
- •An 2206 аудит негіздері пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •5В050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •2. Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізімі
- •Аудит негіздері
- •Түсіндірме жазба
- •1. Пәннің мазмұны
- •2.Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізімі
- •Жұмыс оқу бағдарламасы Пәні: Аудит негіздері Мамандығы: 5в050800 «Есеп және аудит»
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •Дәрістік, практикалық сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Практикалық / семинар сабақстарының мазмұны
- •Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Баөж-на қойылатын талаптар және қорытынды жұмысты (шағын жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Шағын жобаны жазу барысындағы негізгі талаптар
- •Мазмұны
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •«Аудит негіздері » пәні бойынша білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus) Мамандығы 5в050800 «Есеп және аудит»
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Баөж-на қойылатын талаптар және қорытынды жұмысты (шағын жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Шағын жобаны жазу барысындағы негізгі талаптар
- •Мазмұны
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •10. Курс саясаты
- •Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі
- •6. Дәріс сабақтарының кешені
- •1. Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны.
- •Аудит заңы, оның ролі мен маңызы.
- •Аудит субъектісі, олардың құқықтары , міндеттері мен жауапкершілігі.
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқықтары. Шаруашылық субъектісі ретіндегі аудиторлардың міндеттері.
- •Аудит тұжырымдамасы және оның постулаттары.
- •Аудиттің стандарты және нормативтері.
- •1. Диалектикалық әдіс. Дедукция. Индукция. Аналогия.
- •2. Жүйелі талдау. Функциялық бағалануын талдау.Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі. Әдістемелік құжаттау әдісі.
- •3. Нақты тексеру-бақылау әдісі.
- •Аудит этикасының кодексі.
- •Аудит этикасын бақылаушы ұйымдар.
- •Міндетті этика. Орындауға болмайтын істер мен қатынастар.
- •Қазақстандық аудит стандарттарының мақсаты мен негізгі принциптері.
- •Аудиттің халықаралық стандарттары. Қазақстандық аудит стандарттарының мазмұнына қойылатын талаптар.
- •Ішкі аудит стандарттары.
- •Аудиттің бастапқы сатысындағы тараптардың өзара қарым-қатынасы.
- •Аудитті жүргізуге келісім-шарт. Аудиторлық қызмет көрсету құнын бағалау.
- •Аудитордың тапсырыс беруші алдындағы хат-міндеттемесі.
- •Қате және алаяқтық туралы түсінік. Алаяқтық тәуекелділігін арттыратын жағдайлар.
- •Қателерді жіктеу.
- •Сыртқы аудитор және ішкі аудитке деген сенімділік.
- •Ішкі аудиттің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері. Ішкі аудиттің құрамы.
- •Экология саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.
- •Экологиялық аудиттің мақсаттары мен міндеттері.
- •Экологиялық аудиттің объектілері. Экологиялық аудит жүргізу бағдарламаларын жасау.
- •1. Операциялық аудиттің түрлері.
- •2. Операциялық аудиттің объектілері және аудит жүргізу бағдарламасы.
- •1.Оперативтік есеп. Статистикалық есеп. Бухгалтерлік есеп.
- •2. Құжаттар. Қаржы есебі және оның мазмұны.
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп кестелерін тексеру.
- •1. Аудиторлық есеп беру нысаны мен құрылымы.
- •2. Аудиторлық есеп беру түрлері. Арнайы аудиторлық есеп беру.
- •3. Тапсырыс берушілер үшін мәлімет.
- •7. Семинар (практикалық) сабақтарының жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9. Практикалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •«Аудит негіздері» пәнінен баоөж тапсырмалары:
- •10. Студенттің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Өзіндік жұмыстың орындалуына қойылатын талаптар.
- •Білім алушылардың өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •11. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар
- •12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •13. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
6. Дәріс сабақтарының кешені
1. Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны.
1.1 Қазақстан Республикасында экономикалық бақылауды ұйымдастыру.
1.2 Экономикалық бақылау түрлері. Аудиттің жіктелуі.
Лекцияның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы экономикалық бақылау қызметін ұйымдастыру, аудит түрлері және экономикалық бақылаудың мамандандырылған және арнайы ұйымдармен таныстыру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: нормативтік-құқықтық актілер, тәуелсіз бақылау, ревизия, нақты бақылау, алдын-ала бақылау, ішкі бақылау, оперативті бақылау, бақылаудың мамандандырылған органдары.
Сұрақ 1. Басқару қызметі ретінде бақылау мүдделі тұлғаларды басқарылатын объектінің жағдайы, қажетті нұсқаулардың іс-жүзінде орындалуы туралы хабардар етеді.
