Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

214.Банк капиталының жеткіліктігін бағалау жөніндегі Базель ұсыныстары

Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.

Банктер өздерінің ресурстарын арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде. болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.

Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікір талас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 ж. Базель комитеті келісімінің шешімімен “Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім шарт” негізінде “Кук коэффициенті” деп аталатын капитал жеткіліктігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде, пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда.

Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: І деңгейлі капитал және ІІ деңгейлі капитал.

І деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.

ІІ деңгейлі (қосымша) капиталға: ссудалар бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.

Базель келісімінің бекіткен нормативтік коэффициентіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын, пруденциялық нормативтер қатарында банк капиталының жеткіліктілігі коэффициентін.

Қаржылық тұрақтылықтың біріккен индексі мәндерінің динамикасы банк секторы кірістілігінің көрсеткішіне қысым жасайтын активтер сапасы тарапынан бола­тын қысыммен банктердің қаржылық тұрақтылығы дәрежесінің төмендегенін дәлелдейді, бұл, әрине, банк секторын капиталдандыру деңгейіне үрдістерді сақтау шарасына өз әсерін тигізеді.

221. Банк міндеттемелерінің түрлері мен олардың орындалуы

Банктің міндеттемелерін нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, таратылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің баланысында көрсетіледі. Ал, потенциалды немесе баланыстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепіл – хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу , т.б. арқылы көрсетіледі.

    Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелері уақтысында орындау үшін қолма – қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса онда, бұл өтімді банк болып табылады.

    Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма – қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]