Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

224.Активтердің әртараптандыру көрсеткіштері. Активтерді әртараптандыру нормативі есебі

Банк  активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстар- ды, әртүрлі активтер бойынша орналастырылған каражаттары.

  Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында корсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне

қатынасын сипаттайды. Активтердіңсапасы активтік операциялар дың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық  құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне  қарай анықталады.

  Коммерциялық  банктің активтерін томендегідей төрт топқа бәлуге болады:

  1. касса және оган теңесетін ақьиалай қаражаттар;

  2. берілген несиелер;

  3. багалы қагаздарга жщсалынган ынвестициялар;

  4. банктің гимараты мен жабдықтары.

  Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел  активтердің колеміне, толық бағалы емес активтердің ұлес салмағына, активтердің  колеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.

  Банк  озінің міндеттемелерін кұнделікті орындап отыруын қам- тамасыз  етуі ұшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын та- лаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және отімділік дәрежесіне қарай  жіктейді.

Бағалы қағаздары барынша жоғары санат бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген немесе «А-« («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «А3» («Moody's Investors Serviсe» рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санатынан төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар резидент емес сабақтас банктер резидент еншілес банк болып табылатын Қазақстан Республикасының бір екінші деңгейдегі банктерінің салымдарындағыинвестициялар мөлшерінің есебі - (HД1) – сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы активтер сомасының 15%-нен артық емес. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес (ипотекалық облигациялардан, “Қазақстан Даму Банкі” акционерлік қоғамының облигацияларынан басқа) шығарылған барынша жоғары санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкінің және Қазақстан Республикасының эмитенттерінің бағалы қағаздарындағы инвестициялар мөлшерінің есебі -(HД2) – сақтандырурезервтерібойыншақайтасақтандыруактивтеріналыптастағандағыактивтерсомасының 10%-ненартықемес. 

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес (ипотекалық облигациялардағы, “Қазақстан Даму Банкі” акционерлік қоғамының облигацияларындағы бағалы қағаздардан басқа) шығарылған барынша жоғары санаттан кейінгі санат бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкінің және Қазақстан Республикасының эмитенттерінің бағалы қағаздарындағы инвестиция мөлшерінің есебі -(HД3) – сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы активтер сомасының 5%-нен артық емес. Қазақстан Республикасының эмитенттерінің барынша жоғары және барынша жоғары санаттан кейінгі санат және олардың депозитарлық қолхаттарыбойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген ??? бір банкінің және осы банктің банктік конгломератына кіретін эмитенттерінің бағалы қағаздарындағы инвестиция мөлшерінің есебі -(HД4) – сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы активтер сомасының 10%-нен артық емес. 

225.Банктің депозиттік базасының сапасы мен оның банк тұрақтылығындағы рөлі.Депозит дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – Банкке (соның ішінде Ұлттық банкке) олардың талап етуі бойынша, немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақы немесе сыйақысыз тікелей салымшаға (депозиторға) қайтарылуы тиіс ақша сомасы. Банктік депозит – салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген ақша қаражаттары. Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі.Банк тұрақтылығ оның өтімділігімен тығыз байлансты,ал банк өтімділігін анықтайтын фактор бұл банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды.

Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі пайыз мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етудің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал, мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің пайыз мөлшерлемесі ықпал етеді.

Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге деген тәуелділігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының даму болашағының жоқтығын көрсетеді.

Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы жалпы қаржылық конъюктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.

Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы жабуға мүмкіндік береді.

Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау ұйымы арасындағы қарым-қатынастың дәрежесін көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақтында шешуге мүмкіндігі бар.

Жалпы банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторларымен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі үрдістермен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.

Банк өтімділігін басқару банктік менеджменттің, оның ішінде қаржы менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Банк өтімділігін басқару банк активтері мен пассивтерін басқаруға негізделген.

Банк өтімділігін басқарудың басты мақсаты банктің қолайсыз жағдайларға ұшырауын алдын ала отырып, банктің өтеу мерзімі жеткен міндеттемелерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]