Өндіріс тиімділігін арттыру, нарықтық экономика жағдайында оны монополияландырмау, бөлу, айырбастау мен тұтынуды жетілдіру, тауар-ақша қатынастарының олардың жаңа мазмұнына сәйкес пайдалануына толық бақылау жасалынбай мүмкін болмайды.
ҚР Парламенті мемлекеттің тұрақты түрде әрекет ететін заңдық, өкім шығарушы және бақылаушы органы болып табылады. Ол меншік қатынастарын, ұлттық экономика мен әлеуметтік –мәдени құрылысты, бюджеттік-қаржылық жүйені, салық салуды, қоршаған ортаны қорғауды басқаруды ұйымдастыруды және табиғи ресурстарды пайдалануды, азаматтардың конституциялық құқықтарын, бас бостандығы мен міндеттерін іске асыру тәртібін заңдық реттеуді жүзеге асырады.
Экономикалық бақылау- заңдар мен нормативті актілерде, сондай-ақ бағдарламаларда, жоспарларда, келісім-шарттарда қарастырылған объектілердің қажетті және көзделген жағдайына сәйкестігін тексеру мақсатында оған бақылау жасау кіретін экономикалық объектілерді басқарудың құрамдас бөлігі.
Экономикалық бақылау жасау халық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті өмір игіліктерін өндіруді практикалық ұсыныстарымен қамтамасыз етуде қоғамдық роль атқарады. Қоғамдық теңсіздіктер мен жағымсыз құбылыстарды анықтай отырып, бақылау оларды жою мен қайталануын болдырмау мүмкіндігін береді, сондай-ақ өндірістік қатынастарды ұтымды ұйымдастыру және өндірістік күштерді оптималды пайдалануға көмектеседі.
Экономикалық бақылау қызметтері ұлттық экономиканың барлық буындарының экономикалық қызметтеріне таралады. Ұйымдастыршылық нысандары бойынша Қазақстандағы экономикалық бақылауды мемлекеттік, жергілікті, тәуелсіз және ішкі деп бөледі.
Экономикалық бақылау қызметтерін іске асыратын мемлекеттік органдар: ҚР Президенті жанындағы Есептеу комитеті, Салық комитеті, Қазына комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, ҰР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ұлттық банкі.
Бақылаудың мамандандырылған органдары: ҚР Кедендік бақылау агенттігі, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі, ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі, ҚР Табиғи монополиялар мен бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі және басқалар.
Бақылаудың жергілікті органдары: Мәслихаттар, әкімшіліктер мен олардың комиссиялары.
Тәуелсіз аудиторлық бақылау - өзін-өзі қаржыландыру принципімен құрылады.
Ұйымның ішкі бақылауы- басшылық тарапынан қаржы-шаруашылық қызметтің орындалуын бақылау және ішкі аудит.
Сұрақ 2.Мазмұны бойынша бақылау қоғам дамуының экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, ғылыми-техникалық және басқа бағыттарын тексеруді қамтиды. Экономикалық бақылау ұлттық экономика дамуының сферасына таралады.Экономикалық бақылаудың басты функцияларының бірі басқару жүйесі арқылы экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларын табысты орындау, шаруашылық және еңбек заңдарының орындалуына, меншіктің сақталуының қамтамасыз етуге әсер ету болып табылады. Срнымен қатар, экономикалық бақылау кәсіпорын мен ұйымның қаржылық жағдайын, оның өнімінің ішкі және әлемдік рыногтардағы бәсеке қабілетін жүйелі түрде бақылауды көздейді.
Экономикалық бақылау жүргізілу кезеңдңлңгң бойынша алдын-ала, ағымдағы (оперативтік) және кейінгі (ретроспективті) болып бөлінеді.
Алдын-ала бақылау орынсыз шығындар мен ысыраптарға жол бермеу үшін шаруашылық операцияларды жүргізу алдында жүргізіледі.
Оперативтік бақылау шаруашылық операцияларды орындау процесінде іске асырылады.
Кейінгі бақылау қаржы-шаруашылық қызметтің түрлі сферасындағы экономикалық процессті бақылау жүктелген бақылау органдарының шаруашылық операциялары аяқталғаннан кейін іске асырылады.
Ақпараттық қамтамасыз етілуі бойынша экономикалық бақылау құжаттық және нақты бақылау болып бөлінеді.
Құжаттық бақылау шаруашылық операциялардың бастапқы құжаттардың мәліметтеріне сәйкес келуін анықтайды.
