Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
investitsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

73. Қазақстанның инвестициялық ортасының тартымдылығын қамтамасыз етуші көрсеткіштері мен фаторлары

Сөз жоқ, еліміздің инвестициялық тартымдылығы жыл сайын артып келеді. Бұлтартпас дәлел – соңғы көрсеткіштер. Тәуелсіздік жылдары 171 млрд доллар тікелей шетел инвестициясы тартылса, оның ішінде 48 пайызы немесе 81,6 млрд доллар – соңғы төрт жылдың үлесінде. Қазір 80 елден келген инвестордың 400 бастамасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Олардың ішінде жалпы сомасы 260 млн долларды құрайтын 80 шақты жоба жүзеге асты.  Елімізде шетелдік капиталдың қатысуымен 8 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Солардың ішінде Fortune-500 тізіміне енген «Шеврон», «Сименс», «Майкрософт», «Дженерал Электрик», «Кока-Кола», «Данон», «Хенкель» сияқты алпауыт компаниялар бар. Сондықтан да дүниежүзілік сарапшылар біздегі инвестициялық тартымдылық сырын іздеп, талдау жасауға құмар-ақ. Мәселен, ЕҮ компаниясы жыл сайын жүргізетін зерттеуінде біздің елдегі шетелдік инвесторлардың 84 пайызы макроэкономикалық тұрақтылықты алдыңғы қатарға шығаратынын анықтады.  Әлбетте, әлемдік дағдарыс бізді айналып өткен жоқ. Алайда 2009 жылы Үкімет тарапынан қабылданған шұғыл шаралар өз жемісін бергені анық. Шетел инвесторлары дағдарысқа қарсы шаралардың нәтижесінде қол жеткізілген макроэкономикалық тұрақтылықты сол кездегі үкіметтің зор жетістігі деп бағалады.  Сөйтіп, макроэкономикалық тұрақтылық жағынан еліміз 144 елдің ішінде 16-орында тұр. Ал өткен жылғы қараша айында Fitch халықаралық рейтинг агенттігі еліміздің суверенді рейтингін ВВВ+ деңгейіне дейін көтеріп, «Тұрақты» деген болжам айтты. Сонымен бірге шетел инвесторларының 80 пайызы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік тұрақтылықты жоғары бағалайды. Біз қазір әлемдегі саяси тұрақтылық жағынан алдыңғы қатарда тұрған 50 елдің қатарына кіретінін мақтанышпен айта аламыз. Әрине, экономикалық һәм саяси тұрақтылық аспаннан түскен жоқ. Бұл – ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді насихаттайтын, халқымыздың бейбіт өмір сүруін мұрат еткен Елбасы еңбегінің жемісі. Сол себепті де шетелдік инвестор біздің елге келуге жүрексінбейді.  Инвесторлар телекоммуникациялық инфрақұрылым, өзге елдермен салыстырғандағы төменгі салық мөлшерлемесін де жоғары бағалайды. ЕҮ компаниясының Қазақстан бойынша басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков «Ел экономикасын диверсификациялау бағдарламасын жүзеге асыру барысында кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер пайда болуда. Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері соңғы жылдары тұрақты. Болжам бойынша, 2015 жылға қарай Қазақстан экономикасы ең қарқынды дамитындардың қатарына қосылады. Бұл халықаралық инвесторлардың қызығушылығын одан сайын арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз» дейді.  Әлбетте, мұнымен тынбай, елдің инвестициялық әлеуетін арттыру бағытында қыруар жұмыс тындыруға тура келеді. Ең әуелі шетелдік инвесторға бизнес жүргізу мүмкіндігін кеңінен насихаттау қажеттігі туындайды. Біздің жаққа ат басын бұрған инвесторға алдымен ақпарат керек. Мұндай ақпаратты шағын жарнамаға да сыйғызып жіберуге болады. Мәселен, еліміздің инвестициялық тартымдылығынан мағлұмат беретін бейнеролик CNN, Euronews және Bloomberg халықаралық телеарналарынан көрсетіледі. Солар арқылы Еуропа, Таяу Шығыс, Африка мен Азияға тарайды. KAZNEX INVEST мәлімдегендей, биыл осындай бейнероликті 1,5 мың рет көрсету жоспарланған. Осы роликті көрсету кезінде ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz сайтына кіріп-шығатындар саны көбейетін көрінеді. Екі жарым жылдың ішінде бұл веб-сайтқа 170 елден 236 мың адам кіріп, келем деуші инвесторлардан 200-ге жуық өтініш түскен.  Айта кету керек, мұндай жарнамаға әлемдегі жетекші елдер, сондай-ақ ТМД кеңістігінен Ресей, Украина, Әзірбайжан жүгінеді. Былтырғы зерттеуге сәйкес, танымалдық жағынан біз – АҚШ-та 15-орында, Еуропа, Таяу Шығыс, Африкада 5-орында тұрмыз.  Қазір халықаралық қаржы институттарының да қызығушылығы айтарлықтай. Айталық, Дүниежүзілік банк тобына кіретін IFC халықаралық қаржы корпорациясы инвестициялық қоржынымызға 370 млн доллардан астам қаржы құйды. Инвесторлар ұсынған жобалар арасында агробизнесті қолдау, бөлшек сауда, құрылыс материалдары мен теміржол инфрақұрылымын дамыту, сонымен бірге шағын және орта бизнеске қаржылық қолдау көрсету бар.  Биылғы инвестиция көлемі жыл соңына қарай 6 трлн теңгеден асуы тиіс. ФИНАМ инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон Сороконың айтуынша, егер экономикадағы ахуал қазіргі қарқынынан айнымаса, 2014 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 6,7-6,8 трлн теңгеге жетуі керек. Тұтас алғанда, ел экономикасы қарқынды даму үстінде. Сондықтан шетелдік инвесторлар өз өндірісін кеңейту үшін қаржы салудан қашқалақтамайды. ТМД елдерінде жинақталған тікелей шетел инвестициясы көлемі (жан басына шаққанда) Қазақстан - 5777  Ресей - 3203 Түрікменстан - 3257 Әзірбайжан - 979 Армения - 1628 Украина - 1443 Беларусь - 1359 Молдова - 892 Қырғызстан - 236 Өзбекстан - 244 Тәжікстан – 142

Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.

Нарықтық қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiндi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарылату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарлату әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды. 

Кез-келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар үшiн белгiлi бiр кезеңге қаржылық нәтижесiн көрсететiн шығыстар мен табыстар арақатынастарын есепке алып, олардың есептi жылдағы нәтижелерiн бағалап, талдап тұжырым жасау өзектi мәселе болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары барлық уақытта да маңызды болған және алдағы кезеңдерде бола беретiнi анық. Мемлекетiмiздiң өсiп-дамуының тағдыры қазiргi жас буын мамандарының қолында десек артық болмайды, яғни олар келешекте ұлттық экономикамыздағы кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын қандай әдiстермен шешедi және қандай іс-шаралар кешенін қолданатыны өзекті мәселе.

Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың  төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвести­циялардың нақ­ты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндi­рiс­­тердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақса­руы­нан танылады.Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.

Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестициялар – бұл ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция және басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, құрал – жабдықтар; лицензиялар, соның ішінде, тауарлық белгіге беретін; несиелер; кез келген мүлік немесе мүліктік құқық, кәсіпкерлік немесе өзге де іс – әрекет түрлерінен табыс табу және әлеуметтік оң нәтижеге қол жеткізу мақсатында жұмсалатын зияткерлік құндылық.

Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы. 

Ал  В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.

Нарықтық экономикада инвестиция ұғымында инвестициялық іс – әрекеттің екі жағы ұштасады: ресурстар шығыны және нәтиже. Инвестициялар нәтиже алу мақсатымен жүзеге асырылады, егер ол мұндай нәтиже бермейтін болса, онда ол керексіз болып табылады.

