
- •An 2206 аудит негіздері пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •5В050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •2. Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізімі
- •Аудит негіздері
- •Түсіндірме жазба
- •1. Пәннің мазмұны
- •2.Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізімі
- •Жұмыс оқу бағдарламасы Пәні: Аудит негіздері Мамандығы: 5в050800 «Есеп және аудит»
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •Дәрістік, практикалық сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Практикалық / семинар сабақстарының мазмұны
- •Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Баөж-на қойылатын талаптар және қорытынды жұмысты (шағын жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Шағын жобаны жазу барысындағы негізгі талаптар
- •Мазмұны
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •«Аудит негіздері » пәні бойынша білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus) Мамандығы 5в050800 «Есеп және аудит»
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Баөж-на қойылатын талаптар және қорытынды жұмысты (шағын жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Шағын жобаны жазу барысындағы негізгі талаптар
- •Мазмұны
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •10. Курс саясаты
- •Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі
- •6. Дәріс сабақтарының кешені
- •1. Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны.
- •Аудит заңы, оның ролі мен маңызы.
- •Аудит субъектісі, олардың құқықтары , міндеттері мен жауапкершілігі.
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқықтары. Шаруашылық субъектісі ретіндегі аудиторлардың міндеттері.
- •Аудит тұжырымдамасы және оның постулаттары.
- •Аудиттің стандарты және нормативтері.
- •1. Диалектикалық әдіс. Дедукция. Индукция. Аналогия.
- •2. Жүйелі талдау. Функциялық бағалануын талдау.Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі. Әдістемелік құжаттау әдісі.
- •3. Нақты тексеру-бақылау әдісі.
- •Аудит этикасының кодексі.
- •Аудит этикасын бақылаушы ұйымдар.
- •Міндетті этика. Орындауға болмайтын істер мен қатынастар.
- •Қазақстандық аудит стандарттарының мақсаты мен негізгі принциптері.
- •Аудиттің халықаралық стандарттары. Қазақстандық аудит стандарттарының мазмұнына қойылатын талаптар.
- •Ішкі аудит стандарттары.
- •Аудиттің бастапқы сатысындағы тараптардың өзара қарым-қатынасы.
- •Аудитті жүргізуге келісім-шарт. Аудиторлық қызмет көрсету құнын бағалау.
- •Аудитордың тапсырыс беруші алдындағы хат-міндеттемесі.
- •Қате және алаяқтық туралы түсінік. Алаяқтық тәуекелділігін арттыратын жағдайлар.
- •Қателерді жіктеу.
- •Сыртқы аудитор және ішкі аудитке деген сенімділік.
- •Ішкі аудиттің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері. Ішкі аудиттің құрамы.
- •Экология саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.
- •Экологиялық аудиттің мақсаттары мен міндеттері.
- •Экологиялық аудиттің объектілері. Экологиялық аудит жүргізу бағдарламаларын жасау.
- •1. Операциялық аудиттің түрлері.
- •2. Операциялық аудиттің объектілері және аудит жүргізу бағдарламасы.
- •1.Оперативтік есеп. Статистикалық есеп. Бухгалтерлік есеп.
- •2. Құжаттар. Қаржы есебі және оның мазмұны.
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп кестелерін тексеру.
- •1. Аудиторлық есеп беру нысаны мен құрылымы.
- •2. Аудиторлық есеп беру түрлері. Арнайы аудиторлық есеп беру.
- •3. Тапсырыс берушілер үшін мәлімет.
- •7. Семинар (практикалық) сабақтарының жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9. Практикалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •«Аудит негіздері» пәнінен баоөж тапсырмалары:
- •10. Студенттің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Өзіндік жұмыстың орындалуына қойылатын талаптар.
- •Білім алушылардың өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •11. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар
- •12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •13. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
Аудит этикасының кодексі.
Аудит этикасын бақылаушы ұйымдар.
Міндетті этика. Орындауға болмайтын істер мен қатынастар.
Лекцияның мақсаты: Аудит қызметін жүзеге асыру барысында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың міндетті этикасы мен орындауға болмайтын істер мен қатынастары туралы түсініктеме беру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: этика, этикалық жанжалдар, салықтық тәжірибе, паблисити, басқа аудиторлармен қарым-қатынас, халықаралық қызмет және т.б.