Нақты бақылау есептеу, салмағын өлшеу, ұзындығын өлшеу, лабораториялық талдау жолымен объектінің шынайы нақты жағдайын орнату болып табылады.
Экономикалық бақылауды жүзеге асыру нысандары бойынша келесі тексерулерді бөліп көрсетуге болады: превентивті, ағымдық, тақырыптық.
Превентивті бақылаушы тексерулер кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметін алдын-ала бақылау кезеңінде жүзеге асырылады.
Ағымдық бақылаушы тексерулерді құзыретіне жататын барлық бақылаушы органдар жүргізеді.
Тақырыптық бақылаушы тексерулер. Олар экономикалық талдау әдістерін, түрлі профилді мамандарды жүйелі түрде емес, қажеттілік туындауға қарай кезеңмен тарту арқылы жекелеген тақырыптың көрсеткіштердің шеңбері бойынша жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық бақылау түрлері?
2. Экономикалық бақылау қызметтерін іске асыратын мемлекеттік органдар?
3. Бақылаудың мамандандырылған органдары?
4. Бақылаудың жергілікті органдары?
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:
1. Бақылаудың мамандандырылған органдары.
2. Бақылаудың жергілікті органдары
3. Экономикалық бақылау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Қаржылық есептіліктің формаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 ж. 12 желтоқсандағы № 427 бұйрығы
Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.
Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика 2007 ж.
ЛЕКЦИЯ 2. АУДИТ ПӘНІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.
Аудиттің пайда болу тарихы. Қазақстанда аудиттің қалыптасуы. Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
Аудит пәнінің түсінігі мен мәні. Аудиттің мақсаты мен міндеттері
Қаржылық есеп беру ақпаратын пайдаланушылар. Аудит жүргізудің негізгі сатылары.
Аудит көлемі мен масштабы. Аудитор мен тапсырыс берушінің өзара қарым-қатынасы.
Лекцияның мақсаты: Қазақстанда аудит қызметінің қалыптасуы мен дамуы, аудит жүргізудің негізгі сатылары, аудиторлық қызметті жүзеге асыру көлемі мен масштабы, сондай-ақ аудитор мен тапсырыс берушінің арасындағы қарым-қатынасты реттейтін құжаттармен таныстыру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: Сыртқы пайдаланушылар, ішкі пайдаланушылар, тікелей пайдаланушылар, жанама пайдаланушылар, басқарушылық есеп, қаржылық есеп.
Сұрақ 1. Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында зат оқушыны аудитор ( тыңдаушы) деп атаған.
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау б.з.д. ІҮ мыңжылдығынан басталады. Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің жазықтарынддағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде ұұйымдастырылған мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс, қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс есептерімен айналысты.
Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде де болған.
Дамыған елдерде аудиторлық кәсіптің әр түрлі атауы бар. Мысалы, АҚШ-та бухгалтер-аудитор қоғамдық немесе мамандандырылған бухгалтер деп аталады. Францияда – сараптаушы бухгалтер немесе есепшот бойынша комиссар, ал Германияда – шаруашылықты бақылаушы немесе кітапты бақылаушы, Ұлыбритания мен англосаксондық елдерде – ревизор немесе алқалы бухгалтерлер және т.б. деп атайды.
Кәсіби аудит бастыс елдерінде алғаш рет Ұлыбританияда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. 1844 жылдан бастап Англияда акционерлердің алдында есеп берулер мен есепшоттарды тексеру үшін тәуелсіз бухгалтерлерді «жылына әдетте 1 мәрте» шақыратын акционерлік компаниялар басшыларына міндет жүктейтін заң сериялары шықты.
Англияда міндетті аудит туралы заң 1862ж., Францияда – 1867ж., ал АҚШ-та – 1937 ж. қабылданды. Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымы әлемнің көптеген елдерінде құрылған. 1887 жылы Американың аудиторлар ассоциациясы құрылды, 1896 жылы Нью-Йорк штатында заңды жолмен аудиторлық қызмет реттелді. АҚШ-та мамандандырылған және мамандандырылмаған қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар (SEC, FASB, AICPA ) бар.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде пайда болған.
ҚР-да аудит дамуы 1987 жылы «Инаудит» АҚ-ң пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. 1989-1993 ж.ж. КСРО-ғы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін қабылдауға ұмтылыс жасалды. ҚР-да аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы ҚазСРО-ң Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша құрылды. Осы қаулы негізінде ҚР-ң Қаржы Министрлігінің жанынан шаруашылық есеп принципінде аудит орталығы «Қазақстанаудит» фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес АҚ ретіндеқайта құрылып, қазіргі таңда жұмыс атқаруда. «ҚР-ғы аудиторлық қызмет туралы» Заңы 1993 жылы 18 қазанда қабылданды. Бұл заң аудит қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесір аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.
Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда.
Тәуелсіз аудиттің негізгі міндеті – көптеген компаниялар, банктер, биржалар, инвесторлар, кредиторлар, кәсіпкерлер, акционерлер және т.б. пайдаланатын экономикалық ақпараттың анықтығын тексеріп, өзінің қорытындысын шығаруы болып табылады.
Алдыңғы қатарлы елдерде міндетті аудит туралы құқықтық-нормативті актілердің қабылдануына байланысты тәуелсіз қаржылық бақылау саласы айтарлықтай дәрежеде ұлғайып келеді. Мәселен, Англияда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы шықса, Францияда – 1867 ж., ал АҚШ-та – 1937 ж. қабылданды. Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымы әлемнің көптеген елдерінде құрылған. Атап айтқанда, Ұлыбританияда, Англия мен Уэльстің Алқалы (присяжный – ант берген) бухгалтерлер институты құрылды (1980 ж.), АҚШ-та – Маманданған бухгалтерлер институты (1887 ж.), Германияда – Аудиторлар институты (1932 ж.) және Аудиторлар палатасы, ал Францияда – Сарапшы бухгалтерлер палатасы (1942 ж.) мен Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы құрылды. Италияда кәсіби аудиторлық қызметті Әділет министрлігінің бақылауында болатын арнайы атаулы тізілімге енгізілген адам ғана жүзеге асыра алады.
1887 жылы Американың аудиторлар ассоциациасы құрылды, сонан соң 1896 жылы Нью-Йорк штатында заңды жолмен аудиторлық қызмет реттемеленеді. Сол кездің өзінде-ақ аудиторлық лауазымды мамандық бойынша емтиханнан сүрінбей өткен және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арнайы лицензия алған мамнданған бухгалтер атқара алатын еді.
АҚШ-та мамндандырылған және мамандырылмаған қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар институттары (SEC, FASB, AICPA) бар.
Алғашқы кәсіби аудит Ұлыбританияда шамамен XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды. 1862 жылы қабылданған британдық компаниялар туралы заң сол кездің өзінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық бақылау бойынша мамандарға ең аз дегенде жылына бір мәрте компаниялардың есепшоттарын белгілі бір тәртіппен тексеріп тұруын міндеттейді. Әсіресе Шотландияның, Англияның және Уэльстің алқалы бухгалтерлер институты, сондай-ақ Ұлыбританияның Маманданған және корпоративтік бухгалтерлер ассоциациясы бүкіл әлемге әйгілі болды.
Бүгінгі таңда АҚШ-та 100 мыңнан көп тәуелсіз маманданған бухгалтерлер ресми тіркелген. Халықаралық ассоциация өз қызметін әлемдегі 189 елде жүзеге асыратын 4,5 мыңнан артық аудиторлық фирмаларды біріктіріп отыр. Тек Ұлыбританияның өзінде 200-ден көп аса ірі аудиторлық фирмалар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Әлемдегі нарықтық экономиканы барлық елдерде өзінің құқығы мен ұйымдық инфрақұрылымы бар Кәсіби аудиттің қоғамдық институты жұмыс істейді.
Егер АҚШ пен Ұлыбританияда аудиторлық ұйымдарға біліктілікті дайындау, игеруге және аудиторлар кәсіби міндеттерін қаншалықты дәрежеде өз еркімен және біліктілікпен орындайтынын бақылау ісіне дербестік берілсе, Еуропа құрылығындағы елдерде аудиторлық қызмет үкімет құрылымында қабылданған нормативті-құқықтық актілер бойынша реттеліп жүргізіледі. Еуропалық одақ мемлекеттерінде бухгалтерлік есеп берулер мен баланстарды тексерумен айналысатын аудиторлармен қатар салық салу мәселелері бойынша кеңес беруші ретіндегі аудиторлар категориясы (Steuerberater) бар.
Аудиторлық ұйым негізінен жауапкершілігі шектелмеген серіктестік түрінде болып отыр, ұйымның бұл түрі ағылшын тлінде сөйлейтін елдерде кең таралған.
