын табу үшін үнемі капитал салып отыруы тиіс.

Сондықтан да оған үнемі өте жақсы жасалған инвестициялық стратегияжасап, оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс.

Салынған қаржылының тиімділігін жоғарылату үшін фирма басшылығы инвестициялаудың принциптерін есепке алады. Оларды нақтылап қарастыратын болсақ:

Инвестициялық тиімділіктің шекті принципі – кез келген кәсіпорын өндірісті жүзеге асырғанда шығынды азайтып, мол пайда табу мақсатымен жұмыс жүргізеді. Кәсіпорын өзінің жеткен жетістігі жағдайында оның кірісі шығынды арттырған күннің өзінде ол жұмысын жалғастыра бермек. Ал егер тауар өткізуден түскен кіріс сомасы өндіріс шығындарын жоғарылатпайтын болса, онда ол өндірісті тоқтатады. Егер бір тауар бірлігінен табыс түсіп және ол шығындарды көбейтетін болса, яғни, оны жасау үшін ондакәсіпорын ол өнімнің көлемін арттыру керек.Соңғы өнім бірлігін өткізуден түскен пайда өндіріс шығындарыментең болса кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтпайды. Егер кәсіпорын қандай жағдай болмасын өндірісті жалғастыруға ұмтылса, онда ол шекті табыспен шекті шығын тең болатындай өнім көлемін шығаруы тиіс. Бұл екі шарт жан-жақты сиптта және рыноктың кез келген құрылымында, меншіктің кез келген формасында қолданыла береді.

"Замазка" принципі – бұл принцип инвестициялық тиімділікті бағалаудың жаңа бір тәсілін анықтауға мүмкіндік береді. Көз алдымызға замазка түйіршігін елестетейік. Біз оған қолымызды тигізбестен бұрын максималды таңдау жасауға мүмкіндігіміз болады. Қолды тигізсем бе? Қай жеріне? Қандай мақсатпен? Қаншалықты тереңге? т.с.с. Сонымен біз қалай замазкамен байланысқа түстік, солай бәрі басталады. Еркіндік енді жоқ. Инвестициялау да тура осылай жүзеге асады. Кәсіпорын қандай станок сатып алу керек, әлде арендаға алу керек пе, осы жұмыс барысында қаншалықты сомада несие алу керек, қанша уақытқа, қандай пайызбен, еркін яғни еркін отырып шешім қабылдай алады. Егер осы іс-әрекеттің бәрін жасап қойған болсаңыз артқа шегінуге жол жоқ, яғни, еркіндік жоқ шектелген. Еркіндік іс-әрекеттің нөлге тең деп айтуға болмайды әрине. Сіз сатып алған станогыңызды немесе акцияыңызды қайта сатуыңызға болады. Бірақ оған көп уақытың, күш қуатың әскер әріптестеріңмен байланысыңа бәріне нұқсан келеді. Бұған бір кірсеңіз шығыуыңыз өте қиын болмақ, әсіресе кәсіпорын 3-4 инвестициялық жобасымен жұмыс бастаған болса. Сондықтан да инвестициялауды жүзеге асыру үшін оның тиімділігін бірнеше рет есептеп алу керек.

Капитал салымдарының тиімділігін бағалауда материалды және қаржылық байланысының принципі.

Тиімділікті бағалаудың 3 тәсілі бар:

-Салыстырмалы шығындармен шығарылым бағасы арқылы салыстырылады, яғни, қаржылық талдау. Әлемдік тәжірибе бойынша инвестициялау тиімділігін бағалауда қаржылық жағдайды ғана ескеру аздық етеді. Мысалыға болжанбаған инфляция жағдайы орын алса құрдымға алып келеді.

-Тиімділікті қаржылық-техникалық критериі бойынша да есептейді.Дұрыстап қарайтын болсақ инвестициялық жобаға салынған салымдар сол технологияның өзіне тәуелді.Технология арқылы біз кәсіпорынның күштілігін байқаймыз және технология инвестициялық мақсатқа қол жеткізуде тікелей әсер етеді.

-Тиімділікті бағалаудың техникалық әдісі.

Адаптациялық шығындар принципі – адаптациялық шығындар- бұл жаңа инвестициялық ортамен байланысты барлық шығындар. Бұл жерде уақытты жоғалту пайданы жоғалтумен тең. Жаңа инвестициялаумен оны жүзеге асыру кезінде уақыт бойынша үлгермеушілік үнемі орын алып отырады. Кезкелген адаптацияның өзіндік ерекшелігі болады. Жаңа мәліметтер, жаңа технология кадрларды дайындауға барлығына шығындар жұмсалып отыр. Адаптация үшін төлеу ағымдық кіріс бірден төмендейді. Уақытты оздыру капиталдың жансыздығына және оның пайдалылығына әкеледі. Адаптациялық шығынды кәсіпорынның шығарған өнімінің бағасын белгілер кезде қосып есептеу керек. Осы баға шикізаттың, материалдың, технологияның сұранысының бағасын жоғарылатпайтын болса, капитал салымдары осы жағдайда ыңғайлы болмақ. Тәжірибе көрсеткендей сұраныс бағасы ұсныс бағасын жоғарылатып және осы жағдай ұзақырақ орын алатын болса, инвестициялау адаптациялық шығындарына қарамастан тиімдірек болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]