Сонымен қатар, инвестициялардың өзіне тән ортақ сипаттарын айтып өтуге болады: олар әдетте, ұзақ мерзімді сипатқа ие (бұл – нақты инвестицияларға қатысты; қысқа мерзімді инвестициялар қаржы шеңберінде өте тиімді құнды қағаздар арқылы жүзеге асырылады); инвестициялық іс – әрекет және қабылданған инвестиция жасау шешімдері кәсіпкерлік қызметтің барлық тараптарына және аймақтағы әлеуметтік – экономикалық ахуалға кешенді түрде ықпал етеді.

Сол себепті, қабылданатын инвестициялық шешімдер техникалық, ақпараттық және ұйымдастыру жағынан негізделген болуы қажет. «Инвестиция ұғымын түсіну» деген сөздің мәні осында. Батыстың экономика ғылыми инвестициялар теориясын микро және макроэкономикалық тұрғыдан қарағанда ғылымдардың негізі деп қарастырылады. Микроэкономикалық тұрғыдан алғанда, инвестициялар теориясында кәсіпкерлерге оңтайлы инвестициялық саясат құрудың ғылыми негізделген нақты әдістерін ұсына отырып, кәсіпорын деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдау үдерісі инвестициялық теориясының негізі болып табылады. Макроэкономикалық тұрғыдан (теорияның негізін қалаушы Д. Кейнс) инвестиция проблемасы мемлекеттің инвестициялық, табыстар мен жұмыспен қамту саясаты тұрғысынан қаралады.

Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің төмендегі факторларымен тежеліп отыр.

Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).

Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.

Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.

Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәукелділіктерін компенсациялайды.

Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.

Бесіншіден – жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.

Алтыншы – тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.

Бүгінде, халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан әлемнің шет елдік инвестициялар үшін ең тартымды 20 елдің қатарына кіреді. Тікелей шет елдік инвестицияларды тарту Индексінің рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы 2008 жылы 141 елдің арасынан 23-ші орынды иеленді. Дүние жүзілік «Doing Business» Банкіның рейтингі бойынша Қазақстан 2009 жылдың ішінде жоғары қарай он орынға көтерілді.

Алдағы жылдары экономиканың басым секторларына отандық және тiкелей шетелдiк инвестициялардың ағынын ынталандыру, мемлекеттiк инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн ұтымды ету және арттыру саясаты мен iшкi жинақ ақшаны жұмылдыру жалғасатын болады.

Елдiң инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық климатты жақсарту үшiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жалғасатын болады.

Басым өндiрiстердiң инвестициялық тартымдылығын арттыру шеңберiнде мемлекет iске асыратын одан арғы шаралар мыналарға:

-  миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге;

-  кәсiпорындарды тiркеудiң жеңiлдетiлген жүйесiн енгiзуге;

-  қызмет түрлерiн лицензиялаудың транспаренттiк жүйесiн құруға;

-  қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стандарттарына кәсiпорындардың өтуiн жылдамдатуға (ISО-9000, ISО-14000);

-  Ұлттық инновациялық жүйенiң экономикалық дамуын басқарудың жаңа жүйесiн дамыту жөнiнде жұмыстың жалғасуына;

-  мемлекеттiк даму институттарының жұмысын үйлестiрудi күшейту жөнiндегi iс-әрекеттi, олардың қызметiнiң ашықтығын арттыруды жандандыруға;

-  инвестицияларға жәрдемдесу және шетелдегi инвестициялық сауда өкiлеттiктерiнiң желiсiмен бiрге экспорттың жылжуы жөнiндегi мамандандырылған құрылымын құру;

-  отандық бизнестiң, әсiресе экспорттаушылардың мүддесiн ескере отырып, iрi халықаралық жобаларды синдицирленген қаржыландыруда қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету бөлiгiнде халықаралық қаржы институттарымен бiрге жұмысты жандандыру;

Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiнiң тұсаукесерi және шетелдiк, оның iшiнде трансұлттық компанияларды iздеу жөнiнде жұмыстарды жалғастыруға бағытталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]