Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

208.Банктің инфрақұрылымы және оның банктік жүйедегі рөлі

Инфрақұрылым - (латынша Infra - төменгі, астыңғы, structura - құрылыс, орналасу) - экономиканыңжәне адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығысалаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялықинфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.).

Материалдықөндіріспен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.

Инфрақұрылымның дамуы нарықтың дамуы мен, сауда көлемінің өсімімен қатарлас жүреді. Мәмілелер санының аз болған жағдайда және нарықтың айналымы де аз болса, инфрақұрылымды ұстау өте қымбатқа түседі, сондықтан да ол өте төмен деңгейде орналасады

Ипотека туралы заңның болмауы несиелік қатынастарының, яғни әлеуметтік саланың дамуына кедергі келтіреді (үй құрылысына). Несие операциясының дамуының басты факторы болып банкаралық бәсекелестік табылады. Несие саясатына әсер етуші сыртқы факторларға банктік инфрақұрылым жатады. Бұдан банктің өмірлік қызметін қамтамасыз ететін жүйе түсінігі анықталады. Бұл ақпараттық, әдістемелік, ғылыми және оқуды қамтамасыздандыру, байланыс пен комуникацияның қазіргі құралдары.

209.Қр Ұлттық банкі туралы Заң,оның құрылымы мен мәні

Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

-мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

-төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

-ваюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

-қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

-қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;

-қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

-ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Ұлттық Банк аумақтық филиалдар мен ведомстволарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығыменбекітілген Ұлттық Банк туралы ережеде көрсетілген функцияларды орындайды.

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

20 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 4 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат;       

16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;

Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы Өкілдігі;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]