Аудиторлық фирмалар бұрынғы КСРО-да біріккен кәсіпорындар қызметін міндетті түрде тексеру белгіленген 1987 ж. пайда болды. Тексеруді және олардың есеп беруін бекітуді жүзеге асыру үшін КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы негізінде «Инаудит» акционерлік қоғамы» деген атпен алғашқы шаруашылық есепті фирма құрылды. Сонан соң аудиторлық фирмалар аса ірі өнеркәсіп қалалары мен одақтас республикалардың астаналарында қалыптасты. Сонымен бірге «ФБК», «Росэкспертиза», «Контакт», «Қазақстанаудит», «Фукап-аудит» және т.б. бірқатары аудиторлық қызмет саласында жоғары нәтижелерге жетті. ТМД елдеріндегі көптеген астаналар мен аса ірі қалаларда сол уақытта «Үлкен алтылық» деп аталатын КПМГ, «Делойт энд Туш», «Артур Андерсон», «Эрнст энд Янг», «Пранс Уотерхаус» және «Куперс энд Лайбренд» құрлықаралық аудиторлық фирмалар мен филиалдар ашылды.
Сұрақ 2. Аудит ҚР заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңлы тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
«Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге ( критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:
кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;
пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтылығы оларға ауадай қажет.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық проесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестіктер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды , сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады» .
Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру қажет.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудиттің мақсаты клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өгеруіне қарай артады.
Аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.
Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді қамтамасыз етпейді, ол сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде «аудит» және «аудиторлық қызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі.
Аудиторлық қызмет бұған қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық , әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды.
Аудит жүргізудің негізгі сатылары мыналар:
1. Аудит көлемін анықтау.
2. Аудитті жоспарлау.
3. Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін бағалау.
4. Аудиторлық дәлелдер.
5. Аудиторлық есеп беруді жасау.
Сұарқ 3. Бухгалтерлік есеп басқарушылық есеп және қаржылық есеп болып бөлінеді.
Басқарушылық есеп – ішкі пайдаланушылармен өңделетін және тасымалданатын барлық есеп ақпаратын қамтиды.
Қаржылық есеп – ішкі пайдаланушылармен қатар, сыртқы пайдаланушыларға берілетін есеп ақпаратын қамтиды.
Қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың екі негізгі топтары бар:
ішкі;
сыртқы.
Сыртқы пайдаланушылар екі категориға бөлінеді. Олар:
субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар;
субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар.
Тікелей қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына мыналар кіреді:
қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар;
қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар;
сатып алушылар.
Жанама қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына кіретіндер:
салық органдары;
реттеуші органдар;
статистикалық органдар;
басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары және т.б.).
Сұрақ 4. Қаржылық есеп беру элементтері әрқайсысында аудиттың нақты мақсаттары бар. Осы мақсаттарды белгілеп алып, нақты ақпаратты жинау процессін бастауға болады. Аудитор бұл жағдайда қандай дәләлдерді, қандай әдістер көмегімен жинауға болатынын анықтайды. Бұл процесс тексеруге белгілі бір жолдарды талап ете алады. Тексеру жолы аудиторлық қаржылық есеп беру туралы пікірді білдіруге мүмкіндік беретін сенімді ақпаратты алуға қол жеткізетін стратегия ретінде анықталуы мүмкін.
Аудиторлық тексеру стратегиясы тексеру мақсаттарына қол жеткізудің ең ұтымды жолын таңдауға негізделген және аудитор біліктілігі мен тәжірибиесіне, аудиторлық фирма мен клиент ынтымақтастығының ұзақтығына, яғни клиент ерекшелігіне, аудит пен басқа факторларда шешілетін міндеттер сипаттамасы дәрежесіне байланысты болады.
Стратегиялық тексеруді ұтымды орындау үшін оның процедурасының уақыты мен көлемін бөлу әдістемесін көрсетеді. Ол тексерудің жалпы жоспары мен бағдарламадағы толық процедуралар, сонымен қатар жоспарланған процедуралар нәтижелігі мен тиімділігін бағалау арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Қаржылық есеп беруге аудит жүргізу масштабын анықтау кезінде үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуге болады.
1- кезең. Аудиттік процедураларды жоспарлау және даярлау |
2 - кезең. Қаржылық есеп беру элементтерін тексеру |
3- кезең. Пікірді қалыптастыру және тұжырымдаманы құру |
1 – сызба. Қаржылық есеп беру аудитін жүргізу кезеңдері
Бақылау сұрақтары:
1. Аудиттің мақсаты мен міндеттері қандай?
2. Аудит объектілерін атаңыз?
3. Аудит қызметінің шетелдегі тәірибесін қандай?
4. Аудит көлемін анықтауға әсер ететін факторлар?
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:
1. Қаржылық есеп беру аудит жүргізудің негізгі сатылары
2. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.
2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика 2007 ж.
ЛЕКЦИЯ 3. АУДИТ СУБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫЛЫҚ НЕГІЗІ.