Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

226. Өтімділікті қамтамассыз етуде активтер мен пассивтерді басқару

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі. Банк өнімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Активтер мен пассивтерді басқару - банктің стратегиясымен қаржылық менеждменттің стратегиясына жетуді қамтамассыз ететін банктің балансының активтері мен пассивтерінің құрылымын қалыптастыру және реттеу процесін білдіреді. Банктің активтері мен пассивтерін басқару базалық және күрделі болып келеді.

Банк активтері мен пассивтерін базалық басқару дегеніміз - капитал жеткіліктілігіне, өтімділікке, активтер мен пассивтердің пайыз мөлшерлемелерінің және валюталық бағамның өзгерісіне сезімталдығына қол жеткізуіне арналған реттеуші ұйымдық талаптарын білдіреді.

Банк активтері мен пассивтерін күрделі басқару дегеніміз - банк қызметінің барлық бағыттарына табыстылықты көздейтін және тәуекелді төмендетуге бағытталған банктің стратегиясын жасауды білдіреді.

Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма – қол ақшаларға айналу қабілеті. Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру  кезінде шығындарға ұшырау мүмкін  – дігін сипаттайды. Банк активтердің тәуекелі неғұрлым  жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады. Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу  қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды

    Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелері уақтысында орындау үшін қолма – қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса онда, бұл өтімді банк болып табылады.

    Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:

  • депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;

  • тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;

  • активтерді зиянсыз сату;

  • таратылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу

227. Банк өтімділігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар

Банк өтімділігіне әсер ететін факторлар : ішкі және сыртқы болып бөлінеді.     

Ішкі факторларға мыналар  жатады:

  1. банк капиталының базасы;

  2. банк активтерінің сапасы;

  3. депозиттердің сапасы;

  4. сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;

  5. мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;

  6. сауатты менеджмент;

  7. банк жоғары дәрежелі беделі.

1.Банк  капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті  капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.

2.Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма – қол ақшаларға айналу қабілеті. Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру  кезінде шығындарға ұшырау мүмкін  – дігін сипаттайды. Банк активтердің тәуекелі неғұрлым  жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады. Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу  қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды.

3.Депозиттер базасының  сапалылығы - Депозиттік базаны мерзімді  депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі дипозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшер – лемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етудің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал, мерзімді және жинақ  депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.

4.Сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі.Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге  деген тәуелділігімен де сипатталады.  Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк өтімділігі төмендейді. Яғни, оның банкроттыққа ұшырау қаупі жоғарылайды.

5.Мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі Банк активтері мен пассивтерінің  арасында мерзім мен сома бойынша  сәйкестілігі де банк өтімділігін  анықтайды. Банктің клиенттер  алдында міндеттемелерді орындауы  салымшылары берген ақша қаражаттарының  мерзімдері сәйкес болуын білдіреді.

6. Сауатты менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:    

  1. банк саясатының болуы және оның мазмұны;

  2. стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;

  3. банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;

  4. білікті мамандардың болуы ;

  5. қажетті ақпарат базасының болуы;

  6. банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.

Банктің беделі де банк өтімділігін  анықтайды. Жақсы беделі бар  банк депозиттік базасының тұрақтылығын  оңай қамтамасыз ете алады.

Банк өтімділігіне әсер ететін сыртқы факторлар, яғни банк қызметінен тыс факторлар. Оларға  мыналар жатады:              

  • елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;

  • бағалы қағаздар нарығының дамуы;

  • банкаралық несие нарығының дамуы;

  • қайта қаржылындару жүйесін ұйымдастыру;

  • Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.  

Елдегі  жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұрақты депозиттік базаны құру, операциялардың рентабельдігінің сапалығын жоғары – латуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.

  Бағалы  қағаздар нарығының дамуы өтімді  қаражаттар құрудың оңтайлы вариантын  қамтамасыз ете алады, себебі  көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.

  Банкаралық  нарықтық дамуы уақытша бос  ақшалай ресурстарды банктер  арасында жылдам қайта бөлуге  көмектеседі. Банк өз өтімділігін  ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық нарықтан қаражаттарды тарату жылдамдығы жалпы қаржылық коъюкураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]