Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

222. Активтердің өтімділік тәуекелі мен олардың топтастырылуы

Банк активтерінің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілген сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды.Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне , тәуекелді активтердің көлеміне , толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма – қол ақшаларға айналу қабілеті.   Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

Активтер тәуекелі критерийі,  олардың ақшалай формаға айналдыру  кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің  тәуекел дәрежесі, олардың әр түрлі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, ссудалық тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.

Банк активтердің тәуекелі неғұрлым  жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.

Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бәлінеді: жогары өтімді активтер;өтімді активтер;узақ мерзімді өтімді активтер.

Активтер жіктелген және стандартты болып бөлінеді. Сыныпталатын активтер дегеніміз – үмітсіз және күмәнді активтердің сомасы, яғни сенімділігі төмен, банкке зияндар және қауіп әклетін несиелер, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар, басқа банктердің корреспонденттік шотындағы қаржылар және басқа банктерге салымдар.

223. Банк активтерінің сапа көрсеткіштері мен критерийлері

Банк  активтері:  бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әртүрлі активтер бойынша орналастырылған каражаттары.

 Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында корсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық  құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне  қарай анықталады.

Активтердің сапасы мынадай төрт крийтерий арқылы анықталады:

1. Өтімділік

2.Тәуекелділік

3.Табыстылық

4.Диверсификация

Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма – қол ақшаларға айналу қабілеті.   Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

Активтер тәуекелі критерийі,  олардың ақшалай формаға айналдыру  кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің  әуекел дәрежесі, олардың әр түрлі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, ссудалық тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.

Банк активтердің тәуекелі неғұрлым  жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.

Активтердің  табыстылығының критерийі ретінде:  активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу  қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.

   Активтердің диверсификациясы критерийі  банктің ресурстарын әр түрлі  орналастыру аялары бойынша бөлу  дәрежесін сипаттайды. Активтерді  диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресуртарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрлымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрлымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]