Сұрақ 1. 1995 жылы шілде айында аудиторлар Палатасының кезектен тыс конференциясында ҚР аудиторларының Этикалық кодексі қабылданды. Ол кодекстің жобасын «Қазақстанаудит» акционерлік компаниясы жасады.
Этика- адамзаттың таңдау мәселелерін, адамдар басшылыққа алатын жақсы және жаман стандарттарды және де ең соңында ол талпынатын жақсылықтарды жүйелі түрде зерттеумен айналысатын философия саласы.
Қазақстанда қабылданған этикалық Кодекс төмендегілерді белгілейді:
аудиторлардың мінез-құлық стандарттарын;
жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін аудиторлар сақтауға тиісті негізгі принциптерді.
ҚР аудиторларының этика кодексі 13 тараудан тұрады және ол шетелдік этика нормаларының ең жақсыларынан құралған. Этика Кодексінде мынадай тараулар бар: «Этикалық жанжалдарды шешу», «Салықтық тәжірибе», «Халықаралық қызмет», «Паблисити», «Келісім-шарт бойынша ақы төлеу және комиссиондықтар», «Клиенттердің ақша қаражаттары», « Басқа аудиторлармен қарым-қатынас», «Жарнама және қызмет ұсыну».
Кодекстің кіріспе бөлімінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда жоғарғы деңгейдегі тиімділікке қол жеткізу үшін өте биік кәсіби нормаларға сәйкес жұмыс атқару болып табылатын аудитор кәсібінің мақсаты анықталған. Бұл негізгі төрт талаптың сақталуын болжайды: дұрыстық, кәсіби біліктілік, қызметтің сапасы және сенім.
Аудиторлардың этика кодексіндегі үш шешуші элемент:
Шешімді таңдау проблемасы.
Жаман мен жақсы туралы түсінік.
Әдеп, адамгершілік (мораль) мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.
Аудиттің кәсіби этика кодексі мынадай бөлімдерден тұрады:
А БӨЛІГІ
1-бөлім. Адалдық және әділдік.
2-бөлім. Этикалық келіспеушіліктерді шешу.
3-бөлім. Кәсіби жетік білімділік
1) кәсіби жетік білімді алу
2) кәсіби жетік білімділікті шыңдау
4-бөлім. Құпиялықты сақтау.
5-бөлім. Салық практикасы.
Б БӨЛІГІ
1-бөлім. тәуелсіздік.
2-бөлім. клиенттің ісіне қатысу немесе клиенттермен қаржылық араласу.
3-бөлім. компаниялардағы тағайындаулар.
4-бөлім. клиенттерге басқа да қызметтер көрсету.
5-бөлім. жеке және жанұялық қарым-қатынастар.
6-бөлім. қызмет үшін төлем
7-бөлім. көрсетілген қызметке ақы төлеу.
8-бөлім. тауарлар және қызметтер.
9-бөлім. капиталға иелік ету құқығы.
10-бөлім. бұрынғы партнерлар.
11-бөлім. нақты сот процессі немесе сотта іс қозғау қаупі.
12-бөлім. аға персоналдың клиентпен ұзаққа созылған қарым-қатынасы.
13-бөлім. кәсіби жетік білімділік.
14-бөлім. кәсіби қызметтерге төлем жасау.
15-бөлім. тәуелсіз қызмет көрсету практикасында басқадай кәсіби аудиторлармен қарым-қатынас.
Қорытындылай келе этика – өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін-өзі ұстау әдеп ретінде баяндалды.
Сұрақ 2. Аудитордың тәуелсіз көзқарасын қорғау үшін кейбір процедуралар мен ұйымдар бар: аудитор ротациясы, аудиторлар соты, аудиторларды үкіметтің немесе үкімет ұйымдарының тағайындауы, аудитордың мемлекеттік департаменті, аудиторлық комитеттер.
1. аудиторлар ротациясы, егер бір аудитор жыл сайын бір ғана фирманы тексеретін болса, онда ол жекелей немесе толығымен өзінің тәуелсіздігін клиент-компания жұмысшыларымен немесе басшылығымен тығыз қарым-қатынас орнатуы нәтижесінде жоғалтады деген ұйғарымға негізделген. Аудиторлық тағайындау ротациясы бірнеше жылда бір рет болуы мүмкін.
2. Аудиторлар соты, аудиторлардың тәуелсіздігін жоғалту жағдайларының алдын-алу үшін құрылған, әсіресе, егер клиент аудиторға акция иемденушісі болып, жеке негізде кеңес беру қызметін көрсетуді ұсынатын болса.
3. Аудиторды тағайындау, негізінен үкімет тарапынан жасалуы керек. Мұндай жағдайда клиенттің әр уақытта өздері көздеген мақсаттары орындала бермеуі мүмкін. Бірақ аудитордың тәуелсіздігі арта түседі.
4. Мемлекеттік департамент кәсіпорындар туралы жаңа заңға әсер етуі мүмкін ұлттық аудиторлық саясатты қалыптастыруы, бұл жұмыста жалпы еуропалық ұйымдармен бірігуі және өмірге ұлттық, халықаралық есеп құрылымдарын енгізу және ең соңында аудиторларды тағайындауды бақылауы мүмкін.
5.Аудиторлық комитеттер- американдық жаңалықтардың бірі. Бұл комитеттер қиын жағдайда фирманың жоғары басшылығы акционерлердің алдында толығымен жариялағысы келмеген жағдайда белгілі бір сұрақтар бой көтеруіне көмектеседі.
Сұрақ 3. Талап қоятын ереже (міндетті этика)
- біліктілік комиссиясына емтихан тапсыру арқылы өзінің білімін, мамандығын жетілдіру;
- шаруашылық субъектілерінің экономикалық жағдайын, жалпы дамуына көмек көрсетіп, олардың қоғамға қажетті өнімді көбейтуіне іскерлікпен көмектесу;
-тапсырушылармен жұмыс барысында сыпайы және әділетті қарым-қатынаста болу;
- ұжымдағы қызметкерлермен сенімді, сыйлы қатынаста болу;
- өз мамандығының беделін жоғары ұстау және қоғам алдында өзінің беделін көтеру;
- келісім-шартта кәсіпорын басшыларының тізімін көрсету қажет, аудит қызметі барысында уақытылы хабарласып, мәлімет беріп отыру;
- аудит тапсырушыға үлкен зиян келтіретін фактілерді хабарлап отыру;
- аудиттік тексеру барысында анықталған шаруашылық зұлымдық қылмыстар туралы заң, тергеу мекемелеріне хабарлауды-тапсыруды ұсыну;
- аудиторлық тексеру барысында кәсіпорын шаруашылығында нақты қылмыстық фактілер анықталса аудит қызметін жүргізуден бас тартуы қажет;
- аудит қызметін төлем ақысына, орындалатын жұмыс көлеміне сәйкес анықтау.
Орындауға болмайтын істер мен қатынастар.
тапсырушының кәсіпкерлігі туралы мәліметтердің құпиялығын сақтау;
аудитор өзінің жеке бас пайдасы үшін тапсырушының пайдалануына немесе кәсіпкерлік құпиясына зиян келтіру арқылы пайда табуына жол берілмейді;
тапсырушының кәсіпкерлік шаруашылығында қылмыскершілік жасауына жол бермеу;
өз фирмасы туралы жарнама жасамау;
өзінің еңбекақысы туралы хабарламау, ол көрсеткіш коммерциялық құпия болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіби аудит кодексінің шешуші элементтерін атаңыз және түсіндіріңіз
2. Аудитор орындауға болмайтын істер мен қатынастар
3. Кәсіби аудиттің Этика кодесі бөлімдеріне сипаттама беріңіз
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:
1. Аудиторға талап қоятын ереже (міндетті этика)
2. Аудитордың орындауға болмайтын істер мен қатынастары
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.
2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.
3. ҚР Аудиторларының Этика Кодексі, Алматы, 1995 ж.
ЛЕКЦИЯ 7. АУДИТТІҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН СТАНДАРТТАРЫ.